Хроникасы



Pdf көрінісі
бет29/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44

мүмкіндіктерін кеңейту керек.

Ұйымның аумақтық және өңірлік жанжалдарды реттеу жөніндегі кеңесін құруды 

ұсынамын, оның аясында ШЫҰ-ның жауапкершілік аймағындағы ықтимал «отты 

нүктелерде» алдын алу шараларын қабылдау қажет.

Осы жылдары біз көрші Қырғызстанда 2 өткір саяси жанжалды және төңкерісті 

көрдік, біздің ұйым ешқандай қауқар көрсетпеді.

Екінші. Бізге мақсатты түрде ШЫҰ-да біртұтас көлік-энергетикалық кеңістік құру 

туралы мәселені дайындау қажет. 

Біздің елдерімізде мұнай, газ, гидроресурстар бар және ірі тұтыну нарығы бар. 

Біздің  мүдделерімізді  біріктіріп,  Құбыр  жолдары  мен  электр  тарату  желілерінің 

еуразиялық  тұтас  жүйесін  жасау  керек.  Көлік  құрамдасына  келсек,  алғашқы 

қадам — ғасыр құрылысы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомагистралі (ұзындығы 

8,7 мың км.).

Осы  мәселелермен  арнайы  құрылған  ШЫҰ  елдерінің  инфрақұрылымдық 

интеграциясы комитеті айналысар еді.

Үшінші. ШЫҰ аясында тығыз экономикалық ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін 

құру маңызды. 

Біз  инвестиция  мен  сауда  жолындағы  кедергілерді  барынша  төмендетіп, 

перспективалы бірлескен өндірістерді құруымыз қажет. 

Бірлескен жобалар мен инновацияны қаржыландыру үшін Даму қорын құруды 

тездетуді ұсынамын.

Әлемде  азық-түлік  қауіпсіздігі  мен  су  пайдалану  мәселелері  өткір  тұр.  Азық-

түлік бағасы өсуде. Ауыз су Еуразияның орталық бөлігінің әрдайым аса құндылығы 

болып келеді.

Халыққа осы мәселені болдырмау керек. Қазақстанның ШЫҰ аясында Су және 

азық-түлік комитеті атты тиісті ұлттық ведомстволар басшыларының деңгейіндегі 

жаңа құрылым ашуды ұсынамын. 

төртінші.  Қазақстандағы  және  Ресейдегі  былтырғы  өрттер  мен  Жапонияда 

болған  жер  сілкінісі  төтенше  жағдайлар  жөніндегі  орталық  ашудың  қажеттілігін 

дәлелдеп отыр.

Әріптестеріме төтенше жағдайлар жөніндегі кеңес құрудың қажеттілігін де атап 

өткім келеді.

Бесінші. тұрақты жұмыс істейтін Ұлтүстілік болжам институтын құрудың уақыты 

жетті. Сонымен бірге, ШЫҰ дамуының біртекті болжамын да әзірлеу қажет.

Ол  үшін  барлық  ұлттық  болжамдық  ресурстардың  күшін  біріктіріп,  ШЫҰ-

ның  біртекті  орталығын  ашу  керек.  Күштерді  біріктіріп,  «ШЫҰ-2030»,  «ШЫҰ-

2050» болжамдық жобаларын әзірлеуге болады. Бұл алдағы уақытта орын алуы 

ықтимал жаһандық экономикалық дағдарыстарға қарсы тұру үшін керек. Өкінішке 

қарай, бүгінгі күні дүние жүзінде бүкіләлемдік валюта-қаржылық архитектураның 

кінәратын табу проблемасы әлі шешілмеген. 

Бізге  алтынмен  қамтамасыз  етілген  ұлтүстілік  толыққанды  валюта  қажет. 

Оны  қабылдау  ШЫҰ-ның  қолынан  келеді.  Және  своп-операциялар  —  осы  істің 

жолындағы алғашқы қадам. ШЫҰ-дағы тең құқылы ынтымақтастық үшін қажет.



292

Қосымшалар

Мен айтқан ұлтүстілік 5 мақсат — әлемнің алдағы 10 жылғы дамуына қажетті 

маңызды шаралар. Бұл ұсынысты ШЫҰ-ның «Бес мейірімді ісі» деп атауға да бо-

лар еді. Біздің барлығымызға қажет басқа да ұсыныстар болатынына сенімдімін.

Қадірлі әріптестер!

ШЫҰ-ның ерекшелігі мен тартымдылығы өз мақсаттарын іске асыруда саяси-

дипломатиялық, алға басу ұстанымдарын пайдалана білуіне байланысты.

ШЫҰ-ға мүше елдердің бәрі де аумақтарының, тарихтары мен мәдениеттерінің 

әртүрлілігіне қарамастан, тең және бірдей дауысқа ие. Сол себепті әлемде ШЫҰ-

ның  қызметіне  ғаламдық  тұрақсыздыққа  нақты  балама  ретінде  оң  көзқараспен 

қарайды. Сондықтан да әлем біздің Ұйымымыздан үлкен үміт күтеді.

Бүгін Астанада Еуразиядағы бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік жолын-

да Шанхай ынтымақтастық ұйымына біріккен біздің халықтарымыздың тарихында 

тағы бір шешуші тарау ашылғанына сенімдімін.


293

Қосымшалар

Петербург халықаралық экономикалық 

форумында сөйлеген сөзі

Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы, 2011 жылдың 18 маусымы

Құрметті форумға қатысушылар!

Ханымдар мен мырзалар!

Соңғы жылдары Санкт-Петербург форумы аймақтық және жаһандық ауқымда 

нақтыланған  экономикалық  стратегияны  әзірлеуге  көмектесетін  маңызды  тетікке 

айналып келеді.

Форумның бүгінгі тақырыбының өзектілігі де ешқандай сұрақ тудырмайды.

Бүгінгі  күні  әлем  дағдарыстан  кейінгі  даму  кезеңіне  өтіп  отыр.  Дағдарыстан 

кейінгі даму өте күрделі әрі қатерлі кезең деп айтуға толық негіз бар. Осы кезеңнен 

өтуде әлемдік экономика мен саясаттың барлық субъектілеріне дүниежүзілік тиімді 

даму формуласын табу көп нәрсеге байланысты.

Біріншіден, әлемдік экономикалық және валюталық жүйеде күрделі өзгерістер 

бола ала ма?

Осы өзгерістердің қажеттілігі туралы көп айтылуда, бірақ іс жүзінде бірде-бір 

шара қолданылмай отыр.

Екіншіден, осы өзгерістер көп елдер мен олардың азаматтарының өміріне қалай 

әсер етеді?

Жаһандық мәселелердің себептерін түсіну және оларды шешудің кілтін табудан 

бүкіл әлемнің болашағы қандай болатыны тәуелді болып отыр.

Мен Петербург форумында осынау сындарлы мәселенің шешімін табуға маңызды 

қадам жасалар деген сенімдемін.

Құрметті форумға қатысушылар!

Дағдарыс  өте  терең  экономикалық  жарықшақтар  салып  кетті.  Қазір  олар 

дағдарысқа қарсы шаралар пакеті арқылы шығарылған арзан ақша массасымен 

жамап-жасқалуда.  Бірақ  біртұтас  әлемдік  экономиканың  жарықшағы  мұнымен 

бітелмейді, тек сырты ғана өзгереді. Сондықтан мұндай шаралардың дағдарысты 

толық  еңсеруі  неғайбыл.  Әлі  күнге  жаңа  экономикалық  қатерлерге  қарсы  тұра 

алатын  тиімді  тетіктер  табылған  жоқ,  сондай-ақ  экономикалық  тұрақтылықтың 

сақталуына  біршама  оң  әсер  ете  алатын  жинақтағы  қаражаттың  сақталуына 

кепілдік беруі мүмкін сенімді әлемдік резервтік валюта немесе аймақтық валюта-

лар тобы ойластырылған жоқ.

«Кешегі  күннің  валютасын»  қосымша  эмиссия  арқылы  көбейту  жаңа 

экономикалық толқуларды ұзақ уақытқа тұзақтай алмасы айқын болып қалды.

Олар  көптеген  елдердің  экономикалық  дамуындағы  теңгерімсіздіктердің  — 

жұмыссыздықтың  жоғары  деңгейі,  бюджет  тапшылығының  көптігі,  мемлекеттік 

және  жекеменшік  қарыздар  деңгейінің  жоғарылығы  секілділердің  салдары-

нан  туатын  әлеуметтік  жарылыстардың  алдын  алуға  құдіреті  жетпейді.  Оған  ЕО 

елдері — Грекия, Испания, Португалия, Ирландия және таяу Шығыс пен Солтүстік 

Африка  елдері  айқын  мысал  бола  алады.  тұтас  алғанда,  әлемдік  экономиканың 

жандана бастауы оның орнығып-қалпына келуінің көрсеткіші емес.



294

Қосымшалар

Біркелкі  болмаған  соң,  экономикалық  дамудың  өзі  үлкен  тәуекел  тудырады. 

Жоғары дамыған елдер аздаған өсімге қол жеткізуде, бірақ оларда жұмыссыздық 

деңгейі сол қалпында қалып отыр. Ал дамушы елдер рыногы қызып кетудің үлкен 

тәуекеліне жақындап келеді.

Дағдарыстан  кейінгі  кезең  азық-түлік  ресурсының  жетіспеушілігімен 

ерекшеленді.  Қазір  әлемдік  ІЖӨ-нің  4,2%-дан  артығы  мұнай  өндіруге  кететін 

шығындар болып отыр, ал бұл тарихи қалыптасқан 3%-дан жоғары.

Осы дағдарыстың салқыны азық-түлік проблемасының өткірлене түсуіне алып 

келді. БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, аштық қаупі 2008 жылы 963 млн. адамға, 

ал 2009 жылы млрд. артық адамға төнген. 

табиғи-климаттық және басқа да факторлардың қиындаған кезінде азық-түлік 

өндіру  шығындарының  артуы  бүкіләлемдік  азық-түлік  дағдарысына  алып  келу 

қаупі бар.

Жаһандану экономикалық бәсекелестік пен әлеуметтік теңсіздікті күрделендіре 

түсуде.

Кейбір сарапшылардың бағалауына қарағанда, әлемнің жарты байлығын Жер 



тұрғындарының 2% ғана иеленіп отыр. 

Қолдан шығарылған қағазды белсенді саудалау жалғаса түсуде, ол әсіресе соңғы 

кездері  жылдам  қарқынмен  өсіп  келе  жатқан  шикізат  нарығының  тұрғысынан 

жақсы көрінеді. 

Қаржы секторы мен нақты экономиканың арасында тиімді теңгерімділік жоқ, 

алыпсатар капиталды қолдан күмпиту жалғасып жатыр.

Міне, осының бәрі әлемдік қаржы архитектурасын тез арада реформалау үшін 

қарқынды және тиімді шаралар қабылдауды қажет етеді. Мәселені сөзбұйдаға сал-

май, нақты іске асыруға көшу керек.

Әлемдік  қоғамдастық  дағдарыстан  нақтылай  шығу  үшін  жаңа  және  әділетті 

қаржы-валюталық архитектураға қарай сатылаған адымдар жасауы керек. Ал енді 

мұндай қадамдардың локомотивтері бірінші кезекте жаңа заманның лидерлері бо-

лары анық. Бірақ сол жаңа заманның қашан басталатыны әзірге белгісіз.

Ол үшін бізге осы дағдарыстың аяқталғанын және жаңа заманның басталғанын 

білдіретін белгілер мен критерийлерді анықтау керек шығар.

Бұл  критерийлерді  мен  осыдан  2  жыл  бұрын,  2009  жылдың  ақпан  айында 

жарияланған  «Дағдарыстың  кілті»  атты  еңбегімде  жариялаған  едім.  Әзірге  оның 

бірде-бір тұжырымын ешкім де жоққа шығарған жоқ.

Біріншіден,  бұл  негізгі  қолданушылар  әзірлеп,  әлем  елдерінің  көпшілігі  өз 

халықтарының мүддесі үшін қабылдаған заңдылық критерийі, яғни әлемдік валюта 

туралы заңның (немесе келісімнің) болуы.

Екіншіден,  бұл  әлемдік  валютаны  шығару  тетіктерін  басқару  мен 

процедураларының мөлдірлігі, яғни демократиялылық критерийі.

Үшіншіден,  бұл  қолданушылар  мен  тұтастай  әлемдік  қоғамдастық  тарапынан 

әлемдік валюта эмитентін бақылау критерийі.

төртіншіден,  бұл  негізгі  субъектілер  —  елдер,  компаниялар  және  азамат-

тар,  әлемдік  қоғамдастық  алдындағы  әлемдік  валюта  эмитентінің  жауапкершілік 

критерийі.

Кез келген сарапшы үстірт қарап шыққанның өзінде осы критерийлердің бірде-

бірі бойынша әлемде ешбір өзгеріс болмағанын анықтар еді. 



295

Қосымшалар

Қазір әлемді жаһандық дағдарысқа душар еткен батыстың ескі даму парадиг-

масы өз қауқарсыздығын толық көрсетті. Оның орнына қазір жақын болашақта 

ХХІ ғасырдың мэйнстримі болатын дамудың жаңа парадигмасы келе жатыр. Бұл — 

бұлжымас, айқын факт. 

Мен біздің пленарлық отырыстың «Болашақта дағдарысты болдырмаудың жол-

дары қандай?» деген сұрақтың жауабы қысқа әрі қарапайым дер едім. Оның жа-

уабы  тез  арада  ұйымшылдықпен  әрі  мақсатты  түрде  тиімсіз  қаржы-валюталық 

архитектураны  ауыстыру  болып  табылады.  Осыған  байланысты  мен  мына  өзекті 

мәселелерге назар аударғанды қалаймын.

Бірінші. Жаһандық қауіптер экономиканың шикізатқа тәуелділігінен құтылып, 

тұрақты және инновациялы дамуға көшу қажеттілігін көрсетіп отыр.

Қазақстан  жаһандық  сын-тегеуріндерге  қарсы  тұруға  бағытталған  іс-қимылдың 

өзіндік бағдарламасын әзірледі. 2010 жылы отандық экономиканың өсімі 7% болды.

Біз осы қарқынды төмендетпеу мақсатын алдымызға айқын қойып отырмыз.

Қазақстан 2016 жылы ІЖӨ көлемін 15 мың долларға жеткізіп, табысы жоғары 

елдер тобына өтетін болады.

Ал  өткен  жылы  біз  Қазақстанның  2020  жылға  дейінгі  даму  стратегиясын 

қабылдадық.  Ол  біздің  еліміздің  10  жылдық  кезеңіндегі  жаңғыру  бағыттарының 

негізгі бағыттарын айқындаған. Олар экономиканы үдемелі түрде әртараптандыру, 

адам  капиталын  дамыту,  іскерлік  және  тартымды  инвестициялық  климатты 

қалыптастыру,  халыққа  қызмет  көрсетуде  жоғары  сапаға  жету  және  ұлтаралық 

келісімді сақтау.

2015  жылға  дейін  құны  80  млрд.  доллар  болатын  және  жаңадан  200  мың 

тұрақты жаңа жұмыс орнын ашатын 500-дей жоба іске асырылатын болады.

Біз  орнықты  экономикалық  дамудың  негізі  мен  инновациялардың  басты 

қозғалтқышы адам капиталы екенін жақсы түсінеміз.

Сондықтан да дарынды балалардың әлеуетін ашуды көздейтін Зияткерлік мек-

тептер жүйесін аштық. 

Жоғары  оқу  орындарының  инновациялық  істерге  өтуін  қамтамасыз  ететін 

жұмыстар жасаудамыз.

Инновациялық әлеуетті дамыту үшін Астана қаласында жаңа халықаралық уни-

верситет пен инновациялық технологиялар паркін аштық.

Осынау  зияткерлік  алаңдар  әлемдік  деңгейдегі  ғылыми  орталықтарға, 

болашақтағы  инновациялардың  қайнар  көзіне  және  оны  іс  жүзіне  асыратын 

орындарға айналады.

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолы, Каспий теңізіндегі Ақтау портын да-

мыту Иран мен Қытайға тартылатын темір жолдар сияқты ірі жобалар асырылуда.

Орталық Азиядағы аса ірі іскерлік және қаржы орталығы — Алматы дамуда.

Біз  Қазақстанды  2016  жылы  сауда,  логистика,  іскерлік  хаб  және  Орталық 

Азиядағы  білімнің  аймақтық  орталығына  айналдыруға  барлық  күшімізді 

жұмылдырудамыз.

Бұл елдер арасындағы экономикалық бірігуді күшейтіп, біздің еліміздің де, күллі 

өңірдің де халқының өмір сүру деңгейін арттырады.

Екінші.  Ғаламдық  экономикалық  қауіптерді  кез  келген  мемлекет  өздігінен 

еңсере  алмайды  және  болашақта  жаңа  экономикалық  толқындарсыз  дамуға 

кепілдік берілмейді.



296

Қосымшалар

Сондықтан  да  Қазақстан  тМД,  ЕурАзЭҚ,  ШЫҰ  және  басқа  да  бірлестіктер 

аясындағы интеграциялық үдерістердің қолдаушысы болып келеді.

Бұдан 4 жыл бұрын, осында Санкт-Петербургте Қазақстан, Ресей және Беларусь 

мүшесі болып табылатын Кеден одағын құру туралы талқыласақ, бүгінде ол табысты 

жұмыс істеуде. Оның бірінші жылының өзінде ғана Қазақстанның әріптестерімен 

арадағы тауар айналымы ширек еседен артты. 

Ал 2012 жылы біз интеграцияның қазіргіден де тереңдетілген деңгейіне, яғни 

Бірлескен  экономикалық  кеңістікке  өтеміз,  оның  аясында  капиталдың,  еңбек 

ресурстарының,  тауарлар  мен  қызметтердің  еркін  қозғалуы  қамтамасыз  етілетін 

болады.


Еуразиялық  интеграция  туралы  Санкт-Петербург  форумында  айтқан  менің 

бірқатар идеяларым нақты көрінісін тапты. Бұл Астанада құрылған Ғалымдардың 

еуразиялық  экономикалық  клубы,  Еуразиялық  іскерлік  конгресс  және 

басқалары.

Үшінші. Кеден одағын құрғанымызбен, бізге ДСҰ-ға ену тиімді әрі стратегиялық 

жағынан маңызды екені айқындалып отыр.

Сонымен қатар әлемдегі ғаламшар халқының 15% ғана тұратын жоғары дамыған 

34 ел сыртқа шығарылатын өнімдердің жартысынан астамына (52,3%-на) ие бо-

лып отыр.

Ал  сол  кезде  дамушы  мемлекеттердің  қатарына  енетін  150  елдің  үлесіне 

жаһандық экспорттың үштен бірі ғана тиесілі. 

Осының өзі ДСҰ шеңберіндегі жасалатын келісімдердің теңқұқықты жағдайда 

емес екенін көрсетеді. 

Мәселен, ауыл шаруашылығын алатын болсақ, бұл Қазақстан үшін ғана емес, 

барлық дамушы елдер үшін бәсекелестікке қабілеттігі өте төмен сала болып табыла-

ды. Сондықтан біз бұл сектордағы мемлекеттік қолдауды сақтап қаламыз.

Жаһандық  экономикадағы  қазіргі  жағдайды  ескере  отырып,  Кеден  одағы 

елдеріне ДСҰ-ның шеңберінен шығатын ДСҰ-ПЛЮС шарттарын қоспағанда, оның 

тек негізгі келісімдерінің шарттарын сақтау қажет. 

Сонымен бірге, Кеден одағы елдеріне кеден аумағының ішінде де, оның сыртын-

да да біртекті (келісілген) сыртқы сауда қағидаттарын ұстануы аса қажет. ДСҰ — 

адамзаттың қол жеткізген үлкен жетістігі.

Қазақстан да, Ресей және басқа елдер сияқты оның толыққанды мүшесі болуға 

ұмтылады.  ДСҰ-ның  атына  айтылған  тілектер  осы  ұйымға  кіру  процесін  жемісті 

аяқтауға  деген  ниетімізді  және  барлық  әріптестерімізбен  бірге  оның  жаһандық 

экономикадағы рөлін күшейту жұмысымызды білдіреді.

төртінші.  Бүгінгі  күні  әлем  энергетикалық  қауіпсіздіктің  жаңа  қатерлеріне 

жолығып отыр. 

Дүние жүзінің 1 млрд.-қа жуық халқы бар дамыған елдері әлемнің барлық басқа 

бөлігіне қарағанда энергия ресурстарын 2 еседен артық жұмсайды. Шикізат ресур-

старына иелік ету жолындағы күрестер әлемдегі ахуалды жаңа шиеленістерге әкелуі 

мүмкін. Халықаралық энергетикалық агенттік мұнай мен газды қайта бөлу жағынан 

алғанда іс жүзінде тек энергоресурстарды тұтынушы импортер елдердің мүддесін 

ғана  жақтайды.  Сонымен  бірге,  баламалы  энергетика  көздерін  табу  бойынша 

барлық  зерттеулерді  үйлестіру  ісі  жоқ.  Сондықтан  мен  Әлемдік  энергетикалық 

ұйым құрудың қажеттілігі туды деп санаймын. 



297

Қосымшалар

Ол әлемдегі энергетикалық ресурстардың барлық түрін өндіру мен бөлу және 

ғылыми зерттеулерді үйлестіруге тиіс. Бұл ұйым энергетика қауіпсіздігі саласында 

мониторинг жасаумен және барлық мәселелерді шешумен айналысуы керек. 

Бұл іс әлемдегі кез келген энергияны, оның ішінде ядролық энергияны да артық 

проблемасыз және дүрбелеңсіз қолдануға мүмкіндік берер еді.

Әлемдік  қауымдастық  энергияны  теңдестірілген  пайдалануға  деген  бірлескен 

қағидаттарды тұжырымдай отырып, жаһандық экологиялық қауіпсіздік үшін негіз 

қалайтын болады.

Құрметті форумға қатысушылар!

Осы  форумдағы  пікірталас  жаһандық  экономиканың  дағдарыстан  кейінгі 

орнықты дамуына бағытталған жаңа бастамалар беретініне сенімдімін.

Қатысушылардың бәріне табыс және жемісті жұмыс тілеймін.

тыңдағандарыңызға рахмет!


298

Қосымшалар

Ислам ынтымақтастығы ұйымына 

мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері 

кеңесінің 38-ші сессиясында сөйлеген сөзі

Астана қаласы, 2011 жылдың 28 маусымы

Бисмиллаһи ир-Рахмани ир-Рахим!

Қадірлі қонақтар,

Ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді кеңпейіл Қазақстан халқы атынан ыстық ықыласпен қарсы алғаныма 

зор қуаныштымын!

Биыл еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеп жатқан Қазақстан үшін 

Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етудің тарихи маңызы өте зор.

Бүгінде  бейбітшілік,  ынтымақтастық  және  даму  үшін  Ислам  конференциясы 

ұйымының қажеттілігі арта түскені бәрімізге белгілі.

Бұл ұйым — төрт құрлықтағы 57 мемлекетті біріктіретін «Ислам әлемінің өзіндік 

Біріккен Ұлттар Ұйымы» міндетін атқарып отырған бірегей құрылым болып сана-

лады.


Ханымдар мен мырзалар!

Бүгінгі  алмағайып  заманда  Умма  салмақты  проблемалармен  бетпе-бет  келіп 

отыр. Ислам қоғамдастығына бейбітшілік, жаңғыру, ғылыми-техникалық даму және 

өркендеу ауадай қажет.

Умманың  жиынтық  экономикалық  әлеуеті  шексіз  және  бізге  өзара  тиімді 

ынтымақтастық, өзара көмек және дамуға ықпалдастық тұрғысынан күш біріктірген 

ұтымды болады. Сауда-инвестициялық, технологиялық, әлеуметтік және білім беру 

бағдарламаларын іс жүзіне асыруда Ислам ынтымақтастығы біздің ұйымның басты 

қағидаты рөлін атқарады.

ИКҰ-ға мүше мемлекеттер тұрғындарының орташа сатып алу қабілеті 9,5 мың 

долларды құрайды, ал Еуропа елдеріндегі балама көрсеткіш 24 мың доллардан асады.

Ислам  конференциясы  ұйымы  елдер  арасындағы  дамудың  өзінде  үлкен 

айырмашылықтар бар. Мәселен, жан басына шаққандағы ІЖӨ аса дамыған және 

дамымаған мемлекеттер арасында 100% айырмашылықты құрайды.

ИКҰ-ға  мүше  елдер  әлемдік  энергетикалық  ресурстардың  70%  бақылауында 

ұстап  отыр.  Алайда  оларға  әлемдік  ІЖӨ-нің  тек  қана  7,5%  және  әлемдік  тауар 

айналымының 11% ғана келеді.

Жағдайдың бұлай қалыптасуы біз үшін мүлдем орынсыз деп санаймын.

Біздің  ұйымға  мүше  әрбір  мемлекеттің,  тұтастай  алғанда  Умманың  бәсекеге 

қабілеттілігін  жоғарылату  қажет.  Сондықтан  ИКҰ-ға  мүше  мемлекеттердің 

экономикалық дамуы үшін интеграциялық стратегия дайындауды ұсынамыз.

Осыдан 3 апта бұрын өткен VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форумында 

мен бірқатар нақты ұсыныстар енгізсем, олар негізінен қабылданды.

Атап айтқанда, он жетекші мұсылман экономикалық тобы үшін үнқатысу алаңын 

құруды  ұсындым.  Ұйымға  мүше  57  мемлекеттің  тек  10-ы  ғана  мұсылман  елдері 

қоғамдастығы өнімі жиынтығының 80% шығарады.



299

Қосымшалар

ИКҰ шеңберінде азық-түлік бойынша өзара көмек көрсету жүйесін жөнге қойған 

жөн. Өйткені, бұл күн өткен сайын үлкен проблемаға айналу үстінде. Ал азық-түлік 

жетіспеушілігі бүгінгі таңда үлкен мәселеге айналып отырса, мүдделі елдерде оның 

пулын ұйымдастырған ұтымды болмақ. Біз ондай ұйымның штаб-пәтерін азық-түлік 

ресурсын экспорттайтын мемлекет ретінде Қазақстанда орналастыруға дайынбыз.

Бүгінде  энергетикаға  ауқымды  инвестициялардың  маңызы  өте  жоғары. 

Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауынша, 2030 жылға дейін энергия 

қуатын өндіру және тасымалдау үшін 17 трлн. долларды шығындау қажет болады.

Біздің  еліміз  «Болашақ  энергиясы»  тақырыбы  бойынша  «Экспо-2017» 

бүкіләлемдік көрмесін өткізуге өз кандидатурасын ұсынды. ИКҰ-ға қатысушы мем-

лекеттер  тарапынан  біздің  бастамашылдығымыз  қолдауға  ие  болады  және  ұйым 

мүшелері ұсынылған тақырыпты талқылауға белсене қатысады деп үміттенемін.

Мұсылман елдері проблемасын шешуге іштен келу қажеттігіне сенімдімін. Ис-

лам әлеміне дамудың шикізаттық бағытынан индустриялық-инновациялық қырына 

қарай көшу қажет.

ИКҰ  аясында  энергетикалық  салада  инвестициялық  және  технологиялық 

ынтымақтастық  бойынша  іс-әрекеттің  бірлескен  жоспарын  әзірлеп,  қабылдауды, 

сондай-ақ Халықаралық инновациялық орталық құруды ұсынамын.

ИКҰ  аясында  шағын  және  орта  бизнесті  қолдау  жүйесін  қалыптастыру  ісі 

маңызы зор басым бағыт болып табылады.

Біз  Ислам  даму  банкі  қасынан  Шағын  және  орта  бизнестің  арнаулы  қорын 

құруды ұсынамыз.

Әлемдік  экономикалық  дағдарыс  ислам  қаржы-экономикалық  моделінің 

тұрақтылығы мен өміршеңдігін айқындап берді. Умма әлемге ұсына алатын пайда-

лы және тиімді өнімдердің бірі ислам қаржыландыру жүйесі болып табылады.

Қазақстан өзінде Ислам банкін ашты. Біз Қазақстанда ислам қаржыландыруы 

мен  өңірлерде  исламдық  қаржыландыру  құралдарының  бенчмаркингін  құруды 

белсенді түрде алға жылжытудамыз.

Ислам банкингі жөнінде халықаралық конференция өткізуді, сондай-ақ Алматы-

ны ислам қаржыландыруын қолданатын өңірлік қаржы орталығы ретінде дамыту-

ды ұсынамын. Бұл конференцияны да сонда өткізуге болар еді.

Ақыр аяғында ислам әлемі өзінің артықшылықтарының бірі — демографиялық 

өсім  әлеуетін  пайдаланып,  оны  тұрақты  экономикалық  дамудың  ажырамас  бір 

бөлігіне айналдыруы тиіс.

Халықаралық  сарапшылардың  бағалауы  бойынша  2030  жылы  мұсылман 

әлемінде 2,2 млрд. адам өмір сүретін болады. Бұл — планета халқының төрттен 

бір бөлігі деген сөз.

Орасан зор адам ресурстары сайма-сай білім және ғылыммен қамтылуды қажет 

етеді. Ислам өркениетінің қайта өрлеуіне қызмет етіп, жаңа идеялардың алға жыл-

жуына қабілет танытатын интеллектуалдық элитаны тәрбиелеу біздің міндетіміз бо-

луы тиіс.

Орта  ғасырларда  ислам  әлемге  математика,  химия,  астрономия,  медицина, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет