Химиялық Үдерістер туралы ілім


§2 Химиялық термодинамика заңдары, функциялар



бет7/9
Дата03.04.2022
өлшемі113,68 Kb.
#29713
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 5

§2 Химиялық термодинамика заңдары, функциялар

және олардың мағынасы

Физикалық және химиялық құбылыстардың арасындағы байланысты физика және химия ғылымдарының теориялық және эксперименттік әдістерін пайдалана отырып, физикалық химия реакцияларды жан-жақты зерттеумен айналысады. Химиялық реакциялардың жүру жағдайы туралы білу оны белгілі бір қолайлы бағытқа бағыттауға мүмкіндік береді.

Термодинамикатермохимия сияқтыжүйедегі жүретін үдерістердің бастапқы және соңғы күйін қарастырғанымен оның соңғы күйге жету жолын ескермейді. Термодинамика энергияның бір түрінің басқа түріне айналу заңдылықтарын зерттейді. Жүйенің күйі оның интенсивті және экстенсивті қасиеттерімен анықталады. Интенсивті қаситтеріне қысым, температура, концентрация жатады, бұлармен жүйенің әрбір нүктесі сипатталады. Ал, экстенсивтіге – зат мөлшері мен массасына байланысты қасиеттері жатады. Осы екі қасиетке де физикалық шама уақыт кірмейді, оның себебі термодинамика тепе-теңдікте тұрған жүйені зерттейді.

Термодинамикалық жүйе деп қоршаған ортадан ойша бөлінген денелер тобы.

Жүйенің күйідеп оны сипаттайтын барлық физика – химиялық шамалар жиынтығын айтады.

f(Р, V, T) = 0 (5.4)

Бұл үш шама арасындағы байланыс идеалды газдар үшін Клапейрон-Менделеев теңдеуімен өрнектелетінін білеміз.

Ал, көпшілік жүйелер үшін жүйенің күйін көрсететін теңдеулер белгісіз. Сондықтан, термодинамика жүйенің күйін сипаттау үшін бес түрлі функция пайдаланылады: E, U, H, S, G.



Е-жүйенің толық энергиясы.

Толық энергия қозғалыстағы жүйенің үш түрлі энергиясымен анықталады:

Е = Екин + Е пот + U. (5.5)

Мұндағы, Екин – кинетикалық энергия.

Епот – потенциалдық энергия.

U – жүйенің ішкі энергиясы

Жүйені термодинамикалық жағынан сипаттау үшін жүйе салыстырмалы тыныштықта тұр деп есептелінеді, сонда Екин = 0, сыртқы өріс әсерін есепке алмасақ Епот = 0, сонда жүйенің толық энергиясы оның ішкі энергия қорымен ғана анықталады, энергия дененің жұмыс істеу қабілетін сипаттайды.

E = U (5.6)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет