Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы



бет9/12
Дата06.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#15953
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ауылшаруашылы5ындла маркетингт3 0олдану

Ыдыстарды жуу және кептіру

Ыдысты алдымен су құбырындағы сумен, содан соң ыстық сумен жуады. Сумен кетпейтін дақтарды арнайы ершикпен немесе астыңғы жағына резеңке кигізілген шыны таяқшалармен жуады. Егерде дақ ершикпен кетпесе, ыдысты 10-15%-тік сода ерітіндісі, сабын ерітіндісі және жуғыш ұнтақтармен жуады. Кейін ыдысты сумен жақсылап жуып, ең соңында дистильденген сумен шаады.

Егер ыдыс суда ерімейтін органикалық заттар және шайырмен ластанған болса, кірді кетіру үшін органикалық еріткіштер (спирт, эфир, бензин, бензол, дихлорэтан, т.б.) пайдалану қажет. Осы аталған әдістермен ыдыс жақсы жуылмаса, ішкі қабырғаларында тамшылар қалса, оны хром қоспасы деп аталатын затпен жуады. Хром қоспасын дайындау үшін фарфор стаканға 10 см3 су құйып 5,6г калий бихроматын К2Сг207 ерітіндісін алынған ерітіндіге абайлап 100 см3 концентрлі күкірт қышқылын құяды. Ыдыстың ластанған бөлігіне дейін хром қоспасын құйып, оны біраз уақыт (5 минут) қойып қояды. Содан соң хром қоспасын қайтадан склянкаға құяды. Оны түсі өзгеріп, жасыл болғанша бірнеше рет қолдануға болады.

Хром қоспасының орнына 0,1 М тең көлемдегі КМnО4 ерітіндісімен концентрлі күкірт қышқылы қоспасы, сондай-ақ КMnО4 сілтілік ерітіндісі мен NаОН және КОН спирттік ерітінділерінің қоспасын пайдалануға болады.

Тұз (немесе сірке қышқылы) ерітіндісімен 3,6%-тік сутек пероксидінің қышқылданған қоспасын қолдануға да болады.

Ыдыстарды жуу кезінде келесі негізгі ережелерді сақтау керек:

1. Ыдысты пайдаланылып болғаннан соң тез жуу;

2. Жуу әдісін тандау кезінде ластану құрамымен санасу керек;

  1. Ыдыс жууды неғұрлым жай және тиімді әдіспен бастау;

  2. Ыдыс жуу кезінде міндетті түрде резеңке қолғаптар кию керек;

  3. Дәл анықтаулар жүргізуге арналған ыдыстарды жуып болғаннан соң бірнеше рет дистильденген сумен шаю керек.

Ыдысты ауада кептіру үшін арнайы қиғаш тақтай қолдану ыңғайлы. Кептіруді тездету үшін 100-120° С температурадағы кептіргіш шкафтар қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет