Химиялық байланыс және зат қҰрылысы тақырыбына әдеби шолу


«Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы»



бет12/31
Дата06.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#65391
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
диплом Лаззат

«Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы»
Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор (Кесте 9).
Білуі қажет:
- алдын-ала сенімділік туғызу;
- білімдерін бір-біріне жеткізу;
- бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.
Жаңа педагогикалық технологиядағы негізгі үш саты (Кесте 10).
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:
- Шақыру
- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну)
- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)
Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр. Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т.б. болу керек.

Кесте 9


Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі




Ескілер

Жаңалар

Оқушы

- Білім мен дағдыны игереді;
- Оларды мүмкіндігінше көп көлемде игеру;
- Материалдың көлеміне қарай бағдарлау;
- Таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;
- Білім беру мен өмір сүрудің мақсатын дайын түрде қабылдау;
- Бақылаудан құтылуға ұмтылу.

- өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жетілдіру;
- білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен қамтамасыз етілетіндей игеріледі;
- бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз еркімен таңдау мүмкіндігінің болуы;
- өзінің жеке мақсаттарының қисынын келтіру және оларға жету тәсілдерін қою;
- дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу.

9-кестенің жалғасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет