«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты


Химиялық технология процестерінде қолданылатын физика-химиялық заңдылықтар



Pdf көрінісі
бет15/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Химиялық технология процестерінде қолданылатын физика-химиялық заңдылықтар 
Технологиялық процестер бірнеше физикалық және химиялық құбылыстар тізбегінен 
құралады. Химиялық технология процесі үш сатыда жүреді: шикізатты химиялық реакцияға 
дайындау, химиялық реакцияның жүруі және түзілген өнімді бөліп алу. Ал химиялық 
реакцияның өзі бірнеше өзара байланысты сатыдан тұрады: реагенттерді реакция аймағына 
жеткізу.Түзілген өнімді реакция аймағынан шығару. 
Реагенттерді реакция аймағына жеткізу химиялық реакцияға түспейтін молекулалардың 
диффузиялануы немесе конвенциялануы арқылы жүреді. 
Химиялық реакция - технологиялық процестің негізі болғандықтан, процесс нәтижесінде 
түзілген өнім және жанама өнім немесе өндірістің қалдығы түзіледі. 
Қарапайым процесс сатыларының жылдамдығы әр түрлі болғандықтан, процестің жалпы 
қорытынды жылдамдығымен анықталады. 
Егер технологиялық процестің жылдамдығы реакция жылдамдығымен анықталса, онда 
процесс кинетика аймағында жүреді. Кинетика саласында жүретін технологиялық 
процестердің жылдамдығы кинетика теңдеулерімен, кинетика заңдарымен анықталады. 
Химиялық кинетика аймағында жүретін технологиялық процестердің жылдамдығына 
әсерін тигізетін факторларды өзгерту қажет. 
Олар: бастапқы реагенттердің концентрациясын көбейту, температураны, қысымды 
жоғарлату, катализаторларды қолдану т.б. Егер технологиялық процестің жалпы
жылдамдығы реакцияласушы реагенттерді реакция аймағына жеткізу жылдамдығымен 
немесе түзілген өнімдерді реакция аймағынан шығару жылдамдығымен анықталса, онда 
процесс диффузиялы сатыда жүреді. Технологиялық процестің жылдамдығын арттыру 
үшін диффузия жылдамдығын арттыру қажет. Атап айтсақ: араластыруды үдету, фазаны 
дегидрлеу, температураны және концентрацияны жүйеге айналдыру және т.б. 
Химиялық технологияның негізгі сүйенетін заңдарын орынды қолдану арқылы технологиялық 
процестерді тиімді жағдайда жүргізіп, өнімнің шығымын ең жоғары мөлшерге жеткізуге, 
өнімнің сапасын жақсартуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет