Химиялық байланыс және зат қҰрылысы тақырыбына әдеби шолу



бет17/31
Дата06.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#65391
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
диплом Лаззат

Кластерлер


Қандай да бір тақырыпты ұғынуда болатын ой үрдісін көрнекті ететін, материалды графикалық ұйымдастыру тәсілі. Кластер ойлаудың сызықтық емес форманың бейнесі болып табылады. Кейде осы тәсілді «көрнекті миға шабуыл» деп атайды.
Іс-әрекет тізбегі оңай және қисынды:
1. Ойдың, тақырыптың «жүрегі» болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына (тақтаға) жазу керек.
2. Берілген тақырыпқа келетін, бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына «лақтырып» тастау керек. («Планеталар және оның серіктері» үлгісі)
3. Жазылуына қарай, пайда болған сөздер пасты ұғыммен түзу сызықпен біріктіріледі. Әрбір «серіктің» өз кезегінде тағы да «серіктері» пайда болады, жаңа логикалық байланыстар тұрғызылады.
Нәтижесінде біздің ойларымызды графикалық бейнелейтін, берілген тақырыптың ақпараттық өрісін анықтайтын құрылым пайда болады.
Кластерлермен жұмыс жасағанда келесі ережелерді сақтау керек:
1. Ойға келген нәрсенің барлығын жазудан қорықпау керек. Қиял мен интуицияға ерік беру керек.
2. Уақыт біткенге дейін немесе ойлар сарқылғанға дейін жұмысты жалғастыру.
3. Көбірек байланыстар жасауға тырысу. Алдын-ала белгілі жоспарды қолданбау.
Кластерлер жүйесі Ақпараттың артық көлемін қамтуға мүмкіндік береді. Ары қарайғы жұмыста, алынған кластерді «ойлардың өрісі» ретінде талдай отырып, тақырыптың даму бағытын нақтылау қажет.
Келесі нұсқалары болуы мүмкін:
- Мағыналық блогтарды нығайту немесе бөлшектеу (қажеттігіне қарай).
- Көңіл аударылатын бірнеше басты аспектілерді ерекшелеу.
Кластерлерге бөлу шақыру сатысында да, рефлексия сатысында да, тақырыпты оқығанға дейін ойдың іс-әрекетін уәждейтін тәсіл ретінде немесе материалды өту қорытындысы бойынша ақпаратты жүйелейтін түрі болып табылады. Мақсатқа байланысты оқытушы жеке өзіндік жұмыстарын немесе жалпы біріккен талдау түрінде топтық жұмысты ұйымдастырады. Пәндік саласы шектеусіз, кластерлерді әртүрлі тақырыптарды оқығанда қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет