Хроникасы



Pdf көрінісі
бет8/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44

классиканың  танымал  інжу-маржандарын  ойнады. 

Оркестр  дирижері  —  Ресей  Федерациясының  халық 

әртісі  В.А.  Гергиев.  Әншісі  —  Ресейдің  еңбегі  сіңген 

әртісі Д.Л. Мацуев (фортепиано).

В.А.  Гергиевтің  Қазақстан  үшін  шығармашыл 

кадрларды даярлаудағы айрықша қызметін, мәдени-

гуманитарлық  ынтымақтастықтың  дамуына  қосқан 

үлесін  жоғары  бағалай  отырып,  Мемлекет  басшы-

сы  өзінің  Жарлығымен  оған  «Қазақстанның  еңбек 

сіңірген қайраткері» құрметті атағын берді. 

Президент  В.А.  Гергиевтің  еңбегі  беделді 

сыйлықтармен,  марапаттармен  белгіленгенін  атап 

көрсетті.  Ол  көптеген  қазақстандық  әртістер  өз 

шеберліктерін  шыңдаған  атақты  Мариин  театрының 

тұрақты дирижері болып табылады.  

Мемлекет басшысы В.А. Гергиевке Қазақстан мен 

Ресейдің мәдени ынтымақтастығын нығайтуға қосқан 

қомақты үлесі үшін алғыс білдірді. 

2 мамыр

Мемлекет басшысы «Патент құқығы туралы шарт-



ты  ратификациялау  туралы»  №430-ІV,  «Қылмыстық 

әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып 

қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификация-

лау туралы» №431-ІV, «Қазақстан Республикасының 

Үкіметі  мен  Америка  Құрама  Штаттарының  Үкіметі 

арасындағы  Ауғанстан  Ислам  Республикасының 

қауіпсіздігін, тұрақтылығын және оны қайта қалпына 

келтіруді  қамтамасыз  ету  жөніндегі  іс-қимылға  Аме-

рика  Құрама  Штаттарының  қатысуына  байланысты 

Қазақстан  Республикасының  аумағы  арқылы  өтетін 

жүк  пен  персоналдың  әуе  транзиті  туралы  келісімді 

ратификациялау  туралы»  №432-ІV,  «Беларусь 

Республикасының,  Қазақстан  Республикасы  мен  Ре-

сей  Федерациясының  мұнай  мен  мұнай  өнімдерінің 

ортақ  нарықтарын  ұйымдастыру,  басқару,  олардың 


80

Мамыр


жұмыс  істеу  және  даму  тәртібі  туралы  келісімді  ра-

тификациялау  туралы»  №433-ІV,  «Баға  белгілеу  мен 

тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы 

жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи 

монополиялар  субъектілерінің  қызметтеріне  қол 

жеткізу қағидалары туралы келісімді ратификациялау 

туралы» №434-ІV заңдарына қол қойды. 

Президент сондай-ақ «Көп балалы аналарды «Ал-

тын  алқа»  және  «Күміс  алқа»  алқаларымен  наград-

тау  туралы»  №66,  «Өңірлерде  сыртқы  мемлекеттік 

қаржылық  бақылау  органдарын  жетілдіру  туралы» 

№67,  «Қазақстан  Республикасының  Заңдылықты, 

құқықтық  тәртіпті  және  қылмысқа  қарсы  күресті 

қамтамасыз  ету  жөніндегі  үйлестіру  кеңесі  туралы 

ережені бекіту туралы» №68, «Қазақстан Республика-

сы Ұлттық банкінің 2010 жылғы есебін бекіту туралы» 

№69, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 

жылғы  17  қаңтардағы  №1283  және  2004  жылғы 

17 қаңтардағы №1284 жарлықтарына өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы» №70қбпү жарлықтарына 

қол қойды. 

3 мамыр


Мемлекет 

басшысы 


Астана 

қаласындағы 

тәуелсіздік сарайында өткен IV Астана экономикалық 

форумына қатысты.  

«Жаңа  онжылдық:  Болашақтар  мен  талап-

тар»  тақырыбына  арналған  Форум  дүниежүзінің 

80 елінен 3 мыңнан астам қатысушыларды жинады. 

Олардың қатарында көрнекті саясат қайраткерлері, ірі 

халықаралық корпорациялардың, орталық банктердің, 

қаржылық институттардың, экономиканың нақты секто-

рының,  бизнес-элитаның  өкілдері,  сондай-ақ  ғалым 

экономистер,  олардың  ішінде  6  нобель  сыйлығының 

лауреаттары бар, олар: Р. Манделл, Дж. нэш, Р. Корн-

берг, Дж. Миррлис, Р. Ауманн, Ф. Кидланд бар. 

Форум  қатысушыларының  алдында  сөз  сөйлей 

отырып,  н.Ә.  назарбаев  әлемдік  экономика  үшін 

жаһандық  үнқатысулар  жағдайында  халықаралық 

үйлестіруді  күшейту  мақсатында  халықаралық 

экономикалық  саясаттың  өзекті  элементтерін  келісу 

үшін нақты құрал болуы тиіс жаһандық үйлестіру тура-

лы Пактқа қол қоюды ұсынды (Қосымшаны қараңыз).  

Мемлекет басшысы IV Астана экономикалық фору-

мы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.  


81

Мамыр


Президент 

экономика 

жөніндегі 

нобель 


сыйлығының  лауреаты  Р.  Манделлді  қабылдап,  оны-

мен қазақстандық және әлемдік экономикадағы істің 

жай-күйін талқылады. 

БҰҰ  бас  хатшысының  орынбасары,  Еуропалық 

экономикалық  комиссиясының  атқарушы  хатшы-

сы Я. Кубишпен, БҰҰ бас хатшысының орынбасары, 

ЭСКАтО-ның  атқарушы  хатшысы  н.  Хейзермен,  БҰҰ 

азық-түлік ұйымдарының бас директоры Ж. Диуфпен 

және БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымының бас хатшы-

сы  т.  Рифаймен  кездесуде  н.Ә.  назарбаев  екіжақты 

ынтымақтастықты  одан  әрі  дамыту  және  нығайту 

мәселелерін, сондай-ақ халықаралық саясаттың өзекті 

мәселелерін  талқылады.  Атап  айтқанда,  көлік  және 

экономикалық  дәлізді  ашу  перспективасы,  әсіресе, 

халықаралық  деңгейде  талап  етілетін  құрлықтағы 

көлік  түрлері  саласы,  сондай-ақ  мұхитқа  шығуға 

мүмкіндігі жоқ елдер үшін мультибағдарлама әзірлеу 

жайы талқыланды.

Хорватия  Республикасының    бұрынғы  Президенті 

С.  Месичпен  және  Жапонияның  бұрынғы  премьері, 

Жапонияның  Қазақстанмен  достығын  нығайту 

жөніндегі  парламенттік  лигасының  төрағасы  Ю.  Ха-

тоямамен  кездесуде  Мемлекет  басшысы  екіжақты 

ынтымақтастық,  сондай-ақ  халықаралық  күн  тәртібі 

мәселелері бойынша пікір алмасты. 

Сол күні Мемлекет басшысы Қарағанды облысына 

жұмыс сапарымен келді. 

Қарағанды  облысына  келген  соң,  Прези-

дент,  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің 

Жоғары  Бас  қолбасшысы  ретінде  авиабазаны  ара-

лады.    Қазақстан  Республикасының  Қорғаныс 

министрі  Ә.Р.  Жақсыбеков  Мемлекет  басшысына 

әскери гарнизонның әскери дайындық барысын және 

инфрақұрылымын таныстырып өтті. Президент әскери 

кезекшіліктегі  авиациялық  техниканы,  техникалық 

зертхананы  аралап  көрді.  Сондай-ақ  Мемлекет  бас-

шысына МиГ-31 ұшағының регламенттік жұмысы мен 

осы ұшақтың кешенді тренажеры таныстырылды.

н.Ә.  назарбаев  сондай-ақ  «Спасск»  оқу 

орталығында  болып,  қазақстандық  армияның 

мобилизациялық резервінің дайындығымен танысты.  

Президент  арнайы  мақсаттағы  құраманың  іс-

әрекетімен  таныс  болды.  Әскери  қызметшілер 

ғимаратты  шабуылдау,  кепілдегі  адамдарды  босатып 



82

Мамыр


алу, сондай-ақ кедергі алаңынан өтуде амал-тәсілдерін 

көрсетті.  тактикалық  іс-әрекет  барысында  взводтың 

блок-постыға  үйлесімі,  шабуылдау  құрамасының 

қимылдары, резервтегі құраманың шабуылға ұмтылуы, 

армиялық авиация тікұшақтарының әскерлерге қолдау 

көрсету амалдары көрсетілді.

Орталықты аралағанда н.Ә. назарбаев Ш.Ш. Уәли-

ханов  атындағы  Кадет  корпусын  бітірушілермен 

кездесті. 

Президент кездесу кезінде кез келген мемлекеттің 

табысты дамуының кепілі білікті мамандар болып та-

былатынын атап өтті. Бұл армия үшін ерекше маңызды.

4 мамыр

Мемлекет  басшысы  Қарағанды  облысына  жұмыс 



сапары  барысында  энергия  үнемдеуші  жабдықтарды 

жеткізу мен суды тазалау жүйесіне қызмет көрсететін 

«Эргономика» ЖШС-да болды. 

Президент  кәсіпорында  шығарылатын  өндірістік 

жабдықтармен  және  өнімдермен  танысты.  Қазіргі 

уақытта  «Эргономика»  ЖШС  «Энергия  үнемдеу 

технологиясын  енгізу»  жобасын  іске  асыруда.  Бұл 

жобаның  негізгі  бағыттары  жылу  жүйесін  әзірлеу, 

дайындау, монтаждау және сервистік қызмет көрсету, 

автоматтандырылған жылу пункттері мен сорғы стан-

саларын,  энергия  үнемдеуші  технологияны  қолдана 

отырып,  ғимараттар  мен  құрылыстарды  салқындату 

болып табылады.

Кәсіпорынға барған кезде н.Ә. назарбаев тұрғын 

үй-коммуналдық саласына байланысты бірқатар инвес-

тициялық жобалар ұсынылған көрмемен танысты.  

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  облыстық  Қан   

орталығына  барып,  донорларды    іріктеудің  бастапқы 

сатысы болып   табылатын тіркеу бөлімінің ақпараттық 

жүйесімен  танысты,  қан дайындау бөлімін аралап көрді.  

 

Орталық «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды 



дамытудың 

2011–2015 

жылдарға 

арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  салынған  және 

облыстың емдеу-алдын-алу ұйымдарын қамтамасыз ету үшін, 

сондай-ақ  қан  мен  қанды  алмастырушылардың  жасушалық 

элементтерінің  қорын  сақтау  мақсатында  донорлық  қанды, 

оның  компоненттерін    дайындауды  жүзеге  асыру  үшін 

арналған. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары 

технологиялы  диагностикалық  жабдықтар,  қан  мен  оның 

компоненттерін    сақтауға  арналған  терможабдықтар 

Орталықтың ерекшелігі болып табылады. 


83

Мамыр


5 мамыр

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Парламенті  Сенатының  төрағасы  Қ.Ә.  Мәмиді 

қабылдады. Ол ағымдағы жылғы заң шығару қызметі 

туралы баяндады. 

Мемлекет  басшысы  ШЫҰ-ға  мүше  мемлекеттер 

Басшылары  кеңесінің  мерейтойлық  отырысын  Аста-

на қаласында өткізу жөніндегі дайындық мәселелері 

бойынша кеңес өткізді. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік  наградаларымен  марапаттау  туралы» 

№71, «А. Жұмабаев туралы» №72, «Жоғары әскери 

және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру тура-

лы» №73 жарлықтарына қол қойды. 

6 мамыр

Мемлекет  басшысы  «Ақорда»  астаналық  ре-



зиденциясында 

Қазақстан 

Республикасының 

Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті,  Республикалық  ұланы, 

Президен-тінің  күзет  қызметі,  Қорғаныс,  Ішкі  істер, 

төтенше  жағдайлар,  Әділет  министрліктерінің,  Бас 

прокуратурасының өкілдеріне жоғары әскери және ар-

наулы атақтар, сыныптық шендер  берді. 

Ерекшелік  белгілерін  тапсыру  рәсімін  аша  оты-

рып,  Президент  генералдар  мен  офицерлерді  келе 

жатқан  Отан  қорғаушылар  және  Жеңіс  күндерімен 

құттықтады.

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  ұлттық  қауіпсіздікті 

және мемлекеттің қорғануға қабілеттілігін қамтамасыз 

еткені,  заңдылық  пен  қоғамдық  тәртіпті  нығайтуға 

қосқан  айрықша  үлесі  мен  адам  өмірін  сақтаумен 

байланысты  төтенше  жағдайларда  жанкешті  ерлік 

көрсеткені  үшін  Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті,  Республикалық  ұланы, 

Президентінің  күзет  қызметі,  Қорғаныс,  Ішкі  істер, 

төтенше  жағдайлар  министрліктерінің  өкілдеріне 

мемлекеттік наградаларды табыс етті. 

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы Бейбітші-

лік және келісім сарайында Отан қорғаушылар күніне 

орай өткен мерекелік концертті тамашалады. 


84

Мамыр


Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

Жоғары сот кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы» 

№74, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 

жылғы 29 маусымдағы №645 Жарлығына өзгерістер 

енгізу туралы» №75 жарлықтарына қол қойды. 

9 мамыр


Мемлекет басшысы Алматы қаласында жұмыс са-

парымен болып, оның барысында Жеңіс күніне орай 

ұйымдастырылған мерекелік шараларға қатысты. 

Президент Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфилов-

шылар  саябағында  Жеңіс  мемориалындағы  мәңгілік 

алауға  гүл  шоғын  қойып,  Ұлы  Отан  соғысында 

өмірлерін қиған қазақстандық жауынгерлерді бір ми-

нут үнсіздікпен еске алды. 

Ресми рәсім аяқталған соң  н.Ә. назарбаев арда-

герлермен әңгімелесті. 

10 мамыр

Мемлекет  басшысы  «Мемлекеттік  мәдениет 

ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашы-

лық  ұжымдарға  «Ұлттық»  мәртебе  берудің  қағидасы 

мен шарттарын бекіту туралы» №76 Жарлығына қол 

қойды. 


12 мамыр

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапа-

ры барысында қала активімен жұмыс кеңесін өткізіп, 

онда оңтүстік астананың әкімі А.С. Есімовтің қаланың 

даму  барысы  мен  одан  әрі  өсуінің  перспективалары 

туралы есебін тыңдады. 

Мемлекет  басшысы  «Алматы  қаласының  шекара-

сын өзгерту туралы» №77 Жарлығына қол қойды.  

13 мамыр

Мемлекет  басшысы  Алматы  қаласына  жұмыс  са-

пары  барысында  «Алатау»  ақпараттық  технология-

лар  паркі»  арнайы  экономикалық  аймағында  өткен 

«Инновациялық Қазақстан – 2020» форумына қатысты. 

Форум жұмысы басталмас бұрын Президент назар-

баев Университеті, білім және ғылым, байланыс және 

ақпарат,  қорғаныс  министрліктері,  «ҚазМұнайГаз», 

«Қазақстан  темір  жолы»,  «Қазақтелеком»  ұлттық 


85

Мамыр


компаниялары  және  т.б.  іске  асырып  жатқан 

инновациялық зерттемелер мен жоғары технологиялы 

инвестициялық  жобалар  көрмесімен  танысты.  Одан 

басқа, оның назарына «Microsoft», «Cisco», «Huawei», 

«IBM»,  «Массат  Б.В.»,  Физико-техникалық  инсти-

тут  компанияларының  парк  аумағында  іске  асырып 

жатқан инновациялық жобалары да ұсынылды.

Содан  соң  Елбасы  форум  жұмысына  қатысты. 

Ол  өзінің  сөйлеген  сөзінде  Қазақстандағы  жоғары 

технологиялардың  дамуы  инновацияларды  ынталан-

дыру мен қолдаудың дамымаған жүйесімен, ғылыми-

зерттеу базасының төмен сапасымен, бизнес машығы 

деңгейінің төмендігімен, кадр тапшылығымен тежеліп 

отырғанын  атап  өтті.  н.Ә.  назарбаев  көрсетілген 

кемшіліктерді түземесе, олар Қазақстанның ғаламдық 

бәсекелестікке  қатысуына  жол  бермейтінін  атап 

көрсетті. 

Мемлекет басшысы өзінің алматылық резиденция-

сында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі 

С.В. Лавровты қабылдады. 

Кездесуде екіжақты қатынастарды дамытудың кең 

ауқымды  мәселелері,  сондай-ақ  Астана  қаласында 

өтетін  ШЫҰ-ға  мүше  мемлекеттер  басшыларының 

мерейтойлық  саммитінің  күн  тәртібі  мәселелері 

талқыланды. 

Мемлекет басшысы өзінің алматылық резиденци-

ясында  ШЫҰ-ға  мүше  мемлекеттердің  Сыртқы  істер 

министрлерін қабылдады. 

Кездесуге Қытай Халық Республикасының министрі 

Ян  Цзечи,  Қырғыз  Республикасының  министрі 

Р. Қазақбаев, Ресей Федерациясының министрі  С. Лав-

ров,  тәжікстан  Республикасының  министрі    Х.  Зари-

фи, Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрінің 

орынбасары  Б. Исламов, ШЫҰ бас хатшысы М.С. Иман-

әлиев,  Қазақстан  Республикасы  Қауіпсіздік  кеңесінің 

хатшысы  М.М.  тәжин,  Қазақстан  Республикасының 

Сыртқы  істер  министрі  Е.Х.  Қазыханов,  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  халықаралық  мәселелер 

жөніндегі көмекшісі н.Б. Ермекбаев пен  ШЫҰ Өңірлік 

терроризмге  қарсы  құрылымы  атқарушы  комитетінің 

директоры Ж.М. Жұманбеков қатысты.

тараптар  Астана  қаласында  өтетін  ШЫҰ-ға  мүше 

мемлекеттер  басшыларының  мерейтойлық  саммитін 

өткізу мәселелерін талқылады.



86

Мамыр


Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  кейбір  актілеріне  өзгерістер  енгізу  ту-

ралы» №78, «Қазақстан Республикасы Президентінің 

2009 жылғы 4 қыркүйектегі №867 және 2010 жылғы 

18  тамыздағы  №1042  жарлықтарының  күші  жойыл-

ды  деп  тану  туралы»  №79,  «Қазақстан  Республика-

сы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдала-

нылуы туралы 2010 жылғы есепті бекіту туралы» №80  

жарлықтарына қол қойды. 

17 мамыр


Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республика-

сы  мен  Азия  даму  банкі  арасындағы  Қарыз  тура-

лы  келісімді  (Жай  операциялар)  (ОАӨЭЫ  1  көлік 

дәлізі  [Жамбыл  облысындағы  учаскелер]  [Батыс  Еу-

ропа  –  Батыс  Қытай  халықаралық  транзит  дәлізі] 

Инвестициялық бағдарлама – 3-жоба) ратификация-

лау туралы» №435-ІV, «Қазақстан Республикасының 

Үкіметі  мен  Жапония  Үкіметі  арасындағы  ОАӨЭЫ 

Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын (Жамбыл облы-

сы) жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар ал-

масу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» 

№436-ІV,  «Жапония  халықаралық  ынтымақтастық 

агенттігі  мен  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 

арасындағы ОАӨЭЫ Көлік дәлізін қайта жаңарту жоба-

сы (Жамбыл облысы) бойынша қарыз туралы келісімді 

ратификациялау  туралы»  №437-ІV  заңдарына  қол 

қойды. 

Президент  сондай-ақ  «н.В.  Белоруков  туралы» 



№81, «С.К. Омаров туралы» №82, «Қазақстан Респуб-

ликасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арнал-

ған  мерекелік  медаль  туралы»  №83  жарлықтарына 

қол қойды. 

18 мамыр

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен  өз 

жанындағы  Шетел  инвесторлары  кеңесінің  XXIV  пле-

нарлық отырысына төрағалық етті.

Отырыста 

Қазақстанның 

кәсіпорындарын 

жаңғырту  мен  жаңартудың  өзекті  мәселелері 

талқыланды. Осы орайда, н.Ә. назарбаев Қазақстанда 

іске  асырылып  жатқан  үдемелі  индустриялық- 

инновациялық даму бағдарламасы аясында шетелдік 

инвесторлар  қатысуының  перспективтік  бағыттарын 

белгілеп берді. 


87

Мамыр


Сол  күні  Мемлекет  басшысы  өз  жанындағы  Ше-

тел  инвесторлары  кеңесінің  XXIV  пленарлық  отыры-

сына қатысушылармен бірқатар екіжақты кездесулер 

өткізді. 

ЕҚДБ президенті т. Мировпен кездесуде екіжақты 

ынтымақтастықтың одан әрі даму мәселелері, сондай-

ақ 2011 жылғы 20 мамырда Астана қаласында өтетін 

ЕҚДБ Басқарушылар кеңесі отырысының күн тәртібі 

қаралды. 

«ENI»  корпорациясының  бас  атқарушы  директо-

ры П. Скаронимен әңгімелесу үстінде инвестициялық 

ынтымақтастықтың  бірқатар  мәселелері  және  ком-

пания  жобаларының  Қазақстанда  жүзеге  асуы 

талқыланды.

Қазақстан  Президенті  сондай-ақ  «TeliaSonera» 

компаниясының бас атқарушы директоры Л. ниберг-

пен,  «METRO  Cash  &  Cerry  International»  компания-

сы  басқармасының  төрағасы  Ф.  Мюллермен  «Ресей 

Сбербанкі» ААҚ басқармасының төрағасы Г.О. Греф-

пен келіссөздер жүргізді. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Дін 

істері агенттігі туралы» №84, «Көп балалы аналарды 

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наград-

тау туралы» №85 жарлықтарына қол қойды. 

19 мамыр

Мемлекет  басшысы  Малайзия  Федерациясының 

Сыртқы істер министрі Д. Аманды қабылдады. 

Кездесуде  ең  алдымен,  сауда  және  инвестиция 

салаларындағы  екіжақты ынтымақтастықты одан әрі 

нығайту мәселелері талқыланды. 

Мемлекет  басшысы  БҰҰ  Даму  бағдарламасының 

директоры Х. Кларкты қабылдады. 

Кездесу  барысында  тараптар  екіжақты  қатынас-

тарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. 

Мемлекет  басшысы  «Облыстық,  аудандық 

маңызы  бар  қалалар  мен  облыстар  аудандарының, 

облыстық  маңызы  бар  қалалардағы  аудандардың, 

республикалық  маңызы  бар  қала  мен  астанадағы 

аудандардың,  кенттердің,  ауылдардың  (селолардың), 


88

Мамыр


ауылдық  (селолық)  округтердің  әкімдерін  қызметке 

тағайындау,  олардың  өкілеттігін  тоқтату  және 

қызметтен  босату  тәртібі  туралы»  №86  Жарлығына 

қол қойды.

20 мамыр

Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен ЕҚДБ 

Басқарушылар кеңесінің отырысына қатысты. 

Өңір  экономикасын  қалпына  келтіруге  ЕҚДБ-ның 

қатысуына арналған форумға 2,5 мыңнан астам мей-

мандар қатысты, олардың қатарында әлемнің жетекші 

экономистері,  ірі  халықаралық  компаниялардың, 

орталық  банктердің,  қаржылық  институттардың 

өкілдері,  ЕҚДБ-ға  мүше  елдердің  мемлекеттік 

ведомстволарының ресми өкілдері, сондай-ақ Еуропа 

мен Азияның басты елдерінің өкілдері болды. 

н.Ә.  назарбаев  сөйлеген  сөзінде  Еуропа  қайта 

құру  және  даму  банкін  өзінің  Қазақстанда  болу 

мүмкіншілігін 

кеңейтіп, 

оның 


экономикасын 

технологиялық  жағынан  дамуға  инвестиция  салуға 

шақырды.  «Мен  банктің  Басқарушылар  кеңесін 

қазақстандық  инвестициялық,  әсіресе,  шикізатты 

терең  өңдеуге,  экономиканы  әртараптандыруға 

бағытталған жобалар бойынша ұсыныстарды қарауға 

шақырамын.  Біздің  экономиканы  технологиялық 

жағынан дамыту мәселесіне ерекше назар аударғым 

келіп  отыр,  себебі  дамыған  елдердің  дамушы  елдер-

ден айырмашылығын көрсететін ақша да, шикізат та 

емес — тек технологиялық компоненттер, сондықтан 

басымдық ретінде экономиканың дамуға бағытталған 

ғылыми-инженерлік  базасының  жобаларын  алға 

қоюды ұсынамын», — деді Президент ЕҚДБ өкілдеріне 

қарата айтқан сөзінде.  

«Біздің  еліміз  аймақтағы  нарыққа  шығуға  тілек 

білдіруші көптеген трансұлттық компаниялар үшін алаң 

қызметін  атқарады.  Бұған  соңғы  15  жылда  Орталық 

Азияға  келіп  түскен  барлық  тікелей  инвестицияның 

80%  Қазақстанға  тиесілі  екендігі  айқын  дәлел. 

небәрі 19 жылдың ішінде қазақстандық экономикаға 

130 млрд. доллардан астам тікелей шетел инвестиция-

сы тартылған.

Кеден  одағын  құру  біздің  инвестициялық 

тартымдылығымызды  едәуір  арттыра  түсті.  Үш  елдің 

кез  келгеніне  келген  инвесторлар  халқының  саны 

170  миллион  болатын  және  ІЖӨ  жиынтығы  2  трлн. 

доллардан астам, орасан нарыққа қолжетімділікке ие 

болады», — деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. 


89

Мамыр


23 мамыр

Мемлекет 

басшысы 

Дүниежүзі 

қазақтары 

қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші орын-

басары т.А. Мамашевты қабылдады. Ол 2011 жылғы 

24  мамырда  Астана  қаласында  өтетін  Дүниежүзі 

қазақтарының IV құрылтайына дайындық барысы ту-

ралы хабардар етті. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

Үкіметі  мен  Корея  Республикасының  Үкіметі 

арасындағы  Корея  Республикасы  дипломатиялық 

өкілдіктерінің  ғимараттарын  салу  үшін  Астана 

қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ра-

тификациялау туралы» №438-ІV Заңына қол қойды. 

Президент  сондай-ақ  «Көп  балалы  аналарды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет