церт залында өткен ШЫҰ-ның 10 жылдығына орай
ұйымдастырылған мерекелік концертке барды.
Мемлекет басшысы түркия Республикасының
Премьер-министрі Р.т. Эрдоғанның атына түркияның
Әділет және даму партиясының парламенттік
сайлаудағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделха-
тын жолдады.
Мемлекет басшысы «2011 жылғы 19 тамызға
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты
депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» №98
Жарлығына қол қойды.
15 маусым
Мемлекет басшысы Астана қаласында ШЫҰ-ның
10 жылдығына орай өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекет-
тер Басшылары кеңесінің мерейтойлық мәжілісіне
қатысты.
Саммит жұмысына сондай-ақ Қытай Халық
Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао, Ре-
сей Федерациясының Президенті Д.А. Медведев,
Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Каримов,
Қырғыз Республикасының Президенті Р.И. Отынбаева,
тәжікстан Республикасының Президенті Э.Ш. Рахмон,
Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Х. Кар-
зай, Пәкстан Ислам Республикасының Президенті
А. Зардари, Иран Ислам Республикасының Президенті
М. Ахмадинежад қатысты.
н.Ә. назарбаев сөйлеген сөзінде ШЫҰ 10 жыл
ішінде үлкен жол жүріп өтіп, беделді өңірлік ұйымға
айналғанын атап өтті және келесі онжылдыққа
5 негізгі міндеттерін белгілеп берді. Олардың
қатарында ШЫҰ-да Өңірлік қауіпсіздікті және
102
Маусым
терроризммен, экстремизммен және есірткі қаупіне
қарсы күресті қамтамасыз ету үшін Аумақтық және
өңірлік жанжалдарды реттеу жөніндегі кеңес құру;
біртұтас еуразиялық құбыр тарту жүйесі мен электро-
тасымалдау желісін қалыптастыру негізінде ШЫҰ-ның
бірыңғай трансэнергетикалық кеңістігін құру; тығыз
экономикалық ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін
іздеу; төтенше жағдайлар жөніндегі кеңес құру; ШЫҰ-
ның біртұтас прогностика орталығын құру міндеттері
аталды.
Қазақстан Президенті сөзін қорытындылап және
төрағалық жолын ҚХР-ға бере отырып, ҚХР-дың
Достық пен тату көршілестік жылы деп жариялау ту-
ралы бастамасын Қазақстан толығымен қолдайтынын
атап өтті (Қосымшаны қараңыз).
ШЫҰ мерейтойлық саммитінің қорытындылары
бойынша ШЫҰ 10 жылдығының Астана декларациясы
қабылданды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) — өңірлік
халықаралық ұйым.
ШЫҰ 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда құрылды.
Оның негізін Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және
Тәжікстан елдерінің шекара маңында әскери саладағы
сенімді нығайту туралы Келісім (1996) және Шекара маңында
қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімдерге (1997)
қол қоюы нәтижесінде бұрынырақ құрылған «Шанхай бестігі»
елдері құрайды. Өзбекстанның қосылуымен ұйым Шанхай
ынтымақтастығы ұйымы болып өзгерді.
ШЫҰ қызметінің басымдықтарына мүше мемлекеттер
аумағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту; терро-
ризм, экстремизм, сепаратизм, ұйымдасқан қылмыс және
есірткі трафигіне қарсы бірлескен күрес; экономикалық
және энергетикалық ынтымақтастық; ғылыми және мәдени-
гуманитарлық әрекеттестік жатады.
Ұйым құрамына 6 мүше мемлекеттермен қатар байқаушы
мәртебесіне ие 4 мемлекет (Моңғолия, Үндістан, Иран,
Пәкстан), және диалог бойынша серіктес мәртебесінде 2
мемлекет (Шри-Ланка мен Беларусь) енеді.
Ұйым 2004 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы жаны-
нан байқаушы мәртебесін алды.
Мемлекет басшылары кеңесі, Үкімет басшылары кеңесі,
Сыртқы істер министрлері кеңесі, Министрліктер мен ве-
домстволар басшылары жиналысы, Хатшылық, Өңірлік тер-
роризмге қарсы құрылым ШЫҰ органдары болып табылады.
Мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекет-
тер басшылары кеңесінің отырысы аясында Ресей
Федерациясының Президенті Д.А. Медведевпен және
103
Маусым
Иран Ислам Республикасының Президенті М. Ахмади-
нежадпен үшжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында өңірлік саясаттың әртүрлі
аспектілері бойынша үш елдің өзара әрекет ету
мәселе-лері, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті
мәселелер, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау және
ядролық қарудан ада аймақтарды құру мәселелері
талқыланды.
Сол күні Мемлекет басшысы Қазақстан
Республикасының Бас прокуроры А.Қ. Дауылбаевты
және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қ.н. Қасымовты қабылдады. Олар Ж. теміралиев,
А. Хасенов және А. Сәрсенбаевтың өліміне қатысты
қылмыстық істерді тергеу қорытындылары туралы ба-
яндады.
16 маусым
Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен на-
зарбаев Университетінің Жоғары қамқоршылық
кеңесінің бірінші отырысына төрағалық етті.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Премьер-
министрі К.Қ. Мәсімов, Президенті Әкімшілігінің
Басшысы А.Е. Мусин, Үкіметінің, Президенті
Әкімшілігінің, Премьер-министрі кеңсесінің мүшелері,
Парламентінің депутаттары, ұлттық компаниялардың,
«назарбаев Университеті» АҚ, «назарбаев Зияткерлік
мектептері» АҚ жетекшілері және халықаралық сарап-
шылар қатысты.
Президент
білім
беру
ісі
біздің
алға
ұмтылысымыздың негізін, кез келген елдің даму
негізін қалайтынын, сондықтан Қазақстан бұған үлкен
мән беретінін атап көрсетті. тәуелсіздік жылдары
ішінде Қазақстанда білімді дамыту үшін берік негіз
қаланды. Білім саласына қаражат бөлу — бюджеттік
қаржыландырудың басым бағыттарының бірі.
Мемлекет басшысы Университет отандық жоғары
білім жүйесінің жалаугері, заманауи білім мен кадрлар
«ұстаханасы» ретінде маңызды рөл атқаратынына
тоқталып өтті. Сондықтан да оның қызметі жаңа
заңнамалық алаң ретінде қалыптастырылып,
халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілуде.
Президент бүгінгі күні қабылданған Заңды іске
асыру және Университет пен Зияткерлік мектептерді
одан әрі дамыту үшін іс жүзінде шешімдер қабылдау
қажеттігін атап өтті.
104
Маусым
Отырыста төрт мәселе: Ережені, Қамқоршылық
кеңестерін, Университеттің, мектептердің және
Қордың стратегиялық даму бағыттарын, Мүлікке ие
болу тәртібін бекіту талқыланды.
н.Ә. назарбаев Университет әлемдік деңгейдегі
үздік зерттеушілер және профессорлық кадрлар-
мен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Университеттің
студенттік контингенті дарынды жастармен —
Зияткерлік мектептердің түлектерімен жыл сайын
толықтырылып отыратын болады.
Президент таяу 4–5 жыл ішінде бұл инновациялық-
білім беру кешені алға қойылған міндеттер бойынша
мақсатқа жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау
керектігін жалпы міндет ретінде атап өтті.
Біріншіден, Университет Еуразиядағы үздік білім
орталықтарының қатарына еніп, әлемде лайықты ор-
нын алуы тиіс.
Екіншіден, Қазақстанның білім беру жүйесі мен
ғылымы саласында сапалы өзгерістердің локомотивіне
айналуы керек.
Үшіншіден, қазақстандық инновациялар мен жаңа
технологиялардың негізгі генераторы ретінде жұмыс
істеуі қажет.
төртіншіден, қазақстандық экономика, білім
және ғылым, медицина мен басқару жүйесінің
болашақ көшбасшыларын даярлаудың жетекші ұлттық
орталығына айналуы тиіс.
Осының бәрі Университет пен Зияткерлік
мектептердің Жоғары кеңесі мен қамқоршылық
кеңесінің, атқарушы кеңестерінің бірінші кезекте на-
зарында болуы қажет.
Жоғары қамқоршылық кеңесі Университеттің,
Зияткерлік мектептердің және Қордың жоғары
басқарушы органы болып табылады. Кеңестің
құзыретіне мекемелердің ұйымдастыру және басқару
мәселелері жөніндегі шешімдерін қабылдау және бекіту сая-
сатын әзірлеу жатады. Кеңестің төрағасы Қазақстан Респуб-
ликасының Президенті Н.Ә. Назарбаев болып табылады.
Мемлекет басшысы «Ұжымдық қауіпсіздік туралы
шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау ор-
гандары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін
арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің
жеңілдікті шарттары туралы келісімді ратификациялау
туралы» №441-ІV Заңына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Қазақстан Республикасы
мен Испания Корольдігі арасындағы Қылмыстық істер
105
Маусым
бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенцияға
қол қою туралы» №99 Жарлығына қол қойды.
17 маусым
Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапар-
мен келген Испания Корольдігі Үкіметінің төрағасы
Х.Л. Сапатеромен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты
ынтымақтастық мәселесін, сондай-ақ өңірлік және
халықаралық күн тәртібін талқылады.
Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын
алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау тура-
лы» №100, «Қазақстан Республикасы Президентінің
2002 жылғы 29 наурыздағы №828 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №101,
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы»
№102 жарлықтарына қол қойды.
18 маусым
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Санкт-
Петербург қаласында өткен XV Петербург халықаралық
экономикалық форумына қатысты.
Қазақстан Президенті сөйлеген сөзінде әлемдік
экономиканың келешегін болжады және жаһандық
әлемнің едәуір тұрақты және біркелкі экономикалық
дамуын қалыптастыру бойынша бірқатар ұсыныстарын
жариялады (Қосымшаны қараңыз).
Мемлекет басшысы XV Петербург халықаралық
экономикалық
форумы
аясында
Ресей
Федерациясының Президенті Д.А. Медведевпен,
Финляндия Республикасының Президенті т. Хало-
ненмен, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік
Республикасының Президенті М. Раджапаксемен
және Испания Корольдігі Үкіметінің төрағасы Х.Л. Са-
патеромен екіжақты кездесулер өткізді.
24 маусым
Мемлекет басшысы «Көпжақты сауда жүйесі
шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі тура-
лы шартқа қол қою туралы» №103 Жарлығына қол
қойды.
106
Маусым
27 маусым
Мемлекет басшысы Астана қаласы бойынша жұмыс
сапарын жасап, оның барысында елорданың бірқатар
нысандарын аралап көрді.
Президент «АҚҚБ «Жаңа құрылыс» ЖШС-ның
проблемалық нысандары құрылысының барысы-
мен танысты, сондай-ақ сол жағалауда орналасқан
«BI Village» тұрғын үй орамында болды.
Мемлекет басшысы «Көшіп-қонушы еңбекшілер
мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
туралы келісімді ратификациялау туралы» №442-
ІV, «Беларусь Республикасындағы, Қазақстан
Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы
техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен
қағидалары туралы келісімді ратификациялау тура-
лы» №443-ІV, «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты
әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» №444-ІV заңдарына қол
қойды.
Президент сондай-ақ «Райнер Ойген Шлагетерді
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен
наградтау туралы» №104, «Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы №1050
Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу тура-
лы» №105, «Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» №106
қбпү жарлықтарына қол қойды.
28 маусым
Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен ИКҰ
Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына
қатысты.
Сессия
жұмысына
Ислам
конференция-
сы ұйымына мүше елдердің 57 сыртқы саяси
ведомстволарының басшылары, ИКҰ жанындағы
11 байқаушы елдердің өкілдері, БҰҰ, ЮнЕСКО, ЮнИ-
СЕФ, ЕҚЫҰ, ЕКПА, АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ
және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері,
АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, ҚХР, ЕО және басқа
елдердің өкілдері қатысты.
н.Ә. назарбаев Қазақстанның осы ұйымның СІМК
төрағасының өкілеттігін қабылдауына орай сөйлеген
сөзінде оның қызметінің жоғары қарқыны мен кең
107
Маусым
ауқымын белгілеп, сондай-ақ Умманың ең өзекті
мәселелері бойынша диалог құру бастамасын ұсынып,
Қазақстан төрағалығының толық «Жол картасын» жа-
рия етті. Сонымен бірге Қазақстан тарапынан жасалған
ұсыныс бойынша ИКҰ Ислам ынтымақтастық ұйымы
(ИЫҰ) болып қайта аталды және жаңа эмблемаға ие
болды (Қосымшаны қараңыз).
Мемлекет басшысы ИКҰ Сыртқы істер министрлері
кеңесінің 38-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты
кездесулер өткізді.
ИКҰ бас хатшысы Э. Ихсаноглумен және
Халықаралық әлем институтының президенті т. Ред-
Ларсенмен әңгімелесу кезінде ИКҰ-ны одан әрі дамы-
ту мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Ислам ұйымының білім, ғылым және мәдениет
мәселелері бойынша бас директоры Әбдуәләзиз
бен Осман әл-тувейджримен кездесу барысында
н.Ә. назарбаевқа ислам ынтымақтастығын нығайтуға,
ислам әлемін дамыту мен жаһандық деңгейде
гуманитарлық құндылықтарды алға жылжыту ісіне
қосқан айрықша үлесі үшін осы ұйымның жоғары наг-
радасы — «ISESCO Shield» алтын белгісі табыс етілді.
Сол күні Мемлекет басшысы Астана қаласы
бойынша жұмыс сапарын жасап, оның барысында
елорданың бірқатар нысандарын аралап көрді.
Президент Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық
орталығына барып, интервенциондық кардиология
бөлімшесімен, жүрекке катетер қою зерханасымен,
ота жасау залдарымен және кардиохирургиялық
орталықтың жансақтау бөлімімен танысты. Орталық
дәрігерлерімен және студенттерімен әңгімелесті.
Содан соң н.Ә. назарбаев «Балақай» балабақшасы
мен «Әдемі-ау» балаларды дамыту орталығында
болды.
Мемлекет басшысы «Үшінші мемлекеттерден
келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл
жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратифика-
циялау туралы» №445-ІV, «тарифтік саясат негіздерін
қоса алғанда, темір жол көлігінің қызметтеріне қол
жеткізуді реттеу туралы келісімді ратификациялау ту-
ралы» №446-ІV заңдарына қол қойды.
108
Маусым
Президент сондай-ақ «Қазақстан Республикасының
азаматтығына
қабылдау
және
Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шығу туралы»
№107 Жарлығына қол қойды.
29 маусым
Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес Парламенттік
ассамблеясының (ЕКПА) төрағасы М. Чавушоглумен
кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕКПА
ынтымақтастығының жағдайы мен перспективала-
рын, сондай-ақ Астана қаласында өткен ИЫҰ-ға мүше
мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесі
сессиясының мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру
шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратифика-
циялау туралы» №447-ІV Заңына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Дипломатиялық дәрежелер
беру туралы» №109, «Қазақстан Республикасын-
да тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тура-
лы» №110, «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және
«Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» №111
жарлықтарына қол қойды.
30 маусым
Мемлекет
басшысы
«Зияткерлік
меншік
құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы бірыңғай
реттеу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау
туралы» №448-ІV, «Кеден одағы шеңберіндегі дау-
лар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың со-
тына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу
ерекшеліктері туралы шартты ратификациялау тура-
лы» №449-ІV заңдарына қол қойды.
шілде
Дс
4
11
18
25
Сс
5
12
19
26
Ср
6
13
20
27
Бс
7
14
21
28
Жм
1
8
15
22
29
Сн
2
9
16
23
30
Жк
3
10
17
24
31
111
Шілде
1 шілде
Мемлекет басшысы «Қ.А. нұрпейісов туралы»
№112, «Ә.М. Байменовті Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
қызметіне тағайындау туралы» №113 жарлықтарына
қол қойды.
2 шілде
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен
Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы
Қарыз туралы келісімді (техникалық және кәсіптік
білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау тура-
лы» №450-ІV, «табиғи монополиялар субъектілерінің
қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен
қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы»
№451-ІV жарлықтарына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Кешірім жасау туралы»
№114 Жарлығына қол қойды.
3 шілде
Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен
келген Қырғыз Республикасының Премьер-министрі
А.Ш. Атамбаевты қабылдады.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың
бірқатар мәселелері талқыланды.
Мемлекет
басшысы
«Опералия-2011»
VI халықаралық музыкалық фестивалі аясында Аста-
на қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт за-
лында өткен «Әлем операсының жұлдыздары» гала-
концертін тамашалады.
4 шілде
Мемлекет басшысы Астана күнін мерекелеу
салтанатының басталғандығын білдіретін, Астана
қаласының Мемлекеттік рәміздер алаңында өткен
Мемлекеттік туды көкке көтеру салтанатты рәсіміне
қатысты.
Содан кейін соңғы жылдары қалыптасқан
дәстүр бойынша Президент сол жерде әскери оқу
орындарының үздік курсанттарына әскери шен-
дер мен атақтарды тапсырып, олардың Қазақстан
азаматтарының тыныштығы мен елдегі бейбітшілікті,
мемлекеттік шекаралары мен елдің мызғымас
тұтастығын көздің қарашығындай сақтауын тіледі.
112
Шілде
Мемлекет басшысы «Астана қаласының жаңа көлік
жүйесі» жобасын іске асыру орнына капсула салу
рәсіміне қатысты.
«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасының
құрамына 2 желі енеді: Абу-Даби Плаза — Әуежай
және Абу-Даби Плаза — теміржол вокзалы. Олардың
жалпы ұзындығы 41,81 км. Олардың бойымен «Alstom»
(Франция) компаниясы шығарған жүрдек трамвайлары
жүретін болады. Бір құрамаға 250 адам сыйып кетеді.
Астананың климаттық жағдайларын ескере отырып,
желдеткіші мен жылыту жүйесі бар жабық стансалар салы-
натын болады. Жолаушыларға қауіпсіз әрі жайлы болуы үшін
оларға жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері, лифтілер мен
эскалаторлар істелінеді. Перрон бөлігі кіру рұқсатын беретін
автоматты жүйесімен жолдардан бөлінетін болады.
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «Көрме»
көрме орталығында өткен «Қуатты Қазақстанды бірге
көркейтеміз!» көрме-форумына қатысты.
Көрме шеңберінде жалпыұлттық телекөпір
ұйымдастырылып, оның барысында елде ашылған
жаңа инновациялық кәсіпорындардың тұсауы кесілді.
Президент «онлайн» режимінде Қазақстанның
индустрияландыру
картасы
аясында
бірінші
жартыжылдықта пайдалануға берілген тиісті салалар
үшін аса маңызды 6 жобаның жұмысымен танысты
және жаңа өндірістердің басталуына жол ашты. Атап
айтқанда, Алматы облысындағы «SONIK компания-
сы» ЖШС профилді құбыр шығаратын зауыты, Пав-
лодар облысындағы «Қазақстан вагон жасау компа-
ниясы» ЖШС жүк вагондарын шығаратын кәсіпорны,
Жамбыл облысындағы қосымша қуаттылығы жылдық
өнімділігін 2,8 тоннаға дейін өсіруге мүмкіндік бер-
ген Ақбақай алтын өндіру фабрикасы, Маңғыстау
облысындағы «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз»
ЖШС теңіз металл конструкцияларын өндіретін за-
уыты, Қарағанды облысындағы «Green Technology»
ЖШС 3 гектарлық жылыжай кешені, Қостанай
облысындағы «АгромашХолдинг» АҚ-ның «SsangYong»
маркалы автокөліктерін жинау кәсіпорны ашылды.
Сондай-ақ «Жетіген-Қорғас» теміржол желісінің және
Екібастұз 2-МАЭС-і үшінші энергоблогының құрылыс
алаңдарынан тікелей қосылым болды.
Жиналғандардың алдында сөз сөйлей келе, н.Ә. на-
зарбаев Қазақстанның индустриялық-инновациялық
113
Шілде
бағдарламасы — мемлекет пен тәуелсіздікті құруға
бара-бар келетін ең маңызды мемлекеттік міндет екенін
атап көрсетті. Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін
әлемнің инновациялық экономикаларының қатарына
ену деген жаңа басты міндеттің айқындалғанын атап
айтты. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасын іске асыра отырып, инновацияларға,
жаңа кәсіпорындарға арқа сүйеу керек деді ол.
5 шілде
Мемлекет басшысы «Ақорда» астаналық рези- Достарыңызбен бөлісу: |