Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, творчестволық еркіңдігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдық маманы - жаратылыстану мен гумани-тарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез-келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім - үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі.
Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты мін-деттерінің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттері-нің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдай-ындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
• Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
Тақырыптың зерттеліну деңгейі. Оқытудың технологиясы білім берудің теориялық және қызметтік негізін қалыптастыруда, білімді еңбекпен ұштас-тырып, іс-әрекеттің сапалығын дамытады, мақсатты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді. Оқыту технологиясы оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс-құрал түрлері-нің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Оқыту технология-сында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнда, тиімді әдістер мен құралдарды, бағдарлама мен алға қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу.
Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жоғары білікті маман даярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етіп отыр. Осы орайда студенттерге жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып білім беру үлкен маңызға ие. Оқу процесінің сапасын қамтамасыз етуде оқыту әдістерінің атқарар қызметі зор, себебі ол оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін көрсететін фактор болып табылады. Химияны оқыту әдістемесінде ( С.Г.Шаповаленко, Ю.В.Ходаков, М.Я.Голобродько, В.Н.Давыдов, Н.А.Титов, П.А.Оржековский) оқушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға арналған бірқатар зерт-теулер бар.
Химиялық байланыс туралы ілім – химияның өзекті де өткір, әрі орталық мәселесі. Заттағы атомдардың әрекеттесу табиғатын түсінбей тұрып, химиялық қосылыстардың көп қырлы да жан-жақты болу себебін түсінуге, олардың түзілу механизмін, құрамын, құрылымы мен құрылымын және реакцияласу қабілет-тілігін елестету, түсіну және нанымды мазмұндау мүмкін емес.