Химиядан республикалық олимпиадасы



бет2/3
Дата16.11.2022
өлшемі41,52 Kb.
#50550
1   2   3
Байланысты:
chem9-1-tasks-kaz (1)

Есеп №1. Заттар қоспасы





1.1

1.2

Жалпы

10

8

18










Жалпы массасы 22,80 г алюминий мен еківалентті металдың қоспасы тұз қышқылында толығымен ерітілді. Нəтижесінде көлемі 24,64 л (қ.ж.) газ бөлінді. Қоспада белгісіз металдың мөлшері алюминийден 1,25 есе көп екені белгілі.



  1. Белгісіз металды анықтап, оның қоспадағы массалық үлесін табыңыз.

  2. Қоспаның бастапқы үлгісін (толық немесе бөліктік) калий гидроксиді ерітіндісінде еріту мүмкіншілігін анықтаңыз. Ол үшін 25%-дық сілті ерітіндісінің (тығыздығы 1,185 г/мл) қажетті көлемін есептеңіз.



Есеп №2. Белгісіз заттар





2.1

2.2

2.3

2.4

Жалпы

4

4

6

4

18
















17 ғасырда суретшілер Х металының негізіндегі ақ түсті минералды бояуларды пайдаланған. Түсі əбден қанық болып шыққанына қарамастан, мұндай бояумен боялған суреттер уақыт өте қарая бастайды. Себебі - бояу құрамындағы X металы қосылыстары ауадағы аз мөлшердегі күкіртсутек буымен əрекеттеседі. Нəтижесінде осы металдың қара түсті А металл сульфиді түзіледі. А қосылысындағы металдың массалық үлесі 86,62%.

  1. Х металы пен А металл сульфидін анықтаңыз. Есептеулеріңізді көрсетіңіз.

Дегенмен, мұндай суреттер сутегі асқын тотығымен өңделген кезде, ақ түсті В қосылысы пайда болады. Осылайша, суреттерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. В қосылысында күкірт атомы +6 тотығу күйінде болады.



  1. В қосылысын анықтаңыз. Суреттерді қалпына келтіру үшін қолданылатын реакция теңдеуін жазыңыз.

В қосылысы суда өте нашар ериді, оның ерігіштігі - 100 грамм суда 0,0032


грамм. Ерітіндінің тығыздығын 1 кг/л -ге тең етіп алыңыз.

  1. Сулы ерітіндідегі В қосылысының шекті молярлық концентрациясын есептеңіз. Есептеулерді көрсетіңіз.

Х металының изотоптары радиоактивті екендігі белгілі. Осы изотоптардың біреуі 𝛽-ыдырауына ұшырауы мүмкін. Берілген ядролық реакциядағы бұл изотоптың жартылай ыдырау периоды 22,2 жыл. Ядролық физиктердің бірі 1916 жылы қаңтарда зертханада осындай металл изотопының 20 г үлгісін қалдырды делік.


Ескертпе: Жартылай ыдырау периоды – бастапқы заттың дəл жартысы ыдырауға кететін уақыт.

  1. Қай жылы металдың массасы 1,25 грамға тең болады? Есептеріңізді келтіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет