Реакторларға қойылатын талаптар:
Жоғары өнімділік пен қарқындылықты қамтамасыз ету,
Максималды айналдыру дәрежесімен қамтамасыз ету;
Реагенттерді тасымалдау мен араластыруға кететін энергия шығынының төмен болуы;
Құрылысы жеткілікті түрде қарапайым және бағасы арзан болуы;
Экзотермиялық реакцияның жылуы мен эндотермиялық процестерді жүргізу үшін сырттан берілген жылуды түгелдей толық жұмсауы;
Жұмыста ссенімді, мүмкіндігінше толық механикаландырылған және автоматтандырылған болуы қажет.
Химия реакторларының конструкциясы мен жұмыс режимі реакцияласатын заттардың агрегаттық күйіне, сонымен қатар, реакцияның жүру бағытын, жылдамдығын қамтамасыз ететін жағдайға сай болуы керек.
Химиялық реакторлардың тиімділігі көбінесе оның жылу режиміне байланысты, бұл кинетикаға, тепе-теңдік күйіне және реакторда жүретін процестің селективтілігіне әсер етеді.
Реакторлар жұмысының негізгі көрсеткіштері шартты түрде:
Технологиялық;
Пайдалану;
Энергетикалық;
Экономикалық болып жіктеледі.
Реакторлардың конструкциясы мынадай негізгі факторларға байланысты:
Әрекеттесетін және түзілетін заттардың агрегаттық күйі;
Реакциялық аймақтағы қысым мен температура;
Жылу әсері мен жылу алмасу қарқындылығы;
Өңделетін заттардың химиялық қасиеттері;
Араластыру қарқындылығы;
Процестің үздіксізділігі немесе периодтылығы;
Катализатордың болуы және оның жай-күйі.
16. Минералды тұздар және тыңайтқыштар өндірісі.
МИНЕРАЛДЫҚ ТҰЗДАР, ТЫҢАЙТҚЫШТАР өндіру.
Құрғақ өнімдерді ұсақтау және ұнтақтау, негізінен көмір, құрылыс және кен өнеркәсібінде, минералды тұздар, тыңайтқыштар және т.б. өндіруде қолданылады.
Бейорганикалық минералды тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералдық тыңайтқыштар топарақтың құнарлығы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен спасын арттыру үшін қажет.
Тыңайтқыштар:
Органикалық (қи,шымтезек, құс саңғырығы,өсімдік қалдығы, қарашірік);
Бейорганикалық (N, P,K,Mg, B, Mn) болып екі топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |