Холинэстеразаға қарсы препараттардың ацетилхолинмен байланысуының тұрақтылығына қарай оларды 2 топқа бөлуге болады



бет4/10
Дата21.02.2023
өлшемі333,1 Kb.
#69824
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
рк 2 каз.docx

Қолданылуы:
Парездер, салдар, миастения, бұлшықеттердің дистрофиясы, ішектің және қуықтың атониясы, глаукома, кураре тәрізді заттардың антогонисті ретінде қолданады, т.б.
Кері әсерлері:
Миоз, бронх спазмы, сілекейдің ағуы, брадикардия, тыныстың тежелуң, артериялық гипотензия, диспепсиялық бұзылыстар, т.б.
5. Антихолинэстеразды заттармен (және фосфорорганикалық қосылыстармен) жедел улану. Улану симптомдары. Көмек көрсету шаралары. Антихолинэстераза реактиваторлары: дипироксим, изонитрозин. Әсер ету механизмі, қолдану ерекшеліктері.
Холинэстеразаға қарсы препараттармен улану мүмкін. Бұл негізінде ағзада ацетилхолиннің көп мөлшерінің жиналуына және холинорецепторларды тікелей қоздыруына байланысты. Аса жиі уланулар ФОҚ-ды қолданғанда байқалады. Олар өздерінің айқын липофилділігіне байланысты кез-келген жолмен енгізгенде жақсы сіңеді (тері бетіне енгізгенде де) және ацетилхолинэстеразаны ұзақ уақытқа тежейді.
Симптомдары: тершеңдік, жасаурау, сілекейдің ағуы, құсу, іштің өтуі. Организмнің сусыздануынан өлім туындайды.
ФОҚ-мен жедел улану кідірместен дәрігердің көмегін талап етеді. Ең бірінші енгізілген жерден ФОҚ-ты шығару керек. Егер бұл тері беті немесе шырышты қабаттар болса оларды натрий гидрокарбонатының 3-5% ерітіндісімен барынша шаю қажет. Заттардың ас қорыту жолдарына түсуінде асқазанды шаяды, адсорбциялаушы және іш жүргізгіш заттар береді және жоғары сифонды клизмалар тағайындалады. Бұл шаралар интоксикация көрінісі жойылғанша көп ретқайталана береді. Егер ФОҚ қанға түссе олардың зәр арқылы шығуын (күшейтілген диурез көмегімен) жеделдету керек. Қанды ФОҚ-дан тазартудың тиімді әдістері гемосорбция, гемодиализ және перитонеалды диализ.
ФОҚ-мен жедел улануды емдеудің маңызды компоненттері - М-холиноблокаторларды (атропин, атропин тәрізді заттар 3; 3.3 тарауды қара), сонымен қатар холинэстераза реактиваторларын қолдану. Соңғысына молекуласында оксим (-NOH) топтары бар бір қатар қосылыстар жатады: дипироксим (тримедоксим бромиді, ТМВ-4), изонитрозин. Олар ацетилхолинэстеразамен байланысқан ФОҚ-дың қалдықтарымен байланысады да ферментті босатып, оның физиологиялық белсенділігін қалпына келтіреді. ОЖЖ-не төртіншілік аммонилік қосылыс дипироксим нашар, ал үшіншілік аммонилік қосылыс изонитрозин жақсы енеді.
Холинэстераза реактиваторлары уланудан кейін тек бірінші сағаттарда тиімді екенін ескеру керек, ал кешіккен жағдайларда олар ацетилхолинэстеразаның тек аз мөлшерін қалыпты жағдайға әкеледі. Бұл препараттардыңәсерлерінің баяудамуымен байланысты ФОҚ-мен улануларда холинэстераза реактиваторларымен М-холиноблокаторларды жұптастырып қолданған жөн. Холинэстераза реактиваторларын парентералды тағайындайды. Қажет болған жағдайларда бірнеше рет енгізеді.
Сонымен қатар симптоматикалық терапия жүргізу қажет. Науқастың тыныс алуын бақылау керек. ФОҚ бездердің гиперсекрециясын шақыратынын ескере отырып, ауыз қуысын шайып және кеңірдек пен бронхтардағы бөлінділерді шығарып отыру қажет. Керекті жағдайларда көмекші немесе жасанды тыныс беру қолданылады. Психомоторлық қозуларда аминазин, сибазон (диазепам), натрий оксибутираты және тағы басқа тежегіш қасиеті бар препараттар қолданылады.
6. М-холиномиметиктер. Антихолинэстеразнды заттардан айырмашылығы. Фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы. Кері әсерлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет