Конусты колбалар — сыйымдылығы 1см 3 — тан 2дмЗ-ге дейінгі аузы тығындалған немесе тығынсыз болып келетін ерітінділерді титрлеуге арналған ыдыстар.
Бунзен колбасы—жоғарғы жағы вакуум насоспен жалғасқан, төменгі қысымда фильтрлеуге арналған қалың шыныдан жасалынған конусты колбалар.
Кристаллизаторлар — жұқа немесе қалың шыныдан жасалынған әртүрлі сыйымдылықта және диаметрде болатын жалпақ цилиндрлі ыдыстар. Бұл ыдыстарда заттарды кристалдауы және булайды.
Мұздатқыштар— қайнаған немесе қыздырылған әртүрлі заттарды салқындатуға арналған приборлар. Мұздатқыш 2 бөлімнен тұрады, әртүрлі формадағы салқыңдатқыш түтіктен (форлитос) және буды салқындатуға су жіберілетін көйлектен (муфта) тұрады. Олар түзу және қайтымды болады.