Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Медициналық техника бұйымдарын өндірген кезде полимерлерге қойылатын талаптарға мыналар жатады



бет39/45
Дата15.11.2023
өлшемі0,96 Mb.
#123837
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Медициналық техника бұйымдарын өндірген кезде полимерлерге қойылатын талаптарға мыналар жатады:
• материалдың нақты мақсатына байланысты физикалық және механикалық қасиеттердің қажетті кешені;
• сұйық ортаның, оның ішінде зарарсыздандыратын сұйықтықтардың әсерінен өнімдердің тұрақтылығын анықтайтын химиялық төзімділіктің жоғары болуы;
• төмен молекулалы қоспалардың, яғни тұрақтандырғыштардың, катализаторлардың және басқа технологиялық қоспалардың құрамында мейілінше аз болуы және иіс болмауы;
• жылу стерилизациясына және радиациялық стерилизацияға төтеп беру қабілеті;
• полимерлі материалмен байланыста болатын сұйық медициналық препараттар құрамының тұрақтылығы.

Каучук және резеңке өндірісі.
Резеңкені алудың негізгі шикізаты каучук болып табылады. Каучук дегеніміз жоғары молекулалы қосылыс және каучук өз бетімен ештеңеге қолданылмайды. Каучуктың негізгі қасиеті сыртқы күш әсерінен деформацияланып және бұрынғы қалпына қайта тез келуі. Каучуктың өзінің 2 түрі бар. Синтетикалық және табиғи.
Табиғи каучук Бразилияда өсетін каучук ағашының шырыны болып табылады. Жалпы зерттеулер нәтижесі бойынша каучук көміртек пен сутектен тұратындығы дәлелденген. Каучуктың молекуласы изопреннің элементарлық эвеноларынан тұрады.
С2Н8 – табиғи каучуктың химиялық формуласы
Синтетикалық каучук. Жалпы синтетикалық каучук қолданылу аймағына қарай 2 ге бөлінеді.
1.Жалпы міндет атқаратын.
2.Арнайы қызмет атқаратын.
Жалпылай міндет атқаратындарына: бутадиен (СКБ), бутадиен-стирол каучугі (СКС);
Арнайы міндет атқаратын каучуктерге: бутадиен-нитриль (СКН), хлопренді (найрит), бутилкаучук, тиоколовый, силиконовый (СКТ) жəне т.б. жатады.
Синтетикалық бутадиен-стирол каучуктарын (СКС) бутадиен мен стиролды сополимерлеу арқылы алады
Синтетикалық изопрен каучугі. Бұны изопренді полимерлеу арқылы алады.
[-СН2-С(СН3)=СН-СН2-]n.
Бұл каучук түрін Циглер-Натта катализаторында және литийорганикалық қосылыстардың қатысында изопренді стереоспецификалық полимерлеу арқылы алады.
Бұл үрдіс жылу бөлумен жүреді.
nC5H8 = (-C5H8-)n -H H = 75кДж
Хлорпрен каучукті (найрит) хлорпренді эмульсиялық полимеризациялау арқылы алады.
(-CH2-C=CH-CH2-)nCl
Кремний органикалық (силикон) каучуктер – тұйық силоксандарды немесе сызықтық силоксандарды поликанденсациялау арқылы алынады.
R R R
-Si-O-Si-O-Si-O-...
R| R| R|
Жалпы осы каучуктерді алып оларды өндіріскке дайындағаннан кейін олардан резина жасау үшін вулканизация үрдісінен өтуі керек.
Вулкандау үрдісінде каучукке форма беріп оларды күкірт және органикалық асқын тотығы қатысуымен байланыстары көлденең кеңістік құрылым түзеді.
Вулкандау үрдісі 125-180 температурада арнаулы аппаратта (қыздыратын қазан, пресс, автоклав пресс) 0,3-0,5 МПа қысымда, қаныққан бу атмосферасында, ыстық ауада жəне т.б. жағдайда жүреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет