Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет24/45
Дата27.01.2023
өлшемі0,96 Mb.
#63292
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
ОХТ сессия

Минералды тұздар өндірісі:
Минералды тұздар, адам қоректенетін астық құрамында болуга тиісті: фосфор мен магний мен бұлшық еттердегі химиялық зат алмасуының дұрыс жүруі, темір-қан құрамындағы гемоглобин мен бұлшық еттердегі миоглобинді түзету, кальций-фосфор және т.б. минералды заттар белоктарды сіңіру, хлорлы натрий-осмотикалық қысымды қалпында және тәнде суды үстау үшін керек химиялық заттар.
Тұзды өндірістер – ерітінді, тұзды ерітінді материал бойынан пайдалы затты алу болып табылады. Тұзды ерітінді деп,біз, теңіз суы, жер үсті және жер асты сулары, түрлі салалардың өндірісі нәтижесінде қалатын гипер-тұзды ерітінділерді айтамыз.
Тұзды ерітінділер жалпыға ортақ маңызы бар NaCl, кальций, йод, литий, магний, калий, бром сынды элементтер тұздарын алуда маңызды рөл атқарады.
Медицинада құрамында тұзы бар препараттар мозоль кетіру, құлаққа арналған сұйықтықтар, бас, шаштың түрлі аурулары,антисептиктерде, тері ауруларында, ушыққан тұрақты көз ауруларында кездеседі.
17.Формалин өндірісі. Медицинада қолданылуы
Формальдегид (лат. formica - құмырсқа), халықаралық уағыздалатын аты - метаналь, ескіше - құмырсқа алдегиды.
Екінші кластағы аса қауіпті түссіз газ. Ол адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян. Және адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Егер оның мөлшері ауадағы зиянды заттардың қауіпсіз мөлшерінен неше жүз есеге асып кетсе, барлық тірі жанды құртып жіберуі ғажап емес дейді мамандар. Формальдегид негізінен көлік газдарынан тарайды.
(CH2=O) — газсынды өткір иісті түссіз зат , гомологиялық қатардың алифатикалық альдегидтер болатын алғашқы мүшесі. Формальдегидтің 40%-тік ерітіндісін формалин деп атайды.
Формалин дезинфекциялағыш зат ретінде кеңінен қолданылады. Құмырсқа альдегиді фенолформальдегид шайырын, карбамидті шайыр, органикалық бояулар, қопарылғыш заттар, лактар алуда қолданылады. Формальдегид нәруызды ұйыту қасиетіне байланысты анатомиялық препараттарды консервациялауға, дезинфекциялауға, дәрі-дәрмек алуға және тері илеу өндірісінде, егін егу алдында дән тұқымдарын өңдеуде пайдаланылады.
Формалин ыдырауды болдырмайтындықтан, ол биологиялық заттарды ұзақ сақтау үшін бальзамдау агенті ретінде қолданылады.
Техникалық формалин тот баспайтын ыдыстарда (коррозияға қарсы беті жабылған алюминий немесе болат ыдыстар, полиэтилен бөтелкелер және т.б.) болады. Формалинді сақтау температурасы: 10-20 градус нөлден жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет