Химиялық байланыс және зат қҰрылысы тақырыбына әдеби шолу


Алынған нәтижелерді сараптау



бет29/31
Дата06.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#65391
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
2.4 Алынған нәтижелерді сараптау

«Атом құрылысы. Химиялық байланыс» тақырыбын ойын түрінде өткізілген сабақтың нәтижесі көрсетілген (Кесте 12 және диаграмма 1). Жалпы оқушылар саны – 25


25-20 балл - «5» баға
19-16 балл - «4» баға
15-10 балл - «3» бағасымен бағаланады.

Кесте 12
Оқушылардың жинаған ұпай сандары





топ
тапсырмалар

1 топ

2 топ

3 топ

І

4

3

4

ІІ

2

4

4

ІІІ

3

4

5

ІV

4

5

5

V

4

5

4

Жалпы жинаған ұпай саны

17

21

22



Диаграмма 1. «Атом құрылысы. Химиялық байланыс» тақырыбындағы сабақты ойын әдісімен оқыту әдістемесі

«Атом құрылысы. Химиялық байланыс» тақырыбында өткізілген, сайыс сабағы ойын түрінде өткізілді. Химия сабақтарында өткізілетін мұндай ойын түрлері қабілеті төмен оқушыларды пәнге қызықтырып, сабақтың тартымды өтуіне көмектеседі.


Сабақ нәтижесінде топтың бағалануы келесі 2-диаграмма түрінде көрсе-тілген. Бұл диаграммаға сараптама жүргізетін болсақ, 3-ші топ оқушыларның жоғары ұпай жинағанын көруге болады. Яғни 2-ші –топ 22 ұпай, ал 3-ші топ 22 ұпай жинап, олардың оқушылары өте жақсы деген бағамен бағаланды. Ойын әдісімен оқыту баланың оқуға, білім алуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі. Ал біліммен біліктіліктің негізі осы емес пе? Ойын үстінде түрлі рольдерді ойнау балаға жаңа, тың жағдайда өзін-өзі қалай ұстауға үйретеді, өзінің бұрынғы бар білім қорына сүйенуге, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығуға баулиды. Ол үшін жалғыз химия ғана емес, басқа ғылымдар саласынан алған білімдерін де қолданады.
Ойын балалардың ұжымдық мәселе шешуге, ұжым үшін бірлесіп, іс-әрекет етуге, жолдасының пікірімен есептесуге, тілектес болуға жетістігі мен сәтсіздігіне бірге толқуға, қабілеті мен кешілігіне ұқыптырақ болуғы үйрететіндігі дәлелденді.
«Химиялық байланыс. Зат құрылысы» тақырыбын қайталау және қорытындылау сабағының нәтижесінде оқушылардың бағалануы төмендегі кестеде көрсетілген (Кесте 13).

Кесте 13


Оқушылардың бағалану нәтижесі



Жалпы оқушы саны

«5» баға

%

«4» бағасы

%

«3» бағасы

%

Орташа баға

23

5

21,5

13

57

5

21,5

3,9

Осы алынған мәліметтерді диаграмма түрінде өрнектейтін болсақ, келесі көріністі алуға болады. Яғни х осьіне бағалар, ал у осьіне бағаланған бағалардың пайыздық мәліметтері ендірілген (Диаграмма 2).





Диаграмма 2. «Химиялық байланыс. Зат құрылысы» сабағындағы оқушылардың білім деңгейі
11сыныпқа арналған «Химиялық байланыс» тақырыбын сыни тұрғыда ойлау технологиясымен оқыту сабағында оқушылар саналы түрде нені білгісі келетіні, нені білмейтіні немесе тағы бір қайталау керектігін өздері ұғына білді. Бұл сабақтың нәтижесінде оқушылардың бағалану нәтижесіде кесте түрінде көрсетіледі ( Кесте 14 ).

Кесте 14
Оқушылардың бағалану нәтижесі





Жалпы оқушы саны

«5» баға

%

«4» бағасы

%

«3» бағасы

%

Орташа баға

25

6

24

13

52

6

24

4

Орташа баға 4-ке тең. Мұнда 6 оқушының «3» бағасының алу себебі, білгісі келетін тұстары көп. Келешекте осы қарқынмен оқи беретін болса «4» бағасын алуға мүмкіншіліктері бар (Диаграмма 3).



Диаграмма 3. «Химиялық байланыс» сабағындағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіші

Үш сабақ нәтижесіндегі оқушылардың білім деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші төменде келтірілген кестеде (Кесте 15, Диаграмма 4) көрсетілген.


Кесте 15


Үш сабақ нәтижесіндегі оқушылардың білім деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші



Сабақ тақырыбы

«5» баға

%

«4» бағасы

%

«3» бағасы

%

Орташа баға

«Атом құрылысы.Химиялық байланыс» (22 оқушы)

14

63,64

8

36,36

-

-

4,6

«Химиялық байланыс. Зат құрылысы»
(23 оқушы)

5

21,5

13

57

5

21,5

3,9

11сынып «Химиялық байланыс» (25 оқушы)

6

24

13

52

6

24

4




Диаграмма 4. Үш сабақ нәтижесіндегі оқушылардың білім деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші

4-диаграмманың мәліметі бойынша ойын арқылы оқыту әдістемесінде оқушылардың орташа бағасы 4,6тең. Ал, дәстүрлі сабақта орташа баға 3,9тең болса, инсерт әдісімен оқытуда оташа баға 4-ке тең. Бұдан шығатын қорытынды ойын арқылы оқыту әдістемесі тиімдірек деп айтуға болады. Яғни, ойын балалардың ұжымдық мәселе шешуге, ұжым үшін бірлесіп, іс-әрекет етуге, жолдасының пікірімен есептесуге, тілектес болуға жетістігі мен сәтсіз-дігіне бірге толқуға, қабілеті мен кемшілігіне ұқыптырақ болуға үйрететіндігі дәлелденді. Бірақ жыл бойы тек ойын әдісін пайдалану мүмкін емес. Инсерт әдісін сабақтарда кеңінен пайдалану оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолданумен бірге дүниетаным көзқарасын қалыптастырады. Сайыс сабағын ойын түрінде өткізу барысында оқушылар оқу танымдық әрекетке белсене қатысуы арттырылды.


Әрбір оқыту тәсілдерінің өзіндік тиімді, ұтымды жақтары бар. Сондықтан химияның сабақтарын оқыту барысында әртүрлі жаңа технологияларды пайдалана отырып, сабақты жүргізу қажет деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет