Хурметбек октябрь



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата06.03.2017
өлшемі8,19 Mb.
#8492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
қалыптасуына əсері; 
–  əртүрлі  жақсарту  барысында  көпжылдық  шөптердің  ФП  жəне  ФТӨ 
қалыптасуы;  
–  өнімділігі  төмен  табиғи  жайылымдарды  жақсартудың  экономикалық 
тиімділігі. 
Жұмыстың  мемлекеттік  бағдарламалар  жоспарымен  байланысы: 
Диссертациялық жұмыс бойынша ғылыми - зерттеулер 2012 - 2014 жылдары ҚР 
АШМ-нің  212  бюджеттік  бағдарламасы  шеңберінде  «Құлдырауға  ұшыраған 
жайылымдарды 
қалпына 
келтіруде 
малазықтық 
дақылдарды 
өндіру 
технологиясын  жасау»  (мемлекеттік  тіркеу  нөмірі:  0112РК01346)  тақырыбы 
негізінде жүргізілді. 
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми алқаларда баяндалып, талқылануы: 
Ғылыми  -  зерттеу  нəтижелері  (2013-2015)  С.  Сейфуллин  атындағы  қазақ 
агротехникалық  университетінің  ғылыми  техникалық  кеңесінде,  жылдық 
есептерде,  кафедра  отырысында  сонымен  қатар  бірнеше  конференцияларда: 

10 
 
«Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы білім жəне ғылым дамуындағы жаңа бағыт» 
атты  Республикалық  ғылыми-теориялық  конференция  материалдары  (Астана, 
2013);  С.  Сейфуллиннің  120  жылдығына  арналған  «Сейфуллин  оқулары  -10: 
Мемлекеттің 
индустриалды-инновациялық 
саясатын 
құрудағы 
бəсекеге 
қабілетті  кадрларды  дайындау  келешегі  мен  ғылымның  рөлі»  атты 
халықаралық  ғылыми-теориялық  конференциясының  материалдары  (Астана, 
2014); «Сейфуллин оқулары-11: Жастар жəне ғылым» атты Республикалықалық 
ғылыми-теориялық конференциясының материалдары (Астана, 2015); Аграрная 
наука  –  сельскому  хозяйству.  X  международная  научно-практическая 
конференция  (Барнаул,  2015);  2  Актуальные  проблемы  сохранения  и  развития 
биологических  ресурсов»  Сборник  материалов  международной  научно-
практической  конференции  (Екатеринбург,  2015);  А.  Байтұрсынов  атындағы 
ҚМУ  көпсалалы  ғылыми  журналы.  «3i:  intellect,  idea,  innovation  –  интеллект, 
идея,  инновация»  (Қостанай,  2014);  Известия  НАН  РК.  Серия  аграрных  наук 
(Алматы,  2015);  Журнал  КазНАУ  «Исследования  и  результаты»  (Алматы, 
2015); 
Biosciences biotechnology research asia (Нидерланды, 2014) 
баспаларында 
жарияланды. 
Зерттеу  нәтижелерінің  жариялануы:  Ғылыми-зерттеу  жұмысының 
қорытындылары мен негізгі қағидалары 9 ғылыми мақалада жарияланған, оның 
ішінде  ҚР  БҒМ  білім  беру  жəне  ғылым  саласының  бақылау  комитеті  ұсынған 
журналдарда  3  мақала,  Scopus  компаниясының  деректер  базасында  1  мақала, 
халықаралық конференциялар  материалдарында  3  мақала жəне республикалық 
конференцияларда 2 мақала жарияланған. 
Жұмыстың 
көлемі 
мен 
құрылымы: 
Диссертациялық 
жұмыс 
компьютермен  терілген  110  бетте  жазылған  жəне  нормативтік  сілтемелерден, 
анықтамалардан,  белгілер  мен  қысқартулардан,  кіріспе,  əдебиетке  шолу, 
зерттеу  бағдарламасы  мен  əдістері,  зерттеу  нəтижелері,  қорытынды, 
қолданылған əдебиеттер тізімі жəне қосымшалардан тұрады. Диссертацияда 28 
сурет, 34 кесте, 21 қосымша жəне 180 əдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

11 
 
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 
 
1.1  Ақмола  обласындағы  өнімділігі  төмендеген  табиғи  жайылымдық 
жерлерді жақсартудың маңыздылығы 
Қaзipгi  кезеңде  жүйесіз  пайдалану  мен  басқа  да  келеңсіз  жағдайлардың 
салдарынан  жайылымдардың  тозуы  белең  алып,  соның  салдарынан  олардың 
өнімділігі  төмендеуде.  Осындай  орынсыз  жағдай  жайылымдық  экожүйелердің 
табиғи  тепе-теңдігінің  бұзылуынан,  топырақ  пен  өсімдік  жамылғысының 
тозуынан  (деградация)  туындап отыр.  Республикамыздағы шөлейттену  аумағы 
уақыт өткен сайын арта түсуде. 
Малдарды  шамадан  тыс  жаюдың  кepi  əcepi,  негізінен  үш  құбылысқа: 
өсімдіктер  құрамының  өзгеруіне,  экологиялық-физиологиялық  үрдістер  мен 
ортаның  бұзылуына  əкеліп  соқтырады.  Мал  жаю  ең  алдымен,  пластикалық 
заттар  корының  өсімдік  тəндерінде  таралуын,  жұмсалуын  жəне  жинақталу 
ырғақтылығын бұзады. Көп қайтара желінген өciмдiктepдiң жаңа өскіндер беру 
қабілеті  төмендейді.  Бұл  қоректік  заттар  қорының  шектен  тыс  шығындалуына 
тікелей байланысты. 
Өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігінің азаюы, оның тамыр жүйесіне де кepi 
əсерін  тигізеді.  Тамырлары  топырақтың  беткі  қабатында  қалыптасып,  тереңге 
бойламайды. Яғни тамыр жүйесінің топырақтың төменгі қабатынан ылғал сору 
мүмкіндігі 
шектеледі, 
бұл 
құрғақ 
ауа-райы 
жағдайында 
өсімдіктің 
қуаңшылыққа, аязға төзімділігін төмендетеді. 
Қaзipгi 
кезде 
барлық 
малдың 
80% 
жекеменшік 
тұрғындар 
шаруашылығында, ал қалған 20% ауыл шаруашылық кəсіпорындары мен шаруа 
қожалықтарында  шоғырланған.  Шағын  шаруашылықтар  шама-шарқына 
байланысты  малдарын  ауылдан  5  км  қашықтықтағы  жақын  жepдeгi 
жайылымдарға бағуға  тура  келеді. Соңғы  уақытта  ауыл  тұрғындары  малдарын 
жайып  бағу  үшін  қауымдастыққа  бipiгудe.  Елді  мекендердегі  мал  ұстайтын 
қауымдастықтарға саны 30-дан бipнешe жүзге дейін жететін отбасылары кіреді, 
олар  жылма-жыл  бip  жайылым  өpiciн  пайдалана  бергендіктен,  өсімдіктердің 
түр  құрамы  нашарлап,  азық  сапасының  төмендеуі  мен  жайылым  өнімділігінің 
күрт азаюына əсер етуде. Жайылымдық азықтың осындай күйде болуы, шаруа 
жүргізушінің  мал  басын  көбейтіп,  сатылатын  өнім  сапасын  арттыру 
мүмкіндігін  шектейді.  Шын  мəнiciндe,  шамадан  тыс  мал  жаю  салдарынан 
жайылымда  жейтін  шөптің  жетіспеушілігі  қатты  сезілген  1934-1941  жылдар 
кезеңінің жағдайы қайталанып отыр десек те болады [11]. 
Қалыптасқан  жағдайдың  одан  əpi  дамуының  екі  жолы  бар.  Жайылымды 
пайдалану  бойынша  стратегиялық  бастамалардың  болмауы  қолданыстағы 
жайылымдардың  азықтық  сыйымдылығының  бір  жолата  төмендеуіне  əкеліп 
соқтырады. Бұл мал басының азаюына апаратын - шарасыз тұйық жол. Екінші 
жол -қайта қалпына келтірілген жайылымдардың орасан зор малазықтық қорын 
кең көлемде пайдалану. Жайылымның 90 жылдық даму тарихын талдау, жерді 
осылайша  пайдалану,  мал  басының  жəне  ауыл  тұрғындарының  əл-ауқатының 
артуына қолайлы жағдай туғызатынын көрсетеді. 

12 
 
Жоғарыда  аталған  мəселелер,  сонымен  қатар,  жepдi  пайдалану  мəселесін 
шешу  жағын  да  қамтуы  тиіс.  Біріншіден,  ең  болмаса  алғашқы  кезеңдерде 
жайылымды  жылына  екі  рет  (көктемгі-жазғы  жəне  күзгі-қысқы  кезеңдерде) 
ауыстырып 
отыру 
мүмкіндігі 
қамтамасыз 
етілуі 
қажет. 
Сондықтан, 
шаруалардың  пайдаланатын  жер  ауқымы  көлемінде  кемінде  жайылымның  екі 
түpi  қарастырылуы  керек.  Екіншіден,  жайылымдар  маусымдар  бойынша  жəне 
олардың  нақты  азық  сыймдылығын  ескере  отырып,  шаруалардың  барлық 
малына  жететіндей  көлемде  есептеліп,  аныкталуы  қажет.  Үшіншіден, 
шаруаларға  жайылымдыққа  бөліп  берілетін  алқаптың  сумен  қамтамасыз 
етілгені жөн. 
Сонымен,  Қазақстандағы  жайылымды  пайдалану  мəселесі  оны  ғылыми 
қамтамасыз  етуді  талап  етеді.  Жайылымдық  мал  шаруашылығын  экологиялық 
қayiпciз  деңгейде  жүргізу  жолдарын  іздеу  қажеттілігімен  қатар  жайылымның 
жай-күйіне оны үзіліссіз пайдаланудың кері əсерлерін анықтау, зерттеу, талдау 
бүгінгі таңда өзекті мəселе болып табылады. 
И.В.  Ларин  малдарды  жүйесіз  жаю  нəтижесінде,  жайылымдардағы 
өсімдіктердің  түрлік  құрамы  мен  олардың  өнімділігі  азаю  бағытына  қарай 
өзгеретінін  анықтаған.  Мал  жаю  əсерінен,  ең  алдымен,  түрлері  аз  өсімдіктер 
саны  кемиді.  Осылайша,  құрамнан  шығып  қалу  көбінесе  ылғалдылықтың 
азаюымен түсіндіріледі [12]. 
Аумағы  үлкен  Солтүстік  Қазақстан  облыстары  сияқты  аймақтарда 
шабындықтар  мен  жайылымдарды  жақсарту  жұмыстары  жеткіліксіз,  ал 
жекелеген  сұрақтар  бойынша  жоқтың  қасы  деугеде  болады.  Табиғи  жəне 
жасанды фитоценоздар-биологиялық  жүйе секілді  жылдам  ажыратылады.   Бұл 
бірінші кезекте түбегейлі табиғи үрдіс, яғни олардың өсіп дамуына адамдардың 
кері  əсері  тимеген  жағдайда,  адамның  қатысынсыз  табиғи  заңдылықтармен 
өздігімен дами береді [13-15]. 
Мал  азығын  өндіру  Қазақстан  Республикасының  ауыл  шаруашылығы  
саласының  маңызды  бір  бөлігі.  Еуропа  елдеріндегі  ауыл  шаруашылығының 
қарқынды дамуына қарамастан малазықтық ақуыз жетіспеушілік мəселесіне тап 
болып,  азықтық  қауіпсіздікке  көп  көңіл  бөлініп  біршама  зерттеу  жұмыстары 
жүргізілген  [16].  Мамандар  мал  азығын  дайындаудың  ғылыми  негізін  талдап, 
саланың  заманауи  күйін  бағалап  көптеген  еңбек  күшін  қажет  ететіндігі  жəне 
бұл маңызды мəселе екендігін талқылаған [17, 18]. 
Мал  азығын  дайындау  мамандандырылған  АӨК-нің  басқада  салаларымен 
функционалды байланысы, осыған орай өзіндік өзекті мəселелері бар екендігін 
көрсетеді. Мал шаруашылығын толыққанды биологиялық азықпен  қамтамасыз 
ету,  топырақ  құрамын  органикалық  заттармен  толықтыру,  физико-химиялық 
құрамын  байыту,  шаруашылық  бағыттың  тепе-теңдігін  ұстау,  экожүйені 
қалыптастыру  мəселелері  осы  салаға  кешенді  ғылыми  -  зерттеу  жұмыстары 
қажет екендігін анық көрсетеді [19-33]. 
Қазіргі  кезде  шабындықтар  мен  жайылымдардағы  өсімдіктердің  түрлік 
құрамының  нашарлауы  табиғатпен  байланысты  болғанымен  қатар,  ендігі 

13 
 
кезекте  антропогенді,  яғни  халық  шаруашылығы  негізіне  де  байланысты  екені 
белгілі жəне басты мəселе болып отыр. 
 
1.2  Малазықтық  табиғи  жайылымдардың  өнімділігінің  төмендеу 
себептері 
В.Н.  Вернадскийдің  зерттеулерінде  өсімдіктердің  түрлік  құрамының 
өзгеруде адамдардың қатысуымен топырақ қабатын соқамен өңдеуде аса қатты 
өзгерістерге 
ұшырап 
құлдырауға 
əкеледі 
[34]. 
Осыған 
байланысты                        
А.П.  Шенниковтың  жасанды  өсімдіктер  құрылымын  жақсарту  тəжірибелеріне 
шақыруы  фитоценоз,  соның  ішінде  агрофитоценоз  жасауда  үлкен  маңызға  ие 
болып табылады [35]. 
П.И.  Лаптев  мəліметтері  бойынша  [36]  В.Р.  Вильямстың  көне  теориясы 
бойынша  көпжылдық  шөптердің  топырақ  қабатында  органикалық  заттар 
үздіксіз жинақталады, оның үстіне топырақ қабаты тығыздалады жəне онда ауа 
мөлшері  азаяды  деп  жазған.  Сонымен  қатар  өсімдіктердің  түрлік  құрамы 
өзгеріп  өнімділіктің  төмендеуіне  əкеліп  соғады.  Осы  теорияға  сүйене  отырып 
топырақтың  шым  қабатын  өңдей  отырып  бір  жылдықтарды  кейін  көпжылдық 
шөптерді себу керек. 
К.А.  Куркин  жəне Д.В.  Якушев деректері  бойынша  шөптердің өнімділігін 
шектейтін  бірден  бір  себеп  пайдалануды  ұлғайту,  яғни  жылдам  шығындардан 
кейін  қоректік  заттардың  көміртегі  түрінде  ақырын  толысады.  Сонымен  қатар 
шөптердің  тамыр  жүйесінің  дамуы  нашарлайды,  осыған  орай  шөптердің 
тамырлары топырақтың беткі қабатына шоғырланады [37]. 
Жайлымның  азық  сыйымдылығы  мен  оған  жайылатын  мал  санының 
сəйкес  келуі  мал  шаруашылығындағы  маңызды  ұстанымдардың  бірі.  Мысалға 
алатын  болсақ  АҚШ  ғалымдарының  ғылыми-зерттеулерінің  нəтижелері 
бойынша малазықтық табиғи жайылымдар ұзақ уақыт бойы жүйесіз пайдалану 
танаптардағы  өсімдіктердің  өнімділігінің  біршама  төмендегенін  көрсетті  [38]. 
Мұндай  жағдайлар  малдарды  шамадан  көп  жаю  нəтижесінде  желінген 
шөптердің 
қайтадан 
қалпына 
келіп 
үлгермеуіне 
əкелетіндіктен 
жайылымдардағы  өсімдік  түрлерінің  қалпына  келу  қабілетін  бұзып,  ескі 
қалдықтардың көбейіп кетуіне соқтырады.   
А.Н.  Байрашев  [39]  тозған,  құлдырауға  ұшыраған  жайылымдардың  пайда 
болуы,  малазықтық  табиғи  алқаптардың  мал  жемейтін  жəне  улы  өсімдік 
түрлерінің  шамадан  тыс  көбею  себептері  -  жайылымдарды  жүйесіз  қолдану 
екенін  атап  көрсетті.  Алимаев  И.И,  Жамбакин  Ж.А,  Прянишников  С.Н  [40] 
сипаттауынша бір өрісте немесе көлемді жайылымдарда ерте көктемнен күздің 
соңына дейін, ал кейбір аймақтар мен елді мекендерде тіпті  қыс мезгілдерінде 
де малдарды шамадан тыс ұзақ мерзімде жаю салдарынан, мал сүйсініп жейтін 
көпшілік шөптердің өсімдіктер құрамынан өте аз уақыт ішінде шығып қалуына
ондағы  өсімдіктердің  сиреуіне,  табиғи  малазықтық  жайылымдарда  мал 
жемейтін  жəне  арам  шөптердің  басып  кетуіне,  ал  бара-бара  мал  өрістерінің 
шиырлануына, 
жайылымдардың 
жел 
эрозиясына 
ұшырауына 
əкеліп 

14 
 
соқтыратын жағдай өткен ғасырдың 80-ші жылдарының орта шенінде басталған 
болатын.  
S.  Robinson,  E.  Milner,  I.  Alimaev  [41]  Орталық  Азия  жайылымдарының 
құлдырауға  ұшырап,  өнімділігінің  төмендеуінің  бір  қатар  себептерін  көрсетіп 
берді.  Олардың  ұзақ  жылдар  бойына  жасаған  статистикалық  мəліметтері  мен 
жүргізілген  ғылыми  тəжірибелерді  талдауға  негізделген  пікірлері  бойынша, 
табиғи  малазықтық  жайылымдардың  қолданылудан  не  болмаса  айналымнан 
шығып  қалуы  –  жайылымға  түсетін  жүктеме  мөлшерінің,  мал  жаю  əдіс-
тəсілдері 
мен 
кезеңдерінің, 
жайылымдарды 
толық 
пайдалану 
коэффициенттерінің,  тағыда  басқа  іс-шаралар  кешенінің  сақталмауынан 
туындаған.  Осы  туындаған  маңызды  мəселелерді  айта  келіп,  авторлар 
жайылымға  малдарды  мөлшерден  тыс  шоғырландырып  жаю  ең  басты  жəне 
негізгі  кері  əсер  етуші  екендігін  нақты  атап  көрсетеді.  Профессор  З.Ш. 
Шамсутдинов  [42]  өсімдіктер  тегіне  əсер  етуші  адам  ықпалы  мен  техногендік 
ықпалдардың қысымы салдарынан, экологиялық тұрғыдан алғанда, адамдардың 
тіршілігіне қолайсыз жəне мал шаруашылығын дамытуға ыңғайсыз қуаңшылық 
аймақтарда  соңғы  25-30  жыл  ішінде  одан  да  бетер  нашарлап  кеткендігін 
айтады.  Табиғи  жайылымдарды  экологиялық  тұрғыдан  ұтымды  жəне  тиімді 
пайдалана алмау етті бағыттағы ірі қара мал мен қой шаруашылықтарының мал 
шаруашылығының тұрақты саласы ретінде дамуын тежеуде. Мұндай жағдайда, 
жайылымдардың  айналымнан  түбегейлі  шығып  қалуы  мен  тозу,  құлдырау 
процестерінің  асқынуына  жол  бермейтін,  жайылымдық  шаруашылықтардың 
немесе  тұтас  алғанда  жайылымдық  мал  шаруашылығы  өнімділігінің  өсуі  мен 
тұрақтылығын  қамтамасыз  ететін  жақсарту  шаралары  мен  амалдарын 
қарастыру қажет.  
Өсімдіктердің тіршілігіне малдардың жайылымдағы саны мен оған жайылу 
ұзақтығы  əсері  өте  зор.  Осы  себептерді қарастырып  зерттей  келе  көптеген 
ғалымдардың 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстары 
мен 
бақылауларының  
нəтижелерінде малдарды табиғи жайылымға есепсіз шамадан тыс жаюдың тағы 
бір  кері  тұстары  ол  топырақтың  физикалық  қасиеттеріне,  жайылымның 
ботаникалық  құрамына  сонымен  қатар  өнімділігіне  əсері  [43].  АҚШ-тың 
оңтүстік  аймақтарының  жайылымдарын  американдық  ғалымдар  зерттей  келе 
малдарды  үздіксіз,  мейлінше  жиі  бағу  нəтижесінде  өсімдіктердің  барлық 
жапырақтары  дерлік  желініп  қойылатын  бойшаң  өсімдіктердің  жойылып 
кетуіне  əкелетінін  атап  көрсетті  [44].  Егер  жайылымдық  өсімдіктер 
жапырақтарының  көп  бөлігі  əрдайым  желініп,  жойылып  кетіп  отырса 
өсімдіктер  құрамындағы  маңызды  қоректік  заттардың  қалпына  келуі  баяулап 
жайылым  сапасын  төмендетеді.  Ал  сапасы  төмен  жайылым  желінуі  нашарлап 
мал  шаруашылық  өнеркəсіптердің  дамуына,  ел  экономикасының  алға  басуына 
кері əсерін тигізеді.   
Орталық  Азия  жайылымдарына  шектеусіз,  артығымен  түсетін  салмақтың 
табиғи  малазықтық  жайылым  өсімдіктердің  өсіп-дамуына  жəне  жайылым 
өнімділігіне  кері  əсерін  тигізетінін  ағылшын  зерттеушілері  Kerven  C.  [45]  мен 
Benke R. [46] атап көрсеткен. Олардың пікірлері бойынша мал шаруашылығын 

15 
 
шағын  топтық  ұтымды  əдіспен  жүргізуге  бірқатар  объктивті  себептер  кедергі 
болатындықтан,  малазықтық  жайылымдардың  құлдырауы  немесе өнімділігінің 
төмен болуының басты себептерінің бірі елді-мекен орналасқан аймаққа жақын 
жерлердегі  жайылымдарға  малдардың  шамадан  тыс  көп  уақыт  бойы  жайылуы 
тікелей əсер ететінін ашып айтты [47].  
Көпжылдық  ғылыми  -  зерттеулердің  нəтижелеріне  сүйене  отырып,                   
Ж.А.  Жамбакин  жайылымдарға  мал  жаю  барлық  уақытта  бірдей  олардың 
жағдайын жақсартатын ықпал болып табыла бермейді деген тұжырымға келеді. 
Оның  айтуынша,  жусанды-таңтəріздесті  жайылымдарды  тынықтыру  кезеңінің 
алғашқы  жылдарында  өсімдіктердің  тіршілік  жағдайларының  көрсеткіштері 
біраз  жақсарған,  олардың  түрлік  алуан  түрлілігі  артқан.  Алайда  осы 
жайылымдарда  мал  жайылмауынан,  тынықтырудың  оныншы  жылында  бағалы 
біржылдық  шөптер  тобындағы  жекелеген  түрлердің,  əсіресе  тік  сабақты 
тасбеде, тарбақ мортық, тарақбоз тағы басқа шөптердің түрлері азайған. Бірте – 
бірте  бұташық  шөптердің  өсуі  мен  жетілуіне  кері  əсерін  тигізіп  мүк  пен  қына 
алқаптар көлемі арта бастаған [48]. 
Жазылбеков  Н.А.,  Мырзахметов  А.И.,  Кинеев  М.А.,  Тореханов  А.А., 
Ашанин  А.И.,  Таджиев  К.П  пікірлері  бойынша,  өте  көлемді  жайылымдарды 
отарлы мал шаруашылығына тиімді пайдалану үшін, міндетті түрде маусымдық 
жайылымдарды  тұрақты  пайдалануға  қажетті  жағдайлар  жасау,  шалғындық-
жайылымдық  шаруашылықтар  ұйымдастыру,  жайылымдарды  су  көздерімен, 
мал  айдайтын  жолдармен  қамтамасыз  ету,  өндірістік  жəне  тұрғын  үйлермен 
жабдықтау,  жем-шөптің  сақтық  қорларын  жасау  жəне  малазықтық  алқаптарды 
ұтымды пайдалану тəсілдерін қолдану қажет [49]. 
Табиғи  жайлымдардың  өнімділігінің  төмендеу  себептері  мал  бағу 
жүйесінің бір жолға, яғни ғылыми негізге сүйене отырып қойылмауынан жəне 
ұзақ уақыттан бері қараусыз қалып, тапталған. Өсімдіктерді өсіп-даму кезеңіне 
жəне  жасына,  жайылым  сыймдылығына  байланысты  мал  жаюды  дұрыс 
ұйымдастыру қажет.  
 
1.3 
Өнімділігі 
және 
қоректік 
құндылығы 
төмен 
табиғи 
жайылымдарды әртүрлі жақсарту жолдары 
Биосфера  құрудағы  негізгі  биологиялық  факторларға  В.Н.  Вернадский 
фитомелиоранттарды  атап  көрсетті.  Фитомелиоранттарды  В.Н.  Вернадский 
«ноосфераны  оңтайландыруда  өсімдіктердің  табиғи  қайта  құру  қызметін 
пайдалану» 
деп 
түсіндірді. 
Осыған 
байланысты 
биогеосфера 
мен 
биогидросфераны  оңтайландыруда  фитомелиорация  қатысуымен  жүретіні 
белгілі.  Өсімдіктердің  табиғи  қайта  құру  қызметіне  В.Н.  Вернадский  [50],             
Т.А.  Работновтың  [51]  айтуынша  фитомелиорацияның  жалпы  теориялық 
негізінде биогеоценологиялық түсінік болып табылған.   
Табиғи 
фитоценоздар 
фитомелиорация 
əсерінен 
сəйкесінше 
биогеоценоздарда 
кем 
түспейді, 
сол 
себепті 
де 
табиғи 
секілді 
биогеоценологиялық одақтастық құру мақсаты маңызды болып келеді. Осыған 

16 
 
орай  жасанды  фитоценоздар  жақсы  табиғи  секілді  сонымен  қатар    өнімділігі 
жоғары болу мақсатында құрылуы жəне жасалуы қажет [52, 53]. 
Халық  шаруашылығында  биогеоценоздарды  өзгерту  үшін,  не  болмаса 
басқару үшін ең əуелі жан жақты талқылап алып жəне оның себептерін анықтап 
əр 
қайсысының 
мағанасын 
бағалай 
білу 
керек. 
Фитомелиорацияны 
биогеоценоздарды  жақсартудың  жəне  өзгертудің  белгілі  бір  жолы  ретінде  де 
қарастыруға болады [54, 55]. 
Мал  шаруашылығын  дамытуда  фитомелиорация  бағыты  мал  азығын 
дайындауда  табиғи  жайылымдардан  өнімі  əлдеқайда  жоғары  жəне  сапалы 
сонымен  қатар  жыл  бойына  малдарды  əртүрлі  азықпен  қамтамасыз  ете 
алатындай  жасанды  жайылымдарды  құру  негізінде  жасалады.  Еліміздің 
Солтүстік  аймақтарының  шабындықтары  мен  жайылымдарын  жақсартуда 
əртүрлі  жасанды  фитоценоздар  құрылған.  И.Ф.  Момотов,  К.  Фазиев,  У.М. 
Сагалбеков,  Б.М.  Кошен  [56],  айтуларынша  «фитомелиорант»  термині 
«жасанды жайылым», «жасанды фитоценоз» [57-62], «шабындық пен жайылым 
азықтары»  [63-66],  атауларымен  ботаникалық  əдебиеттерде  сонымен  қатар 
тəжірибелік жайылымдарда кеңінен қолданылатынын атап көрсеткен.  
Алимаев  И.И.,  Смаилов  К.Ш.,  Кошен  Б.М.  [67]  атап  өткендеріндей 
еліміздің  құрғақ  далалы  Солтүстік  аймақтарында  фитомелиорантты  талдаулар 
жасау  арқылы  өнімділігі  төмен  жəне  түрлік  құрамы  нашар  малазықтық 
шабындықтар 
мен 
жайылымдарда 
өнімділікті 
əлдеқайда 
жоғарлатуға 
болатынын көрсетті.  
Деградацияға  ұшыраған  малазықтық  жайылымдарды  жақсартудың  бірден 
бір жолы үстіртін жəне түбегейлі жақсарту болып табылады. Яғни топырақтың 
шым  қабатын  өңдеу,  əртүрлі  шөптер  мен  шөп  қоспаларды  себу  барысында 
табиғи  жайылымдардан  тікелей  өзгеше  не  болмаса  өнімділігі  айқын  басым 
болатындай шөп құрылымын құруға болады. Түбегейлі жақсартуда сол аймаққа 
аудандастырылған  жабайы  өсімдіктер  немесе  аудандастырылатын  өсімдіктер 
түрлері  қолданылады.  Орталық  Азия  мен  Қазақстанның  көптеген  ғылыми 
мекемелеріндегі  зерттеулер  мəліметтеріне  сүйенетін  болсақ  жайылымдарды 
жақсарту  мақсатында  еркекшөп,  сексеуіл,  изень,  терескен,  кейреуік  жəне  т.б. 
[68].    А.А.  Кутузов  пен  Л.Д.  Федорова  [69]  зерттеулері  бойынша  малазықтық 
жайылымдық  жерлерді  жылдам  жəне  қарқынды  жақсартуда,  түбегейлі 
жақсарту  барысында  шөптерді  себу  арқылы  түрлік  құрамын  жаңартуды  атап 
көрсеткен. 
Ылғал  жеткілікті  аймақтарда  малазықтық  жайылымдарды  жақсартуда 
əртүрлі астық жəне бұршақ тұқымдас шөптер қоспалары таңдап алынып себіліп 
келген  болса,  ал  құрғақ  далалы  аймақтарда  шабындықтар  мен  жайылымдарды 
жақсарту  жолдары  жаңа  сонымен  қатар  қоспалар  таңдау,  олардың  бір  біріне 
қатынасы,  агротехникасы  жəне  осы  сұрақтарға  байланысты  зерттеулер 
толығымен жүргізілмеген [70]. 
Б.А.  Макаровтың  айтуынша  өнімділігі  төмен  жайылымдарды  қарқынды 
дамыту  себілген  шабындықтарды  құру  бірден  бір  жолы  болып  табылады. 
Автордың  зерттеулерінде  жайылымдарды  қарқынды  дамытып,  өнімділігін 

17 
 
арттыруда  8-10  жылдың  ішінде  50-60  ц/га  пішен,  1200-1300  кг/га  азықтық 
өлшем себілген шабындықтардан алған [71]. 
Ленинград  облысында  жайылымдарды  құру  жүйесі  əртүрлі  жолдармен 
жүргізіледі:  
1)  табиғи  жайылымдарды  қарқынды  түрде  өнімділіктерін  арттыруда 
түбегейлі жақсарту, не болмаса осы жайылымдарды тиімді пайдалану жобасын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет