Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет27/45
Дата27.01.2023
өлшемі0,96 Mb.
#63292
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
ОХТ сессия

Контакт əдісімен күкірт қышқылын өндіру: катализаторға зиян тигізетін заттардан газдытазарту, SO2 -ні SO3 -ке катализатор қатысымен тотықтыру, SO3 -ті күкірт қышқылымен абсорбциялау сияқты үш сатыдан тұрады.
Газдарды тазарту. Күйдірген газдан тозаңдарды бөліп алғаннан кейін оны катализаторға зиян келтіретін мышьяк, селен, фтор т.б. заттардан тазартады. Осымен қатар газдан өте қымбат қоспалар селен, теллур жəне т.б. бөліп алады.

Электр фильтрден өткен соң, ыстық қалпында (275-425 0 С) газ қоспаларын 60-75%-ды күкірт қышқылымен жуып (1), одан əрі қарай (2) мұнараға 25-40%-ды қышқылмен жуады.
Газ температурасы 30-40 С-қа дейін төмендейді, осының əсерінен газ құрамындағы мышьяк, селен, т.б. қоспалардан тазартылады. Сонымен қатар, салқындату нəтижесінде күкірт ангидридінің біразы бу қалпында күкірт қышқылын түзіп, газ құрамында тұман түрінде бо- 207 лады. Газды тұманнан тазарту үшін ылғалды электросүзгішке (3) жібереді. (3)-те мышьяк, селен қосындыларымен тұман қалпында күкірт қышқыл газдан толық бөлінеді. Тазартылған газды толық құрғату үшін, газ құрғатқышта (4) 93-95% күкірт қышқылымен жанастырады. Осылай тазартылып құрғатылған газ контакт бөліміне келеді.
Күкірт диоксидінің тотығу жылдамдығы қолданылатын катализатор активтілігіне тəуелді. Катализатор ретінде: Pt, темір оксиді, ванадий (V) оксиді қолданылады. Ең активті катализатор – Pt, бірақ құны өте жоғары жəне тез уланады.

Күкірт қышқылының нитрозалық әдісінде катализатор ретінде азот тотықтары (нитроза N₂O₃) қолданылады. SO₂ газының тотығуы негізінен сұйық фазада өтеді де, ол ұңғышақты мұнараларда жүреді. Сондықтан бұл әдіс аппараттық қолдану жағынан мұнаралық әдіс деп те аталады.


Жағу пешінен шыққан газ арнайы сүзу процестерінен өтіп (колчедан күйінділерінен тазаланғаннан кейін) ~ 350°С температурада мұнаралар жүйесіне (4-7 мұнара) келіп түседі. Алғашқы екі-үш мұнарада ұңғышақтар нитрозамен себеленіп тұрады. Нитроза ерітіндіде еріген күйде болады, мұнда азот тотықтары күкірт қышқылымен нитрозил күкірт қышқылы NOHSO₄ түрінде байланысқан. Бұл қышқыл жоғары температурада гидролизге түседі.
Күкірт диоксидінің тотығуы төмендегі реакция бойынша жүреді:
Күкірт V оксиді сумен көп жылу бөле жүріп әрекеттеседі:

Нитрозалық әдіспен ластанған күкірт қышқылын алады, оның концентрациясы 75-77% H₂SO₄ болады, бұл қышқыл негізінен минерал тыңайтқыштар өндірісінде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет