266
Қосымшалар
таяу Шығыс елдеріндегі жаппай наразылық қозғалыстары бәсеңдер емес және
жаңа елдерді қамтуда.
Күні кеше экономикасы табысты елдер ондаған жылдарға артқа лақтырылып
тасталды.
Әлемдік дағдарыстан жалаңаштанған гуманитарлық проблемаларды азық-
түлікке бағаның өсуі, артып отырған есірткі трафигі, терроризм толықтыруда.
Көптеген мемлекеттер үстіне ауқымды аштық қатері төніп тұр. Бүгінде шамамен
1 млрд. адам аштықтан зардап шегіп отыр. Жыл сайын тек аштықтан ғана 5 млн.
жуық адам ажал құшады.
Қайғы-қасірет тыныштық пен болашаққа деген сенімін жоғалтқан миллиондаған
отбасыларына келіп жатыр.
Бұл — бұрынғы жетістіктерінің барлығы жоққа айналған тұтас елдер мен
халықтардың қасіреті! Мен оны іздеп алысқа барудың қажеті жоқ, біз оны өзіміздің
көршілерімізден көріп, біліп отырмыз ғой деп ойлаймын.
Бұл — адамзат тарихының қасіретті парағы. Көрнекті ағылшын жазушысы Хак-
сли былай деген болатын: «Адамдардың тарих қателігінен үйренбегені — тарихтың
ең басты сабағы».
Келіңіздер, біз бұл тарихты біле отырып, үйіміздегі тыныштыққа қуанайық және
бәріміз бірігіп, осы тыныштықты сақтайтын болайық.
Әлемдік экономиканың перспективалары еуроаймақтың бірқатар елдеріндегі
созылмалы дағдарыспен күрделене түсуде. Еуроодақтың көптеген елдерінде
мультикультуризм саясатының құлауы ашық мойындалуда. Олар қазірдің өзінде
көпұлттылық пен көпмәдениеттіліктен бас тартуда.
Сонымен бір мезгілде, бүкіл әлем бойынша дінаралық қарама-қайшылық
шиеленісе түсіп отыр. Құранды көпшілік алдында келеке ету мұсылман қоғамында
әділетті наразылық туғызды. Жауап ретінде фанаттар Ауғанстандағы БҰҰ миссия-
сында жұмыс істейтін жазықсыз жандардың қанын төкті.
Әлемнің көптеген өңірлері табиғи апаттардың тегеурінін бастан кешті. Ондаған
мың адам опат болса, сұрапыл материалдық шығын келді.
Жапониядағы — әлемнің екінші экономикасындағы жер сілкінісі мен цунами
жаһандық экономикалық дамуға қатер төндіруде. Фукусима қасіреті бейбіт атомды
пайдалану қауіпсіздігіне үлкен проблемалар алып келді.
Мұның барлығы, қымбатты достар, жаңа онжылдықтың нақты қауіп-қатерлері.
Бүгінде Қазақстан — әлемдегі аздаған қауіпсіз елдердің бірі. Бізде әрі қарай
да әлемге тұрақтылықтың, төзімділік пен қоғамдық топтасудың үлгісін көрсетуге
мүмкіндік бар.
Кезінде Махатма Ганди: «Мен басқа елдер менің бостан елімнен бір нәрсе
үйрене алулары үшін өз елімнің еркіндігін қалаймын» деген болатын.
Міне, осылайша деуге болады, біз басқа елдерді табысқа қалай жетуге болаты-
нына үйретудеміз.
Егер менен сұраса, мен былай деген болар едім: қазақстандықтар бүкіл әлемге
өркендеудің жалғыз дұрыс жолы — халықтың топтасуы екенін дәлелдеді.
Бізде барлық мүмкіндіктер мен ресурстар бар. Біз жаңа онжылдықтың жаһандық
қауіп-қатерлеріне тек осылай ғана қарсы тұра аламыз.
Және біздің табыстарымыз әлемде аса жоғары баға алуда.
Бұл — біздің Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына басты сыйымыз.
267
Қосымшалар
Осында, Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінде сөйлегенде Ұлттық азшылықтар істері
жөніндегі Жоғарғы комиссар Кнут Воллебек былай деді: «Мен өз кезегінде сіздің
еліңіздің өзіндік біртектілігін айқындайтын Қазақстанда алға қойылған мәдени
көпқырлылық үшін кеңістік қамтамасыз ету мақсатын қолдаймын».
Біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығымыздың табысы, 11 жылғы үзілістен кейін ЕҚЫҰ-
ның Астана саммитін өткізу — біздегі бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделін,
қазақстандықтардың бірлігін жаһандық мойындау.
Қымбатты достар!
Мен ұлы қазақ ойшылы Абайдың сөзін тағы да көлденең тартқым келеді. Ол бы-
лай деген болатын: «таң алдындағы сәт бәрінен қараңғы».
Біз 90-шы жылдары ерлік таныттық, біз тарихтағы ең күшті әлемдік экономикалық
дағдарысқа шыдас бердік. Біз империялардың қалай қирап жатқанын көрдік.
Мұның барлығы біздің көз алдымызда болып жатты. Ештеңеге қарамастан,
Қазақстан таңсәріден де аман өтті. Біздің еліміз өсіп келеді және өзінің позиция-
ларын нығайта түсуде.
Қазақстандықтар қиямет-қайым қиын міндеттерді шешу төңірегінде бірлесіп,
табысқа жетуде. Біздің еліміз күшейе түсуде, біздің барлығымыз күшейе түсудеміз.
Мен Қазақстан жері бойымызға сіңірген жасампаздық қуаты әлемдегі ең озық,
ең топтасқан және парасатты қоғам құруға пайдаланылатынына сенімдімін.
268
Қосымшалар
Ядролық энергияны қауіпсіз
және инновациялық пайдалану мәселелері
жөніндегі саммитте сөйлеген сөзі
Украина, Киев қаласы, 2011 жылдың 19 сәуірі
Құрметті саммитке қатысушылар!
Ханымдар мен мырзалар!
26 сәуірде Чернобыль атом электр станциясында әлемдегі еңі ірі ядролық
техногендік апат болды. Чернобыль бейбіт атомды қауіпсіз пайдалану мәселелерімен
бүкіл әлемді ойландыруға мәжбүр еткен алғашқы оқиға болды десек, артық
айтқандық емес.
Чернобыль апатының зардабын залалсыздандыруға жүздеген мың адамның
қатарында 32 мың қазақстандық та қатысты. Олардың көбі денсаулықтарынан
айырылды, біразы өмірімен қоштасты. Ядролық радиацияның зардабын басынан
кешіп келген біздің халқымыз чернобыльдіктердің тағдырына барынша түсіністікпен
қарайды.
Қазақстан жерінде әлемдегі ең үлкен Семей ядролық сынақ полигоны бол-
ды. Жарты ғасырдан астам уақыт онда 116 Чернобыль апатының зардабына тең
456 жарылыс жасалды. Әлемдік жұртшылығы оған өз бағасын берген жоқ. Бұл
сынақтардың зардабы әлі де ұзақ уақыт сезілетін болады. Қазақстанның Президенті
болып сайланғаннан кейін алғашқы Жарлықтарымның бірі Семей ядролық полиго-
нын жабу туралы құжат болды.
Бұрынғы Семей полигонының орнына былтыр БҰҰ-ның басшыларынан бірінші
болып Пан Ги Мун келіп, әлемнің басқа да елдеріне бізден үлгі алуға шақырып,
Қазақстанның жаһандық ядролық қарусыздану ісіне сүбелі үлес қосқанына жоғары
баға берді.
Семей полигонының жабылғанына биыл 20 жыл толады. Семей полигоны
жабылғаннан кейін ғана әлемдегі басқа полигондар да үнсіз қалды. Қазан айында
осы маңызды оқиғаға арналған Халықаралық ядросыз әлем форумы өтеді. Бұл
бастаманы мен өткен жылы Вашингтон саммитінде көтергенмін.
Осы мүмкіншілікті пайдаланып, барлық мүдделі халықаралық ұйымдар мен
мемлекеттерді соған қатысуға шақырамын.
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Бұдан 25 жыл бұрынғыдай бүгін де атом энергиясын қауіпсіз пайдалану мәселесі
өткір тұр. Бұған Жапонияның «Фукусима» АЭС-ндегі төтенше оқиға себеп болды,
ол атом энергетикасын дамыту саласындағы жаһандық қатерді жалпығаламдық
басқару тетіктерінің тапшылығын айқын байқатты. АЭС-терді салу жоспарына ба-
рынша мұқият қарайтын жаңаша ұстаным керек екенін атап көрсетті. Әсіресе,
бұрын мұндай энергетиканы пайдаланбаған елдерде бақылау еселеп арттырылуы
керек.
Үстіміздегі ғасырдың ортасына қарай 50 ел АЭС-ке қол жеткізгісі келіп отырғаны
белгілі. Апат болған жағдайда олар елдің ауқымынан шығып, трансшекаралық
өлшемге жететінін ескеруі тиіс. Сондықтан АЭС және басқа да азаматтық атом
269
Қосымшалар
нысандарының қауіпсіздігі жаһандық ядролық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас
бөлігі болып отырғаны айдан анық.
Осыларды ескеріп, қауіпсіздіктің халықаралық, барынша қатаңдатылған,
біртекті стандарттарын әзірлеу керек. Осы қатарда МАГАтЭ шеңберінде және
тәуелсіз сарапшылардың күшімен АЭС-терді басқару жүйелеріне тұрақты түрде
стресс-тест жасалып тұруы қажет.
Сонымен бірге АЭС пайдаланушы мемлекеттер мен компаниялар өздерінің
ядролық объектілерінде болған кез келген, тіпті елеусіз болса да оқыс оқиға туралы
өз тұрғындарын да, халықаралық қоғамдастықты да шұғыл хабардар еткені талап
етілуі керек. Осындай заңды талапты орындағысы келмегендер болса, қатаң санк-
циялар көзделуі қажет.
Атом энергетикасын дамытқысы келген кез келген елдің үкіметі апатқа жол бер-
ген жағдайда басқа мемлекеттер мен жаһандық экологияға келтірген зардабының
шығынын өтеуге дайын болуы шарт.
Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бүгінгі күні елдің билігі мен бизнесінің
басында болған адамдардың қателіктеріне жауап бермейтін болуы тиіс.
Қазақстан өзінің атом энергетикасын дамытуға байыппен қарайды. Біздің
еліміз қазір уран рудасын өндіруден әлемде бірінші орында тұр. Еліміз реакторлар-
ды пайдалануда да, қолданбалы ядролық физика саласында да жеткілікті дәрежеде
ғылыми-тәжірибелік сынақтардан өткен.
Атом өнеркәсібін дамыту барысында біз ядролық отын циклінің вертикал-
ды интеграцияланған компаниясын құруды жоспарлап отырмыз. Яғни, уран-
ды өндіруден бастап, одан ядролық отын алуға дейінгі циклді жасамақпыз. Со-
нымен бірге, атом энергиясын пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымына қарсы тұрудың тиімді
мемлекеттік жүйесін жасаймыз.
Біздің еліміздің барлық ядролық объектілері МАГАтЭ тарапынан түгел қамтылған
кепілдікте тұр.
Атом энергетикасы объектілерінің геологиялық-геофизикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде үлкен тәжірибе жинақталды.
Қазақстан МАГАтЭ-нің басқаруымен елімізде Аз байытылған уранның
халықаралық банкін құру туралы идея тұрғысынан таратпау режимін нығайтуға
үлес қосуда дайын.
Біз атом энергетикасының күллі әлемдік қоғамдастықтың инновациялық-
индустриялық дамуының құрамдас бөлігіне айналатынына сенімдіміз. Бұл үшін
ядролық технологиялар XXI ғасырдың рухы мен сұранымына сай келетін сапалы
жаңа деңгейге көтерілуі тиіс.
Қазақстанның Үкіметі Франция мен Украина президенттерінің өтінішін қарап,
Чернобыль АЭС-ндегі халықаралық жобаларды аяқтау үшін қаражат бөлу туралы
шешім қабылдағанын атап өткім келеді.
Киев саммитінде атом энергетикасын қазіргі заманғы дамыту мен оның
қауіпсіздігі мәселелерін кеңінен әрі жан-жақты талқылау нақты нәтижелерге
жеткізеді деп сенім білдіремін.
Саммиттің қатысушыларына зор денсаулық пен табыстар тілеймін.
назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
270
Қосымшалар
IV Астана экономикалық форумында
сөйлеген сөзі
Астана қаласы, 2011 жылдың 3 мамыры
Қадірлі қонақтар!
Құрметті форумға қатысушылар!
Ең әуелі құрметті меймандарға, осы форумға қатысушыларға қонақжай
Қазақстан жеріне басқан қадамдарыңыз құтты болсын деп айтқым келеді!
Еуразия жүрегіндегі елордамызда Астана экономикалық форумы осымен
4-ші жыл өтіп отыр. Халықаралық іргелі шараға қатысушылар қатары жыл
сайын өсіп келеді. Осыдан форумға үлкен қызығушылық бар екені бәрімізге
байқалып отыр.
Бүгінде әлемдік қоғамдастық жаңа 10 жылдыққа қадам басты. Қазіргі үрдістер
дүние дамуының жаңа қарсаңында тұрғанын білдіреді. Сондықтан, дағдарыстан
кейінгі кезеңде «жаңа қағидаттар қандай болады, қандай жаңа тәртіп орнайды»
деген сауал баршаны толғандырады.
Мен мұндай ортақ қағидаттарды барлық елдердің күш-жігерімен
қалыптастыруымыз керек деп санаймын. Сонда ғана әлемдік құрылымның жаңа
жүйесі баршаның және әрқайсымыздың мүддемізге сай болады.
Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруде белсенді рөл
атқаруға ұмтылып келеді. Оны бәріңіз білесіздер. Бұл орайда біздің тәжірибеміздің
мол екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазақстанның осы рөлін айқындауға өткен
жылғы ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалығы және саммиттің өтуі дәлел бола алады деп са-
наймын.
Құрметті форумға қатысушылар!
Ханымдар мен мырзалар!
Форумға қатысқандарыңыз үшін баршаңызға рақмет айтқым келеді. Біз
сіздерді жаңа елордамыз — Астана қаласында шын ықыласпен қарсы алып, біздің
форумымыздың қалыпты жұмыс жасауы мен табысты өтуі үшін барлық жағдайды
жасауға әзірміз.
Қазақстан — бүгінде әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің
бірі. Біз бірқатар дағдарыстарды сәтті еңсере алдық. Бірінші, ең ауыр дағдарыс —
біздің экономиканы толық тұқыртып кеткен Кеңес Одағының тарауы болды.
Екіншісі — Оңтүстік-Шығыс дағдарысы. Ең соңында әлемде болып өткен соңғы
дағдарыс — оны біз ойдағыдай еңсеру үстіндеміз.
Біз орнықты экономикалық дамудың 7%-дық деңгейдегі жоғары қарқынды
даму арнасына шығамыз деп ойлаймын. Осынау 20 жылдың бәрінде біздің
мемлекетімізді құрып қана қоймай, өздерің көріп отырғандай, небәрі 12 жылдың
ішінде жаңа астана салып үлгердік. Бұл Қазақстан дамуының, оның болашағы
беріктігінің көрінісі.
Біз 2016 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы көлемін
15 мың долларға жеткізе отырып, жоғарғы кіріс деңгейіндегі елдер тобына қосылуды
мақсат етіп отырмыз.
271
Қосымшалар
Егер 1994 жылмен саластырсақ, ел экономикасы 13 есе — жан басына
шаққандағы ІЖӨ көлемі 700 доллардан үстіміздегі жылы 10 мың долларға дейін
өсті.
Оны іске асырудың негізгі құралы үдемелі индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасы болып табылады. Ол біздің экономикамызды болашақ дағдарыстарға
төтен беруге дайын етіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Алайда, жаһанданған әлемдегі бір елде болған оқиғалар басқа елдердің дамуы-
на да ықпал етпей тұрмайды. Біз өзара байланыстамыз.
Бүгінгі форум — осындай мәселелердің шешімін іздестіретін танылған
алаңдардың бірі. Сондықтан да мен сіздермен қазіргі дағдарыстың сабақтары,
болашақтың қатерлері және алдағы жаңа онжылдықтың перспективалары туралы
сабағынан алған өз топшылауыммен бөліскім келеді.
Соңғы кездері кері әсерлерді еңсерудің белгілері пайда бола бастады.
Дегенмен, соңғы 70 жылдағы экономикалық катаклизмнің ең ірісі болып та-
былатын дағдарыстың терең проблемаларын шешу мәселесі әлі айқындалған жоқ.
Қазіргі дағдарыстың әлемге берген сабақтарын объективті әрі жан-жақты талдау
қажет.
Оның басты сабағы — экономикалық саясатта теңгерімсіздіктерге жол бер-
меу. Ауыр болса да бақылаусыз, бетімен кеткен қаржы нарығын төтенше қысымда
ұстаудың маңызы мен пайдасы зор.
Әлемдік ақша эмиссиясының ақауымен астасқан тағы бір теңгерімсіздік салда-
ры алыпсатарлық капиталдың тауарлық және басқа да нарықтары бойынша «шек-
тен шыққан» сатылуы болды. Реттелмеген қаржы секторына үйлестірілген ашық ка-
питал — бұл баяу жарылатын бомбамен тең. Ол бүкіл әлем бойынша бір рет жарыл-
ды, әлі де талай жарылуы мүмкін.
Дағдарыстың екінші сабағы әсіресе дамушы елдер үшін индустриялық және
инновациялық саясаттың маңызының артуы болды. Әлемнің көптеген елдері
жаһандық бәсекелестікке инновациялар, жаңа технологиялар мен өзіндік
корпоративтік чемпиондарын қалыптастыру арқылы қосылуға әрекет етуде.
Дегенмен, қазіргі таңдағы қаржы секторы мен нақты экономиканың арасындағы
айырмашылықтар айдан анық. Олар іргелі сипатқа ие болды.
Жуықта «Forbes» журналы «Глобал-2000» кезекті рейтингін жариялады. Бұл
әлемнің 2 мың ірі трансұлттық компаниясынан тұратын әлемдік капиталдың өзіндік
рентген жазбасы. Бәрін қосқанда олар жиынтық 30 трлн. доллар түсімді, таза
пайдасы — 1,5 трлн. долларға жуық пайданы және 125 трлн. доллар активтерді
иеленіп отыр.
трансұлттық компаниялардың бұл рейтингін шартты түрде «индустриялық»
және «қаржылық» деп 2 топқа жатқызуға болады.
Біріншісі — капиталдың нақты секторындағы 1 700-ге жуық қатысушылар.
Ол қаржы капиталының екінші тобына қарағанда 2 есе артық болғандығына
қарамастан, әлемдік дамудағы рөлі салыстыруға келмейтіндей төмен.
Ойланып көрейік: бұл арақатынас қаншалықты тең құқықты және теңгерімді,
олардың әрқайсысының әлемдік аренадағы рәсімделуі мен үйлесімділік дәрежесі
және деңгейі қандай?
Әлемдік капиталдың осынау 2 органикалық бөлігі арасында тиімді теңгерімділік
қамтамасыз етілген жағдайда ғана жаһандық дағдарысты аяқтауға болар еді.
272
Қосымшалар
Дағдарыстың үшінші сабағы жеткілікті дәрежедегі әлеуметтік саясаттың қажет
екендігіне түсініктің артқандығы болып отыр. Соңғы кездері оның рөлі негізсіз
төмендетілген болатын.
Араб елдерінде, тіптен, дамыған бірқатар елдердегі белгілі оқиғалар халықтың
әлеуметтік жағдайын тұрақты назарда ұстаудың өткірлігін көрсетіп берді.
Өкінішке қарай, нарықтық күштер жұмыспен және азық-түлікпен, әлеуметтік
қорғаумен және тұрақтылықпен қамтамасыз етудің сайма-сай міндеттерін барлық
жерде бірдей шеше алған жоқ. Аталған теңгерімсіздіктердің нәтижелері тұтас
алғанда дамыған және дамушы экономикалардың арасындағы айырмашылықтың
ұлғаюы, сауда даулары, валюталық кикілжіңдер, өсе түскен мемлекеттік қарыздар,
жұмыссыздар мен аз қамтылған халық санының өсуі болды.
Әлемде тұңғыш рет бүтіндей мемлекеттердің банкроттыққа ұшырауы әлеуеттік
тұрғыдан мүмкін болды.
Әлемдік экономиканың алдында оның қаржылық, индустриялық-инновациялық
және ресурстық-азық-түліктік секілді 3 негізгі секторында жаһандық сынақтар
тұр. Әлемдік қаржы секторының дағдарысты жағдайы әлемдік қаржы жүйесінің
ақаулығында және оның негізгі құрамдас бөлігі әлемдік резервтік валютада тұр.
Қазіргі қолданыстағы валюталық-қаржылық жүйе заңдылық пен демократиялық
қағидаттарға жауап бере алмайтындығын, макроэкономикалық қағидаттарды
бұрмалап, пайда болған жаһандық проблемаларды шешуге кедергі келтіреді.
Бұл ахуалды жою үшін осы уақытқа дейін қолға алынбаған түбегейлі шаралар
қарастырылуы қажет.
түбегейлі қайта өзгерістер идеясы БҰҰ және G20 секілді ең жоғары мемлекет-
аралық деңгейдегі экономистер, саясаткерлер арасында үлкен үнқатулар табуда.
Әлемдік валюта жүйесінің ақаулылығы бірқатар елдерді баламалы валютаны
қолдану үшін практикалық қадамдар қарастыруға мәжбүр етуде. Мәселен, Болива-
риан альянсы елдері қазірдің өзінде сукре шартты бірлігімен операциялар туралы
сөз етуде. БРИКС елдері өзара несиелеу үшін ұлттық валюталарын пайдалану тура-
лы меморандум қабылдады. Мұндай мысалдар бірлі-екілі емес.
Ақыр аяғында әлемнің барлық экономикалары ұлттық есеп-төлем бірлігін құру
және енгізу, ал мұнан кейін жаңа қағидатты жаһандық валютаны құруға келетін бо-
лады.
Ал қазіргі жағдайда әлемде экономикалық қатынастарда дамыған және дамушы
елдер арасында экономикалық теңсіздік қалыптасып отыр. Оның өзі үлкен пробле-
маларды көлденең тартуда. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша үстіміздегі
жылдың басынан бері азық-түлік бағасы 36%-ға көтерілген. Осының салдарынан
кірісі төмен және азық-түлігі тапшы елдер азық-түлік импортын қаржыландыру про-
блемасына тап болды. нәтижесінде, өткен жылдың маусым айынан бері кедейлік
шегінен төмен адамдардың саны 44 млн. дейін өсті. Азық-түлік бағасының көте-
рілуі жағдайында бұл санның одан әрі арта беретіндігі анық.
2007 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында мен қазіргі
қалыптасып отырған жалпыадамзаттық проблемаларға сәйкес «Жаһандық
энергоэкологиялық стратегияны» әзірлеу идеясын ұсынған едім. Мен оны Бра-
зилияда 2012 жылы өтетін БҰҰ-ның «РИО+20» тұрақты даму конференциясына
талқылауды ұсындым. Ол бүгінгі форум шеңберінде талқыланып, қолдау табады де-
ген сенімдемін.
273
Қосымшалар
Мұндай пікірсайыстар тиімділігініне өткен жылы ІІІ Астана экономикалық фору-
мында жария етілген біздің «жасыл көпір» бастамамыз мысал бола алады.
Құрметті форумға қатысушылар!
Мемлекеттердің бірігіп күш-жігер жұмсауы ғана қазіргі және жаһандық
қатерлерді орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктерге айналды-
ра алады.
Болашақ дамудың жалпыәлемдік саясаты менің пайымдауымша мыналарда:
Біріншіден, макроэкономикалық басқарудың үйлестірілген жүйесіне;
Екіншіден, шикізаттан қаржы секторына дейінгі рыноктарды жаһандық тұрғыдан
реттеуге;
Үшіншіден, тиімді валюта-қаржы жүйесін негізге алуға негізделуі тиіс.
Бірінші бағыт үшін үлкен жиырмалықтың (G20) қаржы министрлері ұлттық эко-
номикалар жағдайын бағалаудың теңгерімсіздіктерді айқындаудың «лакмустық»
құралдары бола алатын әмбебап индикаторларының тізімін айқындауы қажет.
Қазіргі күні әлемдік рыноктарды реттеу жүйесін құру туралы көп айтылуда.
Бірақ үйлестірілген шешім әлі әзірленген жоқ.
Биржалық тауарлардағы, әсіресе, энергоресурстар мен шикізат жөніндегі,
сондай-ақ азық-түлік тауарлары рыногындағы бағаларды зерделі басқару
халықаралық үйлестіруді қажет етеді.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін дамушы елдер-
де аграрлық секторды, әсіресе оның өндеу бөлігін ынталандыру, ал индустриалды
елдерге дамыған нарықтарға қол жеткізуге көмектесу керек.
Қаржы рыноктарын жаһандық басқару бөлігінде шығарылатын бағалы қағаздар
рыногына екпін түсірген орынды болар еді.
Соңғы дағдарыс алдында деривативтер рыногының айналымы бүкіл планетаның
жиынтық ІЖӨ-сінен 8 есе асып түскені белгілі.
Бәріміздің есімізде ең ақырында жаңа әлемдік резервтік валютаны құру мөлдір
және баршаға түсінікті жаһандық валюталық-қаржылық жүйені қалыптастыру
мүмкіндігін берген болар еді. Елдердің резервтері неғұрлым тұрақты болады.
тұтас алғанда бұл болашақ экономикалық перспективаларды нығайтатындығы
анық.
Сондықтан халықаралық үйлестірулерді нығайту үшін барлық елдер бірігіп,
Жаһандық реттеу туралы пакт қабылдауы орынды болар еді деп есептеймін.
Бүгін талқыланатын қатерлерді шешудің жоғарыда айтылған қағидаттардың бәрі,
меніңше, осы құжатта көрініс табуы тиіс. Бұл Пакт халықаралық экономикалық
саясаттың басты элементтердің келісу үшін нақты құралға айналады.
Құрметті форумға қатысушылар!
Бүгін осында экономиканың тамаша ақылмандары, теоретиктері мен практиктері
бас қосты. Оның ішінде бізге төртінші сайланған бас хатшының орынбасарларын
жібере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен маңыз білдірді. Осында туризм,
аграрлық кешен және басқа да аса ірі халықаралық ұйымдардың басшылары
қатысып отыр.
Бәріңізге шақыруымызды қабыл алып, IV Астана экономикалық форумына
Достарыңызбен бөлісу: |