Химиялық Үдерістер туралы ілім


Химиялық реакцияның жылу эффектісі



бет3/9
Дата03.04.2022
өлшемі113,68 Kb.
#29713
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Химиялық реакцияның жылу эффектісі деп оның тұрақты қысымда, не тұрақты көлемде өткендегі бөліп шығаратын немесе өзіне сіңіретін энергиясының мөлшерін айтады. Оны калориметрлік тәсілмен анықтайды. Калориметр көмегімен реакцияның жылу эффектісін ғана анықтап қоймай, заттардың әртүрлі еріткіштердегі еру жылуларын, заттардың агрегаттық күйлері өзгеруіне байланысты байқалатын жылу өзгерістерін де анықтауға болады.

Химиялық реакцияның энергетикалық эффектісін және сол эффектің әрекеттесетін заттардың құрамы мен құрылысына, үдерістің өту жағдайына тәуелділігін зерттейтін сала термохимия деп аталады. Егер реакция нәтижесінде жылу бөлінсе, оны экзотермиялық,ал сіңірілсе-эндотермиялық реакция деп, ал жылу эффектілері көрсетілген реакция теңдеулерін термохимиялық реакция теңдеулері деп аталады. Мысалы:



Экзотермиялық реакция (1,2)

Эндотермиялық реакция (3,4)

Бір моль күрделі зат молекуласы жай заттардан түзілген кезде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшерін – түзілу жылуы (Qтүзілу,кДж/моль), ал ыдырау кезіндегісін – ыдырау жылуы (Qыдырау) деп атайды.

Термохимияның негізгі заңын 1840 жылы Г.И. Гесс ашқан. Бұл заң бойынша:

Белгілі бір тұрақты қысым мен көлемде жүретін реакциялардың жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелсіз, тек жүйенің бастапқы және соңғы күйіне ғана тәуелді болады.

Гесс заңын мына төмендегі сызбанұсқамен кескіндеуге болады:


AB



А+С→АС (Q3)

A

А+B→АB (Q1)

AB



АB+С→АС+B (Q2) (Q3)



AC



AB

Бұл заңды түсіну үшін төменде келтірілген мысалды қарастырайық.

Төмендегі сұлбада темірдің (III) оксидін екі әдіспен алу жолы келтірілген.

1) Fe →Fe2O3 2) Fe → FeO → Fe2O3

Жазылған сұлбада бастапқы күйі темірге қатысты болса, соңғысы темір (III) оксиді.


2FeO



(Q3)

(Q1)

AB



(Q2)



Fe

Fe2O3

2


AB

Енді көрсетілген реакция теңдіктерінің сұлбаларына қатысты термохимиялық реакциялардың теңдеулерін жазсақ:

2Fe + O2 = 2FeO + 529,6 кДж

2FeО + 0,5O2 = Fe2O3 + 292,6 кДж

Осы теңдіктің екі жағын мүшелеп қоссақ:

2Fe + 2FeО+1,5O2 = 2FeО + Fe2O3 + 822,2 кДж

Өзгеріссіз қалған заттар формулаларын жойып, қайта жазсақ:

2Fe +1,5O2 = Fe2O3 + 822,2 кДж (5)

Сонда: Q3=Q1+Q2 болғаны, олай болса темірден темір (III) оксидін тікелей алса да шығатын жылу мөлшері (5) реакциядағыдай болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет