«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты


Түзілген су қағына қолданатын шаралар



Pdf көрінісі
бет12/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Түзілген су қағына қолданатын шаралар 
1. 
Суды жұмсарту. 
2. 
Суды коррекциялау (түзету) – суға сода, фосфор қышқылын, натрий фосфатын және т.б. 
реагенттер қосып, түзілген тұнба ыдыстан оңай бөлінетіндей жағдай жасау. 
3. 
Қақтарға қарсы қолданылатын заттар ретінде көбінесе натрий сілтісі, сода, натрийдің 
фосфаттары, хром қышқылының натрий тұзы және т.б. қолданады. 
Соңғы кездерде көбінесе натрий гексафосфаты қолданады. 


4. 
Электрохимиялық әдіс – ыдыс қабырғасын тұрақты электр тогының теріс полюсімен 
жалғастырып, катодқа айналдырып, қабырғада көпіршік түрінде сутек бөлініп, су қағының түзілуіне 
кедергі жасайды. 
Су қағын тазарту әдістері: 
1. 
Судың карбонатты қағын тұз қышқылы, хром қышқылымен, гипсті және силикатты қақтарды 
сода, натрийдің фосфаттарын қосып қайнату арқылы су қағын жояды немесе су қағы жұмсарып, 
жеңіл бөлінетін қосылысқа ауысады. Пассиваторлар қосылған қышқылдармен ыдысты жуады. 
2. 
Механикалық әдістер: әртүрлі аспаптармен қыру және жаншылау (тоқпақтау). 
Қоршаған ортаны қорғау 
Көптеген өндіріс қалдықтары қоршаған ортаға – ауаға, суға және топыраққа – жер 
қыртысына тарайды. 
Фаунаға (жануарлар дүниесі) және флораға (белгілі жердің я дәуірдің өсімдіктер дүниесі) 
қауіп төндіреді. Қоршаған ортаны қорғау негізінде екі жолмен шешілуі мүмкін: 
1. 
Технологиялық процесс нәтижесінде өндірісте қалдық пайда болмаса; 
2. 
Қандай агрегаттық күйде болмасын қоршаған ортаға шығатын қалдық толық тазартылуы 
шарт. 
Өндірістердің ағынды суларын тазарту 
Өндірістің ағынды суының құрамындағы қоспалардың 
су қоймасына, өсімдіктерге, 
жануарлар организміне тигізетін әсеріне байланысты екі топқа бөлінеді: 
1. 
Құрамында бейорганикалық қоспалары бар, соның ішінде ерекше уытты заттары бар 
ағынды 
сулар

2. 
Құрамында органикалық қоспалары бар, соның ішінде ерекше уытты заттары бар ағынды 
сулар. Бейорганикалық қоспалар (минералды қышқылдар, гидроксидтер, тұздар, ауыр 
металдардың 
иондары және т.б.) су қоймасындағы тұздылықты арттырады. Сөйтіп, судың қасиеті өзгереді, тірі 
организмдерге әсерін тигізіп, ерімейтін тұнба пайда түзеді. 
Құрамында органикалық қоспалары бар ағынды су биосфераға ерекше зиянды әсерін 
тигізеді. Органикалық қоспалар су құрамындағы еріген оттек пен әртүрлі тотығу процестеріне 
қатысып, қоспалар түзеді. Бірінші кезекте аэроб процесінде – оттектің қатысуымен органикалық 
қоспалардың биологиялық ыдырауы жүреді. 
Сондықтан су қоймаларындағы тірі 
организмдерге қажетті оттек жетіспейді. Сөйтіп, тапшылық орнайды (дефицит). 
Ағынды суды тазартатын әдістер: механикалық, физика-химиялық, биологиялық және 
термиялық болып бөлінеді. Ағынды су құрамындағы қоспалар күрделі көп компонентті болса, онда 
тазарту комплексті түрде жүреді. 
Механикалық тазарту әдістері – тұндыру, мөлдірлету және сүзу. 
Физика-химиялық әдістер – ұсақ дисперсті, коллоидты және еріген заттардан тазартуға 
қолданады. Олар: флотация, коагуляция, ерігіштік бойынша экстракциялау, дистилляциялау, 
ректификация, адсорбцияИон алмасу әдісін суды тазартудың соңғы сатысында, яғни ағынды суды 
терең тазартуда немесе қайта айналымды суды реттеуде және уытты заттарды (анилин,
формальдегид, сынап және т.б.) утильдеуде қолданады. 
Адсорбциялау әдісі – ағынды суды органикалық заттардан толық тазартатын тиімді және 
жоғары нәтиже беретін әдіс. Активті сорбентті қолданып тым аз мөлшердегі органикалық 
қоспалардан толық тазартуға болады. Сорбент ретінде ұсатылған ағаш үгінділерін, ағаш күлін 
шымтезек, саз, кокс ұнтағын қолданады. Жоғары нәтижелі ерекше сорбент –әртүрлі активтелген 
көмірлер (реагентттік). 
Химиялық әдістер – негізінде ағынды су құрамындағы уытты заттардың уытын басуға және 
бейорганикалық қоспалардан тазартуға негізделген. Реагенттік әдіске жататындар: қышқылдарды 
және сілтілерді, иондарды ерімейтін қоспаларға айналдыру, бейорганикалық заттарды бірге қоса 
тұндыру. Қышқылды ағынды суды нейтралдауға жиі қолданатын негіздер – күйдіргіш сілтілер
әктастар, магнезит, сілті қалдықтары. Өте көп қолданылатын реагент – сөндірілген ізбес. 
Нейтралдау процесімен қоса 


гидроксидтер және карбонаттар тұнбаға түседі. Химиялық әдістердің кемшіліктері – 
реагенттер көп жұмсалынады, тұндырғыш және аппараттар көп орын алады, тым үлкен, жаңа 
қоспалар түзіледі. Олар көп мөлшерде жиналып жер қыртысын ластайды және т.б. 
Қалалық су тазартатын станцияларда ауыз суды хлорлау және озондау әдістерімен 
зиянсыздандырады. 
Ағынды судың құрамында органикалық қоспалар, цианидтер және жаман иісті заттар болса, 
онда оларды ерекше хлорлау және озондау әдістермен өңдейді. 
Биологиялық тазарту - өнеркәсіп және тұрмыста қолданған суды тазартуға қолданатын 
әдістердің ең негізгісі. Су құрамындағы органикалық және кейбір бейорганикалық заттарды 
микроорганизмдер көмегімен биологиялық тотығуларына негізделінген. Биологиялық тотығу 
процесінің нәтижесінде су, көміртек диоксиді, нитрат және сульфат иондары түзіледі. Құрамында 
қосымша әртүрлі бактерия топтарынан құралған биологиялық масса (активті лай, тұнба, өлі 
балшық) тұнады. 
Биологиялық әдістермен тазартуға тиісті суға технологиялық жағдай орнатылуы қажет, 
себебі микроорганизмдердің тіршілік әрекеттері 30-40
0
С және рН=5,5-8,5 ортадан жоғары болады. 
Кейбір биологиялық әдіспен тазартылмайтын, яғни биологиялық тотықпайтын заттарды басқа 
әдістермен тазартады. Мысалы, адсорбциялау әдісімен тазартуға болады. 
Ағынды суды биологиялық тазартудың екі жолы белгілі: аэроб – ауадағы оттегінің үздіксіз 
қатысуымен және аноэроб – оттексіз жүретін әдістер. 
Аноэроб әдісі ағынды су құрамындағы органикалық қоспалардың концентрациясы тым 
жоғары жағдайда немесе аэроб әдістің алдыңғы сатысында қолданады. 
Аэроб әдісімен тазарту көрсеткіштері (тотығу жылдамдығы, тазалық, тиімділігі) 
температураға, рН, араластыру қарқындылығы, тиімділігі судағы оттек концентрациясына, уытты 
заттардың және биогенді элементтер- (азот және фосфор) мөлшеріне, биологиялық массаның 
қайта айналу мөлшеріне (санына) және т.б. факторларға тәуелді. Осы айтылған факторлар активті 
лайдағы және биоқабықшадағы микроорганизмдердің биологиялық әрекеттерінің активтілігіне әсер 
етеді. Активті лай және биоқабықша аэробты биологиялық процестерде түзіледі. Аэроб әдісімен 
ағынды суды тазартқанда микроорганизмдер тіршілігіне қажетті биоген элементтерді – азотты және 
фосфорлы клеткалы заттар жеткілікті болуы қажет. Сондықтан ағынды суға аммонийдің сульфатты 
және нитратты, карбомидті, суперфосфатты биогенді қосылыстарды қосады. 
Биологиялық әдістің кемшілігі – тотығу процесі тым баяу жүреді. Тазартқыш қондырғысының 
көлемі тым үлкен. 
Термиялық әдіс – ағынды судың құрамындағы органикалық қоспаларды жағу арқылы толық 
тотықтыруға негізделген. Органикалық қоспалар СО
2
, Н
2
О, N
2
және күлге айналады. Құрамында 
уытты қоспасы бар аз көлемді ағынды судан құнды еріген минерал қоспаларын бөліп алған соң
суды жанып жатқан пешке шашыратады, ол ыстық буға айналады, органикалық заттар жанады, 
минералды заттар қатты немесе балқыған түрде қалдық түзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет