Негізгі
экономикалық
маңыздылығы
ретінде
шабындықтар
мен
жайылымдарды, мал азықтандыру мақсатымен қатар басқада салаларда
пайдалы екені анық. Мысалға алатын болсақ Болгария ғалымдары
фотоэлектрлік
бекетте
көпжылдық
астық
жəне
бұршақ
тұқымдас
шөпқоспалардың өнімділігі мен малазықтық құндылығына ғылыми - зерттеулер
жүргізді [134]. Қоректік энергия мен малазықтық протеин қолданылуының
соңғы пайдаланушысы адам екенін ескеретін болсақ ауылшаруашылық бағытта
ғана пайдаланылады деуге болмайды [135]. Сол себептіде малазықтық
шалғындарды тиімді пайдалану биоқауіпсіздіктің жаңа иновациялық жолдарын
тауып, кең ауқымды пайдалануды саясаткерлер көріп отыр. Малазықтық
дақылдардың құрамындағы протеин мөлшерін жоғарлататын азоттың негізгі
көзі ретінде бұршақ тұқымдас компоненттердің екені белгілі. Өсімдіктерде
ақуыздардың жинақталуының көбеюі селекцияның жетістігі болса, сонымен
қатар табиғи өсетін генотиптерді пайдалануда маңызды бір бөлігі [136].
Ғылыми - зерттеу нəтижелерінде тетраплоидтарды қолдану есебінен жоғары
көрсеткіштер алынды [137]. Барлық негізгі жағдайлардың өндірісте сəйкесе
кетуі оңайшылыққа соқпайды. Мəселен шөптер қоспасын ешкібұршақ жəне
беденің біршама түрлерінің қоспасы негізінде себу кезінде азот тыңайтқышын
қолдану барысында жалпы өнімділікті жоғарлатқанмен шөп оттылығындағы
бұршақ қоспаларының азаюына əсер етеді [138]. Сондай-ақ бұршақ тұқымдас
шөптерде протеин мөлшері азот тыңайтқышын қолдануға қарамастан бір
қалыпты өзгермейді, ал өсіп-даму кезеңінің соңғы кезеңінде астық тұқымдас
шөптер қоспасын бұршақ тұқымдастармен себу негізінде құрамындағы ақуыз
мөлшері минералды қосалқы тыңайтқыштарды қолданудан жоғары болған
[139]. Сонымен қатар малазықтық шалғындардың ақуыз мөлшерінің жоғары
болуы шөп отын тиімді пайдалануда маңызды рөл атқарады. Моңғолия
мемлекетінің далалы аймағында жүргізілген ғылыми - зерттеулер нəтижелеріне
сүйенетін болсақ табиғи жайылымдарды əр кезеңде əртүрлі қолдану өнімділік
сапасына
кері
коррелациялық
əсер
ететіні
дəлелденген
[140].
Ал
Португалиялық ғалымдары Fernández-Núñez E., Pires J. M., Fernandes A., Pires J.
Aguiar C., Galvão L., Moreira N мəліметтерінде шөп отылығының жақсы желінуі
жəне құнарлы болуы азот тыңайтқышын қолдану есебінен жылдам толығатыны
айтылған [141]. Малазықтық шабындықтардың өнімділігін мезгілінен кеш
жинау протеиннің жоғарлауына себеп болуы мүмкін, бірақ малазықтық
құндылығы клечатканың жойылуы негізінде біршама төмендейді [142].
Қорытылатын протеин мөлшерінің жоғары болуы азықтық бірліктің жоғары
болуына сəйкес келе бермейді. Малазықтық шабындықтар өнімділігін
уақытынан кешіктірмей жинаудың өзі шабындықтардағы шөп оттылықтан
сонымен қатар құрамдық түрлеріненде маңызды. Себебі өсімдіктердің өсіп-
даму кезеңдерін білу сапалы жəне жақсы қорытылатын мал азығын дайындауда
кең ауқымда əсер етеді [143]. Малазықтық ақуыздың жетіспеушілігін
25
айтпағанда əртүрлі шөптермен азықтандыру малдар рационына оңтайлы əсер
етеді. Соңғы кездері қара малға табиғи жайылымдардан басқа астық
тұқымдастармен азықтандыруға көп көңіл бөлініп отыр. Мезгіл сайын малдарға
жасыл азық беру мəселесінде ғалымдар ойлары келіспей жатады. Мысалға
алатын болсақ 2012 жылы неміс ғалымдарының ғылыми - зерттеулерінің
деректері
бойынша
колда
ұсталған
қара
малдың
сүті
табиғи
жайылымдағылардан жоғары болған [144]. Дегенменде итальялық Revello-
Chion A., Tabacco E., Battelli G., Righi F., Quarantelli A., Giaccone D. and Borreani
G. ғалымдарының мəліметтерінде кара малды моноқоспалармен азықтандыру
сүттің сапасына жəне май мен ақуыздың пайыздық мөлшеріне тікелей əсер
етеді [145]. Итальялық Romanzin A., Corazzin M., Saccà E., Sepulcri A. and
Bovolenta S зерттеушілері табиғи жайылымдардың жергілікті ірімшік сапсына
оң əсер еткенін байқаған [146]. Табиғи жайылымдарды қолдану негізінде май
мөлшерінің, протеиннің жəне құрғақ зат мөлшерінің көп мөлшерде
жинақталуына əкелген [147]. Табиғи жайылымдардың шөп оттылығын
жақсарту жəне тиімді пайдалану мал шаруашылығын қарқынды дамытудың
негізгі нысаны. Батыс еуропа елдері импорттық тауарлар есебінен дамуы
жоғарлаған [148].
Осыған орай жайылымдарда астық бұршақ тұқымдастарды қоса
пайдаланып жəне шалғындарды тиімді қолдану мал азығын дайындаудың арзан
көзі болып табылатынын көрсетуге болады.
1.5
Көпжылдық
малазықтық
шөптердің
биолого-экологиялық
сонымен қатар халық шаруашылығындағы маңызы
Солтүстік Қазақстан аймағында жайылымдық жерлерді қалыптастыруда,
көпжылдық астық тұқымдас шөптердің ішінде қылтықсыз арпабас жəне
еркекшөптің екі түрі - кең сабақты жəне тар сабақты түрлері, ал құрғақ далалы
аймақтарда - шөлдік еркекшөп кеңінен пайдаланылады. Қылтықсыз арпабас
пен еркекшөптің химиялық құрамы бірдей десе де болады, дегенмен
еркекшөптің қоректік құндылығы қылтықсыз арпабасқа қарағанда біршама
төмен, 100 кг жасыл балаусасында 24 а.ө жəне 1,6 кг сіңімді протеин бар, 100 кг
пішенінде - 52,7 а.ө жəне 3,5 кг сіңімді протеин бар [149-150]. Қылтықсыз
арпабастың дамуының алғашқы кезеңдерінде жиналған жасыл балаусасының
қортылуы жоғары. Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында,
М.А. Корманов 1966-1970 жж., қойларға, зерттеулер жүргізген. Нəтижесінде
келесідей қорытылу коэффициенттері алынды: қылтықсыз арпабастың түтікке
шығу кезеңінде жиналған жасыл балаусасында (%): протеин - 69,5, май - 72,0,
клетчатка - 72,3, АЭЗ - 83,6. Қылтықсыз арпабас Солтүстік Қазақстанның
орманды далалы аймақтарында кеңінен таралған, ал еркекшөп – біршама құрғақ
жəне құрғақ далалы аймақтарда [151-152].
Құрғақ далалы аймақтарда мəдени жайылымдарды қалыптастыру үшін,
ауыл шаруашылығы жануарларымен жақсы желінетін еркекшөп кеңінен
қолданылады.
Величко
П.В.
сипаттауынша
Қазақстанның
далалы
аймақтарында еркекшөптен дайындалған пішен өзінің жоғары қоректілігімен
26
ерекшеленеді: 100 кг пішенінде 47-52 а.ө жəне 5,1-5,8 кг сіңімді протеин бар,
мұндай еркекшөп пішені сіңімді протеин бойынша теңестірілген.
Еркекшөп гүлденуге дейін құрамында қоректік заттарының көптігімен
ерекшеленеді, яғни протеин мөлшері 12,9-18,2%. Ерекекшөптің жасыл
балаусасының құрамында қандай даму кезеңінде болса да, судың мөлшері
төмен болады, ал тұқым қалыптастыру кезеңі басталғаннан бастап, оның
құрамындағы клечатка мөлшері көбейеді, яғни сіңімділігі - 2,1%, сонымен
қатар бұл кезеңде шикі майдың мөлшері азаяды [153].
Зыков Ю.Д. өзінің жұмыстарында, Қазақстаннның оңтүстік аудандарында
жем-шөптік құндылығы жəне қоректілігі бойынша көпжылдық шөптердің
ішінде алдыңғы орынды жоңышқаға береді, оның 100 кг жасыл балаусасында
4,8 кг сіңімді протеин, 0,78 кг кальций, 0,8 кг фосфор жəне 6,5 г каротин -
провитамин А бар, оның қоректілігі 21 азықтық өлшемге тең. Жоңышқаның
жасыл балаусасы ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлерімен жақсы
желінеді, мəселен, ірі қара малды азықтандырғанда пайдалану коэффициенті
92,6%. Жоңышқа құрамындағы ақуыз мөлшері бойынша сұлы жəне басқа да
астық тұқымдастарының астығынан асып түседі [154-155].
Солтүстік Қазақстан жағдайында Можаев Н.И. сипаттауынша анағұрлым
арзан ақуыз мөлшерін көпжылдық бұршақ тұқымас шөптердің егістігінен алған
жəне олардың ішіндегі алдыңғы орын жоңышқаға тиесілі. Далалы жəне
орманды аймақтарда 1 кг жасыл балаусасында 0,16-0,20 а.ө, пішенінде –
0,50-0,62 а.ө, 120-175 сіңімді протеин, 9,4 -15,2 г кальций, 1,3-2,2 г фосфор жəне
17-29 мг каротин бар [156-158].
Қазақстанда мал азығының құрамындағы амин қышқылдарының мөлшері
бойынша мəліметтер И.С. Поповтың еңбектерінде жинақталған жəне онда жем-
шөптік рационы тек қана құрамындағы ақуыздың мөлшері бойынша ғана емес,
сонымен қатар амин қышқылдары құрамы бойынша да теңестірілуіне көңіл
аударылған.
Барлық
бұршақ
тұқымдас
дақылдардың
құрамында
алмастырылмайтын амин қышқылдарының мөлшері жоғары: лизин, метионин,
лейцин жəне т.б.
Томмэ М.Ф., Елкин Г.М. [159]; Гладкий М.Ф., Корнилов А.А., Яценко Я.Л.
[160] өздерінің жұмыстарында жоңышқа өзінің химиялық құрамы бойынша
астық тұқымдас дақылдардан ғана емес, сонымен қатар басқа да кең таралған
малазықтық бұршақ тұқымдас дақылдардан асып түсетіндігін көрсеткен.
А.И. Сметаникова [161] өзінің еңбегінде, жоңышқа құрамындағы протеин
мөлшерінің көптігімен ғана емес, сонымен қатар ол протеин құрамына енетін
амин қышқылдары мөлшерімен де бағалы екенін атап көрсеткен. Жоңышқаның
құрамында алмастырылмайтын амин қышқылдарының – лизин, цистин,
гистидин, валин жəне т.б. мөлшері астық тұқымдастарға қарағанда 1,5-2 есе
жоғары.
Попов И.С., мəліметтері бойынша 1 кг жоңышқа пішенінде 4,8 г лизин, 2,3
г гистидин бар [162]. Cонымен қатар жоңышқадан дайындалған шөп ұнында
маңызды алмастырылмайтын амин қышқылдары (1 кг мал азығында, г): лизин –
12, лейцин - 14,6, триптофан – 3,2, цистин – 4; жасыл балаусасында – А, С, Д, Е,
27
жəне өсу дəрумендері В (В1 – анифрин, В2 – рибофлавин, В3 – пантотциалдық
қышқыл) бар. Жоңышқаның 1 кг құрғақ затында – 2,2-7,7 мг мыс, 28-29 –
марганец, 1,4-6,2 – молибден, 1,4-12 – бор, 0,27-0, 77 мг кобальт бар.
Жоңышқадан дайындалған шөп ұны өзінің азықтық құндылығы бойынша жем-
шөптік дақылдардан кем түспейді. Мəселен, жоңышқаны бүрлену немесе
гүлденудің басында жинағанда, жиналған өсімдіктің көк балаусасында 25-26 %-
ға дейін сіңімді протеин болады.
Жоңышқаның жасыл балаусасы амин қышқылдары (лизин, метионин,
цистин, триптофан, аргинин, гистидин, лейцин, изолейцин, фенилаланин,
треонин, валин жəне т.б.) бойынша теңестірілген ақуыздың жоғары
мөлшерімен ерекшеленеді. Ол өмірлік маңызы зор дəрумендерге бай (А, В, С,
Д, Е, Н, К, Р, РР), сонымен қатар жануарлар мен құстардың барлық түрлерінің
қалыпты өсіп-дамуына қажетті алуан түрлі микроэлементтерге, органикалық-
минералдық (фосфор, кальций, калий, магний, күкірт жəне т.б.) заттарға да бай.
Жоңышқадан дайындалған – жас шөпті, пішенді, пішендемені, сүрлемді, шөп
ұнын – ірі жəне ұсақ жануарлар жақсы жейді. Жоңышқадан дайындалған жем-
шөптің қортылуы – 70-80% [163].
Жоңышқадан дұрыс кептіргенде жоғары сапалы пішен алынады, əсіресе
жоңышқадан дайындалған шөп ұны жоғары бағаланады. 1 кг шөп ұнында 120-
200 г протеин жəне 180 -300 мг каротин мөлшері бар. Егер де 100 кг жоңышқа
пішенінде 50-60 азықтық өлшем болса, онда шөп ұнында - 70-80 азықтық
өлшем болады жəне ол қоректілігі бойынша астыққа жақындайды.
Ең жақсы жем-шөптік дақылдарға сонымен қатар құмдақ эспарцетте
жатады – Onobrychis arenaria, бүрлену кезеңінде бұл шөпте 17,8% протеин,
4,7% май, 27,9% клетчатка, 40,2% АЭЗ жəне 9,5% күл элементтері болады
[164].
Зыков Ю.Д., Корнилов А.А., Черноголовина В.П., Можаев Н.И. жəне т.б.
сипаттаулары бойынша, Қазақстанның далалық жəне шөлейтті далалық
аудандарында эспарцет пішенінде 15,4% ақуыз заттары бар, сонымен қатар
3,2% май жəне күл элементтері – 6,7%. Солтүстік Қазақстан жағдайында
эспарцеттен 25-30 ц пішен өнімін алғанда гектарынан 200-280 кг ақуыз
мөлшерін жинауға болады [165-166].
1.6 Жайылымдарды жақсартуға таңдап алынған сұрыптардың
қысқаша сипаттамасы
Жайылымдарды жақсарту жұмыстарына таңдап алынған жекелеген
сұрыптарға тоқтала кететін болсақ жалпақ масақты еркекшөп - БАТЫР
(аgropyron pectini forme Roem. Et Schult., житняк ширококолосый)
Сұрып жіңішке масақты Камышенский 1 сортын жекелей – топтық іріктеп,
жалпақ масақты сұрыптарымен тозаңдандыру негізінде алынған.
Сұрып авторлары: Абдрашитова Р.М., Колесникова Е.В., Хориков О.С.,
Плахотник В.В.
Сабақтары тік тұрады, əлсіз шашыраңқы. Пішенге жинау кезіндегі жер
оттылығының биіктігі 72 см (42-91 см) жетеді. Түптену дəрежесі жоғары –
28
тіршілігінің екінші жылында 147 (72-193), тіршілігінің үшінші жылында 360
(220-450) өскін қалыптастырады (1 сурет).
Сурет 1 – Еркекшөптің Батыр сұрпының шөп оттылығы.
Толық масақтану кезеңі
Сабақтары тік, цилиндр тəрізді толық, аздап бұдырлы, төменгі
буынаралықтары қысқа. Масақтану мен пісу кезеңінде буынаралықтарының
түсі жасыл-қоңыр түстен қара қоңыр түске өзгереді. Буынаралықтарының
орташы саны 4 (3-5). Жапырақтары жіңішке сызықты, ұзындығы 14,3 см, ені 0,7
см, орташа жұмсақ, жасыл түсті болып келеді. Жапырақ тақтасы əлсіз
толқынды, төменгі жағы тегіс, симметириялы орналаспаған, сабақтан 30-40
0
-қа
ауытқып, 2/3 бөлігі иіліп тұрады. Өсімдіктің жапырақтануы сабақтар бойынша
біркелкі, жалпы 41,0% құрайды. Масағы тарақ пішіндес, масақша аралары
сиректеу орналасқан, ал 1 білік кемерінде 6 масақ орналасады,. Масақтардың
ұзындығы 6,7 (5,0-9,3 см) см, ені 1,9 см, өңі жасыл түсті. Масақтары сопақша
пішіндес 7 (6-9). Тұқымы салыстырмалы түрде ірілеу, 7,3 (6,1-8,2 мм), 1000
тұқымның массасы 2,7 г, ланцетті үшкірленген, ашық-сары түсті, бүйір
жақтары сұр түсті (2 сурет).
Сурет 2 – Еркекшөптің Батыр сұрпының тұқымдары
29
Көктемгі кезеңде жерасты бөлігінің қуатты əрі қарқынды түрде өсуі
байқалады. Гүлдену мен пішенге шабуға дейінгі өсіп – даму кезеңінің ұзақтығы
(12-17 маусым) 48-65 тəулікті құрайды, тұқымының пісу кезеңіне дейін (22-25
шілде) 87-98 тəулікті құрайды.
Орташа көк балауса өнімділігі 90,5 ц/га, пішен өнімділігі 47,1 ц/га дейін
жетіп,
жергілікті
аудандастырылған
Карабалыкский
202
сұрпымен
салыстырғанда 18,3% жоғары өнімділік қалыптастыра алады. Тұқым өнімділігі
2-3,5 ц/га құрайды. Бір өлшем құрғақ затта 11,7% протеин, 29,2% жасұнық,
1,8% май, 6% күлді элементтер бар. Азықтық өлшемі – 0,676 кг/кг тең
Сұрып 1992 жылы ҚР Селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік реестріне
енгізілген жəне Ақмола жəне СҚ облыстары бойынша өсіруге рұқсат етілген
сұрып болып саналады [167].
Қылтықсыз арпабас – ЛИМАННЫЙ (кострец безостый, Bromus inermis
Leyss)
Сұрып жергілікті табиғи поппуляцияларды жалпылай сұрыптау əдісімен
алынған.
Сұрып авторлары: Колесникова Е.В., Габченко В.М., Постоялков К.Д.
Қылтықсыз арпабас өсімдігінің қайта жандануы көктем мезгілінде ерте
басталады, суыққа жəне ыстыққа төзімділігімен ерекшеленеді, сонымен қатар
су басуға да төзімді: ірі су басуына 10-12 тəулікке дейін, ал саяз басуына 43
тəулікке дейін төзімді болады.
Көктемгі қайта жанданудан шашақтану кезеңіне дейінгі өсіп-даму
кезеңінің ұзақтығы 47-60 тəулік, ал тұқымының пісуіне дейін 79-95 тəулікті
құрайды. Қылтықсыз арпабас шабындық жəне жайылымдық өсімдік. Екінші
шабысқа дейін де толыққанды өнім қалыптастырады (3 сурет).
Сурет 3 – Қылтықсыз арпабастың Лиманный сұрпының шөп оттылығы.
Гүлдену кезеңінің басы
30
Сұрып тат ауруына, қара дақ ауруларына төзімді жəне азот
тыңайтқыштарына сезімтал, яғни үстеп қоректендіру негізінде енгізілген 3 ц/га
аммиак селитрасы қылтықсыз арпабас өнімділігін 1,5-2 есе арттырады.
Бірінші шабыс алдында жер оттылығының ең жоғары биіктігі 129 см
жетеді, ал екінші шабыс алдында 110 см құрайды. Жапырақтану дəрежесі,
сəйкесінше, 47 жəне 88% аралығында болады.
1997-2003 жылдар аралығында лиманды (көлдетіп суару) жерлердегі
зерттеу тəжірибелеріне сүйенетін болсақ, қылтықсыз арпабастың көк балауса
өнімі – 213,2 ц/га, пішен өнімділігі – 80,7 ц/га, тұқым өнімділігі – 3,1 ц/га
құрады (4 сурет).
Сурет 4 – Қылтықсыз арпабастың Лиманный сұрпының тұқымдары
Өсімдіктің құрғақ массасында 13,1% протеин, 29,3% жасұнық, 2,1% май
жəне 7,8% күлді элементтер бар. Азықтық өлшемі 0,67 кг/кг.
Жер бедері табиғи түрде төмендеген аймақтарда, лимандар мен суармалы
жайылымдарда қылтықсыз арпабасты себу ұсынылған.
Сұрып 1975 жылы ҚР Селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік реестріне
енгізілген жəне Ақмола облысы бойынша өсіруге рұқсат етілген сұрып болып
саналады [167, с. 12].
Жоңышқа өзгермелі Шортандинская 2 (Medicagovaria Mart. Люцерна
изменчивая)
Сұрып тибеттік жоңышқа мен егістік жоңышқа сұрыптарынан алынған
буданды поппуляцияларды жалпылай сұрыптау əдісімен алынған.
Сұрып авторы: Кузьмин В.П.
Жоңышқаның Шортандинская 2 сұрпы өзгермелі түршесі, көк гибридті
тобы, шұбар көк гибридті түріне жатады.
Тамыр жүйесі қуатты, негізгі тамырдың бұтақтануы жоғары жақтан
басталады. Сабақтары тік, кейде жапырылғыш, шөптесінді, түптену дəрежесі
орташа, сабақтары жақсы дамыған.
31
Жапырақтары – күрделі, үштік, орташа ірі, қою жасыл түсті болады.
Жапырақ серіктері аз, жасыл түсті. Жапырақтану дəрежесі жоғары 52%
құрайды əрі біркелкі болып келеді.
Гүлшоғыры – ұзарған жұмыр пішінді, ұзындығы 6 см, орташа борпас (5
сурет). Жемісі – коңыр түсті бұршаққап, сұрып орташа мерзімде піседі.
Сурет 5 – Жоңышқаның Шортандинская 2 сұрпының шөп оттылығы
Тұқымдары орташа, сары – жасыл түсті (6 сурет).
Сурет 6 – Жоңышқаның Шортандинская 2 сұрпының тұқымдары
32
Көктемгі қайта жанданудан алғашқы шабуға дейінгі өсіп-даму кезеңінің
ұзақтығы 55-80 тəулік, ал тұқымының пісуіне дейін 115-125 тəулікті құрайды.
Жоңышаның Шортандинский 2 сұрпы суыққа жəне ыстыққа, сонымен
қатар ауруларға төзімділігімен ерекшеленеді. Жоңышқа 1-2 шабыс беретін шөп
оттылығын қалыптастырады. Көк балауса өнімі – 142,0 ц/га, пішен өнімділігі –
40,3 ц/га, тұқым өнімділігі – 2,3 ц/га құрады.
Өсімдіктің құрғақ массасында 17,3-20,4% шикі протеин, 16,3-21,3%
жасұнық болады.
Сұрып 1952 жылы ҚР Селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік реестріне
енгізілген жəне Ақмола, Қостанай облыстары бойынша өсіруге рұқсат етілген
сұрып болып саналады [167, с. 38].
Құмдақ эспарцет Шортандинский 83 (эспарцет песчанный, оnobrychis
arenaria)
Сұрып песчаный улучшенный сұрпын ВИР коллекциясындағы құмдақ
жəне закавказды түрлерімен түраралық тозаңдандыру негізінде сұрыптау
арқылы шығарылған.
Сұрып авторлары: Загородняя Л.И., Жуковская Р.А., Еськова Л.И.
Сұрып иілгіштігімен ерекшеленеді. Орташа мерзімде пісетін сұрып,
көктемгі қайта жанданудан алғашқы шабылмалы пісуге дейінгі өсіп-даму
кезеңінің ұзақтығы 46-62 тəулік, ал тұқымдарының толық пісуіне дейінгі кезеңі
80-100 тəулікті құрайды. Сұрып көктем мезгілінде жəне шабудан кейінгі
кезеңде тəуліктік өсімінің қарқынды жүруімен ерекшеленеді (7 сурет).
Сурет 7 – Эспарцеттің Шортандинский 83 сұрпының шөп оттылығы
33
Құмдақ эспарцеттің сабағы тік, сабағының ұзындығы орташа (70-80 см),
Түптену дəрежесі орташа. Жапырақтарының негізгі бөлігі өсімдіктің орта жəне
жоғарғы қабаттарда шоғырланған, қою жасыл түсті. Өсімдіктің жапырақтануы
жақсы 50% дейін жетеді.
Гүлшоғыры цилиндр пішінді, гүлдері орташа тығыз орналасқан. Гүлдері
қою қызғылт түсті.
Тұқымдары орташа ірі, 1000 тұқымының массасы 19,4 г, фасоль тəрізді
пішіндес, сырты тегіс, жылтыр, күңгірт жəне қоңыр түсті келген (8 сурет).
Сурет 8 – Эспарцеттің Шортандинский 83 сұрпының тұқымдары
Сұрып қысқы қолайсыз жағдайлар мен құрғақшылыққа жоғары
төзімділігімен ерекшеленеді , сонымен қатара аскахитоз жəне сұр тат
ауруларына төзімді жəне тұқым зиянкестерімен (эспарцет жуанаяқтысы,
эспарцет дəнжегіші) аз зақымданады.
Орташа есеппен көк балауса өнімділігі 190 ц/га, құрғақ зат өнімділігі 60
ц/га , ал тұқым өнімділігі 5 ц/га құрайды.
Өсімдіктің құрғақ зат құрамында 17,5-19,8% протеин, 25% жасұнық бар.
Сұрып 1993 жылы ҚР Селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік реестріне
енгізілген. Сұрып патенттелген [167, с. 32].
Қорыта айтқанда астық тұқымдастар ішінен еркекшөп, қылтықсыз арпабас
дақылы, ал бұршақ тұқымдастар ішінен жоңышқа, эспарцет дақылдарының
табиғи жайылымдарды жақсартуда маңызы зор екенін, сонымен қатар
малазықтық құндылығының жоғары екендігін айта кетуге болады.
34
Сұрақтың зерттелу жағдайы бойынша қорытынды
Əдебиетке шолу жасай отырып Ақмола облысы құрғақ далалы аймағында
құлдырауға ұшырыған, өнімділігі төмен табиғи жайылымдарды жақсарту
жолдары жəне осы табиғи малазықтық жайылымдардың фитоценоз құрамын
жақсартуда көпжылдық шөптердің маңызы зор екенін айта кетуге болады.
Сонымен қатар осы аймақта жайылымдарды жақсарту жұмыстарының толық
зерттелмегенін жəне ғылыми - зерттеуді қажет ететіндігін анық көрсетті.
Осыған орай табиғи жайылымдарды əртүрлі жақсарту жолдары мен əртүрлі
астық жəне бұршақ тұқымдас шөпқоспалары таңдап алынды. Жүргізілген
ғылыми - зерттеу жұмысы еліміздегі ауылшаруашылығы саласындағы маңызды
бағыттардың бірі болып табылатын мал азығын дайындау саласындағы өзекті
мəселелер мен сұрақтарды шешуге, сонымен қатар осы саланың заман
талабына сай дамуына жəне сапалы да өнімді мал азығын дайындау мəселесін
Достарыңызбен бөлісу: |