Молекуладағы атомдардың байланысу ретін электрондық формуламен қатар құрылымдық формуласы да бейнелейді. Заттың құрылымдық формуласы - молекуладағы атомдардың өзара байланысу тәртібін көрсететін формула. Құрылымдық формуладағы атомдардың арасындағы сызықшалар коваленттік байланыс түзуші электрон жұбын көрсетеді. Органикалық қосылыстарда көміртек – төрт,
оттек - екі, сутек – бір валентті.
Молекуладағы атомдардың өзара әсері
Молекуладағы атомдардың өзара әсері молекулада электрон тығыздығының бөлініп таралуына байланысты болады. Өзара әсердің екі түрі бар.
1. Атомдардың арасындағы σ – байланыс бойынша электрон тығыздығының ығысуы арқылы болатын индуктивті эффект. Индуктивті эффект оң және теріс болады.
2. Молекулада қос және дара байланыс кезектесіп келгенде π-электрон бұлтының ығысуынан
болады.
Сабақты бекіту
1- оқушыға тапсырма: С3Н8O – молекулалық формулаға сай заттардың изомерлерінің құрылымдық формуласын жазу.
Органикалық химияның дамуында А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының маңызы зор. Молекулада атомдар ретсіз орналаспайды, бір-бірімен валенттіліктеріне сай байланысады. Заттың құрылымдық формуласы молекуладағы атомдардың өзара байланысу ретін көрсетеді. Атомның қасиетіне онымен байланысып тұрған элемент атомы әсер етеді.