Химиялық байланыс және зат қҰрылысы тақырыбына әдеби шолу


Кесте 7 Кейбір жәй иондардың орбитальді радиустары



бет9/31
Дата06.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#65391
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Кесте 7
Кейбір жәй иондардың орбитальді радиустары



Катион

Заряды, е

Орбиталді радиусы А

Анион

Заряды, е

Орбиталді
радиусы, А

Li

+ 1

0,189

F

– 1

0,400

Na

+ 1

0,278

Cl

– 1

0,742

K

+ 1

0,592

Br

– 1

0,869

7-кестенің жалғасы

Rb

+ 1

0,734

I

– 1

1,065

Cs

+ 1

0,921

O2

– 2

0,46

Be2

+ 2

0,139

S2

– 2

0,83

Mg2

+ 2

0,246

Se2

– 2

0,92

Ca2

+ 2

0,538

Te2

– 2

1,12

Металдық байланыс


Атомдардың электрондық қауыздарының құрылысы бойынша металдарға барлық s-элементтердің (сутек және гелийден басқасы), барлық d- және f-элементтер және бірқатар р-элементтер (алюминий, қалайы және т.б.) жатады. Қатты немесе сұйық күйдегі металдарда жоғарғы жылу және электр өткізгіштігі, иілгіштігі және созылғыштығы болады; салыстырмалық тұрғыдағы жоғарғы барқу және қайнау температурасы бар. Металдардың мұндай ерекше қасиеттері оландағы ерекше типтегі химиялық байланыстың болуымен бай-ланысты, және ол байланысты металдық байланыс деп атайды. Оның түзілуіне, өзінің ядросымен едәуір әлсіз байланысқан, валенттік электрондар қатысады. Металдағы атомнан электрондар тұрақты түрде бөлінеді де металдың күллі массасы бойынша қозғалады (Сурет 15). Электрондарын берген металл атомдары, оң зарядталған иондарға түрленеді, ал олар өз кезегінде тұрақты қозғалыстағы электронды өзіне тартуға ұмтылады.

ē ē
ē ē ē


ē
ē ē

Сурет 15. Металдық байланыстың түзілу сызбанұсқасы:


- металл атомдары;
ē – «электрондық газ»;
- металл иондары.

Сонымен қатар нақ осы сәтте, бір мезетте басқа металл атомы өзінің электрондарын береді, яғни металдың ішінде «электрондық газ» (бос электрондар) тұрақты айналып жүреді, олар металдың барлық атомдарын өзара берік байланыстырады да, металл торының беріктігін қамтамасыз етеді.


Ауыспалы емес металдардағы металдық байланыстардың түзілу механизмі осындай. Ауыспалы металдардағы валенттік электрондардың бір бөлігі лока-лизденеді де көршілес атомдардың арасындағы бағытталған ковалентті байланыстарды жүзеге асырады.

  • Электростатикалық тартылу нәтижесінде металдар иондарының және жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланысты металдық байланыс деп атайды.

Металдық байланыс ковалентті байланысқа белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді, өйткені олар валенттік электроедарды жалпылауға негізделген. Бірақ та металдық байланыс түзілген кезде электрондарды жалпы жалпылауға барлық атомдар қатысады. Мінеки, сондықтан да металдық байланыста кеңіс-тіктеггі бағыттылық пен қанығушылық жоқ, бұл металдардың жоғарыдағы ерекшеліктерін анықтайды. Металдық байланыстың энергиясы коваленттік байланыс энергиясының мәнінен 3-4 есе кіші[14].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет