Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Әк суын немесе әк сүтін қосу арқылы



бет18/45
Дата27.01.2023
өлшемі0,96 Mb.
#63292
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
2.Әк суын немесе әк сүтін қосу арқылы
Ca(OH_2 )+Ca(HCO_3 )2→2CaCO_3↓+2H2O
Ca(HCO_3 )2+NaCO3→2CaCO_3↓+2NaHCO3

2. Корбанатты емес немесе тұрақты кермектік
Судың бір сағаттық қайнатудан кейін хлоридтер, сульфаттар, бірен саран кальций мен магний карбонаттары қалатын кермектігі.
Жою Тәсілі
CaSO_4+Na_2 CO_3→CaCO_3↓+Na_2 SO_4
3.Жалпы кермектік –бұл тұрақты немесе уақытша кермектіктің қосындысы.
Суға кермектік беретін кальций және магний қосылыстарынан тазалау, суды жұмсарту деп аталады.
Суды жұмсартудың әдістері 3 ке жіктеледі:
Физикалық (термиялық)
Физикалық әдіс – суды термиялық өңдеуге негізделінген, яғни қайнау, дистилляциялау және қатыру.
Судың жұмсару тиімділігін арттыру үшін 95-980С қайнатқанда бикарбонаттар ыдырап карбонатқа ауысып тұнбаға түседі:
Ca(HCO3)2=CaCO3+H2O+CO2
Mg(НСО3)2 = MgCO3 + СО2 + Н2О
Түзілген магний карбонатын әк суымен әрекеттестіріп, қиын еритін магний гидроксидіне айналдырады.
MgCO3 + Са(ОН)2 = СаСО3 + Mg(OH)2
Химиялық (реагентті)
Химиялық (реагенттік) әдістер – негізінде ағын су құрамындағы уытты заттардың уытын басуға және бейорганикалық қоспалардан тазартуға негізделінген. Реагенттік әдіске жататындар: қышқылдарды және сілтілерді, иондарды ерімейтін қоспаларға айналдыру, бейорганикалық заттарды қоса тұндыру. Химиялық әдістер – оны қолданғанда Са (ІІ) және Mg (ІІ) иондары әртүрлі реагенттермен мүлдем ерімейтін қосынды болып түзіледі. Реагент түрінде әк, кальцийленген сода, натрий және барий гидроксидтері және басқа да заттар қолданылады.
Физика-химиялық (ион алмасу).
Ион алмасу әдісі - суды арнаулы материалдар арқылы өткізгенде солардың құрамындағы Na(I) немесе H(I) иондары судың құрамындағы Ca(II) Mg(II) иондарына алмастырылады. Иониттер катиониттер және аниониттерге жіктелінеді. Катиониттер құрамында қозғалмалы натрий немесе сутек катиондары болғандықтан олар натрий катиониті немесе Н (сутек) катиониті деп аталады. Аниониттер құрамында қозғалмалы гидроксиль топтары болғандықтан – ОНаниониты деп аталынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет