Хроникасы



Pdf көрінісі
бет25/44
Дата27.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#10386
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44

халқымыздың бірлігінің мызғымастығына деген берік сенімділік, еліміз бен біздің 

балаларымыздың табысты болашағына деген терең сенім жатыр.

Мен жолдауларындағы жылылық үшін, тілектер мен жеделхаттар үшін барлық 

қазақстандықтарға шын жүректен алғысымды айтамын!



259

Қосымшалар

Қымбатты достар!

тәуелсіздіктің  20  жылдық  тарихы  —  тұрақтылықтың,  Қазақстан  халқының 

достығы мен келісімінің тарихы.

Осы  жылдар  ішінде  этносаралық  және  конфессияаралық  теңдіктің  тиімді 

құқықтық базасы құрылды. Оны дін, тілдер еркіндігі туралы, Қазақстан халқы Ас-

самблеясы туралы заңдар құрайды.

Өткен жылы қабылданған Ел бірлігі доктринасы маңызды қадам болды.

Конституциялық мәртебеге ие халық Ассамблеясы біздің еліміздегі ұлтаралық 

келісімнің  арқаулық  институтына  айналды.  Оның  құрамына  820  этно-мәдени 

бірлестіктер  кіреді.  Астанада,  Бейбітшілік  пен  келісім  сарайында  этно-мәдени 

орталықтар үшін барлық жағдайлар жасалған.

Еліміздің әр өңірінен, ұлтының қандай екендігіне қарамастан, мемлекеттік тілде 

еркін сөйлейтін жас қазақстандықтарды көру мені қуанышқа бөлейді.

Біз  бүкіл  этностар  өкілдерінің  өзінің  тілін,  мәдениетін  сақтауы  үшін  барлық 

жағдайларды жасадық.

108 мектепте 22 этностың тілі дербес пән ретінде оқытылады, ал 88 мектепте 

оқу өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізіледі.

Елдің түрлі өңірлерінде 33 мамандандырылған мектеп балаларды қазақ, орыс 

және ағылшын тілдерінде оқыта отырып, үш тұғырлы тіл қағидаты бойынша жұмыс 

істейді.


тек этностық БАҚ-тарға қолдау көрсетіп, этносаралық қарым-қатынастарды жазып 

көрсету үшін ғана 2005 жылдан бастап қаржыландыру 4 еседен астамға ұлғайтылды.

Ұлттық театрларға мемлекеттік қолдау көрсету көлемі соңғы 2 жылда 30%-ға 

дерлік өсіп, шамамен 500 млн. теңгені құрайтын болды.

Этно-мәдени  бірлестіктерге  қаржылық  қолдау  көрсету  2010  жылы  100  млн. 

теңгені құрады.

наурызда  мен  Алматыда  жаңа  Достық  үйін  аштым.  Ол  әншейін  үй  емес.  Ол 

19  этно-мәдени  орталықтар  мен  мемлекеттік  және  ана  тілдерін  оқып  үйрену 

жөніндегі 9 жексенбілік мектеп орналасқан нағыз Достық сарайы.

Біздің тәуелсіздігіміздің тарихы — барлық этностар достығының шежіресі.

Біздің еліміздің құрылысына Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностық 

топтардың өкілдері бірі қалмай атсалысуда.

Бүгінде  Ассамблеядан  сайланған  депутаттар  біздің  Парламенттің  ажырамас 

бөлігіне айналды.

Ең  бір  сан  түрлі  этностардың  азаматтары  біздің  Қазақстанның  даңқын  бүкіл 

әлемге асқақтата отырып, мемлекеттік қызметте, бизнесте, ғылым мен білім беру 

саласында еңбек етеді, өз таланттарын спорт пен өнерде паш етеді.

Астана мен Алматыда салтанатты жағдайда өткен VII қысқы Азия ойындарында 

қазақтар, орыстар, украиндар, корейлер, немістер, татарлар және ұйғырлар чемпи-

он болды, олар біздің еліміздің даңқын асырды.

Зауыттар  мен  фабрикаларда,  алқаптарда  көпұлтты  ұжымдары  еңбек  етіп, 

еліміздің байлығын бірлесе нығайтуда.

Бұл  Қазақстан  халқының  достығының,  топтасқандығының,  патриотизмінің 

көрнекі көрсеткіші!

Біз жас астанамызды көп этносты еуразиялық мегаполис ретінде дамытудамыз. 

Мұнда мешіттердің мұнаралары мен храмдардың күмбездері бейбіт қатар көршілік 



260

Қосымшалар

етуде. Қазақстандықтарды және біздің бүкіл шетелдік қонақтарымызды Астананың 

алуан бейнелілігі, оның айрықша толеранттылық рухы таңдандырады. Осы сипат-

тарды қазақстандық барлық қалалар үлгі ретінде алуда.

Мен  өзім  бүкіл  ел  бойынша  ондаған  достық  үйлерін,  монументті  кешендерді, 

саябақтарды, бейбітшілік пен келісім скверлерін, мешіттерді, храмдарды аштым. 

Ол қазақстандықтар үшін әркезде де нағыз мереке.

Адамдар өздерінің тілдері мен мәдениетін еркін дамыту, өз отбасы мен бүкіл 

Қазақстан  игілігі  үшін  еңбек  ету  мүмкіндігінің  болғаны  үшін,  өз  балаларының 

болашағына сенімділігі үшін және әсіресе біздің ортақ үйіміздегі тұрақтылық пен 

бейбітшілік үшін әркезде де маған алғыстарын білдірді.

Қазақстанның табыстары әркезде де біздің шетелдік отандастарымыздың басты 

назарында.

Бүгінде олардың көбі өздерінің нағыз Отанына оралуда. Олар тек осында ғана 

өз әлеуетін жүзеге асырып, өздері туған елге пайда келтіре алатынын түсінеді. тек 

соңғы 5 жылда ғана түрлі себептермен өзге елдерге қоныс аударған ондаған мың 

отандастарымыз қайтып оралды. Мен оралмандар туралы айтып отырған жоқпын, 

ол бөлек әңгіме. Мен 44 мыңнан астам орыстар, 5 мыңға жуық немістер туралы 

айтып отырмын.

тіпті, шет елдерде қалғандардың да көпшілігі Қазақстан туралы, өзінің Отаны 

туралы ең бір жылы естеліктерді сақтап қалған. Интернет желісінен бұл тақырыпқа 

мыңдаған хабарламаларды табуға болады.

Мәселен, Иркутскіден Марина былай деп жазады: «Менің отбасым 1995 жылы 

толық  құрамда  Петропавлдан  көшті.  Қазір  Ресейде  тұрамыз,  өмір  әлдеқашан 

қалыпқа  түсті,  бірақ  жан  тыныштығы  қалай  болмаса,  әлі  де  сол  күйі  жоқ.  Мен 

Қазақстанға қайта ораламын. Мен оны 100% білемін. Ресейде жақсы болса да, 

бірақ үйде одан да жақсырақ».

Өздерін әлі де қазақстандық сезініп жүрген мұндай адамдар мыңдап саналады.

Біз  отандастарымыздың  Отанымен,  қазақстандық  достарымен  және  туыста-

рымен рухани байланыстарын жоғалтпауы үшін мүмкін дегеннің бәрін жасаймыз. 

Біздің жолдарымыз бен есіктеріміз олар үшін әрқашан ашық.

20 жыл бойына біз ең бір сан алуан діндерді ұстанатын қазақстандықтардың 

өздерінің рухани дәстүрлерін алаңсыз жалғастыруы үшін күш-жігер жұмсадық.

тәуелсіздіктің  20  жылында  Қазақстан  аумағында  жұмыс  істейтін  діни 

қауымдастықтар саны 700-ден 4,5 мыңға дейін өсті.

Мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жұмысына қатысқан 

біздің заманымыздың әйгілі рухани қайраткерлерімен талай рет сөйлестім. Олардың 

сөздері бірауыздан шығады: «Қазақстан — мұсылмандар, православиеліктер, като-

ликтер, протестанттар, буддисттер, иудейлер келісіммен өмір сүріп жатқан әлемдегі 

бірден-бір ел. Бұл олар бірге жиналып, өздерінің бүкіл проблемалары туралы айта 

алатын бірден-бір орын».

Біз достықтың тамаша моделін құрдық және оны сыртқы қатерлерден сақтай 

да білуге тиіспіз.

Жанжалдар қайдан шығады?

Өнегесіздік пен іштарлықтан шығады.

Егер  Қасиетті  кітаптарды  оқыр  болсақ,  дәстүрлі  конфессиялардың  бір  де  бірі 

зорлық-зомбылықты уағыздамайды.



261

Қосымшалар

Қазақстанда наным негізіне ешкім көз алартпайды, өсиеттерді бұрмалауға тал-

пынбайды.

таңғаларлығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің бір де бірі Ұлы далада, біздің 

жерімізде пайда болған жоқ. Бірақ, шынайы бейбіт рух дәл осы жерден өзіне нағыз 

мекен тапты.

Қазақстан бүкіл әлемге прогресшіл интеграциялық бастамалар дәстүрлі түрде 

таралып жатқан айрықша ел, мұнда саммиттер мен ізгі ниетті кездесулер өтеді.

Бүгінде біздің елімізде қай ұлтқа жататынына қарамастан азаматтар құқықта-

рының  абсолюттік  тепе-теңдігінің  қамтамасыз  етілгеніне  қазақстандықтардың 

85%-дан  астамы  сенімді.  Халықтың  75%  бізде  түрлі  этностардың  өздерінің  тілі 

мен мәдениетін сақтауы үшін барлық жағдайлардың жасалғанын атап көрсетеді. 

Қоғамдық  келісімнің  мұндай  көрсеткішін  сіздер  қазіргі  заманғы  әлемде  өте  аз 

табасыздар!

Еліміздің түрлі өңірлеріндегі кездесулерде қазақстандықтар, әсіресе біздің жас 

азаматтарымыз олар өздері ел үшін не істей алар еді деген сауалды маған өте жиі 

қояды.


Мен әрқашанда біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісімді біз және біздің 

буын  сақтағандай  сақтаңдар,  бір-біріңді  сыйлаңдар,  шыдамды  болыңдар,  өзара 

түсіністікті  нығайтыңдар,  білім  алып,  Отан  игілігі  үшін  адал  еңбек  етіңдер  деп 

жауап беремін!

Біздің  бәріміз  әртүрліміз,  Жердегі  адамдар  сыртқы  түрі,  шашы  мен  көзінің 

түсі бойынша әртүрлі. Егер адамдар шыдамды болмаса, бір-бірін түсінбесе, онда 

біздің әлеміміз не болар еді? Сондықтан келісімде, бейбітшілікте, өзара түсіністікте, 

шыдамдылықта үлкен проблема — біздің өркениетті сақтау проблемасы тұр.

Ұлтаралық бейбітшілік пен келісім бізге көктен түсе қалған нәрсе емес. Ол — 

мемлекет  пен  біздің  бәріміздің  күн  сайынғы  саясатымыз  бен  тәжірибеміздің 

нәтижесі. Біздің алдымызда әлі де көптеген істер тұр.

Бірінші.  Біздің  жалпыұлттық  бірлігімізді  нығайту  жөніндегі  жұмыстарды 

жалғастыру қажет.

Осы жұмыстардың ортасында Қазақстан халқы Ассамблеясы болуға тиіс.

Ассамблея Хатшылығы ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының жо-

басын әзірледі. Бұл құжатта біз төмендегі ең басты сауалға жауап беруге тиіспіз: 

ХХІ ғасырдың күрделі жағдайында біздің толеранттылық моделін нығайту жөніндегі 

барлық жұмыстарымыздың мәні неде? Бұл жерде де өзіміз экономикалық және 

әлеуметтік  жаңғыру  мәселелерінде  қолданып  жүргендерге  сәйкес  инновациялық 

көзқарас қажет.

20  жыл  ішінде  біз  тәуелсіздік  жағдайында  өсіп  шыққан  қазақстандықтардың 

алғашқы  буынын  тәрбиеледік.  Оларды  елдің  және  халықтың  игілігіне  орасан  күш-

жігермен  жұмыс  істейтін  патриоттар,  белсенді  және  толерантты  азаматтар  етіп 

тәрбиеледік.  Жас  сайлаушылардың  басым  көпшілігі  Қазақстанды  дамытудың 

стратегиялық жоспарларына және Мемлекет басшысы ретінде маған қолдау көрсетті.

Біз Отанның толерантты патриоттарының болашақ буынын тәрбиелеу үшін одан 

әрі жұмыс жүргізетін боламыз. Бұл біздің ортақ міндетіміз. Бұл Қазақстан халқы 

Ассамблеясы қызметінің басты мағынасына айналуға тиіс.

Біз  өзіміздің  этно-мәдени  орталықтарды,  этностық  БАҚ-тарды,  театрлар 

мен  ұжымдарды  құрып,  оларға  қолдау  көрсету  мен  дамытуды  мақтан  үшін 



262

Қосымшалар

жасап  жатпағанымызды  түсінуіміз  керек.  Ассамблеяның  бүкіл  инфрақұрылымы 

қазақстандықтардың, ең алдымен, біздің жастарымыздың бойында ортақ үйіміздегі 

бейбітшілік  пен  келісімге  деген  жоғары  жауапкершілік  сезімін  тәрбиелеу  үшін 

жұмыс істеуге тиіс. Бұл жүйе әрбір қазақстандықтың — оның саналы өмір сүруінің 

бірінші күнінен бастап өмірінің барлық жақтарына бойлап енуі керек.

Бір  сауал  қоймақпын:  Халық  Ассамблеясы  балаларға  мектепке  дейінгі  білім 

беру бағдарламасын қабылдауға қатыса ма? — Жоқ!

Ассамблея  мамандары  мектептердің  тарих  бойынша  оқулықтарына 

толеранттылық, оларда қазақстандық этностар достығының көп қырлы тарихының 

көрініс табуы тұрғысында сараптама жасай ма? — тағы да жоқ!

Бұл  ұсақ-түйек  емес!  «Еркіндік  тек  заңдарға  ғана  тәуелді  болудан  тұрады», 

деп Вольтердің өзі айтып кеткен. Яғни, заңдарда олардың бәрі де жазылған. Егер 

біреулер  ұмытар  болса,  оған  жан  бітіру  керек.  Өйткені,  Заң  —  билік  пен  халық 

арасындағы келісім-шарт. Оны біз қабылдадық, біздің Конституция жалпыхалықтық 

референдумда қабылданды. Сондықтан бұл мәселелерде біз өте қазымыр болуға 

тиіспіз.


Ассамблея құрылымында жүздеген мың адам бар. Мемлекет қаржыландыруы 

жылдан-жылға өсе түсуде. ҚХА қызметіндегі салтанатты-қолданбалы қиғаштықтан 

бас  тарту  қажет.  Өз  ресурстарымызды  этносаралық  және  конфессияаралық 

салалардың бүкіл ауқымын қамтитындай етіп бөлу керек. Ең бір шағын мәселе де 

назардан тыс қалмауы тиіс.

Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім — қазақстандық ұлттық идеяның басты өзегі.

Бұл идеология бүкіл мемлекеттік органдардың, үлкен және кіші Ассамблеялардың, 

этно-мәдени орталықтардың белсенді, ырғақты жұмысына арқа сүйеуі тиіс.

Сіздер  осы  жылдар  бойына  менің  қоғамдағы  бейбітшілік  пен  келісімді 

нығайтудың барлық мәселелерімен жеке айналысып келе жатқанымды білесіздер, 

өйткені ол бүкіл бастаулардың басы, онсыз ештеңе де — экономикалық өсім де, 

әл-ауқат та, бірлік те болмайды.

Бұл  мәселе  сол  сияқты  әрбір  министрдің,  әрбір  әкімнің,  компаниялар  мен 

кәсіпорындардың әрбір басшысының басты назарында болуға тиіс. тек осылайша 

ғана біз Қазақстандағы берік тұрақтылықты қамтамасыз ете аламыз.

Осы тұрғыда Ассамблея хатшылығына Президент Әкімшілігімен бірлесіп Страте-

гия жобасын мұқият талдап, әзірлеуді, оны Ассамблея кеңесінде талқылап, менің 

бекітуіме ұсынуды тапсырамын.

Екінші.  Бүгінде  бүкіл  Қазақстан  халқы  модернизациялау,  инновациялық 

индустрияландыру  және  болашаққа  технологиялық  секіріс  жасау  идеясының 

төңірегіне  топтасқан.  Кеше  біз  атқарушы  билікпен  арнайы  кеңес  өткіздік,  мен 

өздері  тыңдап,  болашақтағы  және  бүгінгі  міндеттерді  білуі  үшін  Ассамблеяның 

көптеген мүшелерін шақырдым.

Қазақстанның этно-мәдени орталықтары оған барынша белсенді атсалыса ала-

ды және атсалысуға тиіс.

Алматы облысының Үштөбе қаласында жыл бойына жабық топырақта ең жаңа 

технологиялар  бойынша  көкөніс  өнімдерін  өсіру  жөнінен  ерекше  жобаны  жүзеге 

асырып жатқан Қазақстан корейлері қауымдастығының тәжірибесі қызғылықты. 

Жобаның  қуаты  —  150  тонна  көкөніс,  жылыжай  алаңы  —  1600  шаршы  метр. 

Бірінші жылыжай қазірдің өзінде өнім беруде, тағы сондай екеуі биыл салынатын 



263

Қосымшалар

болады. Оның сыртында жоба шеңберінде оқу орталығы құрылған, онда кешенде 

жұмыс істейтін мамандар даярланады.

Осындай және басқа да игілікті істермен өзгелер де айналыса алады. Әкімдіктер 

бизнес, ауыл шаруашылығы, индустрия саласындағы осындай бастамаларға қолдау 

көрсетуі керек.

Бұл басқа да этно-мәдени бірлестіктер тарапынан дамытуды қажет ететін жақсы 

мысал.

Инаугурация  кезіндегі  сөзімде  мен  «жүз  абсолюттік  инновацияларды»,  яғни 



Қазақстанда әлі болмаған, бірақ болатын дүниелерді іріктеуді бастауды ұсындым.

Айрықша  идеялар  мен  жобалардың  авторларын  бүкіл  әлем  бойынша  іздеп, 

Қазақстанға жұмысқа шақыру үшін Ассамблеяның халықаралық байланыстарын 

іске қосу қажет. Ең бастысы, ең алдымен өзіміздегілерге қолдау көрсету керек. Он-

дайлар бізде бар.

Халық  Ассамблеясы  біздің  бүкілхалықтық  құрылыстарда  белсенді  жұмыстар 

жүргізуге  тиіс.  Ол  —  Батыс  Қытай  –  Батыс  Еуропа  жолы.  2700  шақырымы  тек 

Қазақстан  арқылы,  6  тығыз  қоныстанған  облыстар  арқылы  өтеді.  Онда  қазір 

50 мың адам жұмыс істейді. Ол — бүгінде біз Парсы шығанағына дейін тартып 

жатқан темір жол. Және басқа да жобалар.

Биылғы  жылы  индустрияландыру  бағдарламасы  бойынша  тағы  да  192  нысан 

іске қосылады. Солардың бәрінен де өзіңді кәдеге жарататындай орын табуға бо-

лады.

Бұл  жерлерге  этно-мәдени  шығармашылық  топтардың,  ансамбльдердің, 



театрлардың, белгілі адамдардың баруын ұйымдастыру қажет.

Қазақстандағы түрлі этностардың тілдерінде шығатын бүкіл БАҚ-тар да осындай 

жұмыстарға бағыт ұстануы тиіс.

Яғни,  мен  тағы  да  қайталап  айтқым  келеді,  индустрияландыру,  ресурстарға 

тәуелділіктен кету — бұл болашақ, бұл перспектива. Біз бұған егер оны бүкілхалықтық 

идея жасасақ, қол жеткіземіз. Әркім осымен өмір сүруі тиіс, сонда жоспарлары-

мызды жүзеге асырамыз.

Бұл  жұмысты  «нұр  Отан»  партиясымен,  Мәдениет,  Байланыс  және  ақпарат 

министрліктерімен бірлесіп жүргізуіміз керек.

Үшінші. Біз Ассамблеяның өз жұмысын тұрақты жетілдіріп отыруға тиіспіз.

Ол  елді  дамытудың  шешуші  мәселелерін  жасау  үшін  азаматтық  қоғамның 

жетекші жұмылдырушы күші мәртебесінде нығаюы тиіс.

Этносаралық  және  конфессияаралық  қатынастардың  барлық  қырларын 

зерттеудің қуатты орталығын құру қажет. Бұл — ғылым, және өте салмақты ғылым. 

Әркім  ұлтаралық  қатынастың  маманы  болуға  тырысады,  әркім  осы  мәселе  бой-

ынша  пікір  айтқысы  келеді.  Қолы  таза  еместердің  оған  бас  сұғуларына  болмай-

ды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас — өте нәзік материя, оның үстіне, әңгіме 

этносаралық, дінаралық қарым-қатынас туралы болған кезде.

Бізде  соңғы  жылдары  ондаған  адам  осы  аса  көкейкесті  тақырып  бойынша 

ғылыми дәрежелер алды. Ешкімді де ренжіткім келмейді, осы мәселелер бойын-

ша бір топқа жинауға болатын нағыз мамандар саусақпен санарлық! Олар жоқ де-

сек те болады.

Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды ғылыми зерттеу саласы аса 

үлкен назар аударуды талап етеді. Мен еліміздегі діни істер туралы ерекше айтқым 



264

Қосымшалар

келеді.  Біз  мына  мәселеге  мән  беруіміз  керек,  мұсылмандар,  православиелік 

христиандар  бірлестіктері  Қазақстанға  ойлары  мүлдем  бөтен  түрлі  діни  секта-

лар  мен  ұйымдардың  кіруінен  сақтайтын  біздің  діни  қатынастарымыздың  басты 

қорғаушылары болулары тиіс.

Білім  және  ғылым  министріне  осы  мәселені  жеке  бақылауына  алуды  тапсы-

рамын.


төртінші.  Басым  бағыттардың  бірі  барлық  этностар  өкілдерінің  қазақ  тілін 

меңгеруіне ықпал ету болып қала береді.

Біз 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтар саны 80%-

ға жетсін, ал 2020 жылға қарай одан да көп болсын деген мақсат қойдық. 10 жыл-

дан кейін мектептеріміздің түлектері қазақ тілінде 100% сөйлейтін болуы тиіс.

Барлық азаматтардың қазақ тілін білуі — әшейін бір ұран емес, бұл — олар 

еліміздің тарихын, ерте дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының тари-

хын, мәдениетін, дәстүрін білетін болады деген сөз. Бұл барлық қазақстандықтардың 

бұрынғыдан да жақындасуына жетелеп, біздің арамыздағы сенімді күн сайын, жыл 

сайын нығайта түсетін болады.

Ассамблея жұмысының мақсаты, міне, осында.

Ұлы Абай былай деген еді: «Басқа халықтың тілі мен мәдениетін білу адамды 

сол халықпен тең етеді». Бұл жерде әңгіме тек қазақ тілі туралы ғана емес, жал-

пы тілдер туралы. тілді білсең, сол халықпен тең боласың. Қандай терең сөздер! 

Яғни,  бұл  барлығы  араласқан,  бүкіл  әлем  бір-бірімен  қатынасқа  түскен  бүгінгі 

жаһандық дүниеде қажеттілік болса, ол біз үшін және біздің балаларымыз үшін 

де ашық.

Біз  сондай-ақ  барлық  этностық  топтардың  мәдениетін,  дәстүрлерін,  салтта-

рын, тілдерін сақтап дамыту бойынша, біздің бай ортақ тарихи-мәдени мұрамызды 

сақтау бойынша жұмыстарды жалғастыруға тиіспіз.

Бұл ел ішіндегі тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім, оның өркендеуі мәңгілік бо-

луы үшін қажет.

Бесінші. Мәдени-ақпараттық сала арқылы толеранттылыққа тәрбиелеу жөніндегі 

жұмысты күшейту қажет.

Мен  қазақстандықтарға  түрлі  этностардан  өкілдік  ететін  отандастарымыздың 

өмірлері мен тағдырлары туралы жаңа көркем фильмдер қызығушылық тудыра-

ды ғой деп ойлаймын.

Бұл жұмыс табысты жүргізіліп жатыр және оны жалғастыру керек.

«Қазақфильм»  киностудиясында  түрлі  халықтарды  —  немістерді,  корейлерді, 

поляктарды, чешендерді, күрдтерді және басқаларды Қазақстанға күштеп депор-

тациялайтын  қасіретті  кезең  туралы  әңгімелейтін  «Жерұйық»  атты  жаңа  көркем 

фильм түсірілді.

Ассамблея жұмысын БАҚ-тарда кеңірек көрсету керек. Мен орыс театрларында 

қазақ драматургтерінің, ал қазақ театрларында орыс драматургтерінің пьесалары 

қойылатынын білемін. Мұндайды да ынталандыру керек.

Ассамблеяға  өзінің  жеке  газетін  шығару  мәселесін  қарастырып,  веб-сайтын 

жаңғырту  қажет.  түрлі  этностар  өкілдерін,  біздің  этномәдени  бірлестіктер  мен 

олардың жұмысын көрсететін арнайы телехабарлар керек.

Мұны  республикалық,  сондай-ақ  жергілікті  телеарналарда  жасауға  болады. 

Кедергі көріп тұрған жоқпын.



265

Қосымшалар

Алтыншы. Менің тапсырмам бойынша Ассамблея тәуелсіздік мерейтойын мере-

келеу шеңберінде кең ауқымды бағдарлама дайындады.

Мамыр  айы  «Бірлік»  ұранымен  өтетін  болады,  ал  жылдың  соңындағы 

20 жұлдызды күннің бірі, біз айтып жүргендей, «Келісім» ұраны арқылы өтетін бо-

лады.

1 мамыр — бірліктің ерекше мерекесі. Мамырда тұтас ай бойы жақындасудың 



барлық  жаңа  жолдарын  байқап  көру  керек.  Жұмыс  істеу  қажет.  Егер  барлық 

облыстарда тереңінен ойластырса, өте қызықты жұмыс жүргізуге болады.

Сонымен бір мезгілде, әлеуметтік жаңғырту мәселелері де Ассамблеяның басты 

назарында болуы тиіс.

Біз  20  жылдықты  мерекелеу  жөніндегі  комиссия  жасаған  өзіміздің 

бағдарламамызда  тек  тойлар  мен  концерттер  өткізіп  қана  қоймаймыз,  әр  адам 

20 жылдықтың рөлін сезінетіндей, осы жылдары не алғанын білетіндей бағыттар 

енгіземіз дедік.

Бұл жерде әңгіме жаңа мектептер мен ауруханалар салу, тұрғын үй бағдарламасы, 

қалалар  мен  ауылдарды  таза  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету,  аумақтарды 

көгалдандыру, барлық елді мекендердің тазалығы туралы болып отыр — осының 

барлығы жұмыстардың маңызды учаскелері. Осы жұмыстардың барлығы қазірдің 

өзінде  басталып  кетті  және  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  жергілікті  жерлердегі 

осы  жұмыстарға  белсенді  қатысып,  халық  алдында  үлкен  ұпай  жинайтынына 

сенімдімін.

Келіңіздер,  қолдауға  нақты  мұқтаждардың  барлығына  жәрдем  қолымызды 

созайық.

Барлық қазақстандықтардың нағыз бауырластығы осылайша ғана беки түсетін 

болады.

Адамдар  қаза  тапқан  Қызылағашта,  жан  ауыртар  қасіретті  әр  қазақстандық 



жүрегімен сезінген Шығыс Қазақстан облысында осылай болды. Барлығы үн қатты, 

адамдар соңғы сайлаудағыдай бірлік танытты. Бұл жақсылықтың нышаны, яғни біз 

ешкімді жеке қалдырмай, бір отбасы, бұл біздің үйіміз деген тұрғыда тәрбиелеп, 

текке жұмыс істемейтінімізді көрсеттік.

Ассамблея  мүшелері  ғана  47  млн.  теңгелік  жеке  қаржыларын  салды.  Бұл 

соншалықты үлкен қаржы да емес шығар, бірақ осы фактінің өзі маңызды.

Қазір  мұндай  қолдау  тасқыннан  зардап  шегіп  жатқан  Батыс  Қазақстан 

облысының тұрғындарына қажет.

Мұның бәрін «нұр Отан» партиясымен бірлесіп жасау керек және ол еліміздің 

ең шалғайдағы бұрыштарына, әр азаматқа жетуі тиіс.

тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын шын мәнінде осылайша атап өтеміз.

Құрметті сессияға қатысушылар!

Біздің дамуымыздың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында, халыққа менің 

Жолдауымда, инаугурация салтанатындағы сөзімде алдағы онжылдыққа арналған 

барлық міндеттер егжей-тегжейлі мазмұндалған. Ал кеше Үкіметте бүгінгі күннің 

нақты  міндеттері  белгіленді.  Қазақстанның  ХХІ  жүзжылдықтағы  табысы  мен 

тағдыры оларды шешуге байланысты болмақ.

Алдағы онжылдық сындарлы болатыны туралы осы жылдың алғашқы айларының 

оқиғалары барысы нақты айтып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет