Хроникасы



Pdf көрінісі
бет14/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44

сипаттағы  төтенше  жағдайларда  бірлесе  әрекет 

ету»  атты  Қазақстан  мен  Ресейдің  өңіраралық 

ынтымақтастығының VIII форумының пленарлық оты-

рысына қатысты. 

Өз  сөзінде  Қазақстан  Президенті  форум 

Қазақстан мен Ресей арасындағы айрықша одақтық 

қатынастардағы маңызды элементке айналғанын атап 

өтті.

«Бүгінгі  форумның  басты  тақырыбы 



— 

трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайда бірлесе 

әрекет ету. табиғи және техногендік апаттардың жиілеп 

кетуі мен қиратушы ықпалы әлемде толастамай отыр. 

Ол  көптеген  мемлекеттің  экономикалық,  әлеуметтік 

және  демографиялық  мүдделеріне  елеулі  нұқсан 

келтіруде.  Бұл  құтқарушылар  ғана  емес,  сондай-ақ 

бірқатар  өзге  қызметтер  мен  органдардың  нақты 

да  үйлесімді  өзара  іс-қимылын  қажет  етеді.  Біздің 

елдерімізде бұл салада жақсы тәжірибе жинақталған, 

жедел өзара іс-қимыл орныққан», — деді Қазақстан 

Президенті.

Форумның  қорытындысы  бойынша  бірқатар 

бірлескен  құжаттарға  қол  қойылды.  Оның  ішінде, 

«Алтай»  трансшекаралық  қорын  құру  туралы 

үкіметаралық келісім, 1998 жылғы 23 желтоқсандағы 



149

Қыркүйек


Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы 

өткізу  пункті  туралы  үкіметаралық  келісімге  өзгеріс 

енгізу  туралы  құжаттар  бар.  Бұл  мәселенің  барлығы 

тараптар  табысты  орындап  отырған  2011–2012 

жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен 

іс-қимыл жоспарында көрініс тапқан. Форум жұмысы 

аяқталған  соң  н.Ә.  назарбаев  пен  Д.А.  Медведев 

жаңа Астрахан мемлекеттік опера және балет театрын 

қарап шықты.

 

Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қатынастарында 



шекаралық ынтымақтастық ерекше орынға ие, оның 

бірқатары  объективті  себептерге  негізделген. 

Қазақстан  мен  Ресейдің  7,5  мың  шақырымға  созылып 

жатқан  бірлескен  құрлық  шекарасы  бар.  ТМД  елдерімен 

шектесетін  Ресей  Федерациясының  27  субъектісінің  12-сі 

Қазақстанның 7 облысымен көршілес орналасқан. Ресейдің 

89  өңірінің  76-сы  Қазақстанмен  сауда-экономикалық  бай-

ланыста.  Оның  үстіне,  Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы 

сауда  қатынасының  70%-ға  жуығы  осы  шекаралас 

аймақтардың үлесіне келеді. 

Шекаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында 

Қазақстан  мен  Ресей  1999  жылдың  қыркүйегінде 

шекаралық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге 

қол қойды және 1999–2007 жылдарға арналған шекаралық 

ынтымақтастық бағдарламасын қабылдады.

2003  жылдан  бастап  екі  елдің  мемлекет  басшыларының 

қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлерінің 

жыл  сайынғы  форумдарын  өткізу  кеңінен  дамып  келеді. 

Мұнда  екіжақты  ынтымақтастықтың  өзекті  мәселелері 

талқыланады.

Алғашқы  Қазақстан-Ресей  форумы  2003  жылғы  сәуір  ай-

ында  Омбы  (Ресей)  қаласында  өткізілді,  екіншісі  —  2005 

жылдың мамырында Челябі (Ресей) қаласында, үшіншісі — 

2006  жылдың  қазанында  Оралда,  төртіншісі  —  2007 

жылдың  қазанында  Новосибирскіде  (Ресей),  бесіншісі  — 

2008 жылдың қыркүйегінде Ақтөбеде, алтыншысы — 2009 

жылы Орынборда (Ресей), жетіншісі 2010 жылы Өскеменде 

болып өтті.

16 қыркүйек

Мемлекет басшысы Атырау облысында жұмыс са-

парымен болды.

Атырау қаласына келісімен Президент «Флоусерв-

Қазақстан»  насос  жабдықтарын  жөндейтін  қызмет 

көрсету  орталығында  болып,  онда  өңірдегі  шағын 

және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

Одан  соң  н.Ә.  назарбаев  2000  жылы  құрылған 

және  ірі  республикалық  медициналық  компания  бо-

лып табылатын «Медикер» жеке меншік медициналық 



150

Қыркүйек


орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың негізгі 

қызмет түрі — ауруға байланысты ерікті сақтандыру 

бағдарламасы  бойынша  медициналық  қызметті, 

ақылы  медициналық  қызмет  көрсетуді,  дәріхананы, 

емдеу-сауықтыру  және  медициналық  орталықтарды 

ұйымдастыру.

Сол күні Елбасы Каспий теңізінің «Қашаған» мұнай-

газ кен орнындағы «Д» жасанды аралында болды. 

 

«Д» аралы — бұл Атырау қаласынан 85 шақырымда 



орналасқан өндірістік нысан. Оның құрылысына 3,5 

млн. тоннаға жуық тас жынысы пайдаланылған. Ны-

сан  тәулігіне  450  мың  баррельге  дейін  мұнай  өңдеуге 

есептелінген,  екі  тәуелсіз  технологиялық  желіден  тұрады. 

Аралда  кемені  қоса  алғанда  5430  адам  жұмыс  істейді. 

Мұнда  «Шапағат»  және  «Қарлығаш»  тұрғын  үй  блоктары 

орналасқан, екі бұрғы және электрогенераторлық қондырғы, 

өндірістік-технологиялық  бөлме,  апатты  жағдайда  көшіру 

үшін мұзжарғыш кеме мен жағада кеме аялдайтын орын бар.

17 қыркүйек

Мемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапа-

ры барысында «Chevron Corporation» компаниясының 

Атырау қаласындағы металды-пластикалық құбыр жа-

сайтын жаңа зауытында болды.  

Президент  одан  соң  Атырау  қаласындағы  Бей-

барыс  алаңында  жұртшылық  өкілдерімен  кездесті. 

Онда  тәуелсіздіктің  20  жылдығына  дайындық  ба-

рысы  талқыланып,  өңірді  дамыту  перспективалары 

белгіленді.  

19 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Франция  Республикасында 

жұмыс сапарымен болып, осы елдің астанасы Париж 

қаласында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. 

«Alstom»  компаниясының  президенті  П.  Кронмен 

әңгіме барысында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге 

асыру,  атап  айтқанда,  біріктіру  қозғалтқыштарын 

жасайтын  зауыт  құрылысының  перспективалары 

талқыланды. 

«Aubert  &  Duval»  компаниясының  президенті 

Ж.  Дювалмен  әңгіме  барысында  «Aubert  & 

Duval»  компаниясының  Өскемен  және  Лес  Ансиз 

қалаларындағы  Өскемен  титан-магний  комбинаты-

мен  серіктестігінде  ашылған  француз  аэробустары 

үшін  титаннан  жасалған  бұйымдарды  шығаратын  екі 

қазақстан-француз  зауыттарының  бірлескен  жобала-

рын одан әрі жылжыту мәселелері талқыланды. Бұл рет-



151

Қыркүйек


те Ж. Дюваль Лез Ансиз қаласындағы кәсіпорынның 

ашылуы  Қазақстан  Президентінің  Францияға  жұмыс 

сапарына арнайы тураланғанын ерекше атап өтті.

«Air Liquide» компаниясының атқарушы аға вице-

президенті  П.  Дюфурмен  кездесуінде  өнеркәсіптік 

газдарды өндіру жөніндегі бірлескен жобаларды іске 

асырудың перспективалары талқыланды.

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Франция  Республи-

касының Президенті н. Саркозимен кездесті. 

Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 

барысында  тараптар  екі  мемлекет  арасындағы 

қатынастардың,  сондай-ақ  ядролық  энергетика, 

мұнай-газ,  телекоммуникациялық,  аэроғарыштық 

және әскери-техника салаларындағы қарқынды даму-

ын ризашылықпен атап өтті. Бұл ретте екіжақты байла-

ныстарды нығайтуға көбіне құрамына Экономикалық 

ынтымақтастық  жөніндегі  үкіметаралық  комис-

сия  мен  Іскерлік  кеңес  кіретін  «назарбаев-Саркози» 

Қазақстан-Франция  президенттік  комиссиясының 

қызметі мүмкіндік туғызатыны ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ  Мемлекет  басшылары  халықаралық 

сипаттағы кең ауқымды өзекті мәселелер жөнінде пікір 

алмасты. Осыған байланысты тараптар халықаралық 

лаңкестікке,  жаппай  қырып  жою  қаруын  таратуға 

және  есірткінің  заңсыз  саудасына  қарсы  күреске, 

Ауғанстандағы  әлеуметтік-экономикалық  қалпына 

келтіруге,  Ливиядағы  жағдайды  реттеуге  және 

осы  үдеріске  ұйымның  Сыртқы  істер  министрлері 

кеңесіндегі  Қазақстанның  төрағалық  етуімен  ИКҰ-

ның қатысуына бағытталған бірлескен күштерге дайын 

екендіктерін айтып өтті.

ХХI ғасырдың қауіп-қатерлеріне ұжымдық жауапты 

әзірлеу үшін маңызды форум болып табылатын БҰҰ-

ның орталық рөліндегі жаһандық басқаруды жақсарту 

қажеттігі ерекше аталды.

Бұдан  басқа,  кездесу  кезінде  2013  жылы 

Францияның  Қазақстандағы  мәдениеті  жылын,  ал 

2014  жылы  Қазақстанның  Франциядағы  мәдениеті 

жылын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекет бас-

шылары Бірлескен декларация қабылдады.

20 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының 

66-шы  сессиясына  қатысу  үшін    Америка  Құрама 



152

Қыркүйек


Штаттарының  нью-Йорк  қаласына  келіп,  онда 

бірқатар екіжақты  кездесулер өткізді. 

н.Ә. назарбаев келісімен Кипр Республикасының 

Президенті  Д.  Христофиаспен  кездесіп,  екіжақты 

қатынастардың жағдайы мен даму перспективаларын, 

сондай-ақ  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  66-шы  сессия-

сында қаралатын мәселелерді талқылады.  

«ExxonMobil Corporation» корпорациясының дирек-

торлар кеңесінің төрағасы Р. тиллерсонмен кездесу ба-

рысында инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету, 

сондай-ақ  қазақстандық  жобалардың  жүзеге  асуы-

на  америкалық  компаниялардың  қатысуын  кеңейту 

мәселелері талқыланды.  

21 қыркүйек

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының 

нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 

66-шы сессиясына қатысты. 

БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  66-шы  сессиясының 

негізгі  тақырыптары  жалпы  мәселелер  болды,  атап 

айтқанда, мемлекетаралық қатынастардың құқықтық 

негіздерін  нығайту,  аймақтық  кикілжіңдерді  реттеу, 

жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, жаңа қауіп-

қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау, жаһандық басқару 

жүйесін  реформалау,  орнықты  дамуды  қамтамасыз 

ету,  азық-түлік  және  энергетикалық  қауіпсіздік, 

климаттың өзгеруімен күресу.

Өз  сөзінде  Қазақстан  Президенті  ядролық 

қарусыздандыру,  жаһандық  экономикалық  басқару, 

ақпараттық  қауіпсіздік  саласындағы  бірқатар  баста-

маларды  атап  өтті.  «тарих  адамзаттың  әрбір  жаңа 

дәуірінің алдына ауқымды міндеттер қояды. Бүгінгі ең 

маңызды мәселе — ХХI ғасырдағы жаһандық транс-

формация  қиындықтарынан  лайықты  өту.  Барлық 

ұлттар  арасындағы  сенім  мен  бірлік  —  бұл  жаңа 

әділетті  әлемдік  тәртіптің  негізі»,  —  деп  атап  өтті 

н.Ә. назарбаев (Қосымшаны қараңыз).

Мемлекет  басшысы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының 

66-шы  сессиясының  жұмысы  аясында  Австрия 

Республикасының  Президенті  Х.  Фишермен,  Қырғыз 

Республикасының  Президенті  Р.И.  Отынбаевамен, 

Финляндия Республикасының Президенті т. Халонен-

мен,  Грузияның  Президенті  М.н.  Саакашвилимен, 

түркия Республикасының Президенті Р.т. Эрдоғанмен, 


153

Қыркүйек


Еуропалық кеңес Президенті Х. ван Ромпеймен және 

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен екіжақты кездесу-

лер өткізді. 

Мемлекет  басшысы  сол  күні  БҰҰ  Бас 

Ассамблеясының  66-шы  сессиясына  қатысуының 

қорытындысы бойынша шетелдік және қазақстандық 

БАҚ-қа баспасөз мәслихатын өткізді. 

Мемлекет басшысы күн соңында Америка Құрама 

Штаттарының  Президенті  Б.  Обаманың  БҰҰ  Бас 

Ассамблеясының 66-шы сессиясына қатысуға келген 

шетел делегациялары басшыларының құрметіне бер-

ген қабылдауына қатысты. 

22 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының 

66-шы  сессиясына  қатысуына  байланысты  АҚШ-

тың  нью-Йорк  қаласында    болуы  барысында  Аме-

рика  Құрама  Штаттарының  Президенті  Б.  Обама-

мен,  Украина  Президенті  В.Ф.  Янучковичпен,  Поль-

ша  Республикасының  Президенті  Б.  Коморовский-

мен,  Корея  Республикасының  Президенті  Ли  Мен 

Бакпен, Латвия Республикасының Президенті А. Бер-

зиньшпен,  Словения  Республикасының  Президенті 

Д. тюркпен және Ұлыбритания және Солтүстік Ирлан-

дия Құрама Корольдігінің Премьер-министрі Д. Кэме-

ронмен кездесті.

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  нью-Йорк 

қаласындағы  БҰҰ  штаб-пәтерінде  өткен  ядролық 

қауіпсіздік  жөніндегі  жоғарғы  деңгейдегі  отырысқа 

қатысты. 

Отырысқа  сондай-ақ  АҚШ,  Ресей,  Франция, 

Оңтүстік  Корея,  Жапония,  Бразилия  және  басқа 

елдердің басшылары қатысты. Іс-шара G-8 елдерінің 

арнайы  отырысының  және  ядролық  қауіпсіздік 

жөніндегі МАГАтЭ министрліктер конференциясының 

жалғасына,  сондай-ақ  2012  жылы  Сеул  қаласында 

өтетін  ядролық  қауіпсіздік  жөніндегі  саммитке 

дайындыққа айналды.

Отырыста  сөйлеген  сөзінде  н.Ә.  назарба-

ев  ядролық  қауіпсіздік  —  бұл  тұтас  үшбірлік  екенін 


154

Қыркүйек


атап  өтті.  Бірінші.  Проблемалардың  әскери-саяси 

қырлары — бұл ядролық қарудан адамзатты қорғау. 

Екінші.  Ядролық  лаңкестік  әлеуетіне  қарсы  тұру. 

Үшінші. Бұл атом энергетикасының қауіпсіздігі.

Осыған  байланысты  Қазақстан  бейбіт  атомды 

қауіпсіз  игерудің  үш  әмбебап  қағидатын  ұсынады. 

Бірінші.  Атом  энергетикасын  дамыту  саласындағы 

үдерістерді басқарудың жалпы ғаламшарлық тетіктерді 

жетілдіру қажет. Екінші. Атомдық төтенше жағдайларға 

дер кезінде қайырыла алатын нақты, жалпыға ортақ 

қағидаттар  мен  тетіктер  қажет.  Үшінші.  Әлемдік 

қоғамдастықты  ядролық  нысандардағы  кез  келген, 

тіпті ең елеусіз оқиғалар туралы тез арада және толық 

ақпараттандыруды қамтамасыз ету қажет.

26 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Премьер-министрі  К.Қ.  Мәсімовті  қабылдады.  Ол 

елдің  экономикалық  дамуының  қарқыны  мен  дина-

микасы жайлы, Үдемелі индустриялық-инновациялық 

даму  бағдарламасының  жүзеге  асырылу  барысы, 

астық  жинау,  әлеуметтік  бағдарламалардың  жүзеге 

асырылу барысы жайлы баяндады.

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

соттарының  төрағалары  мен  судьяларын  қызметке 

тағайындау,  қызметтен  босату  және  судьяның  ор-

нынан  түсуін  тоқтату  туралы»  №152,  «Сот  органда-

рынан  шығатын  ресми  құжаттарға  апостиль  қою» 

мемлекеттік  қызметтер  стандартын  бекіту  туралы» 

№153 жарлықтарына қол қойды.

27 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Қытай  Халық  Республикасы 

Халық  өкілдері  бүкілқытайлық  жиналысы  тұрақты 

комитетінің өкілі У. Бангоны қабылдады. 

Кездесу 


барысында 

тараптар 

Қазақстан 

мен  Қытайдың  өзара  әрекетінің  деңгейі  көбіне 

парламенттік  қолдауға  негізделгендігін  атап  өтіп, 

екіжақты  ынтымақтастықтың  бірқатар  мәселелерін 

талқылады.

Мемлекет басшысы «CITIC Group» компаниясының 

президенті тян Гуолиді қабылдады. 


155

Қыркүйек


Кездесу  барысында  инвестициялық  ынтымақтас-

тықты кеңейту мәселелері талқыланды. 

Мемлекет 

басшысы 


Ресей 

Федерациясы 

Президентінің  Кеден  одағындағы  арнайы  өкілі 

В.Б. Христенконы қабылдады. 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың, 

сондай-ақ  Кеден  одағы  қызметінің  мәселелері 

талқыланды. 

28 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Қарағанды  облысының  әкімі 

С.н.  Ахметовті  қабылдады.  Ол  облыстың  әлеуметтік-

экономикалық  дамуы  бойынша  ағымдағы  жылы 

атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Парламенті Сенатының депутаты Ю.А. Цхайды қабыл-

дады. Ол заң шығару қызметі туралы хабардар етті. 

29 қыркүйек

Мемлекет 

басшысы 


Астана 

қаласындағы 

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қостанай, 

Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 

Мәдениет  күндерінің  салтанатты  ашылу  рәсіміне 

қатысты. 

30 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Бас  прокуроры  А.Қ.  Дауылбаевты  қабылдады.  Ол 

елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жағдайы және 

Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орында-

лу барысы туралы хабардар етті. талқылау барысын-

да  түзеу  мекемелеріндегі,  қоршаған  ортаны  қорғау 

саласындағы  заңдылықтың  жағдайы  туралы,  діни 

экстремизм мен лаңкестікке қарсы жүргізіліп жатқан 

жұмыстар  және  азаматтардың  еңбек  құқықтарын 

қорғау мәселелері қозғалды. 

Кездесудің 

қорытындысы 

бойынша 


Пре-

зидент  елдегі  азаматтардың  құқықтары  мен 

бостандықтарының, мемлекет пен қоғам мүдделерінің 

сақталуын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  заңдылық 

пен құқық тәртібін одан әрі нығайту және заң шығару 

қызметін жетілдіру туралы нақты тапсырмалар берді.



156

Қыркүйек


Сол күні Мемлекет басшысы «Ақорда» астаналық 

резиденциясында республиканың үздік 10 магистран-

тына президенттік стипендияны және төсбелгілерді та-

быс етті.

Қазақстандық  оқу  орындарының  магистрант-

тары  Д.  Копытина,  Д.  Бүрлібаева,  н.  Оразбае-

ва,  Ж.  Ақылова,  А.  Логвиненко,  н.  Бекмолдинов, 

А. Игесінова, Д. Асқарқызы, Б. Әбдіқадыров, О. Кря-

жевских президенттік стипендия иегерлері атанды.

 

Президент  стипендиясы  барлық  оқу  кезеңінде 



үлгерімі  үшін  үздік  бағаларға  ие  болған,  ғылыми-

зерттеу  жұмысымен  айналысатын  және  қоғамдық 

өмірге  белсенді  атсалысатын  жоғарғы  оқу  орындарының 

магистрлеріне тағайындалады.

Мемлекет  басшысы  «Көп  балалы  аналарды  «Ал-

тын  алқа»  және  «Күміс  алқа»  алқаларымен  наград-

тау  туралы»  №154,  «Қазақстан  Республикасының 

Президентіне  тікелей  бағынатын  және  есеп  беретін 

кейбір  мемлекеттік  органдардың,  құқық  қорғау 

органдарының,  соттардың,  Қарулы  Күштердің,  басқа 

да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық 

наградалары  туралы»  №155  жарлықтарына  қол 

қойды.


қазан

Дс

3



10

17

24



31

Сс

4



11

18

25



Ср

5

12



19

26

Бс



6

13

20



27

Жм

7



14

21

28



Сн

1

8



15

22

29



Жк

2

9



16

23

30



159

Қазан


3 қазан

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Парламенті  Мәжілісінің  депутаты  К.А.  Сағадиевті 

қабылдады.  Ол  Президентті  ағымдағы  заң 

шығарушылық қызмет туралы хабардар етті.

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы М.т. Есен-

баевты  қабылдады.  Ол  Агенттіктің  кәсіпкерлік 

пен  инвестициялық  белсенділікті  қамтамасыз  ету, 

әкімшілік  кедергілерді  төмендету,  шағын  және  орта 

бизнесті дамыту үшін монополияға қарсы заңнаманы 

жетілдіру жөніндегі қызметі туралы хабардар етті.

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласының  әкімі 

И.н.  тасмағамбетовті  қабылдады.  Ол  елорданың 

әлеуметтік-экономикалық  дамуы  және  Қазақстан 

Республикасы  тәуелсіздігінің  20  жылдығын  мереке-

леуге дайындық барысы туралы есеп берді.

5 қазан


Мемлекет  басшысы  ЕурАзЭҚ  бас  хатшысы 

т.А. Мансұровты қабылдады. Ол ЕурАзЭҚ қызметі ту-

ралы  және  Еуразиялық  кеңістіктегі  интеграциялық 

үдерістерді дамыту қарқыны жайлы хабарлады.

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  темір  жолы» 

Ұлттық  компаниясы»  АҚ  президенті  А.Ұ.  Маминді 

қабылдады.  Ол  компанияның  9  айдағы  қызметінің 

қорытындылары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ ірі 

инвестициялық  жобаларды  іске  асыру  барысы  тура-

лы хабардар етті.

Атап  айтқанда,  А.Ұ.  Мамин  тәуелсіздіктің 

20  жылдығына  қарай  Қытайға  шығуға  мүмкіндік 

беретін  «Жетіген-Қорғас»  темір  жолының  құрылысы, 

сондай-ақ  түрікменстанмен  шекарадағы  Өзен 

темір  жолы  учаскесінің  құрылысы  аяқталатынын 

жеткізді.  Сондай-ақ  желтоқсанда  жолаушылар  ва-

гондары  өндірісі  жөніндегі  зауыттың  құрылысы 

аяқталатынын,  ол  Қазақстанның  барлық  аумағы  бо-

йынша жылдамдығы жоғары жолаушылар қозғалысы 

бағдарламасын  іске  асыруға  мүмкіндік  туғызатынын 

айтты.


160

Қазан


Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Катар  Мемлекетінің 

Әмірі Хамад бен Халифа ат-танимен кездесті. 

Әңгімелесу  барысында  тараптар  екіжақты 

ынтымақтастықтың  жай-күйі  мен  перспективаларын 

талқылады.

6 қазан


Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапармен 

келген  Литва  Республикасының  Президенті  Д.  Гри-

баускайтемен кездесті.

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер ба-

рысында  президенттер халықаралық және аймақтық 

ұйымдардағы ынтымақтастық пен екіжақты өзара іс-

қимылдың ең өзекті мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Литва Президентіне Қазақстан 

аумағында сталиндік лагерлерде зардап шеккен және 

репрессияға  ұшыраған  литвалық  азаматтар  жайын-

да  мұрағаттық  құжаттарды  берді.  Өз  кезегінде, 

Д.  Грибаускайте  н.Ә.  назарбаевқа  қазақстандық 

солдат  Қ.  Саленовтың  Литва  зерттеулер  орталығы 

мұрағатында  сақталған  құжаттарының,  күнделігінің, 

отбасылық суреттерінің көшірмесін тапсырды.

Келіссөздер  барысында  Шығыс  пен  Ба-

тыс  арасындағы  көлік  байланысын  дамытудың 

маңыздылығы  ерекше  аталып  өтті.  Атап  айтқанда, 

әңгіме сәтті іске асқан жағдайда елдеріміз Батыс пен 

ҚХР арасындағы маңызды көлік түйініне айналдыра-

тын «Сәуле» көлік жобасы жайында өрбіді.

Келіссөздердің  қорытындысы  бойынша  мемлекет 

басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады, сондай-

ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Литва Респуб-

ликасы  Үкіметі  арасындағы  білім,  ғылым,  мәдениет 

және  өнер  саласындағы  ынтымақтастық  туралы 

келісімге, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Литва 

Республикасы  Үкіметі  арасындағы  «Адамдарды  кері 

қайтару  (реадмиссия)  туралы»  келісімге,  Қазақстан 

Республикасының  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі 

мен  Литва  Республикасының  Ауыл  шаруашылығы 

министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласын-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет