Мысалы1
Алюминий қандай оксидтерді тотықсыздандыруы мүмкін екендігін, реакциялардың Гиббс энергияларының мәндерін есептеу арқылы анықтап көрелік.
Кесте 5.3 Кейбір оксидтердің түзілу энтальпиясы мен Гиббс энергиясы
№
|
Формула
|
∆H10,кДж/моль
|
∆GO,кДж/моль
|
1
|
AI2O3(к)
|
-1675
|
-1582
|
2
|
NiO(к)
|
-239,7
|
-211,6
|
3
|
CuO(к)
|
-162,0
|
-129,9
|
4
|
CaO(к)
|
-635,5
|
-604,2
|
5
|
TiO2
|
-943,9
|
888,6
|
Шешуі:
1) Оксидтердің 1 эквивалентінің түзілу жылуларын есептеу.
2)Алюминий оксидінің 1 эквивалентінің түзілу энтальпиясы мен қалған оксидтердің 1 эквивалентіне сай түзілу энтальпияларының айырымын анықтағанда реакция энтальпиясы неғұрлым көбірек кемісе, оның реакцияға түсу қабілеті басым болады. Сонда: ∆H20 + ∆H10<∆H40<∆H30
∆H10 = -279,1 – (-119,85) = -159,25 кДж
∆H20 = -279,1 – (-81) = -198,1 кДж
∆H30 = -279,1 – (-317,75) = +38,65 кДж
∆H40 = -279,1 – (-235,98) = -43,12 кДж
3)Реакция теңдеулерін жазып, олардың Гиббс энергиясының өзгерістерін анықтау.
2AI + 3NiO = AI2O3 + 3Ni (1)
= ΔG0(AI2O3) - 3 ΔG(NiO) = -1582- 3(-211,6) = - 947,2кДж
2AI + 3CuO = AI2O3 + 3Cu (2)
= ΔG0(AI2O3) - 3 ΔG(CuO) = -1582- 3(-129,9) = - 1192,3кДж
2AI + 3CaO = AI2O3 + 3Ca (3)
= ΔG0(AI2O3) - 3 ΔG(CaO) = -1582- 3(-604,2) = 230,6кДж
4AI + 3TiO2 = 2AI2O3 + 3Ti (4)
= 2( -1582)- 3(-888,6) = -3164 + 2665,8 = -498,2кДж
Қорыта келе, берілген оксидтердің ішінде кальций оксидін алюминиймен тотықсыздандыру мүмкін болмайтынын байқаймыз, себебі ΔH3> O, ΔG3> O.
Оксидтерді алюминиймен тотықсыздандыру мүмкіндігін Гиббс энергиясының кему бағытында орналастырсақ:<<
Сонда, реакция теңдеулерін жазбай-ақ заттардың эквивалентінің түзілу энтальпияларының мәндерін салыстыру арқылы-ақ реакцияның жүру мүмкіндігін болжауға болады.
Мысал 2
Элемент оксидтерінің түзілуінің Гиббс энергияларын салыстыру арқылы олардың термиялық тұрақтылығы, оксид түзуші элементтің тотықсыздандырғыш қасиеті туралы болжам айтуға болады.
Кесте 5.4 Оксидтердің (II, III-A, IVA, II-B) түзілуінің Гиббс энергияларының мәндері
II-A
|
|
II-B
|
|
III-A
|
|
IV-A
|
|
BeO
|
-582,0
|
ZnO
|
-318,0
|
B2O3
|
-1192,5
|
CO2
|
-394,4
|
MgO
|
-569,4
|
CdO
|
-229,3
|
AI2O3
|
-1582,0
|
SiO2
|
-856,7
|
CaO
|
-604,2
|
HgO
|
-58,6
|
Ga2O3
|
-996,9
|
YeO2
|
-501,1
|
SrO
|
-559,8
|
|
|
Zn2O3
|
-831,9
|
SnO2
|
-519,3
|
BaO
|
-528,0
|
|
|
TI2O3
|
321,4
|
PbO2
|
-218,3
|
1)II-А топшасы элементтерінің оксидтері үшін жазылған термодинамикалық функцияларын (ΔG0) өзара салыстырсақ, кальций оксиді үшін ең төменгі мәнді екені, оның термиялық тұрақтылығына дәлел болады;
2)екінші бағандағы қосымша топша элементтерінің оксидтерінің түзілуінің Гиббс энергияларының мәні Zn – Cd – Hg бағытында элементтердің оттекпен әрекеттесу мүмкіндігі және олардың термиялық тұрақтылықтарының төмендейтігін және мырыштың тотықсыздандырғыш қасиетінің басымдылығына дәлелболады;
3)III-A топшасы элементтерінің ең тұрақтысы, берігі - AI2O3 екендігі және алюминийдің тотықсыздандырғыш қасиетінің басымдылығы байқалады;
4)IV-A топша элементтерінің ең берік оксид түзетіні кремний екендігі және оның тотықсыздандырғыштық қасиетінің басқасына қарағанда басымдығын болжауға болады.
§3 V- тарауға қатысты «Термохимия және термодинамика негіздері» тақырыптары бойынша шығарылатын типтік есептер және оларды шешу
5.1Известь тасының айырылу реакциясының жүруін термодинамикалық негізде түсіндіріңіз.
Берілгені: Шешуі:
1) ∆Но (СаО) = -635,5 кДж/моль 2) CaCO3(кр)→ СaO+ CO2(г)
∆Но (СаСО3) = -1207 кДж/моль ∆Hp=[∆H(CaO)+ ∆H(CO2)] – ∆H (CaCO3)
∆Но (СО2) = -393,5 кДж/моль ∆Hop = 178кДж/моль
So(CaCO3) = 68,9 Дж/моль ∆Sop = [S(CaO) + S(CO2)] – S(CaCO3)
S0(CaO) = 39,7 Дж/моль ∆Sop = 184,5 Дж/моль
So (CO2) = 213,7 Дж/моль ∆Gop = ∆Hop – T∆So
t0(С)- ? ∆Gop = 178 – 298 · 0,1845 = 123 кДж
3)реакция стандартты жағдайда жүрмейді, себебі ∆Gp>0. ∆Нр>0, ∆S>0 болғанда реакцияның жүру шарты:
4)яғни, реакцияның жүретін температурасы 964,7 К нен немесе 691,8 0С дан жоғары болуы тиіс.
5) Жауабы:691,80С
5.2 Реакция теңдеуі үшін реакцияның энтропиясының өзгерісін анықтаймыз.
2H2S(г) + 3O2(г) = H2O(с) + 2SO2(г) + Q
ν, моль 2 3 2
S,Дж/моль∙К S1 > S2
∆S = S2 – S1 ∆S < 0
Реакцияның энтальпиясы Qp> 0 болғандықтан ∆Нр< 0.
Енді Гиббс энергиясының өзгерісін анықтаймыз.
∆Gop = ∆Hop – T∆So
бұл жағдайда да ∆Gop> 0, ∆Gop< 0 болуы мүмкін, ал реакция жүру үшін мынадай теңсіздік орнауы тиіс: , олай болса, төмен температурада жүреді.
Жауабы:реакция төмен температурада жүреді.
5.3 Глюкозаның қай өзгерісі көп жылу береді?
(1) С6Н12О6(кр) = 2С2Н5ОН(с) + 2СО2(г)
(2) С6Н12О6(кр) + 6О2(г) = 6СО2(г) + 6Н2О(с)
Шешуі:
2)(1)-реакция теңдігі бойынша реакцияның жылу эффектісін анықтайтын теңдеуін жазайық.
Qp=[2QT(C2H5OH) + 2QT(CO2)] –QT(C6H12O6) =(2· 277,6 + 2· 393,5) –1273=69,2 кДж.
Qp = 69,2 кДж
3)Енді (2)-реакция теңдігі бойынша реакцияның жылу эффектісін анықтайтын теңдеуін жазайық:
Qp = [6QT(CO2) + 6QT(H2O)] – QT(C6H12O6)
Qp = 6· 393,5 + 6· 285,8 – 1273 = 2802,8 кДж
Qp = 2802,8 кДж.
Олай болса, Qp(2)>Qp(1)
Жауабы:Qp(2)>Qp(1)
5.4 Мына реакция теңдеуі2СО(г) + О2 = 2СО2(г) ∆Hор = -566кДжбойынша көлемі қалыпты жағдайда берілген 50 л. көміртек (ІІ) оксидінтотықтыру үшін қанша ауа қажеттігін және бөлінетін жылу мөлшерінесептеңіз.
Берілгені: Шешуі:
1)V(CO) = 50 л 2) 2СО + О2 = 2СО2(г)
φ(О2) = 20% ν, моль 2 1 2
Q, V(ауа) – ? V, л. 44,8 22,4 44,8
V(CO) : V(O2) : V(CO2) = 44,8 : 22,4 : 44,8 = 2 : 1 : 2 (көлемдік қатынас заңы бойынша).
3) Енді реакцияға қажетті оттегінің көлемін есептейміз.
2л СО : 1л О2 = 50л СО : Хл (О2)
Х = 25л О2.
4) Оттегінің көлемін ауаға айналдырсақ:
100л ауа : 20л О2 = Хл ауа : 25л О2
Х = 125л ауа.
5)Енді реакция нәтижесінде түзілетін жылу мөлшерін есептеуге болады:
44,8л (СО) : 566 кДж = 50л (СО) : Х кДж
Х = 631,7 кДж
Жауабы: 631,7 кДж,125 л
5.5 IV –B топшасы элементтерінің оксидтерінің түзілуінің Гиббс энергиясының шамасы бойынша олардың термиялық тұрақтылығы, балқу және қайнау температурасының өзгерісін болжаңдар.
Берілгені
Оксидтер
|
TiO2
|
ZrO2
|
HfO2
|
∆GO,кДж/моль
|
-888,6
|
-1042,8
|
-1061,1
|
Шешуі
∆GO(TiO2)>∆GO(ZrO2)>∆GO(HfO2)олай болса, осы бағытта оксидтердің термиялық тұрақтылығы артады және осыған байланысты олардың балқу және қайнау температуралары да артады.
5.6 Термохимиялық теңдеулері төмендегідей N2 + O2 = 2NO – 180 кДж (1)
NО + O2 = 2NO2+ 113,6 кДж (2) болатын реакция теңдеулері бойынша
N2 + 2O2 = 2NO2 (3) реакциясының жылу эффектісін және азот (IV) оксидінің
түзілу жылуын есептеңдер.
Берілгені
|
Шешуі
|
Q1 = -180кДж
Q2 = +113,6кДж
Q3 - ?
Qт (NO2)- ?
|
2) Гесс заңы бойынша
NO
Q1Q2
1/2 N2 NO2
Q3
N2 + O2 = 2NO – 180 кДж (1)
NО + O2 = 2NO2+ 113,6 кДж (2)
Реакция теңдігін оң жағын оң жағына, сол жағына қосамыз.
N2 + O2+ 2NO+ O2= 2NO+ 2NO2 – 180 + 113
N2 + 2O2 = 2NO2 – 67 кДж
3)азот (IV) оксидінің түзілу жылуын есептеу үшін оның анықтамасы бойынша реакция теңдеуін жазамыз:
1/2 N2 + O2 = NO2 – 33,5кДж/моль
4) бұл газ (NO2) тікелей синтездік тәсілмен алынбайды,бірақ оның түзілу жылуын осы жолмен есептеп шығаруға болады.
Жауабы: - 67 кДж/моль
|
Бұл тараудан (V) не білдіңіз?
Термохимия заңдары (Лавуазье-Лаплас заңы, Гесс заңы және оның салдары)
Термодинамиканың І, ІІ-заңы
Түсініктер: экзотермиялық, эндотермиялық реакциялар, термохимиялық теңдеу; жүйе (ашық, жабық, тұйық, гомогенді, гетерогенді).
Термодинамикалық функциялар, мән-мағынасы.
Реакцияның жүруіне энтальпия мен энтропиялық факторлардың әсері.
Типтік есептер, жаттығулар түрлерімен танысып, оларды шешу әдістерін үйрену:
а)Лавуазье-Лаплас заңын пайдаланып, реакцияның жылу эффектісін, заттың
түзілу жылуын есептеу;
ә) Гесс заңын сандық есептер шығару арқылы дәлелдей білу;
б) Гиббс-Гельмгольц формуласын пайдаланып, реакцияның жүру жағдайын
анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |