Экономикалық көрсеткіштер – өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайды. Оларға:
Өзіндік құн;
Өнім сапасы;
Меншікті капиталдық шығын;
Еңбек өнімділігі.
Өзіндік құн. Кəсіпорынның өнімді дайындауға жəне тұтынуға кететін шығынның ақшамен өрнектелуін толық өзіндік құн деп атайды. Ал кəсіпорынның тікелей өндіріспен байланысты шығынын өнімнің фабрикалық-зауыттық өзіндік құны деп аталады.
Өнім сапасы – өнімнің тұтыну қасиетін жəне тауарлық бағалылығын анықтайды. Əрбір тауар үшін бұл – жеке көрсеткіш. Оған бөгде қосындының құрамы жəне мөлшері, физикалық, химиялық көрсеткіштері, сыртқы түрі жəне өлшемі, түсі, иісі жəне т.б. жатады. Ол нормативті құжаттармен (ГОСТ, техникалық шарт, сапа сертификаты) анықталады.
Еңбек өнімділігі – жұмыскердің бірлік уақыт ішінде өндіретін өнімінің мөлшері немесе бірлік өнімді өндіруге жұмсалатын жұмысшы уақытының мөлшері.
Капиталдық шығын – кəсіпорынды немесе цехтың құрылысын салуға жұмсалған барлық шығынның қосындысы.
Меншікті капиталдық шығын– қондырғының бірлік өнімділігіне есептелген шығын. Өндірістің басында аппаратқа, машинаға, түтікөткізгішке, жəне т.б. бірмезеттегі шығын, яғни капиталды шығындар жұмсалады.
Эксплутациондық көрсеткіштер – өндірісте жəне химиялықтехнологиялық үдерісте регламенттік жағдаймен күйден ауытқулар пайда болған өзгерістерді сипаттайды. Үдерістің көрсеткіштеріне ауытқулардың əсерін эксплутациондық көрсеткіштермен анықтайды.
Эксплутациондық көрсеткіштер келесі талаптар жатады:
Беріктілік;
Жұмыс істеу қауіпсіздігі;
Автоматтандыру
механикаландыру дəрежесі.
Беріктілік (надежность) – өндірісте немесе қондырғыда белгілі уақыт аралығында авариясыз жұмыс істеудің не болмаса авариялық жағдайда тоқтап қалу санының орташа уақытымен сипатталады.