Хроникасы



Pdf көрінісі
бет2/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

берді. Атап айтқанда, Алматы облысында «Компания SONIK» ЖШС-нің профильді 

құбырлар шығару зауыты, Павлодар облысында «Қазақстан вагон жасау компа-

ниясы»  ЖШС-нің  жүк  вагондарын  жасау  зауыты,  Жамбыл  облысында  Ақбақай 

алтын айыру фабрикасының өнімділігін жылына 2,8 тоннаға арттыруға мүмкіндік 

беретін қосымша қуаттар, Маңғыстау облысында «Казахстан Каспиан Оффшор Ин-

дастриз» ЖШС-нің теңіз металл конструкциялары зауыты, Қарағанды облысында 

«Green Technology» ЖШС-нің 3 гектарлық жылыжай кешені, Қостанай облысында 

«АгромашХолдинг» АҚ-ның «Ssang Yong» кәсіпорны ашылды. Сондай-ақ «Жетіген-

Қорғас» теміржол желісі мен Екібастұз МАЭС-і үшінші энергоблогының құрылыс 

алаңдарынан тікелей іске қосу жүзеге асырылды.

Ауылдарды дамыту мәселелері де Мемлекет басшысының айрықша бақылауында 

болды.  Мәселен,  аграрлық  сектордағы  жалпы  ахуал  мен  мал  шаруашылығын 

дамытудың көкейкесті мәселелерін ол Үкімет мүшелерімен 12 қаңтарда болған жұмыс 

кеңесінде, сондай-ақ 11 қарашада өткен агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің 

республикалық форумында талқылап, онда салаға инновациялық әдістерді енгізу, 

еңбек өнімділігін және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар 

бастамаларды жария етті.

Қазақстан  өңірлерінің  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  мәселелері  де 

ұдайы Мемлекет басшысының жіті назарында болды.

Президент  жұмыс  сапарларымен  еліміздің  көптеген  өңірлерінде  болды, 

солардың  барысында  облыс  активтерімен,  еңбек  ұжымдарымен,  жұртшылық 

өкілдерімен кездесіп, залал шеккен бірсыпыра облыстардағы тасқынның зардапта-

рын жоюдың нәтижелерін мейлінше зейін қоя бақылап отырды. Ондаған өндірістік 

және әлеуметтік объектілерде болып, жаңа өндірістердің іске қосылуына қатысты. 

Олардың  қатарында  Ақтөбе  қаласындағы  «Ақтөбеқұрылысхиммонтаж»  ЖШС-нің 


10

полиэтилен құбырларын шығару жөніндегі зауыты, Өскемен қаласындағы «Raimbek 

Vostok  Agro»  ЖШС-нің  сүт  зауыты,  Атырау  қаласындағы  «Cevron  Corporation» 

компаниясының металлопластик құбырларын өндіру жөніндегі зауыты, Қарағанды 

қаласындағы «КазАвиаСпектр» ЖШС-нің «Сұңқар» Қарағанды авиациялық зауы-

ты, теміртау қаласындағы «АрселорМиттал теміртау» АҚ №2 МК жаңа домналық 

пеші мен №3 МК жаңа үздіксіз құйма әзірлеу машинасы және басқалар бар.

Қыркүйек-қазанда  Астана  қаласында  н.Ә.  назарбаев  Қазақстан  өңірлерінің 

Мәдениет  күндеріне  арналған  іс-шараларға  қатысып,  олардың  экономикалық, 

әлеуметтік және мәдени салалардағы жетістіктерімен танысты.

Мемлекет басшысының қатысуымен 9 желтоқсанда болып өткен жалпыұлттық 

телекөпір  елдің  жаңа  экономикалық  мүмкіндіктерінің  өзіндік  бір  көрінісі  болды. 

Оның  шеңберінде  Маңғыстау  облысының  ЕЭА  аумағындағы  «Caspiy  Electronics» 

ЖШС-нің «Аққу» планшеттік компьютерлер, теледидарлар мен мониторлар шығару 

жөніндегі кәсіпорны, Жамбыл облысындағы «Супер Фарм» ЖШС-нің медициналық 

мақсаттағы бұйымдар шығару жөніндегі зауыты, Қарағанды облысындағы «Сары 

Қазына» ЖШС-нің катодтық мыс өндіру жөніндегі зауыты, Қызылорда облысындағы 

«CK3-U» ЖШС-нің күкірттік-қышқыл зауыты, Шығыс Қазақстан облысындағы «Се-

мей терімәуітікомбинаты» ЖШС-і, Алматы облысындағы «Байсерке Агро» ЖШС ет 

өңдеу кешені және басқалар пайдалануға берілді.

тұтасымен  алғанда,  Қазақстанның  2011  жылғы  әлеуметтік-экономикалық 

дамуының  алдын  ала  қорытындыларын  Президент  Премьер-министрдің,  Прези-

дент  Әкімшілігі  мен  орталық  мемлекеттік  органдар  басшыларының  қатысуымен 

26 желтоқсанда болып өткен кеңесте шығарды.

2011 жылы Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Ислам кон-

ференциясы  ұйымы  (ИКҰ)  сияқты  беделді  халықаралық  ұйымдарға  жетекшілік 

жасап,  халықаралық  аренадағы  өзінің  беделін  нығайтуға  күш-жігер  жұмсауын 

жалғастырды, мұның өзі Қазақстанның өңірлік және ғаламдық ауқымдағы рөлін 

арттыруға, көпжақты форматтағы ықпалдастықты ұлғайтуға ықпал етті.

Сондай-ақ жыл бойы Астана қаласында өткен ірі халықаралық форумдардың да 

танымалдылығы зор болды.

Мәселен,  15  маусымда  болып  өткен  ШЫҰ-ға  мүше  мемлекеттер  басшылары 

кеңесінің мерейтойлық отырысы Қазақстанның осы ұйымға жемісті төрағалығын 

аяқтады.  н.Ә.  назарбаевтың  бастамасы  бойынша  қабылданған  ШЫҰ-ның  2010–

2011  жылдарға  арналған  іс-қимыл  жоспарының  шеңберінде  Қазақстанның 

төрағалығымен  130-дан  астам  іс-шаралар  өткізілді.  Ұйым  дамуының  бұдан 

былайғы келешегі туралы айта келе, Қазақстан басшысы ШЫҰ-ның «бес игі ісі» деп 

белгіленген  жаңа  басымдықтарын  жария  етті.  Олардың  қатарында  —  Аумақтық 

және өңірлік дау-жанжалдарды реттеу жөнінде кеңес өткізу, Су, азық-түлік комитетін 

құру және басқа да бірқатар ұсыныстар бар.

8 маусымда Мемлекет басшысы «Ғаламдық экономикалық даму: өзара қарым-

қатынас,  бәсеке,  ықпалдастық»  тақырыбына  арналған  VII  Дүниежүзілік  ислам 

экономикалық  форумының  ашылу  салтанатына  қатысып,  онда  ислам  әлемінің 

елдерін модернизациялау жөнінде бірқатар бастамалар ұсынды. н.Ә. назарбаевтың 

Умманың 10 жетекші экономикасының, Халықаралық инновациялар орталығының, 


11

Ислам  даму  банкінің  жанындағы  Шағын  және  орта  бизнес  қорының,  сондай-ақ 

Ұйымға мүше елдердің өңірлік қоры мен азық-түлік пулының оның штаб-пәтерін 

Қазақстанда  орналастыру  арқылы  диалог  алаңын  құру  туралы  бастамалары 

әлемнің 45 елінен келген, саны 2 мыңнан астам адамды құраған қатысушылардың 

тарапынан үлкен қызығушылық туғызды.

Бұл  бастамалар  Астана  қаласында  28  маусымда  болып  өткен  ИКҰ  сыртқы 

істер  министрлері  кеңесінің  38-ші  сессиясында  одан  әрі  даму  жалғасын  тапты. 

Сессияның  жұмысына  Ұйымға  мүше  57  елдің  сыртқы  саяси  ведомстволарының 

басшылары, 11 бақылаушы елдің өкілдері, БҰҰ, ЮнЕСКО, ЮнИСЕФ, ЕҚЫҰ, ЕКПА, 

АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, 

АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Австралияның, ҚХР-дың, ЕО-ның және басқа елдердің 

өкілдері қатысты.

Осы ұйымның СІМК төрағасы өкілеттігінің құзіретін Қазақстанның қабылдауы 

оқиғасына  байланысты  сөйлеген  өз  сөзінде  н.Ә.  назарбаев  оның  қызметіне 

үлкен динамизм мен кең ауқым бере отырып, сондай-ақ Умманың ең көкейкесті 

мәселелері бойынша диалогты ұсынып, Қазақстан төрағалығының кеңінен ашылған 

«Жол  картасын»  жария  етті.  Сондай-ақ  Қазақстан  тарапының  ұсынысы  бойын-

ша  ИКҰ-ның  атауы  Ислам  ынтымақтастығы  ұйымы  (ИЫҰ)  деп  өзгертіліп,  жаңа 

эмблемаға ие болды.

Қазақстан  Президентінің  ядролық  қуатты  қауіпсіз  әрі  инновациялы  пайдала-

ну мәселелері бойынша Украинаның Киев қаласында 19 сәуірде өткен саммиттің 

жұмысына қатысуының да маңызы зор болды.

2011 жыл жалпытүркілік үрдістердің дамуындағы бетбұрысты белес болды. Ал-

маты қаласында 20–21 қазанда өткен түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы 

кеңесінің  І  отырысында,  н.Ә.  назарбаевтың  бастамасы  бойынша  Қазақстан, 

түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан арасында Кеңеске толық мәнді халықаралық 

құрылым мәртебесін бекіткен құжаттарға қол қойылды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) мемлекеттері басшыларының 

12 тамыздағы Астана қаласындағы және 20 желтоқсандағы Мәскеу қаласындағы 

кездесулерін,  тМД  мемлекеттері  басшыларының  3  қыркүйектегі  Душанбе 

қаласындағы және 20 желтоқсандағы Мәскеу қаласындағы отырыстарын, сондай-

ақ  ЕурАзЭҚ  Мемлекетаралық  кеңесінің  19  желтоқсандағы  Ресей  астанасындағы 

отырысын да атап өткен жөн.

Өткен  жыл  Қазақстанның  Біріккен  Ұлттар  Ұйымымен  ынтымақтастығының 

жоғары динамикасымен де ерекшеленеді.

Қазақстан  Президентінің  21–23  қыркүйектегі  нью-Йорк  қаласына  сапары, 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясының жалпы айтыста-

рына және Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі кездесуге қатысуы, 

халықаралық қауіпсіздік, әлемдік қаржыны, экономиканы, энергетика мен эколо-

гияны реформалау салаларындағы бастамалары кең таралып жатты.

н.Ә.  назарбаевтың  тікелей  қатысуының  арқасында  Қазақстанның  БҰҰ 

құрылымдарындағы  өкілдігі  ұлғайды.  наурызда  Сенат  төрағасы  Қ.К.  тоқаев 

БҰҰ бас хатшысының орынбасары — БҰҰ-ның Женева қаласындағы бөлімшесінің 

бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы қызметіне 

тағайындалды. тұтасымен алғанда, Қазақстан осы кезге дейін БҰҰ-ның 10 атқарушы 

комитеттерінің  және  өзге  де  басқарушы  құрылымдарының  құрамына  енді. 


12

БҰҰ Орталық Азиядағы өкілдігінің деңгейін жоғарылату және Алматы қаласында 

БҰҰ хатшылығының офисін ашу үрдісіне бастама жасалды.

Өзге  халықаралық  ұйым  —  МАГАтЭ-ге  қатысты  да  елеулі  ілгерілеушілік  бол-

ды.  Қазақстан  Президентінің  оның  басшылығымен  жүргізген  келіссөздерінің 

қорытындысы бойынша төменгі байытылған уранның Халықаралық банкін құру ту-

ралы келісім жөнінде ілгерілеушілікке қол жеткізілді. Шілдеде МАГАтЭ-ге аталған 

банкті Қазақстан аумағында орналастыру туралы Астананың ресми өтінімі берілді.

Мемлекет  басшысы  екіжақты  қарым-қатынастар  желісі  бойынша  2011  жылы 

7 шетелдік сапар жасады, олардың 2 мемлекеттік, 1 ресми және 4 жұмыс сапар-

лары болды.

Атап айтқанда, н.Ә. назарбаев жұмыс сапарларымен ҚХР-ға (21–23 ақпан) және 

Эстонияға (20–21 сәуір); ресми сапармен Вьетнамға (30 қазан -1 қараша); жұмыс 

сапарларымен Ресейге (16–17 наурыз, 17–18 қараша), Францияға (19 қыркүйек) 

және БАӘ-ге (2–3 қараша) барды.

Қытайға,  Вьетнамға  және  БАӘ-ге  сапарлар  азиялық  бағыттағы  өзара  іс-

қимылдың жоғары динамикасын қамтамасыз етті.

Қытайға сапар барысында трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау ту-

ралы үкіметаралық келісімге, сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық 

келісім-шартқа,  «Қазақстан  темір  жолы»  Ұлттық  компаниясы»  АҚ  мен  ҚХР 

теміржол министрлігі арасында «Астана-Алматы» жоғары жылдамдықты теміржол 

салу  саласындағы  ынтымақтастық  туралы  меморандумға,  «Самұрық-Қазына» 

ҰӘҚ»  мен  «Қытай  мемлекеттік  даму  банкі»  арасындағы  1,7  млрд.  долларлық 

несиелік  келісімге,  тағы  басқаларға  қол  қойылды.  Мемлекет  басшысы  сапар 

қорытындысын шығара отырып, әріптестіктің басты мазмұны шикізаттық емес кон-

тент болғандықтан, мәселелерді шешу тұрғысынан алып қарағанда, оны Қытаймен 

ынтымақтастықты бұдан да жоғары деңгейге көтеретін ұтымды сапар деп атады.

Мемлекет басшысының Вьетнам Социалистік Республикасына жасаған ресми 

сапарының барысында 11 екіжақты құжаттарға қол қойылып, пайдалы қазбаларды 

өндіру  мен  өңдеу,  көлік,  ауыл  шаруашылығы  саласындағы  ынтымақтастық, 

банкаралық  ықпалдастық,  Ханой  қаласында  Қазақстан  елшілігін  ашу,  іскерлік 

кеңесін құру, Вьетнамның Қазақстандағы мәдениеті күндерін (2012 ж.) және Вьет-

намда Қазақстанның мәдениеті күндерін (2013 ж.) өткізу туралы келісімдерге қол 

жеткізілді.

н.Ә. назарбаевтың осы елге жасаған жұмыс сапарының барысында Қазақстан 

мен БАӘ арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы 

ықпалдастықты одан әрі дамыту мен нығайту мәселелері талқыланды.

Еуропалық  бағытта  Эстонияға  жасалған  мемлекеттік  сапар  мен  Францияға 

жасалған жұмыс сапары елеулі оқиға болды.

Эстония  Республикасына  жасалған  сапар  кезінде  көлік  пен  транзит,  ауыл 

шаруашылығы салаларындағы ықпалдастық, Эстонияның Қазақстандығы елшілігін 

ашу, Қазақстанның таллин қаласындағы консулдығын ашу туралы келісімдерге қол 

жеткізілді.

Францияға жасалған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қабылданған 

бірлескен Декларация екі ел арасындағы ынтымақтастықтың барлық спектрлерін 

қамтып, өздерінің мемлекетаралық қарым-қатынастар бойынша да, халықаралық 

күн тәртібі бойынша да ұстанымдарының ортақ екендігін нақтылай түсті.


13

Ресей  Федерациясымен  дәстүрлі  жиілетілген  диалог  ұсталынып  тұрды.  Атап 

айтқанда, н.Ә. назарбаев Президент Д.А. Медведевпен бес рет, Үкімет төрағасы 

В.В. Путинмен екі рет кездесіп, солардың барысында стратегиялық маңызы жоғары 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі, «Байқоңыр» ғарыш айлағын бірлесе пай-

далану, нанотехнология мен басқа да салаларда ынтымақтасу туралы стратегиялық 

маңызды жобаларды жүзеге асыруды жеделдету туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Мемлекет  басшысының  қатысуымен  маусымда  Санкт-Петербург  қаласында 

өткен  ХV  Петербург  халықаралық  экономикалық  форумның  отырысы  маңызды 

іс-шара  болды,  онда  олар  әлемдік  экономиканың  болашағына  болжам  жасап, 

ғаламдық дүниенің едәуір тұрақты әрі біркелкі экономикалық дамуын қамтамасыз 

ету жөнінде бірқатар ұсыныстарды жария етті.

15 қыркүйекте Астрахан қаласында болған Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық 

ынтымақтастығының  кезекті  VIII  форумының  қорытындылары  бойынша  шекара 

бойы ықпалдастығын дамыту жөнінде бірқатар келісімдерге қол қойылды.

2011  жылдың  шешуші  оқиғасы  деп  ешбір  әсірелемей-ақ  Қазақстан 

Президентінің  Ресей  және  Беларусь  басшыларымен  Еуразиялық  экономикалық 

интеграция туралы Декларацияға, Еуразиялық экономикалық комиссия және оның 

жұмыс регламентін бекіту туралы келісім-шартқа қол қоюын айтуға болады. Осы 

арқылы  өзара  қарым-қатынастардың  жаңа  кезеңі  ашылып,  үш  елдің  келешегін 

айқындайтын бірлестік — Еуразия экономикалық одағын қалыптастыру жолындағы 

кезекті сенімді қадам жасалды.

Қол  жеткізілген  келісімдерді  дамыту  үшін  н.Ә.  назарбаев  19  желтоқсанда 

Мәскеуде  өткен  Жоғарғы  Еуразия  экономикалық  кеңесінің  отырысына  қатысты. 

Саммиттегі  өз  сөзінде  ол  2012  жылы  Бірыңғай  экономикалық  кеңістікті 

қалыптастырудың  практикалық  кезеңі  басталатынын  және  бірқатар  өкілеттіктер 

ұлттан  биік  тұратын  органға  берілуі  тиіс  екендігін  айтты.  Отырыста  сондай-ақ 

Еуразиялық  экономикалық  комиссияның  жұмысы  басталуы  үшін  қажетті  — 

Еуразиялық экономикалық комиссия төралқасының төрағасын тағайындау, адам-

дар  құрамын  бекіту,  Еуразия  экономикалық  комиссия  төралқасы  мүшелерінің 

арасындағы  міндеттерді  бөлу  және  Еуразия  экономикалық  комиссиясы 

департаменттерінің саны туралы бірқатар шешімдер қабылданды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ жыл бойы Қазақстанға халықаралық форумдар 

шеңберінде және екіжақты сапарлармен келген Қырғызстан Президенті Р.И. Отын-

баевамен, Беларусь Президенті А.Г. Лукашенкомен, Джибути Президенті Исмаил 

Омар Гелемен, Иран Президенті М. Ахмадинежадпен, Ауғанстан Президенті Х. Кар-

займен, тәжікстан Президенті Э.Ш. Рахмонмен, Пәкстан Президенті А. Зардари-

мен, Ресей Президенті Д.А. Медведевпен, Өзбекстан Президенті И.А. Каримовпен, 

Оңтүстік Кореяның Президенті Ли Мен Бакпен, Литваның Президенті Д. Грибау-

скайтемен, БАӘ, Абу-Даби әмірі, шейх Халифа бен Заид әл-нахаянмен, Әзірбайжан 

Президенті И.Г. Алиевпен, ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті. Кездесулерінің 

басты өзегі екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтумен бірге, халықаралық және 

өңірлік ұйымдардағы ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ халықаралық саясаттың, 

ядроны  таратпаудың  және  ядролық  қарудан  ада  аймақтарды  қалыптастырудың 

көкейкесті проблемалары болды.

Осымен  бірге,  2011  жылы  Қазақстанға  келген  халықаралық  ұйымдардың, 

шетелдік  саяси,  қоғамдық  және  іскерлік  топтардың  өкілдерімен  көптеген 


14

кездесулер болды. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының хат-

шысы Р.С. Оливер, БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының бас хатшысы т. Рифай, 

ШЫҰ бас хатшысы М.С. Иманалиев, ИЫҰ бас хатшысы Э. Ихсаноглу, ЕурАзЭҚ бас 

хатшысы т.А. Мансұров; Қырғызстан Премьер-министрі А.Ш. Атамбаев, Үндістан 

Премьер-министрі  М.  Сингх,  Пәкстан  Премьер-министрі  С.  Гилани,  Украина 

Премьер-министрі  н.Я.  Азаров;  Бүкілқытай  халық  өкілдері  жиналысы  тұрақты 

комитетінің  төрағасы  У.  Банго,  ЕКПА  төрағасы  М.  Чавушоглу,  Халықаралық 

олимпиадалық  комитеттің  төрағасы  Ж.  Рогге,  ЕҚЫҰ  төрағасы  —  Литва  Сыртқы 

істер  министрі  А.  Ажубалис,  тМД  атқарушы  комитетінің  төрағасы  С.н.  Лебедев, 

Азия  олимпиадалық  кеңесінің  президенті  шейх  Ахмад  әл-Фахад  әл-Сабах  және 

басқалар бар.

Мемлекет  басшысы  жыл  бойы  АҚШ,  Ресей,  тәжікстан,  Беларусь,  Армения, 

Ауғанстан, Әзірбайжан, Иордания Өзбекстан, Украина, түркия президенттерімен 

телефон арқылы сөйлесті.

Оған  Польшаның,  Үндістанның,  Ауғанстанның,  Латвияның,  Италияның, 

Эстонияның, Словакияның, Малайзияның, Бразилияның, АҚШ-тың, Германияның, 

сондай-ақ БҰҰДБ елшілері сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан  үшін  мерекелі  болған  2011  жылғы  Мемлекет  басшысының 

жұмыс  кестесінің  негізгі  қорытындылары  осындай.  Оның  жүзеге  асырылуы 

тұтасымен  алғанда  еліміздің  одан  әрі  әлеуметтік-экономикалық  өсіміне,  ішкі 

саяси  тұрақтылықты  қамтамасыз  етуге,  ұлтаралық  және  конфессияаралық 

қарым-қатынастардың  тұрақты  дамуына,  ұлттық  қауіпсіздіктің  нығаюына  және 

Қазақстанның халықаралық аренадағы позицияларының күшеюіне ықпал етті.



қаңтар

Дс

3



10

17

24



31

Сс

4



11

18

25



Ср

5

12



19

26

Бс



6

13

20



27

Жм

7



14

21

28



Сн

1

8



15

22

29



Жк

2

9



16

23

30



17

Қаңтар


6 қаңтар

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасын-

дағы  мемлекеттік  бақылау  және  қадағалау  тура-

лы»  №377-ІV,  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 

заңнамалық  актілеріне  мемлекеттік  бақылау  және 

қадағалау  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  №378-ІV,  «Қазақстан 

Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 

құқық қорғау қызметі және сыныптық шендер, әскери 

және  арнаулы  атақтар  беру,  әскери  қызметшілердің 

және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 

нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері бойынша 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №379-ІV, 

«Құқық қорғау қызметі туралы» №380-ІV заңдарына 

қол қойды. 

Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республикасы-

ның Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды 

республикалық  референдумға  шығару  туралы 

Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  ұсынысын 

қабылдамау  туралы»  №1134,  «Қазақстан  Респу-

бликасы  Президентінің  2009  жылғы  26  наурыздағы 

№773  Жарлығына  өзгеріс  енгізу  туралы»  №1135 

жарлықтарына қол қойды. 

7 қаңтар 

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласындағы  Әулие 

Успен  кафедралды  шіркеуіне  барып,  Қазақстанның 

православиелік христиандарын Христос Рождествосы-

мен құттықтады. 

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  қазақстандық  «Ба-

рыс»  және  ресейлік  «трактор»  (Челябі  қаласы) 

командаларының арасындағы Континентальді хоккей 

лигасы чемпионатының шайбалы хоккейден матчы бо-

лып  өткен  «Қазақстан»  спорт  сарайының  мұз  айды-

нында болды.  

10 қаңтар 

Мемлекет  басшысы  «Шанхай  ынтымақтастық 

ұйымының  терроризмге  қарсы  конвенциясын  ра-

тификациялау  туралы»  №381-ІV,  «1968  жылғы 

8  қарашада  Вена  қаласында  қол  қою  үшін  ашылған 

Жол жүрісі туралы конвенцияны толықтыратын еуро-

палық  келісімді  ратификациялау  туралы»  №382-ІV, 


18

Қаңтар


«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 

актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нор-

малары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, 

коллизияларды  және  сыбайлас  жемқорлық  құқық 

бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою 

мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу туралы» №383-ІV заңдарына қол қойды. 

11 қаңтар  

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы н.Ә. Әбіқаевты 

қабылдады. Ол комитеттің 2010 жылғы негізгі қызметі 

мен  алдағы  кезеңге  арналған  жұмысының  басым 

бағыттары туралы баяндады. Сондай-ақ н.Ә. Әбіқаев 

ведомствоның 

Контрбарлау 

қызметінің 

жаңа 

тұжырымдамасының  жобасын  ұсынды.  Одан  басқа, 



кездесу  барысында  құқық  қорғау  және  арнайы  ор-

гандарды  реформалау  аясында  мемлекеттің  ұлттық 

қауіпсіздік  жүйесін  одан  әрі  жетілдіру  мәселелері  де 

талқыланды.  

Кездесу  қорытындылары  бойынша  Президент 

азаматтар  мен  қоғам  қауіпсіздігін  одан  әрі  нығайту, 

халықаралық  терроризм  мен  экстремизм  қаупіне 

қарсы тиімді әрекет ету мәселелері бойынша бірқатар 

тапсырмалар берді. 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Жоғарғы  сотының  төрағасы  М.т.  Әлімбековті 

қабылдады. Ол Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің 

жағдайы туралы баяндады.  

Мемлекет 

басшысы 

«Доңғалақты 

көлік 

құралдарына,  доңғалақты  көлік  құралдарында  орна-



тылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау 

заттары  мен  бөлшектерге  арналған  жаһандық 

техникалық  қағидаларды  енгізу  туралы  келісімді 

ратификациялау  туралы»  №384-ІV,  «Қазақстан 

Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 

бизнес  пен  жеке  меншікті  заңсыз  тартып  алуға 

(рейдерлікке)  қарсы  іс-қимыл  мәселелері  бойынша 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №385-ІV 

заңдарына қол қойды. 

Президент 

сондай-ақ 

«А.М. 


Каимбаевты 

ІІ  дәрежелі  «Барыс»  орденімен  наградтау  туралы» 



19

Қаңтар


№1136,  «назарбаев  Университеті»  коммерциялық 

емес  акционерлік  қоғамын  басқару  жөніндегі  кеңес 

туралы» №1137 жарлықтарына қол қойды. 

12 қаңтар 

Мемлекет басшысы елдегі мал шаруашылығын да-

мыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. 

Кеңеске  Қазақстан  Республикасының  Премьер-

министрі К.Қ. Мәсімов, Премьер-министрінің бірінші 

орынбасары  Ө.Е.  Шөкеев,  Президентінің  көмекшісі 

Б.т.  Сұлтанов,  Ауыл  шаруашылығы  министрі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет