Хроникасы



Pdf көрінісі
бет11/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44


денциясында  Қазақстан  Республикасының  саяси 

мемлекеттік  қызметшілерінен  Қазақстан  халқы  мен 

Президентіне ант қабылдады. 

Бас прокурор А.Қ. Дауылбаев, Мемлекеттік қызмет 

істері агенттігінің төрағасы Ә.М. Байменов, «Сырбар» 

сыртқы барлау қызметінің директоры А.Қ. Жанқұлиев, 

Ақмола  облысының  әкімі  С.А.  Дьяченко,  Алматы 

облысының әкімі А.т. Мұсаханов, Жамбыл облысының 

әкімі  Қ.А.  Бозымбаев,  Сыртқы  істер  министрі 

Е.Х.  Қазыханов,  Ішкі  істер  министрі  Қ.н.  Қасымов, 

Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбеков, Бай-

ланыс және ақпарат министрі А.Қ. Жұмағалиев, Білім 

және  ғылым  министрі  Б.т.  Жұмағұлов,  Денсаулық 

сақтау министрі С.З. Қайырбекова, Көлік және комму-

никация министрі Б.С. Қамалиев, туризм және спорт 

министрі  т.А.  Ермегияев,  Экономикалық  даму  және 

сауда министрі Ж.С. Айтжанова салтанатты түрде ант 

берді. 


Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

кейбір  заңнамалық  актілеріне  уәкілетті  мемлекеттік 

органдар  мен  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

тексерілетін  субъектілерге  қойылатын  талаптарды 

белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау 

құзыреттерін  қайта  қарау  мәселелері  бойынша 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №452-ІV 

Заңына қол қойды. 

Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республикасы-

ның  мемлекеттік  наградаларымен  марапаттау  тура-

лы»  №115,  «Жедел  іздестіру  іс-шараларын  жүргізу 

үшін  тауарларды  арнайы  техникалық  құралдарға 

жатқызу  тұрғысынан  техникалық  зерттеу  жүргізу» 

және  «тауарларды  ақпаратты  криптографиялық 

қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық 


114

Шілде


зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулер стан-

дарттарын  бекіту  туралы»  №116  жарлықтарына  қол 

қойды. 

6 шілде


Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  Астана 

күніне орай өткен мерекелік шаралар шеңберінде Сал-

танат сарайындағы салтанатты қабылдауға қатысты. 

Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының 

Президенті  Д.А.  Медведевпен  телефон  арқылы 

сөйлесті. 

Д.А.  Медведев  н.Ә.  назарбаевты  туған  күнімен 

құттықтап,  денсаулық,  игілік  және  Қазақстанның 

жоғарғы мемлекеттік лауазымында табыс тіледі. 

Әңгімелесу  барысында  мемлекеттер  басшыла-

ры  сондай-ақ  ағымдағы  жылдың  тамыз-қыркүйек 

айларына  жоспарланған  көпжақты  форумдар 

аясындағы  байланыс  жоспарларын,  сондай-ақ 

өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздік ісінде үйлестіруді 

тереңдету мәселелерін қозғады. 

8 шілде


Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республи-

касы  мен  Корея  Республикасы  арасындағы 

Қылмыстық  істер  бойынша  өзара  құқықтық  көмек 

туралы  шартты  ратификациялау  туралы»  №453-ІV, 

«Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Франция 

Республикасының  Үкіметі  арасындағы  Азаматтық 

қорғаныс,  төтенше  жағдайлардың  алдын  алу  және 

оларды  жою  саласындағы  ынтымақтастық  тура-

лы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №454-ІV, 

«Бірыңғай  экономикалық  кеңістікке  қатысушы 

мемлекеттердегі қызметтер көрсету саудасы және ин-

вестициялар  туралы  келісімді  ратификациялау  тура-

лы» №455-ІV, «Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары 

мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау ту-

ралы»  №456-ІV,  «Мемлекеттік  (муниципалдық)  са-

тып  алу  туралы  келісімді  ратификациялау  тура-

лы»  №457-ІV,  «Баға  белгілеу  мен  тарифтік  сая-

сат  негіздерін  қоса  алғанда,  электр  энергетикасы 

саласындағы  табиғи  монополиялардың  қызметтеріне 

қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімді рати-

фикациялау  туралы»  №458-ІV,  «Өтпелі  кезең  ішінде 

арнайы  қорғау,  демпингке  қарсы  және  өтемақы  ша-



115

Шілде


раларын қолдану тәртібі туралы келісімді ратификаци-

ялау туралы» №459-ІV, «Үшінші елдерге қатысты ар-

найы  қорғау,  демпингке  қарсы  және  өтемақы  шара-

ларын  енгізу  алдындағы  тергеулер  мақсаттары  үшін 

тергеу  жүргізетін  органға  мәліметтерді,  оның  ішінде 

құпия  ақпаратты  қамтитын  мәліметтерді  беру  тәртібі 

туралы хаттаманы ратификациялау туралы» №460-ІV 

заңдарына қол қойды. 

Президент сондай-ақ «Е.Ә. Әбілдаевты Қазақстан 

Республикасының  Оман  Сұлтандығындағы  төтенше 

және  Өкілетті  Елшісі  қызметіне  тағайындау  туралы» 

№117 Жарлығына қол қойды. 

11–20 шілде

Мемлекет  басшысы  қысқа  мерзімді  демалыста 

болды. 

12 шілде


Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының 

Президенті  Д.А.  Медведевке  көптеген  адам 

құрбандығына  себеп  болған  Еділ  өзеніндегі  «Булга-

рия» жолаушылар теплоходының апатына байланысты 

көңіл айту жеделхатын жолдады. 

15 шілде


Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

кейбір  заңнамалық  актілеріне  рұқсат  беру  жүйесін 

жетілдіру  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  №461-ІV  Заңына  қол 

қойды. 

20 шілде


Мемлекет  басшысы  «табиғи  монополиялар 

және  реттелетін  нарықтар  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  Заңына  өзгеріс  енгізу  туралы» 

№462-ІV,  «Мұнай  өнімдерінің  жекелеген  түрлерін 

өндіру  және  олардың  айналымын  мемлекеттік  рет-

теу  туралы»  №463-ІV,  «Қазақстан  Республикасының 

кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын рет-

теу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы» №464-ІV заңдарына қол қойды. 

21 шілде


Мемлекет  басшысы  Қазақстанның  2011  жылғы 

әлеуметтік-экономикалық 

дамуының 

маңызды 


мәселелері бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді. 

116

Шілде


Кеңес  жұмысына  Қазақстан  Республикасының 

Премьер-министрі 

К.Қ. 

Мәсімов, 



Президенті 

Әкімшілігінің  Басшысы  А.Е.  Мусин,  Президентінің 

көмекшісі Б.т. Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы министрі 

А.С.  Мамытбеков,  Экономикалық  даму  және  сауда 

министрі Қ.н. Келімбетов қатысты.

Кеңес  барысында  2011  жылғы  әлеуметтік-

экономикалық даму мәселелері, егін жинауға әзірлік 

барысы мен оны өткізу мәселелері талқыланды. 

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Өзбекстан 

Республикасының Президенті И.А. Каримовпен теле-

фон арқылы сөйлесті. 

Әңгімелесу барысында н.Ә. назарбаев Өзбекстанда 

болған  жер  сілкінісі  кезінде  орын  алған  адам 

шығындарына  байланысты  көңіл  айтты.  Қазақстан 

Президенті  зардап  шеккендердің  туған-туысқандары 

мен  жақындарына  өзінің  қолдау  сөздерін  жеткізді, 

сондай-ақ Қазақстан жер сілкінісі зардаптарын жоюға 

қолдау  жасап,  көмек  көрсетуге  дайын  екендігін  де 

тілге тиек етті. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

кейбір  заңнамалық  актілеріне  сыртқы  мемлекеттік 

қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  №465-

ІV, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық 

актілеріне  электрондық  ақша  мәселелері  бойынша 

өзгеріс  пен  толықтырулар  енгізу  туралы»  №466-ІV, 

«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 

актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер 

мен толықтырулар енгізу туралы» №467-ІV, «Қазақстан 

Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 

халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері 

бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  тура-

лы»  №468-ІV,  «Қазақстан  Республикасындағы  ар-

найы  экономикалық  аймақтар  туралы»  №469-ІV, 

«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 

актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері 

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

№470-ІV заңдарына қол қойды. 

Президент  сондай-ақ  «Елді  аумақтық-кеңістікте 

дамытудың  2020  жылға  дейінгі  болжамды  схема-

сын бекіту туралы» №118, «Қазақстан Республикасы 


117

Шілде


мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы 

туралы»  №119,  «Беларусь  Республикасының, 

Қазақстан 

Республикасының 

және 

Ресей 


Федерациясының  кеден  одағын  бірыңғай  тарифтік 

емес  реттеу  туралы»  Еуразиялық  экономикалық 

қоғамдастықтың  Мемлекетаралық  кеңесінің  (Кеден 

одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы 

№19  шешімін  орындау  жөніндегі  шаралар  туралы» 

№120 жарлықтарына қол қойды. 

22 шілде

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен 

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті 

отырысына төрағалық етті. 

Мәжілісте  діни  саладағы  тұрақтылықты  нығайту 

жөніндегі іс-шаралар туралы мәселе қаралды. 

Отырыс  барысында  сондай-ақ,  Президент 

Қазақстанның  дін  бостандығын  жария  еткен  зайыр-

лы  мемлекет  екендігін,  бірақ  бұл  —  билік  органда-

ры  діни  саладағы  қатынастарды  үйлестіруден  сырт 

қалады  деген  сөз  емес  екендігін  атап  көрсетті.  Ел 

ішінде  діни-экстремистік  идеология  элементтерінің 

таралуының,  конституциялық  құрылысты  құлатуға 

бағытталған,  азаматтардың  өмірі  мен  денсаулығына 

қауіп туғызатын ашық акциялардың жолын қатаң кесу 

керектігін айтты.

Осыған  орай,  Мемлекет  басшысы  құқық 

қорғау  және  басқа  мемлекеттік  органдарға  діни-

экстремистік құбылыстарды анықтау және оларға де-

реу үн қату, тәрбие және профилактикалық жұмыстарды 

күшейту, 

діни 


бірлестіктердің 

қолданыстағы 

заңнама  нормаларын  қатаң  сақтауын  қадағалау 

жөніндегі тапсырмалар берді. 

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

мен түркия Республикасы арасындағы Стратегиялық 

әріптестік  туралы  шартты  ратификациялау  тура-

лы»  №471-ІV,  «Қаржы  нарықтарында  капиталдың 

еркін  қозғалысын  қамтамасыз  ету  үшін  жағдай  жа-

сау туралы келісімді ратификациялау туралы» №472-

ІV,  «Келісілген  макроэкономикалық  саясат  туралы 

келісімді  ратификациялау  туралы»  №473-ІV,  «Ауыл 

шаруашылығын  мемлекеттік  қолдаудың  бірыңғай 

қағидалары  туралы  келісімді  ратификациялау  тура-

лы»  №474-ІV,  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 


118

Шілде


заңнамалық  актілеріне  исламдық  қаржыландыруды 

ұйымдастыру  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» №475-ІV, «Өнеркәсіптік 

субсидияларды  берудің  бірыңғай  қағидалары  ту-

ралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №476-ІV, 

«Халықтың  көші-қоны  туралы»  №477-ІV,  «Қазақстан 

Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 

халықтың  көші-қоны  мәселелері  бойынша  өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  №478-ІV, 

«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 

актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  №479-

ІV,  «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Фран-

ция  Республикасының  Үкіметі  арасындағы  Франция 

Республикасы  Қарулы  Күштерінің  Ауғанстан  Ислам 

Республикасын  тұрақтандыру  мен  қалпына  келтіру 

жөніндегі  іс-қимылдарға  қатысуына  байланысты 

Қазақстан  Республикасының  аумағы  арқылы  әскери 

мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету ту-

ралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №480-ІV 

заңдарына қол қойды. 

Президент  сондай-ақ  «Е.н.  Сағындықов  туралы» 

№121,  «А.Б.  Мұхамбетовті  Ақтөбе  облысының  әкімі 

қызметіне  тағайындау  туралы»  №122,  «Бизнестің 

әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкур-

сы  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

2008  жылғы  23  қаңтардағы  №523  Жарлығына 

өзгерістер енгізу туралы» №123, «Қазақстан Республи-

касы  Президентінің  кейбір  актілеріне  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  №124,  «2011  жылды 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы 

жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республика-

сы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №1144 

Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 

№125, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 

жылғы 26 наурыздағы №773 Жарлығына өзгерістер 

енгізу туралы» №126 жарлықтарына қол қойды. 

23 шілде


Мемлекет басшысы «Астана қаласының Бас жоспа-

ры ғылыми зерттеу-жобалау институты» МКК-ға бар-

ды, онда оған Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 

20  жылдығына  орайластырылған  Салтанатты 

қақпаның  кескіндемелік  жобасы  ұсынылды,  содан 

соң  ол  «Қазмедиа  орталығы»  телерадиокешенінің 

құрылысы барысымен танысты. 


119

Шілде


 

Телерадиокешеннің  жалпы  ауданы  —  75,5  шаршы 

метр. Кешен құрамында аппаратты-студиялық блок-

тар, көп арналы телетарату блогы, көп арналы радио-

тарату  блогы,  1  мың  орындық  киноконцерт  залы,  ұлттық 

медиа-мұрағаттың  аппараттық  кешені  бар.  Орталықтың 

негізгі мақсаты — мемлекеттік телеарналардың техникалық 

базасын қазіргі заман талабына сай стандарттарға келтіру, 

медиа-кеңістікті ұлттық медиа-контентпен толтыру, эфирлік 

сандық  телевизия  мен  радиотаратуға  өту,  электронды 

медиа-мұрағатты құру.

Мемлекет  басшысы  адам  шығындарына  әкелген 

қайғылы оқиғаларға байланысты норвегия Королі Ха-

ральд V-ке көңіл айту жеделхатын жолдады. 

25 шілде

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Білім  және  ғылым  министрі  Б.т.  Жұмағұловты 

қабылдады.  Ол  Білім  беруді  дамытудың  2011–2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  іске 

асыру барысы туралы баяндады. 

Мемлекеттік  бағдарламаны  талқылау  барысында 

Президент орта кәсіпкерлік-техникалық білім беру са-

пасын жақсарту бойынша міндеттер қойды. 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Сыртқы  істер  министрі  Е.Х.  Қазыхановты  қабылдап, 

ол  министрліктің  ағымдағы  қызметі  туралы  баяндап 

берді. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 



қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру тура-

лы  ережені  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2005  жылғы  6  қыркүйектегі  №1642 

Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» №127 

Жарлығына қол қойды. 

26 шілде


Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  кейбір  актілеріне  өзгерістер  енгізу  ту-

ралы  және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

кейбір  актілерінің  күші  жойылды  деп  тану  туралы» 

№128, «Қазақстан Республикасының пенитенциарлық 

жүйесі туралы» №129 жарлықтарына қол қойды. 



120

Шілде


27 шілде

Мемлекет басшысы Алматы облысында жұмыс са-

парымен болды. 

Президент 

Қайнар 

ауылында 



орналасқан 

«Ким О.Г.» жылыжай шаруашылығын және «Айдарба-

ев»  шаруа  қожалығының  қызанақ  өсіру  алқаптарын 

аралап көрді. 

Содан  соң  н.Ә.  назарбаев  Есік  қаласына  барып, 

«Есік жеміс қалбырлау зауыты» ЖШС-ның жұмысымен 

танысты,  орталық  аудандық  аурухана  мен  емхананы 

қарап  шықты,  сондай-ақ  Еңбекшіқазақ  және  талғар 

аудандары малшыларының слетіне қатысты. 

29 шілде


Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын 

алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау ту-

ралы» №130 Жарлығына қол қойды. 


тамыз

Дс

1



8

15

22



29

Сс

2



9

16

23



30

Ср

3



10

17

24



31

Бс

4



11

18

25



Жм

5

12



19

26

Сн



6

13

20



27

Жк

7



14

21

28



123

тамыз


1 тамыз

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік билік органдары 

жүйесіндегі  кадр  саясатының  кейбір  мәселелері  ту-

ралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2002 

жылғы 29 наурыздағы №828 Жарлығына өзгеріс пен 

толықтырулар енгізу туралы» №131 Жарлығына қол 

қойды.  

2 тамыз


Мемлекет  басшысы  жұмыс  сапарымен  Алматы 

қаласында болып, оның барысында метрополитеннің 

бірінші  кезектегі  құрылысының  аяқталу  барысымен 

танысты.


Президент Абай даңғылы мен төлебаев көшелерінің 

қиылысындағы  «Абай»  бекетінен  Гоголь  мен  Фур-

манов  көшелерінің  қиылысындағы  «Жібек  жолы» 

бекетіне дейін метро вагонында жүріп өтті. 

 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2002  жылғы 



19  желтоқсандағы  қаулысымен  бекітілген  Алматы 

қаласын дамытудың бас жоспары бойынша метро-

политен  құрылысын  аяқтау  және  пайдалануға  беру  3  желі 

бойынша  кезең-кезеңімен  іске  асыру  жоспарланған. 

Метрополитеннің бірінші желісі бірінші кезегінің құрылысы 

аяқталды. Райымбек даңғылында орналасқан метро Фурма-

нов көшесі бойымен Абай даңғылына дейін, одан әрі бұрылыс 

жасап, батыс бағыттағы Гагарин даңғылына дейін бағыт ала-

ды.  Оның  ұзақтығы  8,56  шақырымды  құрайды  және  оған 

7 бекет қосылады («Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Ал-

малы», «Абай», Байқоңыр», «М.О. Әуезов атындағы театр», 

«Алатау»).

Мемлекет  басшысы  өзінің  алматылық  резиден-

циясында  Алматы  қаласының  әкімі  А.С.  Есімовті 

қабылдады. Ол мегаполистің әлеуметтік-экономикалық 

даму барысы туралы хабардар етті. 

Мемлекет басшысы өзінің алматылық резиденция-

сында мерейлі 90 жасқа толуына орай танымал қоғам 

қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері С.С. Жиен-

баевты қабылдады. 

3 тамыз

Мемлекет  басшысы  Павлодар  облысында  жұмыс 



сапарымен болды. 

Президент ең алдымен «Еуразиялық энергетикалық 

корпорациясы»  АҚ  Ақсу  электрстансасында  болды. 


124

тамыз


Онда  облыс  әкімі  Б.А.  Сағынтаев  облыстың  жүйе 

құрушы  кәсіпорындарындағы  қазақстандық  қамту 

туралы  және  Үдемелі  индустриялық-инновациялық 

дамудың 2010–2014 жылдарға арналған бағдарламасы 

шеңберіндегі  өңірлік  жобалардың  орындалу  барысы 

туралы хабардар етті.  

Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын 

алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау ту-

ралы» №132 Жарлығына қол қойды. 

4 тамыз


Мемлекет  басшысы  Павлодар  облысына  жұмыс 

сапары  барысында  хлор  және  каустикалық  ұнтақ 

шығаратын «Каустик» АҚ зауытына барды. 

«Каустик»  АҚ  алаңдарын  қарап,  еңбек 

ұжымдарымен  әңгімелесе  отырып,  Президент 

кәсіпорынның  мүмкіндіктері  шектеулі  емес  екенін 

атап  айтты.  Мысалы,  «Каустик»  АҚ-мен  құрамында 

хлоры  бар  қоспалары  сұранысқа  ие  «Ромат» 

АҚ  ірі  фармацевтикалық  кәсіпорны,  «Павлодар 

мұнай-химия  зауыты»  АҚ,  «Мұнайхим-ЛтД»  ЖШС 

көршілес  орналасқан.  Өйткені  олар  өз  кезегінде 

пластик  құбырларын,  терезе  блоктарын,  техникалық 

салалардағы    көптеген  жинақтаушы  бөлшектерді 

шығаруға  негіз  қалайды.  Олар  шайыр  және  майлау 

майын,  резинотехникалық  бұйымдар,  дәрі-дәрмек, 

дезинфекциялаушы  препараттар  мен  тұрмыстық  хи-

мия, арнайы қатуға қарсы, флотациялық және басқа 

да  ерітінділер,  соның  ішінде  мұнай  саласы  үшін  де 

пайдаланылады.  

Содан соң н.Ә. назарбаев Павлодар қаласындағы 

«Энергетик» теннис орталығына барды. 

5 тамыз


Мемлекет  басшысы  «Ақорда»  астаналық  рези-

денциясында  облыстардың,  Астана  және  Алматы 

қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. 

Кеңес жұмысына сондай-ақ Қазақстан Республика-

сының  Премьер-министрі  К.Қ.  Мәсімов,  Президенті 

Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусин қатысты. 

Кеңесті аша келе, Президент елдің экономикалық 

дамуы  бойынша  тиісті  бағдарламалар  әзірленгенін 

атап өтті. Ең алдымен, ол — Үдемелі индустриялық-

инновациялық даму бағдарламасы, «Жұмыспен қамту» 



125

тамыз


бағдарламасы,  «Өнімділік»,  «Ауыз  су»,  «Бизнестің 

жол  картасы»  және  тұрғын-үй  шаруашылығы 

бағдарламалары. 

Индустрияландырудан 

басқа 

аталған барлық бағдарламаларды іске асыруға мемле-



кет 165 млрд. теңге қаражат бөлді. Бірқатар басқа да 

бағдарламалар іске асырылуда. 

н.Ә.  назарбаев  өңірлер  трансферттер  түрінде 

1,5  трлн.  теңге  алғандығын  атап  айтты.  Мемлекетте 

орындалатын  барлық  бағыттар  мен  бағдарламалар 

қаражаттармен  қамтамасыз  етілген.  Келесі  іс  тек 

тапсырылған жұмыстың орындалуын бақылауда ғана 

болып отыр. Биылғы және келесі жылдары экономи-

каны 7% қарқынмен өсіру міндеті қойылды.  

Сондай-ақ Президент индустриялық-инновациялық 

даму  мәселесін  және  әрбір  объектіні  экономика-

ны  одан  әрі  дамытудың  ең  маңызды  бағдарламасы 

ретінде бақылауда ұстау қажет екенін атап көрсетті. 

Жанар-жағар  май  материалдары  мен  азық-түлік 

бағалары  бойынша  жағдай  айрықша  назар  аудару-

ды  қажет  етеді.  Жанар-жағар  май  бағалары  бүкіл 

дүниежүзі  бойынша  өсіп  келеді,  себебі  мұнай  мен 

газ  бағалары  өсуде.  Жыл  басынан  бастап,  барлық 

өңірлерде  азық-түлік  тауарлары  бағаларының  өсу 

үдерісі  байқалды.  Әлеуметтік  маңызды  азық-түлік 

тауарлары  бағаларының  ең  көп  өсімі    Жезқазған 

қаласында  белгіленді  (жыл  басынан  бастап  15%). 

Атырау, Алматы, талдықорған, Астана және Өскемен 

қалаларында бағалар 10-12% өсті. 

«Бұны  жанар-жағар  май  құнының  өсуімен 

түсіндірілетіні ешқандай да сын көтермейді. Аталмыш 

мәселелермен Үкімет пен әкімдер әзірге жүйелі түрде 

айналыспайды. Мәлімет беру үшін, бірқатар дамыған 

елдерде бағалары белгіленіп қойылатын тауарлар  мен 

қызметтердің  тізбесі  заң  жүзінде  анықталады.  АҚШ, 

Австрияда  мемлекеттері  бағаларды  10%  бақылауда 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет