Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Химиялық өндіріс. Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтері



бет4/46
Дата03.12.2023
өлшемі226,76 Kb.
#133712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Ағынды сулар

Химиялық өндіріс. Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтері.

Химиялық технологияның зерттеу объектісі – химиялық өндіріс болып табылады.

Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы.
Химиялық өндіріске:
  • өндірісте қажетті өнімдер алу;


  • экологиялық қауіпсіздік;


  • пайдаланудың қауіпсіздігі жəне беріктігі;


  • –шикізат жəне энергияны максималды пайдалану;


  • максималды еңбек өнімділігі сияқты жалпы талаптар қойылады.





Химиялық өндірістің негізгі міндеті – өнім өндіру болғандықтан
көп функцинолды болып табылады. Химиялық өндірістің жалпы
құрылымы бірнеше функционалды бөлімдерден тұрады.
Химиялық өндірістің құрылымы жəне функционалды элементтері:
1 – шикізатты дайындау;
2 – шикізатты өңдеу;
3 – негізгі өнімді бөлу;
4 – қалдықтың утилизациясы жəне санитарлық тазалау;
5 – энергетикалық жүйе;
6 – қосымша материалдар мен суды дайындау;
7 – басқару жүйесі

Шикізатты өнімдерге дейін өңдейтін химиялық өндіріс. Шикізатты
Химиялық өндірістің компоненттері ауыспалы жəне тұрақты болып бөлінеді.
Ауыспалы компоненттер – өңдеуге түсетін шикізат, қосымша материалдар, негізгі жəне қосымша өнімдер, өндіріс қалдықтары, өндірістің
жұмыс істеуін қамтамасыз ететін энергия өндірісте тұрақты түрде
тұтынылады немесе түзіледі.
Тұрақты компоненттер – аппаратуралар (машиналар, аппараттар, түтікөткізгіштер, арматура, сыйымдылық), басқару жəне бақылау
қондырғылары, құрылыс конструкциялары (ғимарат, құрылғы),
қызметкерлер (жұмысшылар, аппаратшылар, инженерлер жəне т.б.
өндіріс жұмысшылары) өндірістің пайдалану мерзімінде тұрақты
жұмысын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет