Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет5/45
Дата27.01.2023
өлшемі0,96 Mb.
#63292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
ОХТ сессия

Химиялық өндірістің құрамы – химиялық өндірістің өзі, шикізат,
өнімдер жəне басқа материалдарды сақтау қоймалары, шикізат,
өнімдер, аралық заттар, қалдықтарды тасымалдау, өндіріс бөлімдерінде
жұмыс істеушілер, басқару, қамтамасыз ету жəне қауіпсіздік жүйелері
өндірістік бірлік ретінде оның қызметін қамтамасыз етеді.


  1. Химиялық өндірістің көрсеткіштері: технологиялық, экономикалық, эксплуатациялық.

Химиялық технологияның мақсаты – үдерісті неғұрлым тиімді жүргізу арқылы бастапқы шикізатты реакция өніміне толық айналдыру жəне бірлік уақытта реактордың өнімді өндіруді жоғарылату, яғни шикізаттың өнделу жылдамдығын арттыру. Бұл кезде өндірістің барлық шығын түрлерін азайту арқылы жоғары сапалы өнім алу керек.
Химиялық өндірістің жəне технологиялық үдерістің пайдалылығы мен тиімділігін əртүрлі көрсеткіштермен анықтайды.
Технологиялық көрсеткіштер химиялық-технологиялық үдерістің сапасын анықтайды. Оларға жатады:

  • Өндірістің өнімділігі;

  • Жұмсалу коэффициенті;

  • Айналу дəрежесі;

  • Өнім шығымы;

  • Талғампаздық;

  • Интенсивтілік

Өндірістің өнімділігі (қуаты) – бірлік уақытта алынған өнімнің немесе өңделген шикізаттың мөлшері:
Жұмсалу коэффициенті– бірлік өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттың, энергияның, қосымша материалдар шығындарының мөлшерін көрсетеді.
Өнім шығымы – мақсатты өнім мөлшерінің оның стехиометриялық теңдеу бойынша алынуға тиісті мөлшеріне қатынасы немесе нақты өндірілген өнімнің теорияға сəйкес өндірілетін өнім мөлшеріне қатынасы
Талғампаздық – мақсатты өнімнің түзілуіне жұмсалған шикізаттың үлесін көрсетеді. Талғампаздықтың аздаған үлеске жоғарылауы өте үлкен экономикалық эффекті береді жəне үдерісті интенсификациялаудың жолы болып табылады.
Интенсивтілік. Бірдей үдерістер жүретін құрылысы жəне өлшемі əртүрлі аппараттардың немесе қондырғылардың жұмысын салыстыру үшін интенсивтілік ұғымы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет