Хурметбек октябрь



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата06.03.2017
өлшемі8,19 Mb.
#8492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
жасау;  
2)  айтарлықтай  ботаникалық  құрамға  ие  табиғи  жайылымдарды  үстіртін 
жақсарту;  
3) ерте кезде себілген көпжылдық шөптерді жақсарту жолдарымен;  
4) ауыл аймаққа жақын жерде орналасқан жайылымдар мен шалғындарды 
жаңа дақылдар себу əдісімен. 
Осыған  орай  шабындықтар  мен  жайылымдардың  өнімділігін  арттыру 
барысында  шөптердің  түрлік  құрамына  жəне  көптеген  жылдар  бойына 
пайдаланылуына аса көп көңіл бөлген жөн. Ол үшін жайылымдардағы шөптер 
құрамы  немесе  себілітін  шөптер  түрінің  бастапқы  жылдарда  сонымен  қатар 
кейінгі жылдарында жақсы өнім бере алатын дақылдарды қолдану қажет [72].  
Алыс  шығыстағы  аудандарда  Ф.И.  Платновтың  [73]  көрсетуінше  табиғи 
жайылымдар  жаз  айларының  бірінші  жартысында  малдарды  азықпен 
қамтамасыз еткенімен жаз айларының екінші жартысында малазықтық шөптер 
сабақтары  қатайып  тіптен  жеуге  келмей  қалатындығын  анық  көрсеткен.  Сол 
себепті де шаруашылықтар жаз айларында малдарды азықтандыру мақсатында 
шөптерді үлкен аумаққа себуге мəжбүр. Осыған орай табиғи шабындықтар мен 
жайылымдарды жақсарту  жолдары жəне де  тиімді пайдалану  бірінші кезектегі 
мəселе болып келеді. Жайылымдардың өнімділігін қарқынды өсіруде тырмамен 
екі  қайтара  жүріп,  минералды  тыңайтқыштар  енгізіп  45  кг  ə.е.з.  жəне 
көпжылдық шөптер қоспасын себу, 3 жылдық көрсеткіштерде 146,4 ц/га пішен 
өнімі алынған. Ал тура осы жылдарда жақсартылмаған жайылымдағы өнім 29,0 
ц/га  болған.  Көпжылдық  шөптер  себіліп  жақсартылған  жайылымның 
өнімділігінде  жақсартылмаған  жайылымдардан  8  есе  көп  протеин  жиналса, 
фосфор 9 есе жəне кальции 18 есе көп болған. Сонымен қатар топырақтың шым 
қабатын  біріншілік  өңдеу  жасағанда  дөңгелекті  соқа  мен  тырманы  қолдануға 
болатыны айтылған. Ал осы жағдайда зерттеу жұмыстары жүргізілген 3 жылда 
103,9 ц/га пішен өнімі алынған. 
Ленинград  зерттеу  мекемесінде  Е.Т.  Беднов  жəне  Г.А.  Кузнецов  [74]  
жүргізген  зерттеу  нəтижелері  бойынша  кестірілген  бұқалар  120  күннің  ішінде 
себілген жайылымдар есебінен орта есеппен күніне 755 г салмақ қосса, ал тура 
осы  кезде  өнімділігі  төмен  табиғи  жайылымдарда  жайылған  жас  қара  малдар 
толық жайылым кезеңінде бар болғаны 200-300 г салмақ қосқан. 
Жайылымдарды  жақсарту  негізінде  көпжылдық  шөптер  қоспасын  себу 
кезінде А.А. Кутузова [75] айтуынша аудандастырылған жəне жоғары сападағы 
сорттарды  таңдап  алу  маңызды  болып  табылатыны  жəне  себілген  шөптердің 
жоғары төзімділігі сонда ғана сенімді кепіл бола алады. Ал себілген шөптердің 
жойылып кетуі тікелей осы аудандастырылмаған сорттар əсерінен болады. 

18 
 
Құрғақ  далалы  аймақтардың  мал  шаруашылығында  мал  азығын 
дайындауда түбегейлі жəне үстіртін жақсарту Н.А. Корнеев [76] жазуынша мал 
азығы  қорын  нығайтудың  бірден  бір  жолы.  Жазғы  жайылым  уақытында 
малдарды  табиғи  шабындықтар  мен  жайылымдар  есебінен  жасыл  азықпен, 
себілген  көпжылдық  шөптермен  қамтамасыз  ету  үшін  себілген  өнімділігі 
жоғары  жайылымдар  қажет  екендігі  анық.  Осы  себепті  де өнімділігі  төмен 
малазықтық  табиғи  жайылымдарды  жақсарту  барысында  көпжылдық  астық 
жəне бұршақ тұқымдас шөптер мен шөпқоспаларын себу қажет. 
С.  Арчер  жəне  К.  Банч  [77]  көрсетулерінше  жазғы  жайылым  кезеңінде 
жайылымдық  шөптер  өздерін  қоректік  заттармен  қамтамасыз  етуі  үшін 
жайылымда  жасыл  жапырақтардың  қалуы  тиіс,  яғни  жайылым  шөптерінің 
жартысын шауып жартысын қалдыру керек. 
А.В.  Андреев  жəне  А.А.  Зотов  [78]  айтуынша  шөптерді  шауып  жайылым 
минералданудан  кейін  қоректік  заттар  топыраққа  сұйық  жəне  қатты  түрінде 
қайта  енеді.  Дегенмен  де  бұл  фактор  əсіресе  ылғалды  аудандарда  немесе 
суармалы  жайылымдарда  зор  маңызға  ие.  Ал  суармасыз  жəне  құрғақ  далалы 
аймақтарда  бір  жылдық  жəне  көпжылдық  шөптердің  жер  үсті  органикалық 
массасының сіңуі барысында қоректік заттардың көп бөлігі жоғалып кетеді.    
Өсімдіктің химиялық құрамына өсіп-даму кезеңіндегі температура, жарық, 
жыл  бойындағы  ылғал  бөлінуі  жəне  мөлшері  үлкен  əсер  етеді.  Жаз 
айларындағы температураның жоғары болуы нəтижесінде шөптердің өнімділігі 
төмендеп  қана  қоймай  сонымен  қатар  малазықтық  құндылығы  төмендеп 
клетчатка құрамы арта түседі, сабақтарының жапырақтарға қатынасы бойынша 
салмағы  артады.  Жарықтың  күшеюі  өсімдіктер  құрамындағы    дəрумендердің 
артуына  себеп  болады.  Сонымен  қатар  осы  шөптердің  желінуі  олардың 
кезеңдеріне  байланысты  өзгереді.  Айтқандай  шөптердің  ерте  өсіп-даму 
кезеңдерінде олар жақсы желінетін болса, ал кешіккен сайын нашарлайды [79].  
Қазақстанның  құрғақ  далалы  аймағында  малазықтық  жайылымдарды 
жақсарту  жəне  көпжылдық  жайылымдарды  құру  Қарағанды  тəжірибелік 
бекетінде (а. Долинка) 1930 жылы профессор К.Д. Постоялковтың қатысуымен  
жүргізілген.  Көпжылдық  зерттеу  жұмыстарының  негізінде  алғаш  рет  құрғақ 
үлкен  аймақтарда  далалы  жайылымдарды  түбегейлі  жақсарту  жəне  оларда 
өсімдіктерді  қалыптастыру  теориясы  берілді.  К.Д.  Постоялковтың  [80],                  
К.А. Аубакировтың [81], В.Н. Мешетичтің [82] зерттеулері бойынша Солтүстік 
Қазақстанның  құрғақ  далалы  аймағының  жайылымдарында  жолақты  жырту 
барысында  көпжылдық  фитоценоздарды  қалыптастыру  əдістемесін  құрғақ 
далалы  мал  азығын  түбегейлі  жақсарту  жолдары  деп  қарастыруды  айтады. 
Осының  нəтижесінде  төмен  өнімді  жайылымдық  жерлер  жоғары  өнімді 
малазықтық  жайылымдық  жерлерге  ауысады.  Жүргізілген  зерттеу  жұмыстары 
тəжірибелік маңызы үлкен жəне қазіргі кезде кеңінен қолданылады. 
Тың  жерлердегі  игеруде  көпжылдық  зерттеулерде  жабайы  өсетін 
дақылдарды 
астық  тұқымдастар,  күрделігүлділер  тұқымдастары 
жəне 
крестгүлділер  тұқымдастарын  негізге  ала  отырып  өсіргенде  жайылымдарды 
жақсартуда  маңызды  жəне  осы  аудандарда  сонымен  қатар  Қарағандының 

19 
 
тəжірибелік бекетіндегі аймақтарда шөптердің өнімділігі 25-73 ц/га болды [83-
85].  
Себілген  шабындықтардың  сапасы  шөп  оттылығының  ботаникалық 
құрамына  жəне  қоректік  заттар  құрамымен  анықталады.  Шабындықтардың 
малазықтық  құндылығына  жəне  қоректік  құрылымына  шабындықтарды  жасау 
жəне  құру  əдістері  тікелей  əсер  етеді.  Соның  ішінде  шабындықтарды 
жақсартуда  ауыр  техникаларды  қолдану  өсімдіктер  құрылымына  кері  əсерін 
тигізеді.  Осыған  орай  себілген  шабындықтарды  құру  тиімді  əдістерді  қолдану 
барысында сапалы азық дайындау негізінде жасалады [86-97]. 
Шөпқоспалы  танаптар  заманауи  өсімдік  шаруашылығында  малазықтық 
дақылдарды  дайындауда  жиі  өсіріліп  себілетіні  бір  түрден  қарағанда 
шөпқоспалар 
біршама 
артықшылықтарымен 
ерекшеленеді. 
Өсімдіктер 
құрамының  əртүрлілігі  мен  сұрыптық  гетерогенділігі  агро  экожүйенің 
қоршаған  орта  жағдайларының  өзгеруіне  байланысты  қалыптасуына  əсерін 
тигізеді [98]. Мал азығын дайындауда шөп қоспаларын пайдалану өсімдіктердің 
өнімділігіне  ғана  емес  сонымен  қатар  дайындалатын  азықтың  сапасынада 
тиімді  əсер  етеді  [99].  Бұршақ-астық  тұқымдас  жоғары  өнімді    агрофитоценоз 
құруда  сол  аймаққа  аудандастырылған  өсімдіктер  түрімен  қатар  сұрыптарды 
таңдау үлкен маңызға ие [100]. Соңғы жылдары өнімділігі жағынан жəне қысқа 
төзімділігі жоғары түрлер мен сұрыптар шығарылып жатқаны белгілі [101]. 
Қорыта  айтқанда  табиғи  жайылымдар  ұзақ  жылдар  бойы  жоспарсыз 
пайдаланылған.  Сонымен  қатар  соңғы  20  жыл  ішінде  ешқандайда  жақсарту 
жұмыстары  жүргізілмеген.  Осыған  орай  табиғи  жайылымдарды  жақсарту 
жұмыстарының маңызды екенін түсіндіруге болады. 
 
1.4  Табиғи  жайылымдарды  жақсарту  барысында  шөптер  мен 
шөпқоспаларды таңдап алу 
Солтүстік  Қазақстанның  құрғақ  далалы  аймағында  Постоялков  К.Д.  [102] 
зертеу  жұмыстарын  жүргізді.  Соболев  Л.Н  айтуы  бойынша  Қазақстанның 
құрғақ далалы аймағында 2-3 шөп қоспалары болу керек [103]. Сонымен қатар 
А.В.  Каширина  астық+бұршақ  шөп  қоспалары  мен  таза  күйіндегі  себілген 
шөптерді  салыстырмалы  түрде  бағалаған  [104].  Осы  зерттеулер  нəтижесінде 
құрғақ  далалы  аймақта  күрделі  шөп  қоспалары  мен  жай  шөп  қоспалары 
ұсынылған. 
Ставропольск  аймағында  жəне  Солтүстік  Кавказ  аудандарында  эрозиямен 
күресудің  негізгі  шаралары  эрозияға  ұшыраған  жерлерді  шалғындандыру 
болып табылады. Эрозияға ұшыраған топырақты шалғындандыру мал азықтары 
қорын  нығайту  мен  олардың  топырақ  құнарлылығын  арттыру,  сонымен  қатар 
басқада  ауылшаруашылық  дақылдарын  топырақ  қорғау  ауыспалы  егіншілік 
жүйесінде  өсіру  маңызды  рөл  атқарады.  Жүргізілген  зерттеу  жұмыстарының 
нəтижелерінде  су  жəне жел эрозиясына ұшыраған аймақтарда  шалғындандыру 
барысында  жоғары  өнім  жəне  жоғары  пішен  өнімін  алуға  болатыны 
дəлелденген.  Айта  кететін  болсақ,  табиғи  шабындықтардан  4,5  есе  өнімділік 
жəне 8-10 есе қорытылатын протеин жинақтауға болады. Соның ішінде жоғары 

20 
 
өнімділікке  əсер  ететін  дақылдарға  кейбір  шөп  қоспаларды  атап  көрсетуге 
болады,  яғни  жоңышқа,  эспарцет,  еркекшөп  жəне  қылтықсыз  арпабас.  Шөп 
қоспалардың 50%-ы бұршақ 50%-ы астық тұқымдастар болуы керек [105]. 
Моңғолияның  орталық  аймақтарында  И.П.  Дроздов  пен  С.  Жигжидсурэн 
[106]  жайылымдар  мен  шабындықтарды  жақсартуда  əртүрлі  шөп  қоспаларды 
таңдап 
алуда 
зерттеулер 
жұргізген. 
Осы 
зерттеулер 
нəтижелерінде 
жоңышқа+қылтықсыз  арпабас  жəне  жоңышқа+еркекшөп  екі  шөп  қоспасы 
жайылымдарды қолдану барысында барынша жоғары өнім берген. 
Винницк  облысының  Винницк  ауданындағы  Чапаев  колхозында  1973 
жылы  П.С.  Макаренко  [107]  мəліметтерінде  390  га  жерге  суармалы 
жайылымдары құру нəтижесінде қара мал басын 1,5 есеге өсіріп, сонымен қатар 
əр сиырдан 3200-3300 кг сүт өнімі алғанын келтіреді. 
Н.Т.  Нечаевтың  айтуынша  [108]  табиғи  жайылымдарды  жақсартуда 
бұталарды  жəне  бұта  тектес  өсімдіктерді  енгізе  отырып  өнімділікті  біршама 
жоғарлатуға  болады.  Өсімдіктердің  түрлік  құрамын  жақсартуда  экологиялық 
баға  берумен  қатар  биогеоценологиялық  тұрғыдан  қарап,  біріншіден  сол 
аймақтың  ылғалмен  қамтамасыз  етілуін  есепке  ала  отырып,  топырақты  аудара 
жыртып  не  болмаса  тырмамен  өңдеу  арқылы  табиғи  өсімдіктердің  бəсексін 
төмен  түсіріп,  сонымен  қатар  өнімділігі  жоғары  шөптер  қоспаларын  таңдап 
алып жəне себу болып табылады. 
Тəжікстанның 
Оңтүстік-Батыс 
аймақтарының 
құрғақ 
далалы 
жайылымдарында  эфемерлі  агроценоздарды  зерттей  отыра  Л.П.  Синьковский 
[109] жайылымдарға себілген бұта тектес өсімдіктердің малазықтық өнімділігі, 
эфемерлері  ауа  райы  жағдайына  қарамастан  табиғи  жайылымдардан  2-3  есе 
артық болған жəне құрғақ зат өлшемі 27,7-34,8 ц.га болған.  
Қазақстанның 
орталық 
аймақтарында 
малазықтық 
жайылымдары 
түбегейлі  жақсартуда  міндетті  түрде  қар  жамылғысынсыз  егістер  жəне  шөп 
қоспалары қолданылады. Жалпы көпжылдық шөптер себілген бірінші жылында 
өнімділігі  төмен  болады,  өсіп-дамуы  да  ақырын,  ал  қар  жамылғысындағы 
дақылдар  тез  өсіп  дамып  жетіледі  жəне  бұл  көрсеткіштері  келесі 
жылдарындағы өнімділігіне тікелей əсер етеді [110].  
З.Ш.  Шамсутдинов  [111]  жайылымдардағы  бұталы  жəне  бұта  тектес 
өсімдіктер  мен  əртүрлі  жабайы  өскен  шөп  қоспаларының    өнімділіктерің 
жөғары  болуы  олардың  экология-физиологиялық  сонымен  бірге  биологиялық 
құрылымдарына  байланысты  деп  түсіндірді.  Осы өсімдіктердің  биологиялық 
маңыздылығы  қоршаған  орта  ресурстарын  барынша  қолданып  тезірек  өсіп-
дамуында.  Өзбек  ғалымдарының  зерттеу  жұмыстары  негізінде  табиғи 
эфемеройдты фитоценоздар ауа қорынан (0-15 см қабат) жəне топырақтан (0-60 
см  қабат),  эфемерлі-жусанды  фитоценоздар  сəйкесінше  0-30  жəне  0-90  см 
қабатын  ғана  қолданатыны  дəлелденген.  Фитоценоздардың  бұл  жағдайы  жер 
асты мүшелерінің жəне тамыр  жүйесінің  қысқа болуына байланысты, ортаның 
материалды  жағдайын  толығымен  қолдана  алмауы  жəне  сол  себепті  де белгілі 
топырақ-климат  жағдайларында  өнімділіктері  əлдеқайда  төмен  болады. 
Құрамында  бұта  тектес  өсімдіктері  бар  жасанды  фитоценоздар  ауа  қабатының 

21 
 
50-70  см  ал  топырақ  қабатының  500  ден  600  см-ге  дейін  ресурсты  қорды 
пайдалана алады. 
Я.Б.  Лапкес  жəне  В.С.  Гульцев  [112]  айтуларынша  жайылымдық  шөптер 
мал  азығын  өндіруде  зоотехниялық  тұрғыдан  қарағанда  біршама  бағалы  мал 
азығы болып келеді. Жайылымдық шөптердің азықтық бірлігі құрамында 146 г- 
қорытылатын протеин, 9,0 г – кальции, 5,2 г – фосфор бар. Ал бұл өз кезегінде 
жайылымның  жайылым  уақытында  жаппай  жəне  тиімді  қолдану  барысында 
жылдың көп бөлігінде сүт алу мүмкіндігін туғызады. 
Көпжылдық зерттеулерінің нəтижелеріне сүйене отырып ғалымдар құрғақ 
далалы амақтағы малазықтық шөптердің биологиялық маңыздылығы ол қуатты 
жəне  терең  бойлай  өсетін  тамыр  жүйесімен  байланыстырды.  Өсіп-даму 
кезеңінің  бірінші  жылының  соңына  қарай  изень,  кейреуік,  сексеуіл 
өсімдіктерінің тамыры 1-2 м тереңдікке кететін болса, ал 3-4 жылдарында 3 м-
ге  жəне  одан  да  тереңге  бойлай  түседі.  Құрғақ  далалы  аймақ  өсімдіктері  осы 
қуатты  жəне  терең  бойлайтын  тамыр  жүйесі  арқасында  топырақ  қабатындағы 
қоректік  заттар  мен  ылғалды  пайдалануда  мүмкіндік  береді.  Демек,  осыған 
орай ылғал жеткіліксіздігі  мен  жоғары  температураға  қарамастан жоғары  өнім 
беру себебін түсіндіре кетуге болады. 
Украинаның  ҒЗИ-ның  жəне  басқада  ғылыми  орталықтарының  зерттеу 
нəтижелерінде  шабындықтар  мен  жайылымдарды  шалғындандыруда  əртүрлі 
кезеңде өсіп жетілетін шөп қоспаларды таңдаған дұрыс. Шаруашылықтарға 20-
25%  ерте,  40-45%  орташа,  25-30%  кеш  пісетін  шабындық  жерлер  үлесі 
болғанын  ұсынды.  Ал  бұл  жағдай  шабу  кезеңдерінің  арасын  ұзартып  оңтайлы 
мерзіміне жеткізіп жəне əр  шабыстың арасын 25-30 күнге жеткізе отырып мал 
азығын  дайындау  барысында  техника  мен  жұмыс  күшін  тиімді  пайдалануға 
мүмкіндік береді [113]. 
Ставропольск 
ауданының 
құрғақ 
дала 
аймағының 
қара 
қоңыр 
топырықтарында  Ю.В.  Вивтоненко  жəне  М.И.  Головатенко  [114]  көпжылдық 
ғылыми  -  зерттеу  жұмыстарының  нəтижелерінің  мəліметтеріне  сүйене  отырып 
жайлымдарды жақсарту жəне тиімді пайдалану барысында екі-үш жəне оданда 
көп  шөпқоспаларын  себу  жөніндегі  тұжырымға  келген.  Күрделі  шөп 
қоспаларда əр жылдарда ауа райы жағдайына байланысты шөптердің өзара бір-
бірін  алмастыру  барысында  жақсы  өнімділік  беруде  тікелей  əсер  етеді. 
Сонымен қатар  əртүрлі биологиялық топтағы өсімдіктерді таңдап  алу  топырақ 
құрамындағы  қоректік  заттарды,  су  жəне  күн  энергиясын  тиімді  пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
Сол  сияқты  Иванов  Д.А.  [115]  деректері  бойынша  əртүрлі  тұқымдастар 
мен  əртүрлі  биологиялық  топтағы  өсімдіктер  тамыр  жүйелерінің  топырақ 
қабатына  біркелкі  таралуына  байланысты,  топырақ  қабатындағы  ылғал  қоры 
мен  қоректік  заттарды  толығымен  пайдалана  алады.  Бұршақ  тұқымдас 
шөптердің  діңгекті  тамырлары  тереңге  жайылып  көптеп  бұтақталады.  Астық 
тұқымдас шөптерде жұқа  шашақ  тамырлары болады жəне қосалқы  тамырлары 
топырақтың  беткі  қабатына  таралып,  тек  негізгі  тамырлары  ғана  тереңге 
бойлайды.  Бұршақ  тұқымдас  шөптер  мен  астық  тұқымдас  шөптерде 

22 
 
айтарлықтай айырмашылық олардың химиялық құрамында да байқалады. Орта 
есеппен  көпжылдық  астық  тұқымдас  шөптер  гүлдену  кезеңінде  2-3 
жылдарында  фосфорға,  ал  бұршақ  тұқымдастар  кальций  жəне  протеинге  бай 
болып келеді. 
Ауылшаруашылық  кəсіпорындарының  негізгі  шикізат  көзі  болып  ет,  сүт 
жəне  мал  шаруашылығы  табалады.  Осы  салалардың  дамуына  тікелей  əсер 
ететін  саланың  бірден  бір  бөлігі  ол  мал  шаруашылығы.  Ал  оның  қарқынды 
дамуы малазықтық дақылдарды қор үнемдегіш технология негізін кең ауқымды 
пайдалану  болып  табылады.  Осыған  орай  көпжылдық  астық  жəне  бұршақ 
тұқымдас  шөпқоспалары  маңызды  рөл  атқарады,  себебі  олар  малдарды  арзан 
жəне толыққанды азықпен қамтамасыз ете алады [116]. Көптеген зерттеулердің 
нəтижесіне  қарап  отырсақ  астық  жəне  бұршақ  тұқымдастар  қоспасы 
қолданылады. 
Соның 
ішінде 
бұршақ 
тұқымдастар 
ішінде 
жоңышқа 
өнімділігінің  жоғары  болуымен  жəне  көпжылдық  дақыл  ретінде  ерекшеленеді 
[117-118].  Сонымен  қатар  агрофитоценоз  қалыптастыруда  малазықтық  шөптер 
мен  шөп  қоспаларды  таңдап  алу  маңызды  рөл  атқарады.  Əсіресе 
агроэкологиялық 
тəуекелділік 
бар 
аймақтарда 
климаттың 
өзгеруіне 
байланысты,  құрғақшылықтың  жəне  басқада  кері  əсер  ететін  жағдайлардың 
болуына  байланысты  малазықтық  дақылдардың  шөпқоспаларын  дұрыс  таңдау 
маңызды мəселе екені анық [119]. 
Заманауи  шалғындық  мал  азығын  өндіруде  шалғындық  шөпотын 
қалыптастырудың  негізгі  талаптарының  бірі  шөпқоспаларды  таңдап  алу. 
Себілген  шалғындар  азжылдық  (3-5  жыл)  жəне  көпжылдық  (10  жыл  жəне 
жоғары)  болып  бөлінеді.  Азжылдық  шалғындар  көбінесе  ауыспалы  егістік 
жүйесінде  қолданылса,  ал  көпжылдық  əртүрлі  шөптер  қоспасы  себілген 
шалғындарда қолданылады. Көптеген шаруа қожалықтары өнімділігі өте төмен 
жайылымдарды  материалдық  жəне  қаражаттық  шығындарға  ұшырап  жақсарта 
алмай  жатады  [120-121].  Алдымызда  жаңа  экономикалық  шаралар  негізінде 
жоғары  өнімді  жəне  көпжылдық  шөпқоспалады  таңдау  негізінде  көпжылдық 
шөпотын қалыптастыру тапсырмасы тұрғаны белгілі.  
Шетелдік  зерттеулердегі  маңызды  мəселенің  бірі  ол  шалғындардағы 
шөптер  құрамының  əртүрлілігі  болып  отыр.  Соның  ішінде  арамшөптерден 
басқа бұршақ жəне астық тұқымдас шөптер түрлерінің болуы маңызды мəселе. 
Жайылымдық  шөптердің  əртүрлілігі  ол  малдардың  тəбетін  ашып    желінуіне 
жəне  шабындық  ретінде  пайдалануда  артықшылығымен  ерекшеленеді. 
Шалғындағы  шөптер  түрлерінің  əртүрлілігіне  осы  кезге  дейін  қатты  көңіл 
бөлінбегені  белгілі,  дегенмен  де  батыс  елдерінің  ғалымдарын  биоəртүрлілік 
қызықтыруда.  Біршама  жайылымдарды  əртүрлі  шөптер  құрамымен  толықтыру 
бұл  экологиялық  жағдай  ғана  емес  сонымен  қатар  малдардың  толыққанды 
рационмен  қамтамасыз  етілуіне  əсер  ететін  қоспа  ретінде  қолданылады. 
Жайылымдардың  малазықтық  өнімділігінің  төмендеуіне  агрономдар  жауап 
береді.  Көптеген  ғалымдардың  зерттеулеріне  қарасақ  табиғи  жайылымдарды 
құлдырауға  ұшыратпау  негізінде  пайдалануда  бір  қалыптылық,  көп  шығынды 

23 
 
қажет  етпейтін  жүйелі  қолдану,  экологиялық  тепе-теңдікті  сақтау  бірінші 
кезектегі мəселе болып отыр [122].  
Осы  тепе-теңдік нəтижесі  түрлердің бəсекелесуі  жəне ынталанудың пайда 
болуы,  көптеген  түрлердің  сақталуына  оң  əсер  етеді.  INRA  Франция  ауыл 
шаруашылық 
ҒЗИ 
ғалымдарының 
айтуынша 
шалғындық 
фитоценоз 
өсімдіктерінің  генетикалық  жəне  биологиялық  əртүрлілігін  сақтап  қалуда  сол 
шалғындықтағы  өзгерістерді  байқай  отырып  ғылымға  сүйене  келе  оңтайлы 
жолдарын  таңдап  алу  мүмкіндігі  бар.  Германияның  Гётинген  университетінің 
ғалымдарының  заманауи  зерттеулерінде  шөптердің  əртүрлілігі  жайылымдарда 
мал  азығы  өнімдерінің  жалпы  өнімінің  жоғары  қалыптасуына  жəне  оның 
құрылымына  тікелей  əсер  ететінін  айтқан  [123].  Əрине  бұл  өсімдіктер 
өнімділігінің жоғары болуына ғана емес сонымен қатар сапасынада əсер ететіні 
анық.  Н.Д.  Сколлан  зерттеулерінің  нəтижесінде  малазықтық  дақылдардың 
əртүрлілігін пайдалану негізінде сиыр етінде май қышқылдарының болуына оң 
əсерін  тигізген  [124].  Кейбір  ғалымдардың  зерттеулерінде  шөптердің 
əртүрлілігінің негізінде сүттің майлылығы жоғарлап, омега-3 жəне омега-6 май 
қышқылдарының 
жоғарлауы 
байқалған 
[125]. 
Словен 
ғалымдарының 
зерттеулерінде  сүрлем  дайындау  барысында  шөптердің  əртүрлілігі  негізінде 
каротиннің  жоғары  болғаны  байқалған  [126].  Фитоценоз  құрамының  əртүрлі 
болуы əсіресе сапалы бренд тауарлар дайындауда, соның ішінде əйгілі ірімшік 
дайындауда  маңызды  рөл  атқарады  [127].  Фитоценоз  құрамының  əртүрлілігі 
азық  дайындауда  ғана  емес  сонымен  қатар  геоботаникалық  зерттеулерге, 
əсіресе  шаруа  қожалықтарының  маңындағы  шекаралас  табиғи  бақтар  үшінде 
маңызды  [128].  Сонымен  қатар  табиғаттағы  сирек  кездесетін  жəндіктергеде 
фитоценоз  құрамының  əртүрлілігі  тікелей  əсер  етеді  жəне  биоэнергетика  көзі 
ретінде 
кең 
ауқымды 
маңызға 
ие 
[129]. 
Шалғындар 
рөлі 
ауыл 
шаруашылығымен  қатар  экотуризм  саласындада  маңызды  болып  саналады, 
яғни  демалушыларға  эстетикалық  қанағаттандырулық  əкеледі  [130].  Қазіргі 
заманда  Еуропаның  шалғындарының  тарихы  атты  көптеген  қызықты 
зерттеулер  геоботаникалық  жəне  археологиялық  əдістердің  бірігуі  негізінде 
жүргізіліп жатыр [131].   
Еуропаның  шалғындық  жүйесінің  басты  элементінің  бірі  шабындық. 
Көптеген жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету орны, сонымен қатар ет, сүт 
өндірісінде  протеин,  сонымен  қатар  қамтамасыз  ету  жəне  энергия  көзі  болып 
табылады.  Еуропалық  қауымдастықтарда  шалғындық  азықтарды  пайдалану 
тамақ  өнеркəсібінің  қауіпсіздік  кепілі,  яғни  өндірушілердің  əлеуметтік 
мəртебесі 
ретінде 
маңызды. 
А. 
Петерстің 
жүргізген 
зерттеулерінің 
мəліметтерінде  Еуроодақты  мал  шаруашылығы  есебінен  ақуызбен  қамтамасыз 
ету қазіргі күнге дейін өзекті мəселе, оны шешу Еуроодақтың жалпы аграрлық 
саясатының маңызды шешімдері мен талаптарының нəтижесінде қарастырылуы 
қажет  [132].  Ауылшаруашылық  нысын  ретінде  ақуызды-көмірсулар  тепе-
теңдігінің  бұзылуынан  жануарлар  есебінен  азоттың  жойылуын  азайтып, 
парникті  газдар  шығарылымын  реттей  алуында  [133].  Ерте  заманғы 
шаруашылықтардың  жылдам  мерзімде  паудалануы  ескі  əдіс  болып  саналады, 

24 
 
ал  оның  орнын  басатын  табиғи  климаттық  аймақтар,  шалғындар  мал 
шаруашылығы  өнімдері  өнеркəсібінде  арзан  энергия  жəне  ақуыз  көзі 
болғандықтан тиімді, сонымен қатар жүйелі пайдалану қажеттілігі туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет