Ақпаратты түйіндеу, күрделі ойларды, сезімді және түсінікті бірнеше сөз-бен жеткізу қабілеті – үлкен шеберлік. Ол түсініктік қорға негізделген зерделі рефлексияны қажет етеді. Синквейн «cing» – бес деген француз сөзінен шығады. Ол бес жолдан тұратын өлең. Материалды синтездеу тәсілі ретінде қолданылады. Форманың ықшамдығы ақпаратты түйіндеу, ойды бірнеше маң-ызды сөздермен, кең, қысқа сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады [20].
Синквейн жеке өзіндік жұмыс ретінде, жұппен жұмыс үшін, сирек топтық шығармашылық ретінде ұсынылуы мүмкін. Пәндік саласының шекарасы ұстаздың ойының икемділігіне тәуелді. Әдетте синквейн рефлексия сатысында қолданылады, бірақ шақыру сатысында қалыпсыз түр ретінде де берілуі мүмкін.
Тәжірибе көрсеткендей, синквейндер:
1) күрделі ақпаратты синтездеу құралы ретінде;
2) оқушылардың түсініктік қорын бағалау тәсілі ретінде;
3) шығармашылық мәнерді дамыту құралы ретінде пайдалы болуы мүмкін.
Синквейнді жазу ережесі:
1. (бірінші жол – БІР сөзбен, әдетте зат есіммен көрсетілген өлеңнің тақырыбы);
2. (екінші жол – ЕКІ сөзбен, әдетте сын есімдермен берілген тақырыптың сипаты);
3. (үшінші жол – ҮШ сөзбен, әдетте етістіктермен берілген осы тақырып көлеміндегі іс-әрекеттің сипаты);
4. (төртінші жол – автордың берілген тақырыпқа қатысын көрсететін, ТӨРТ сөзден тұратын сөз орамы);
5. (бесінші жол – БІР сөз – тақырыптың негізін қайталайтын жалынды-көркем немесе философиялық-жалпыланған деңгейдегі бірінші сөздің синонимі).
Мысалы:
Ресей
Православиелік, өзін-өзі өлтіретін
Өлтіретін және тірілтетін
Аязда сүйісу
Өмір«жетілдірілген дәріс»
Берілген түрдің мәні дәрісті шақыру – ұғыну – рефлексия белсенді оқу үлгісін қолдану арқылы ерекше ұйымдастыру болып табылады. Ұстаз оқушыларды белсенді тыңдауға және сыни тұрғыдан ойлауға ынталандыру үшін дәрістің дәстүрлі түрін өзгертеді.
Іс-әрекеттің алгоритмі (нұсқалары болуы мүмкін):
Шақыру. Дайындық іс-әрекеті. Тақырыпты таныстыру. Дәрістің мазмұны бойынша мәселелі сұрақ. (Жұппен жұмыс: жауап үшін бар ойларын талдау және жазу, ақпараттық болжам, жұптың атынан сөз сөйлеу, айтылған пікірлерді тақтада белгілеу).
Дәрістің бірінші бөлімінің мазмұнының анонсы. Оқушыларға тапсырма (дәріс басталғанға дейін): дәріс барысында жұптағы бір адам мәселелі сұрақ бойынша жаңа ақпаратты жазады, екіншісі бастапқы жазбаларына дәрісте естіген ақпаратпен алдында жасаған жоспардың сәйкестіктерін «+» және қайшылықтарын «-» белгілеп отырады (инсерт-тің аудиолық нұсқасы).
Ұғыну. Ұстаз дәрістің бірінші бөлігін оқиды.
Рефлексия. Алдын-ала қорытынды жасау. (Жеке тапсырма: ең маңыз-дысын ерекшелеу – жазбаша жауап. Жұппен жұмыс: естіген материалмен болжамды талдау, жалпы жауаптың тұжырымдамасы, жұптың атынан сөз сөйлеу).
Екінші шақыру. Дәрістің екінші бөлімінің мазмұнының анонсы. Мәселелі сұрақ. (Жұппен жұмыс: жауап үшін ойларды талдау және жазу, ақпараттық болжам, жұптың атынан сөз сөйлеу айтылған ойларды тақтада белгілеу) Оқушыларға тапсырма (2-ші пунктке сәйкес).
Ұғыну. Ұстаз дәрістің екінші бөлігін оқиды.
Рефлексия. Қорытынды шығару. (Жұппен жұмыс: болжамды естіген материалмен талқылау, жұптың атынан сөз сөйлеу).
Қорытынды рефлексия. Сыныпқа тапсырма: жеке өзіндік жұмыс – дәріс материалы бойынша жалпы ғаламдық сұраққа жазбаша жауап. Формасы – 10-минуттық эссе.
Жұмыстар оқытушыға тапсырылады. Оқушылардың дәрістің мазмұнын түсінгенінің көрсеткіші ретінде, және келесі сабаққа дайындалатын материал ретінде қолданылады.
Дәрістің пәндік саласы шексіз. Жеке және топтық іс әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері мен тапсырмалары түрленуі мүмкін.