Хроникасы



Pdf көрінісі
бет9/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44

«Алтын  алқа»  және  «Күміс  алқа»  алқаларымен  наг-

радтау  туралы»  №87,  «Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2007  жылғы  28  тамыздағы  №399 

Жарлығының  күші  жойылды  деп  тану  туралы»  №88 

жарлықтарына қол қойды. 

24 мамыр

Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапар-

мен  келген  Беларусь  Республикасының  Президенті 

А.Г. Лукашенкомен кездесті. 

Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 

барысында  тараптар  екіжақты  өзара  іс-қимыл  мен 

халықаралық  және  өңірлік  ұйымдардағы  ынтымақ-

тастықтың ең бір өзекті мәселелерін талқылады. 

Келіссөздердің қорытындылары бойынша бірқатар 

екіжақты  құжаттарға,  соның  ішінде,  Қазақстан  Рес-

публикасы  мен  Беларусь  Республикасы  арасындағы 

үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық тура-

лы  келісімге,  Қазақстан  Республикасының  Қорғаныс 

министрлігі мен Беларусь Республикасының Қорғаныс 

министрлігі арасындағы мемлекеттік әуе кемелерінің 

қауіпсіз  ұшуы  саласындағы  ынтымақтастық  тура-

лы келісімге, Қазақстан Республикасының Ішкі істер 

министрлігі  мен  Беларусь  Республикасының  Ішкі 

істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы 

келісімге қол қойылды. 

Мемлекет  басшысы  «Валюталық  саясаттың 

келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификация-

лау туралы» №439-ІV Заңына қол қойды. 


90

Мамыр


25 мамыр

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен 

Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайына қатысты. 

Құрылтайға  35  жақын  және  алыс  шетел 

мемлекеттерінен 700-ден астам өкілдер қатысты. 

Оның жұмысын аша келе, Президент осы жылдар 

ішінде  Қазақстанға  1  млн.  астам  отандастар  көшіп 

келгенін атап өтті және Қазақстан тәуелсіздігінің 20 

жылдығы  қандастарымыздың  атамекеніне  ат  басын 

бұрған  ұлы  көшінің  20  жылдығымен  тұспа-тұс  келіп 

отырғанын  зор  мақтанышпен  айтты  (Қосымшаны 

қараңыз). 

Мемлекет басшысы «Ақорда» астаналық резиден-

циясында өткен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік 

кеңесінің отырысына төрағалық етті. 

Отырыста  еліміздің  ақпараттық  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  ету  мен  қылмыстық-атқару  жүйесін  да-

мыту мәселелері қаралды. 

Президент  ақпараттық-коммуникациялық  техно-

логияны дамыту және кеңінен енгізу қоғам мен мем-

лекет  үшін  жағымды  мүмкіндіктер  беріп,  үлкен  үлес 

қосатынын атап өтті.

Елімізде электронды қызмет, «электронды үкімет», 

кең  жолақты  Интернет,  байланыстың  соңғы  буы-

ны,  сандық  және  спутниктік  телевизия  белсенді 

енгізілуде.

Сонымен  қатар  бұл  ресурстардың  қоғамдық 

қауіпсіздік  мақсатына  сәйкес  келмейтін  қылмыстық 

және  өзге  мақсатта  пайдаланылатынын  ескермеуге 

болмайды, сондықтан мемлекет тиісті реттеуші шара-

ларды әзірлеуі қажет.

Отырыс барысында сондай-ақ отандық ақпараттық 

кеңістіктің бәсекеге қабілеттігін, елімізде сандық және 

спутниктік  телехабар  таратуды  енгізуді,  «электронды 

үкіметтің» сенімді қызметі мен олардың тұрғындарға 

қызмет көрсетуін, ақпараттық жүйе мен ресурстарды 

тиімді қорғауды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері 

талқыланды.

Бұдан  басқа,  ақпараттық  саланың  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  ететін  тиісті  мемлекеттік  механизмдер-

ге  баға  берілді,  әлеуетті  қауіп-қатер  мен  тәуекелдер 

қаралды.


Мемлекет басшысы өз сөзінде орын алып отырған 

проблемаларға  назар  аударта  отырып,  оларды  жал-

пы мемлекеттік деңгейде шешудің жолдарын ұсынып, 


91

Мамыр


еліміздің  ақпараттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету-

ге  бағытталған  стратегиялық  бағыттарды  айқындап 

берді.

талқылаудың  қорытындысы  бойынша  Үкіметке 



ақпараттық  қауіпсіздік  тетіктерінің  жай-күйіне 

тексеріс  жүргізу,  мемлекеттік  және  корпоративтік 

ақпараттық жүйенің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз 

ету, киберқылмыспен күрес тәжірибесіне талдау жасау 

жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

Ақпараттық  саланың  жоғары  ғылыми  ауқымды-

лығын ескере келе, уәкілетті мемлекеттік органдардың 

алдына  ақпараттық  қауіпсіздік  саласында  ғылыми-

тәжірибелік  қызметті  дамыту  және  кадрлар  даярлау 

жөнінде міндеттер қойылды.

Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару 

жүйесін дамыту туралы мәселені қарау кезінде н.Ә. на-

зарбаев бізге бұл салада белгілі бір нәтижелерге қол 

жеткізу мүмкін болғанын атап өтті.

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар са-

нын  едәуір  қысқартуға  мүмкіндік  беретін  ізгілендіру 

туралы заңға қол қойылды. Ел тәуелсіздігінің 20 жыл-

дығы құрметіне рақымшылық жасаудың жоспарлануы 

да өзінің оң рөлін атқарады.

Отырыс  барысында  «түрме  тұрғындарының»  са-

нын төмендету, жазасын өтеп жүргендердің жағдайын 

жақсарту, сотты болғандардың құқықтары мен олардың 

еңбекпен,  медициналық  қызметпен  қамтылуын   

қамтамасыз ету, түрме қауіпсіздігі жүйесін жаңғырту 

мәселелері талқыланды.

Бұдан  басқа,  жазаны  өтеу  жүйесінің  қызметін 

қамтамасыз  ететін  тиісті  мемлекеттік  тетіктерге  баға 

берілді, әлеуетті қауіп-қатер мен тәуекелдер қаралды.

Мемлекет  басшысы  өз  сөзінде  бостандықтан 

айыруға баламаны қолдану үшін жағдайды кеңейтуде 

пенитенциарлық жүйені одан әрі дамыту, жазаны өтеу 

жағдайы мен режимінің санын заңдық тұрғыда азай-

ту,  сотталғандарды  камерада  ұстауға  біртіндеп  ауы-

су,  бас  бостандығынан  айрылғандар  орнын  жалпыға 

ортақ халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін 

негізгі бағыттарды анықтап берді.

талқылаудың  қорытындысы  бойынша  Үкіметке 

қылмыстық  заңнаманы  одан  әрі  ізгілендіру,  байқап 

көру  қызметін  құру,  пенитенциарлық  мекемелер-

де  ұстау  режимдерін  өзгерту,  сондай-ақ  жазасын 

өтеп жүргендер жағдайын жақсартуға бағытталған іс-

шараларды қаржыландыру жөнінде бірқатар тапсыр-

малар берілді. 


92

Мамыр


30 мамыр

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы н.Ә. Әбіқаевты 

қабылдады.  Ол  комитеттің  ағымдағы  жұмысы  тура-

лы  және  ведомствоның  алдында  тұрған  міндеттердің 

орындалу барысы туралы хабардар етті. 

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Прези-

денті Д.А. Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. 

Мемлекет 

басшылары 

Қазақстан-Ресей 

қатынастарының түрлі аспектілерін, Астана қаласында 

болатын  ШЫҰ  мерейтойлық  саммитіне  байланысты 

мәселелерді талқылады.  

Президенттер  халықаралық  және  өңірлік  күн 

тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. 

Мемлекет  басшысы  «Бруно  Антонио  Паскуиноны 

Қазақстан  Республикасының  Құрмет  грамотасымен 

наградтау туралы» №89, «А.Д. Смағұловты Қазақстан 

Республикасының  тәжікстан  Республикасындағы 

төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  қызметіне  тағайындау 

туралы» №90 жарлықтарына қол қойды. 

31 мамыр

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Жоғарғы  сотының  төрағасы  Б.Ә.  Бекназаровты 

қабылдады. Ол сот жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде 

қабылданған  шаралар,  Жоғарғы  соттың  барлық 

деңгейдегі  соттарда  ашықтықты,  қолжетімділікті 

қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы баяндады.

Кездесудің  қорытындысы  бойынша  Президент 

еліміздің  сот  корпусында  тәртіпті  нығайту  жөнінде 

бірқатар тапсырмалар берді.   

Мемлекет  басшысы  «Есірткі,  психотроптық  зат-

тар,  прекурсорлар  және  олардың  заңсыз  айналымы 

мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары 

туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толық-

тырулар енгізу туралы» №440-ІV Заңына қол қойды. 

Президент  сондай-ақ  «Ахмад  Мохамед  Әли  әл-

Маданиді  І  дәрежелі  «Достық»  орденімен  наградтау 

туралы» №91 Жарлығына қол қойды.



маусым

Дс

6



13

20

27



Сс

7

14



21

28

Ср



1

8

15



22

29

Бс



2

9

16



23

30

Жм



3

10

17



24

Сн

4



11

18

25



Жк

5

12



19

26


95

Маусым


1 маусым

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық мұнай-

газ  компаниясы»  АҚ  басқармасының  төрағасы 

Қ.М. Қабылдинді қабылдады. Ол компанияның 2010 

жылғы  жұмысының  қорытындылары,  2011  жылға 

арналған  жоспарлары  мен  2020  жылға  дейінгі  даму 

перспективалары туралы хабардар етті.

2 маусым


Мемлекет  басшысы  Астана  қаласын  дамы-

ту  жөніндегі  кеңес  қарсаңында  жол    құрылысы, 

жаңартылған  сумен  жабдықтау  инфрақұрылымын 

және  рухани-мәдени  мақсаттағы  қаланың  бірқатар 

нысандарын аралады.  

Президент Жеңіс даңғылының  бойында   Гете  көшесі 

мен  Ә. Молдағұлова   көшесінің  аралығындағы  учаске-

де  жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстарының 

барысымен,  сондай-ақ  «Шеткері  аумақты  дамыту» 

(қалаға  қосылған  кенттерді)  бағдарламасы  аясында 

тілендиев даңғылының оңтүстік қапталындағы тұрғын 

үй  орамында  жолдар  мен  инженерлік  желілердің 

құрылысы  және  қалпына  келтіру  жұмыстарының  ба-

рысымен танысты.

Келесі  кезекте  н.Ә.  назарбаев    аралаған  нысан 

жапондық жобаны іске асыру аясында қолға алынған 

сорғы-сүзгі стансасы болды. 

Астана  қаласының  әкімі  И.н.  тасмағамбетов 

Президентті «Жерұйық» саябағының бірінші кезектегі 

құрылысымен таныстырды.

н.Ә. назарбаев сондай-ақ Оқушылар  шығармашы-

лық  сарайының  құрылысы барысымен танысты.

Содан соң Мемлекет басшысы елордадағы «Хазірет 

Сұлтан»  Үлкен  мешітінің  құрылыс  алаңын  аралап 

көрді.

3 маусым


Мемлекет  басшысы  Астана  қаласындағы  «Қазақ-

стан» орталық концерт залында өткен елорданы одан 

әрі дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді. 

Кеңеске  Қазақстан  Республикасының  Премьер-

министрі  К.Қ.  Мәсімов,  Президенті  Әкімшілігінің 

басшысы  А.Е.  Мусин,  Астана  қаласының  әкімі 

И.н.  тасмағамбетов,  сондай-ақ  Президентке,  Пре-

зидент  Әкімшілігіне,  Премьер-министр  кеңсесіне 

есеп  беретін  орталық  атқарушы  органдардың, 

мемлекеттік  органдардың,  Астана  қаласының 



96

Маусым


қалалық  департаменттері  мен  басқармаларының, 

Ақмола  облысы  әкімдіктерінің  басшылары,  Астана 

қаласы  мәслихатының  депутаттары,  қала  құрылысы 

кеңесінің  мүшелері,  екінші  деңгейдегі  банктердің, 

мемлекеттік  кәсіпорындардың,  ұлттық  және  жеке 

меншік компаниялардың жетекшілері қатысты. 

Кеңесті  бастамас  бұрын  Президент  жаңа  сәулет 

құрылысының  жобаларымен,  қаланың  коммуналдық 

шаруашылығын  басқарудың  электронды  жүйесімен, 

астананың көліктік инфрақұрылымын дамытудың кар-

таларымен танысты. 

Кеңесті  аша  отырып,  н.Ә.  назарбаев  бүгінгі 

таңда  Астана  тМД  елдерінің  ішіндегі  ең  қолайлы 

қалаларының  бірі  болып  танылып  отырғанын  атап 

өтті.   Астаналар  мен  ірі  қалалардың  халықаралық 

ассамблеясы  өткізген  конкурстың  қорытындыларына 

сәйкес Астана қаласы тМД елдерінің 81 қалаларының 

ішіндегі ең үздігі болып жарияланды. 

Кеңес  барысында  Астана  қаласының  әкімі 

И.н.  тасмағамбетов  Президентке  қаланың  одан  әрі 

дамуы мен өсу перспективалары туралы баяндады. 

Кеңес  қорытындыларын  жасай  отырып,  н.Ә.  на-

зарбаев 2001 жылы Астана қаласының болашақтағы 

стратегиялық даму жоспары аяқталған кезде, Астана 

қаласының тұрғындары 2030 жылға қарай 600–800 

мың  адам  көрсеткішіне  жетеді  деп  көзделгенін  атап 

өтті.  тек  өткен  жылдың  қорытындылары  бойынша 

астаналық тұрғындар саны 700-ге, тіпті одан да көп 

көрсеткішке жетті. 

4 маусым


Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы  мен 

Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге 

(Жай  операциялар)  (ОАӨЭЫ  1  көлік  дәлізі  [Жамбыл 

облысындағы  жол  учаскесі]  [атыс  Еуропа  —  Батыс 

Қытай  халықаралық  транзит  дәлізі]  Инвестициялық 

бағдарлама  —  4-жоба)  қол  қою  туралы»  №92 

Жарлығына қол қойды. 

6 маусым


Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапармен 

келген Малайзия Федерациясының Премьер-министрі 

Д. Разакты қабылдады. 

Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 

барысында  тараптар  энергетика,  минералды  ре-

сурстарды  игеру,  мұнай-химия,  ауыл  шаруашылығы, 



97

Маусым


құрылыс және қаржы салаларына, көмірсу шикізатын 

терең өңдеуге, ауыл шаруашылығы мен халал индус-

триясына  қатысты  бірлескен  жобаларды  іске  асыру, 

малайзиялық  компаниялардың  Қазақстанның  2020 

жылға  дейінгі  үдемелі  индустриялық-инновациялық 

даму бағдарламасын іске асыруға қатысуы мәселелерін 

талқылады. 

Келіссөздердің 

қорытындылары 

бойынша 


Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалық етуіне Малайзияның 

жәрдемдесуі  туралы,  Бірлескен  сауда-экономикалық 

комитетінің жұмысын жандандыру және Іскерлік кеңес 

құру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. 

Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын 

алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау ту-

ралы» №93 Жарлығына қол қойды. 

7 маусым


Мемлекет  басшысы  2011  жылғы  8  маусымда 

өтетін  VII  Дүниежүзілік  ислам  экономикалық  фору-

мына қатысу үшін келген Джибути Республикасының 

Президенті И. Гелені және Индонезия Республикасының 

вице-президенті Будиононы қабылдады.   

Мемлекет  басшысы  «Мемлекеттік  наградалардан 

айыру туралы» №94 Жарлығына қол қойды.

8 маусым


Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен 

VII  Дүниежүзілік  ислам  экономикалық  форумына 

қатысты. 

«Ғаламдық  экономикалық  даму:  қарым-қатынас, 

бәсекелестік, ынтымақтастық» тақырыбына арналған 

форум  жұмысын  аша  отырып,  н.Ә.  назарбаев 

мұсылман  елдеріндегі  елеулі  дағдарыс  жағдайларын 

атап өтіп, Ислам дүниесіндегі үш стратегиялық бағытты 

бөліп айтуға болатынына тоқталды. 

«Бірінші стратегия — инерциялы даму стратегиясы. 

Өкінішке орай, соңғы кездегі оқиғалар консервацияның 

ерте ме, кеш пе, апатқа ұрындыратынын көрсетті. 

Екінші стратегия қазіргі қоғамның құрылымдарын 

жоққа шығарып, өткенге түбегейлі қайта оралу үрдісіне 

негізделген. Бұл нұсқа тіпті кейде осы заманғы саяси 

және экономикалық ахуалдың нормаларын да толық 

жоққа шығарады. 


98

Маусым


Ал, үшінші стратегия ислам әлемін модернизация-

лауға бағытталған. Бірақ оны өзге үлгілерді талғамай 

көшіретін қарабайырлық тұрғысынан түсінуге болмайды. 

Қазіргі дүниедегі модернизацияланған ислам стра-

тегиясы  —  міне,  орта  тұс  дегеніміз  осы.  Исламның 

өзі  дін  ретінде  ешқандай  дағдарысқа  түспейді. 

Бұл  —  қазіргі  дүниедегі  ең  қарқынды  тарап  келе 

жатқан  дін.  Ислам  дүниесінің  бірнеше  аймақтары 

дағдарысты  бастан  кешіруде.  Қоғамды  модерниза-

циялау  исламның  өзінің  негіздерін  бұрмалау  деген 

сөз емес. Ислам қоғамын модернизациялау қажеттігі 

айқын  байқалып  отыр.  Бұл  алдымен  технологиялық, 

ғылыми және экономикалық дамуға байланысты. Әлем 

тұрғындарының бестен бір бөлігін құрайтын мұсылман 

әлемі өзінің экономика саласындағы әлеуетіне мүлдем 

сай  келмейді»,  —  деп  өз  алаңдаушылығын  жеткізді 

Қазақстан Президенті. 

Осыған  орай,  ол  бірқатар  бастамаларын  алға 

тартты,  оның  ішінде,  Умма,  Халықаралық  иннова-

ция  орталығы,  Ислам  даму  банкі  жанындағы  шағын 

және  орта  бизнес  қоры,  сондай-ақ  штаб-пәтерін 

Қазақстанда  орналастыра  отырып,  Ұйымға  мүше-

мемлекеттердің  өңірлік  қоры  және  азық-түлік  пулы 

негізінде  он  жетекші  экономикаға  арналған  сұхбат 

алаңын жасауды да ұсынды (Қосымшаны қараңыз). 

Мемлекет басшысы VII Дүниежүзілік ислам эконо-

микалық форумы аясында Ислам даму банкінің прези-

денті Ахмед Мұхаммед Әли әл-Маданимен кездесті.

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

соттарының  төрағаларын,  сот  алқалары  төрағалары 

мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен 

босату туралы» №95 Жарлығына қол қойды. 

10 маусым

Мемлекет 

басшысы 

«РУСАЛ» 


бірлескен 

компаниясының  бас  директоры  О.В.  Дерипасканы 

қабылдады.  Ол  «Богатырь»  көмір  кеніші  негізінде 

«Самұрық-Энерго» мен «РУСАЛ» бірлескен компани-

яларынан  құрылған,  бірлескен  кәсіпорынның  жұмыс 

қорытындылары туралы хабардар етті.

Кездесу  кезінде  сондай-ақ  өндірісті  одан  әрі 

кеңейту  және  инвестициялық  жобаларды  іске  асыру 

жөніндегі жоспарлар талқыланды. 


99

Маусым


 

Қуаттылығы жылына 50 млн. тонна көмір шығаратын 

«Богатырь» кенішінің құрылысы 1965 жылдан бастап 

1979 жылға дейін 9 кезекте салынды. 1985 жылы 

жылдық өнімділіктің ең үлкен көрсеткішіне қол жеткізілді — 

56,8  млн.  тонна  көмір  шығарылды.  Осындай  қуаттылығы 

бірегей кеніш дүниежүзі бойынша алғаш рет салынды және 

осы көрсеткіш бойынша 1985 жылы ол Гиннестің рекордтар 

кітабына енгізілді. 

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Қазақстан 

Республикасының  Бас прокуроры А.Қ. Дауылбаевты 

қабылдады. Ол елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің 

жай-күйі,  сондай-ақ  Президент  тапсырмаларының 

орындалу  барысы  мен  құқық  қорғау  қызметін  одан 

әрі жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар ту-

ралы баяндады. 

Кездесу  қорытындылары  бойынша  Президент 

прокурорлық  қадағалаудың  тиімділігін  арттыру, 

азаматтардың,  шағын  және  орта  бизнес  өкілдерінің, 

мемлекет  пен  қоғамның  құқықтарын  толыққанды 

қорғауды  қамтамасыз  етуге  бағытталған  нақты  тап-

сырмалар берді. 

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласының  айнала-

сындағы жасыл белдеудің даму барысымен танысты. 

Астана  қаласының  әкімі  И.н.  тасмағамбетов 

Президентті  елорданың  маңайындағы  аймақты  жа-

сыл желекке айналдыру жөніндегі тапсырмаларының 

орындалуы туралы хабардар етті. 

Жасыл белдеумен танысу барысында 50 қырғауыл 

табиғи  ортаға  босатылды.  Сонымен  қатар,  тәжірибе 

ретінде жасыл белдеу аумағына 5 елік әкелінді.

 

Қазіргі  таңда  жасыл  аймақтың  жалпы  ауданы 



16  584  гектарды  құрайды,  оның  ішінде  11  502,2 

гектар аумақты орманды алқап алып жатыр. Онда 

9,6 миллион түп ағаш пен 1,9 млн. бұта өсірілген. Астананың 

жасыл белдеуін қалыптастыру Мемлекет басшысының тап-

сырмасы  бойынша  2009  жылдан  бастап  қолға  алынды. 

Елорданың  жасыл  белдеуіне,  ондағы  жасыл  желектерге 

күтім  жасау,  орманды  алқапты  өрттен  қорғау,  зиянкестер-

мен күрес жүргізу жұмыстарымен «Астана орманы» ММК ай-

налысады.

Ағымдағы  жылы  кәсіпорын  бұған  дейін  егілген  жа-

сыл  желектерді  қайта  құру,  оңтүстік  батыс  бөлікте  және 

Талдыкөл  тоғанында  4500  гектар  ауданға  созылатын  ор-

ман  алқаптарын  құру  жобаларын  жүзеге  асыруға  және 


100

Маусым


жасыл  желектерді  түгендеуге  кірісті.  2013–2022  жылда-

ры аралығында 6042 гектар орманға төрт жобалау-іздестіру 

жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 

Мемлекет  басшысы  «Қ.Қ.  Лама  Шариф  туралы» 

№96 Жарлығына қол қойды. 

13 маусым

Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  мемлекеттік 

сапармен  келген  Қытай  Халық  Республикасының 

төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті. 

Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 

барысында  тараптар  екіжақты  өзара  әрекет  ету, 

сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының 

мерейтойлық саммитінің күн тәртібін талқылады. 

Келіссөздердің 

қорытындылары 

бойынша 


Қазақстан  Республикасы  мен  Қытай  Халық  Ре-

спубликасы  арасындағы  жан-жақты  стратегиялық 

серіктестікті  дамыту  туралы  бірлескен  декларацияға, 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық 

Республикасының  Үкіметі  арасындағы  қоршаған 

ортаны  қорғау  саласындағы  ынтымақтастық  тура-

лы  келісімге,  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 

банкі мен Қытай Халық банкі арасындағы юань/теңге 

валюталық своп-операциялар жүргізу туралы келісімге  

қол қойылды.  

Ресми  бағдарламалар  аяқталған  соң,  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  мен  Қытай  Халық 

Республикасының төрағасы арасында брифинг өтті. 

Мемлекет  басшысы  «Ө.М.  Бітімовті  Қазақстан 

Республикасының  Ауғанстан  Ислам  Республикасын-

дағы  төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  қызметіне 

тағайындау туралы» №97 Жарлығына қол қойды.  

14 маусым

Мемлекет  басшысы  ШЫҰ-ға  мүше  мемлекеттер 

басшыларының  мерейтойлық  саммиті  қарсаңында 

Иран  Ислам  Республикасының  Президенті  М.  Ахма-

динежадпен,  Қырғыз  Республикасының  Президенті 

Р.И. Отынбаевамен, Ауғанстан Ислам Республикасының 

Президенті Х. Карзаймен, тәжікстан Республикасының 

Президенті  Э.Ш.  Рахмонмен,  Пәкстан  Ислам 

Республикасының  Президенті  А.  Зардаримен,  Ре-

сей  Федерациясының  Президенті  Д.А.  Медведевпен, 


101

Маусым


Өзбекстан  Республикасының  Президенті  И.А.  Кари-

мовпен, сондай-ақ Үндістан Республикасының Сыртқы 

істер министрі С.М. Кришнамен, БҰҰ бас хатшысының 

орынбасары Ю.В. Федотовпен және ШЫҰ бас хатшысы 

М.С. Иманалиевпен екіжақты кездесулер өткізді. 

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  ШЫҰ-ға  мүше  мем-

лекеттер  басшыларының  мерейтойлық  саммитіне 

қатысуға  келген  Қазақстан  астанасының  мәртебелі 

меймандарымен  бірге  «Қазақстан»  орталық  кон-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет