Холинергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер. 1)М - және Н-холиномиметиктер (ацетилхолин) немесе холинэстеразаға қарсы заттар. Холинэстеразаға қарсы заттар ацетилхолинэстеразамен байланысу тұрақтылығына байланысты бұл дәрілер екі топқа бөлінеді:
а) қайтымды әсер етушілер (ферменттің белсенділігін уақытша тежеу) - неостигмин (прозерин), галантамин (нивалин), физостигмин (эзерин), пиридостигмин бромиді (калимин).
б) қайтымсыз әсер етушілер – армин, фосфороорганикалық қосылыстар (ФОҚ) - инсектицидтер, фунгицидтер, гербицидтержәне басқа, бұл заттармен уланғанда холинэстераза реактиваторларын пайдаланады (дипироксим, изонитрозин).
2) М-холиномиметиктер – пилокарпин, ацеклидин – глаукомада, және ішек пен қуық атонияларында.
3) Н-холиномиметиктер – лобелин (лобесил), цитизин (цититон), каротидты шумақшалардың рецепторларына әсер етіп рефлекторлы тыныс алу орталығын қоздырады. Таб. “Табекс” – темекі шегуді тастау үшін.
4)М-холиноблокаторлар (тежегіштер): a) селективті емес – атропин, платифиллин, тропикамид (мидриацил, мидрум - конъюнктива қуысына)
б) селективті:
- М1-холиноблокаторлар - пирензепин (гастроцепин), - М3-холиноблокаторлар - ипратропий бромиді (атровент), тиотропий бромиді. 5) Н – холиноблокаторлар (Н-холинорецепторларды тежегіштер): а) Ганглиоблокаторлар – азаметоний бромиді (пентамин), трепирий йодиді (гигроний), гексаметоний бромиді (бензогексоний), пемпидин тозилаты (пирилен). б) Миорелаксанттар – кураре тәрізді заттар (кураре – өлімші у, қаңқа бұлшықеттерінің параличін шақыртады) қаңқа бұлшықеттерінің шет холинорецепторларын тежейді. Әсер ету механизмі бойынша үш топқа бөлінеді:
1) деполяризацияға қарсы заттар – тубокурарин хлориді, пипекуроний бромиді, т.б. 2) деполяризациялаушы заттар – суксаметоний хлориді (дитилин) 3) әсері аралас заттар - диоксоний