Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Аммиак өндірісі, оның медицинада қолданылуы



бет31/46
Дата03.12.2023
өлшемі226,76 Kb.
#133712
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Байланысты:
Ағынды сулар

20.Аммиак өндірісі, оның медицинада қолданылуы.
Аммиа́к — NH3, сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір иісті (мүсәтір спирті иісті) түссіз газ.
Аммиакты азот пен сутектің 1:3 қатынасында катализатор жіберу арқылы алады:

Ле-Шателье принципі бойынша қысымды көтергенде аммиактың шығымы арту керек, бұл тəжірибе жүзінде дəлелденген. Екінші жағынан, азот пен сутек қосылғанда 112 кДж жылу бөлініп шығады. Демек температура жоғары болса аммиак аз өндіріледі. Сондықтан реакцияны төменгі температурада жүргізу керек. Бірақ төменгі температурада реакцияның жүру жылдамдығы өте баяу. Сондықтан үдерісті тездету үшін катализатор қолдану керек. Бұл үдеріске ыңғайлы катализаторлар ретінде уран жəне т.б.


Түзілген аммиакты бөліп алу үшін газдар қоспасын салқындатып, аммиакты конденсациялайды. Реакцияға түспеген азот-сутек қоспасын қажетті мөлшерде азот, сутек қосып үдеріске қайта жібереді.
Аммиакты синтездеу – көлемді азайтып жылу бөліп жүретін қайтымды үдеріс, яғни қысымды арттырып, температураны төмендету, тепе-теңдікті оңға жылжытады.

Орта қысымда аммиакты өндірудің принципиалдық сызбанұсқасы: 1 – табиғи газдағы күкірт қосындыларын тазарту; 2, 3 – метанды конверсиялау (бірінші жəне екінші сатысы); 4 – көміртек оксидін конверсиялау; 5 – конверсияланған газды тазалау; 6 – аммиакты синтездеу; 7– аммиакты бөлу.


Аммиактан минералдық тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, қопарылғыш заттар, азот қышқылы және нитраттар өндіріледі, аммоний тұздары алынады. Аммиак төменгі қысымда (0,7—0,8 мПа) оңай сұйылады, ол буланғанда көп жылу сіңіретін қасиетіне сәйкес тоңазытқыш қондырғыларда реагент ретінде қолданылады.

Медицинада аммиактың 10%-тік ерітіндісі қолданылады:


-тыныс алуды қоздыру және науқасты естен тану жағдайынан шығару үшін
– жәндіктер шаққанда
– хирургиялық практикада С.И. Спасокукоцкий және И.Г.Кочергин әдісімен қолды жуу үшін.

21.Метанол синтезінің физика-химиялық негіздері. Процестің технологиялық параметрлері. Метанол медицинада қолданылуы.
Метил спирті таза күйінде еріткіш ретінде жəне мотор отынына қоспа ретінде қолданылады.
1933 жылға дейін метил спиртін ағашты құрғақ айдау əдісімен өндірген. Сол себептен метанол-ағаш спирті деп аталады. Əрбір кубометр ағаштан 3-6 кг метанол өндірген.
Қазіргі кезде метил спиртін синтез газдан (СО+Н2 ) өндіреді. Метил спиртін синтездеудің физикалық-химиялық негізі жəне технологиясы аммиакты синтездеу əдісіне ұқсас. Синтез газ азот-сутек қоспасы сияқты генератор газдарын немесе табиғи газдарды конверсиялау əдістерімен өндіріледі.
Үрдісті 350-400 С, 20-30 МПа жəне V=35000-40000 сағ-1 көлемдік жылдамдықта мырыш-хром катализаторының (ZnO+Cr2O3 ) қатысуымен немесе 210-300 С, 5-10МПа жəне V=8000-10000 сағ-1 төменгі температуралық құрамында мыс бар катализаторда жүргізеді. Құрамында мысы бар катализаторлардың тұрақтылығы төмен. Бұл катализатордың активтілігіне газдық құрамындағы аздаған мөлшерде СО2 болуы оң əсер етеді. Бір циклде метанолдың шығымы 4% шамасында. Метанолдың түзілу реакциясы қайтымды жəне экзотермиялық.

Егер қысым оптималды қысымнан төмен, ал температура жоғары болса, онда қосымша реакциялардың жүруі ықтимал:

Ле-Шателье принципі бойынша қысымды көтеру тепе-теңдікті метил спирті түзілетін жаққа қарай ығыстырады. үрдіс экзотермиялық болғандықтан температураны жоғарылату тепе-теңдікті солға қарай ығыстырады, синтез газдың метанолға айналу дəрежесі төмендейді. Сонымен қатар температураны жоғарылатпаса, үрдістің жылдамдығы азаяды. Сондықтан өндірісте температураның ауытқуы 20-300 С-тан аспауы керек.
Бұл еріткіштерді, бояулар мен лактарды дайындау үшін қолданылатын техникалық алкоголь. 10 мл метанолды ішу соқырлықты тудыруы мүмкін, ал 50 мл өлімге әкелуі мүмкін. Метанол интоксикациясының белгілері:

  • көз алдында қара нүктелер жыпылықтайды;


  • көп сілекей бөлінуі;


  • қимыл-қозғалыс координациясы бұзылуы;


  • құсу;

  • қысымның көтерілуі.

Метил спиртін этил спиртінен келесі сынақтардың көмегімен ажыратуға болады:


  • Егер сіз сұйықтықты тұтатсаңыз, онда этанол көк жалынмен, ал метанол жасыл түспен жанады.


  • Шикі картопты алкогольге салуға болады. Этанол көкөністің түсін өзгертпейді. Метил спиртінде картоп қызғылт түске ие болады.


  • Мыстың ыстық сымын сұйықтыққа батырыңыз. Егер жағымсыз иіс сезілсе, онда бұл метанол.


Көбінесе метанолмен улану күмәнді спиртті ішімдіктерді тұтынған кезде пайда болады. Алкоголь өнімдерінде метил спиртінің болуын анықтау үшін келесі сынақтарды жүргізу қажет:


  • Сусынды контейнерге құйып, ас содасын сол жерге салыңыз. Метанолда сода толығымен ериді, ал этанолда сары тұнба пайда болады.


  • Сұйықтыққа калий перманганатын қосуға болады. Егер көпіршіктер пайда болса, онда сусынның құрамында метанол бар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет