«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет28/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. 
Аммиак өндірісінің шикізаттық ресурсын атау. Табиғи және жолшыбай газдардың негізінде 
сутек өндірісі қазіргі уақытта негізгі болып саналады? 
2. 
Аммиактың тең салмақты шығуына қандай физико – химиялық факторлар әсер етеді? Бұл әсер 
неде байқалады? Жауапты Ле – Шателье принципі тұрғысынан түсіндіру. 
3. 
Аммиак синтезінің өнеркәсіптік жүйесін атау. Орташа қысымдағы аммиак синтезінің 
оптимальды жағдайын сипаттау.
4. 
Азот қышқылы өндірісінің өнеркәсіптік әдістерін атау. Комбинирлі әдіспен азот қышқылын 
өндірудің артықшылығы неде? 
Ұсынылған әдебиеттер: 
 
1. 
Қайырбеков Ж.Қ, Әубәкіров Е.А. Ж.К. Мылтықбаева. Жалпы химиялық технология. – Алматы. 
2009.169-176 
бет 
2. 
Тойбаев Ы.Қ., Жұбанов Қ.А., Садықов Ү.Ә. Химиялық технология негіздері. – Алматы. 
2011.130-
140 бет 
3. 
Соколов Р.С. Химическая технология: в 2-х т. М: 2000.-Т.1.С.183-208 
№8. Дәріс. Минералды тыңайтқыштар өндірісі 
 
Мақсаты: 
1. 
Минералды тыңайтқыштардың маңызы және классификациясын білу 
2. 
Фосфор қышқылын, фосфорлы тыңайтқыштарды өндіру
3. 
Азотты тыңайтқыштар. Карбамид өндірісі. Калийлі тыңайтқыштарды тану 
 

Қысқаша мазмұны: 
Минералды сулар мен тыңайтқыштар өндірісінің гетерогенді катализаторсыз процесс үлгісінің 
физика-химиялық негіздері. 
Фосфорлы тыңайтқыштар және оның классификациясы үздіксіз қызметтегі суперфосфат 
камерасы. Жай суперфосфатты гранулдеу және нейтралдау, аммиак селитрасын өндіру. 
Реактордағы (нейтрализатор) нейтрализация жылуын пайдалану және селитрасын өндірудің үлгісі. 
Нейтрализатордың құрылысы. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын аммиак селитрасының 
кемшіліктері. 
Егіннің бітік шығуына минералдық тыңайтқыштардың маңызы зор. Өсімдік өскенде жерден 
түрлі еріген минерал тұздарды тамыр арқылы бойына тартып қорек етеді. Ал,топырақтың 
нәрі азайып, құнарсызданады. 
Сөйтіп, топырақта C, H, N, P, Ca, Мg, S, Fe, B, Cu, Zn элементтердің тапшылығы 
болады. Сондықтан әр түрлі минералды тұздарды егістік жерге сеуіп, топырақты қайтадан 
құнарландырады. Өсімдіктер көміртекті фотосинтез процесінің нәтижесінде 
ауа 
құрамындағы көміртек (IV) оксидінен алады. Сутекті су құрамынан 
алады. Қалғандардың барлығын өсімдіктер топырақ құрамындағы еріген минерал тұздарынан 
бөліп алып қорек етеді. 
Тыңайтқыш ретінде өсімдікке берілетін үш элементтің: фосфор, азот, калийдің орындары 
ерекше, әсіресе фосфор - өсімдіктің дәніне жиналады, бірсыпыралары - сабағы
менжапырағы, тамырына жиналады. 
Тыңайтқыштарды классификациялау. Шығу тегіне байланысты минералдық 
тыңайтқыштар органикалық, органо-минералдық және бактериялық болып үшке бөлінеді. 
Минералдық тыңайтқыштарға жататындар табиғи және өндірістерде өндірілетін тұздар. 
Органикалық тыңайтқыштар - табиғи немесе жасанды өндірісте өндірілетін құрамында өсімдікке 
керек болатын элементтері бар органикалық қосылыстар. Мысалы карбамид, көң - қи, тезек. 
Өсімдіктерді қоректендіретін органоминералдық тыңайтқыштар құрамындағы элементтер 
органикалық және минералдық қосылыстар түрінде болады, мысалы: шым тезек. 
Агрохимиялық қасиетіне байланысты минералдық тыңайтқыштар тікелей және жанама болып 
екіге бөлінеді. 


Тікелей тыңайтқыштар құрамында өсімдікті қоректендіретін элементтер болады. 
Жанама тыңайтқыштар топырақтың құрамымен араласқанда, оның физикалық,химиялық 
және биологиялық қасиеттерін жақсарады. Мысалы: топырақтың қасиетін ізбес немесе 
доломитпен(CaCO
3

МgCO
3
) өңдегенде, қышқылдығы төмендеп, жақсарады. Гипс (CaSO
4
·2H
2
O) - 
осы топырақтың қасиетін жақсартады. 
Физиологиялық әсеріне байланысты - қышқылды, негізді және нейтралды тыңайтқыштар 
болып жіктеледі. 
Қоректендіргіш элементтерге байланысты азотты, фосфорлы, калийлі тыңайтқыштар 
болып бөлінеді. 
Егер тыңайтқыш құрамында біртектес элемент болса, онда бір тектес тыңайтқыштар, егер 
бірнеше элементтердің түрлері болса, онда көптектес немесе комплексті тыңайтқыштар деп атайды. 
Егер әртүрлі біртектес тыңайтқыштардың қоспасы 
болса-араласқан тыңайтқыштар деп 
атайды. 
Күрделі комплексті тыңайтқыштар - химиялық реакциялардың нәтижесінде түзіледі. 
5. Қажетті заттардың концентрациясына байланысты: 
өсімдіктерге 
тым 
аз мөлшерде қажет микротыңайтқыштар B, Мn, Zn, Cu және т.б. және қажетті заттары 30%-тен 
жоғары болатын концентрлі тыңайтқыштар болып екіге бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет