1
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
ƏОЖ 633.2:581.522.44(574.24)(043.3) Қолжазба құқығында
ХУРМЕТБЕК ОКТЯБРЬ
Ақмола облысы құрғақ дала аймағындағы жайылымдарды үстіртін
жақсартудың фитоценоз қалыптасуына әсері
6D080100 – Агрономия
Философия докторы (PhD)
ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесшілер:
Ғ.Ж. Стыбаев,
ауыл шаруашылығы
ғылымдарының кандидаты,
доцент
Х.Г. Янчева PhD докторы,
профессор
Қазақстан Республикасы
Астана, 2015
2
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТИІК СІЛТЕМЕЛЕР.............................................................. 4
АНЫҚТАМАЛАР........................................................................................... 5
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР............................................................ 6
КІРІСПЕ........................................................................................................... 7
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.................................................................................. 11
1.1 Ақмола обласындағы өнімділігі төмендеген табиғи жайылымдық
жерлерді жақсартудың маңыздылығы..........................................................
11
1.2 Малазықтық табиғи жайылымдардың өнімділігінің төмендеу
себептері............................................................................................................
13
1.3 Өнімділігі жəне қоректік құндылығы төмен табиғи жайылымдарды
əртүрлі жақсарту жолдары..............................................................................
15
1.4 Табиғи жайылымдарды жақсарту барысында шөптер мен
шөпқоспаларды таңдап алу.............................................................................
19
1.5 Көпжылдық малазықтық шөптердің биолого-экологиялық сонымен
қатар халық шаруашылығындағы маңызы....................................................
25
1.6 Жайылымдарды жақсартуға таңдап алынған сұрыптардың қысқаша
сипаттамасы......................................................................................................
27
2
ЗЕРТТЕУ
ЖҰМЫСТАРЫ
ЖҮРГІЗІЛГЕН
АЙМАҚТЫҢ
ТОПЫРАҚ КЛИМАТ ЖАҒДАЙЫ............................................................
35
2.1 Зерттеу жүргізу орны, тəжірибе кескіні жəне зерттеу объектісі..........
38
2.2 Тəжірибедегі агротехника.......................................................................... 39
2.3 Зерттеу жұмыстарын жүргізудегі есептеулер мен бақылаулар............
40
3 ФИТОЦЕНОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТҮГЕНДЕУ............... 44
3.1 Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймақтың жер жамылғысы................ 44
3.2 Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймақтың табиғи жайылым
өнімділігі...........................................................................................................
46
3.3 Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймақтың табиғи жайылым
шөптерінің желінуі...........................................................................................
47
4
АҚМОЛА
ОБЛЫСЫНЫҢ
ДАЛАЛЫ
АЙМАҒЫНДАҒЫ
ОҢТҮСТІК
ҚАРА
ТОПЫРАҚТЫҢ
ШЫМДЫ
ҚАБАТЫН
ӘРТҮРЛІ
ЖАҚСАРТУ
ӘДІСІНІҢ
ФИТОЦЕНОЗ
ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ........................................................................
49
4.1 Көпжылдық шөптердің бірінші жылындағы өсіп-даму ерекшеліктері
(2012, 2013, 2014 жылдары себілген)...........................................................
49
4.1.1 Көпжылдық шөптердің тіршілігінің бірінші жылындағы саны жəне
сақталуы...........................................................................................................
54
4.2 Көпжылдық шөптердің екінші жылындағы өсіп-даму ерекшеліктері
(2012, 2013 жылдары себілген).....................................................................
58
4.2.1 Көпжылдық шөптердің əртүрлі жақсарту əдістеріне байланысты
тіршілігінің екінші жылындағы сабақ жиілігі.............................................
61
4.2.2 Көпжылдық шөптердің екінші жылындағы жəне табиғи жайылым
өсімдіктерінің биіктігі....................................................................................
65
3
4.2.3 Жайылымдарды əртүрлі жақсарту əдістеріне байланысты
көпжылдық
шөптердің
екінші
жылындағы
фотосинтетикалық
көрсеткіштері....................................................................................................
69
4.2.4 Көпжылдық шөптер қоспасының екінші жылындағы жəне табиғи
жайылымдардың қалыптастырған өнімділігі................................................
70
4.2.5 Көпжылдық шөптер қоспасының екінші жылындағы жəне табиғи
жайылым дақылдарының қоректік құндылығы............................................
77
4.3 Көпжылдық шөптердің үшінші жылындағы өсіп-даму ерекшеліктері
жəне сақталуы (2012 жылы себілген)............................................................
80
4.3.1 Көпжылдық шөптердің үшінші жылындағы өсімдіктер саны жəне
сабақ жиілігі.....................................................................................................
83
4.3.2 Жайылымдарды əртүрлі жақсарту əдістеріне байланысты
көпжылдық
шөптердің
үшінші
жылындағы
фотосинтетикалық
көрсеткіштері....................................................................................................
85
4.3.3 Көпжылдық шөптер қоспасының үшінші жылындағы жəне табиғи
жайылым өсімдіктерінің қалыптастырған өнімділігі..................................
85
4.3.4 Малазықтық дақылдардың үшінші жəне төртінші жылдарындағы
қоректік құндылығы........................................................................................
89
5 ТАБИҒИ МАЛАЗЫҚТЫҚ ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ҮСТІРТІН
ЖАҚСАРТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ..
94
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 97
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................. 99
ҚОСЫМША А................................................................................................ 111
ҚОСЫМША Б................................................................................................ 112
ҚОСЫМША В................................................................................................ 113
ҚОСЫМША Г................................................................................................ 114
ҚОСЫМША Д................................................................................................ 115
ҚОСЫМША Е................................................................................................. 117
ҚОСЫМША Ж............................................................................................... 121
ҚОСЫМША И................................................................................................ 123
ҚОСЫМША К................................................................................................ 124
ҚОСЫМША Л................................................................................................ 125
ҚОСЫМША М................................................................................................ 127
ҚОСЫМША Н................................................................................................ 129
ҚОСЫМША П................................................................................................ 132
ҚОСЫМША Р................................................................................................ 133
ҚОСЫМША С................................................................................................ 139
ҚОСЫМША Т................................................................................................ 140
ҚОСЫМША У................................................................................................ 141
ҚОСЫМША Ф............................................................................................... 142
ҚОСЫМША Х................................................................................................ 143
ҚОСЫМША Ц................................................................................................ 144
ҚОСЫМША Ч................................................................................................ 149
ҚОСЫМША Ш............................................................................................... 150
4
НОРМАТИВТИІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста төмендегідей нормативтік-құқықтық
құжаттарға сілтемелер қолданылды:
МЕМСТ 46-96-80. Тұқымдардың себу сапасын анықтау
МЕМСТ 27548-97 Корма растительные. Методы определения содержания
влаги
МЕМСТ 13496.3-92 (ИСО 6496-83) Комбикорма, комбикормовое сырье.
Методы определения влаги
МЕМСТ 13496.4-93 Корма, комбикорма, комбикормовое сырье. Методы
определения содержания азота и сырого протеина
МЕМСТ 13496.15-97 Корма, комбикорма, комбикормовое сырье. Методы
определения содержания сырого жира
МЕМСТ 13496.2-91 Корма, комбикорма, комбикормовое сырье. Метод
определения сырой клетчатки
МЕМСТ 26226-95 Корма, комбикорма, комбикормовое сырье. Методы
определения содержания сырой золы
МЕМСТ 26570-95 Корма, комбикорма, комбикормовое сырье. Методы
определения кальция
МЕМСТ 26657-97 Корма, комбикорма, комбикормовое сырье. Методы
определения содержания фосфора
МЕМСТ 26176-91 Корма, комбикорма. Методы определения растворимых
и легкогидролизуемых углеводов
5
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста өздеріне сəйкес анықтамаларымен келесідей
терминдер қолданылды:
Егін көгінің тығыздығы – өсімдіктердің толық көктеу кезеңіндегі 1 м
2
немесе қатардағы 1 метр ұзындық бойындағы өсімдіктердің саны.
Сабақ бітіктігі – 1 м
2
жердегі өсімдіктердің саны.
Өсімдік жағдайының тығыздығы – 1 м
2
жерге келетін өсімдіктердің
саны.
Сабақ бітіктігінің, жер оттылығының оңтайлы тығыздығы – ауыл
шаруашылығы дақылдарының қандай мақсатқа өсірілуіне (жем-азыққа,
тұқымға), дақылдардың биологиялық жəне морфологиялық ерекшеліктеріне,
сұрыптарға жəне егістіктің қоршаған орта факторларымен (ылғалмен
қамтамасыз етілу, топырақ құнарлылығы, агротехника деңгейі жəне т.б.)
қамтамасыз етілуіне байланысты болатын, белгілі бір өлшем жердегі (м
2
, га)
қажетті өсімдіктердің саны.
Жайылым – өсімдік қауымдастығы малдарды жаюға арналған жер
телімдері.
Шабындық – өсімдігі пішен дайындау үшін пайдаланылатын жер телімі.
Жасыл балауса – жануарлармен жайылымда немесе шабылған жас
күйінде желінетін, сонымен қатар жазғы жайылымдық кезеңде ауыл
шаруашылығы жануарлары үшін негізгі жəне анағұрлым арзан жем-шөп болып
табылатын өсімдіктер.
Жем-шөптік дақылдар – малдарға жасыл балауса, пішен, пішендеме,
сүрлем, шөп ұнын дайындауға кеңінен пайдаланылатын, егістікте жəне жем-
шөптік ауыспалы егістерде өсірілетін жəне табиғи малазықтық жерлерде өсетін,
сонымен
қатар
өнімділігі
төмен
шабындықтар
мен
жайылымдарды
шалғындандыруға пайдаланылатын көпжылдық жəне біржылдық дақылдар.
Көпжылдық жем-шөп дақылдары – жем-шөптік жəне агротехникалық
маңызы зор көпжылдық шөптердің тобы. Олар 4 шаруашылық-биологиялық
топтарға бөлінеді: астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, қияқ өлеңділер
жəне əртүрлі шөптер.
6
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесідей белгілер мен қысқартулар
қолданылды (алфавиттік ретпен):
0
С
– ауа температурасы
t
– температура
а.ө.
– азықтық өлшем
АҚ
– акционерлік қоғам
АҚШ
– Америка Құрама Штаттары
АӨК
– агро-өнеркəсіптік кешен
АФ
– агрофирма
АШМ
– Ауыл Шаруашылық Министрлігі
БДТ-10
– борона дисковая тяжелая
БРЖШҒЗИ – бүкіл Ресейлік жем-шөп ғылыми - зерттеу институты
г
– грамм
га
– гектар
ГТК
– гидротермикалық коэффициент
ЕО
– еуро одақ
ЕТАА
0,5
– ең төменгі айтарлықтай айырмашылық
ЖШС
– жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
кг
– килограмм
КЖОК
– көпжылдық орташа көрсеткіштер
км
2
– шаршы шақырым
м
– метр
МЕМСТ
– мемлекеттік стандарт
МСС
– мемлекеттік сорт сынау
СЗС-2,1
– сеялка зерновая стерневая
т
– тонна
т.б
– тағы басқа
тг
– теңге
ФТӨ
– фотосинтетикалық таза өнім
ФП
– фотосинтетикалық потенциал
ц
– центнер
ШҚ
– шаруа қожалығы
7
КІРІСПЕ
Сұрақтың зерттелу жағдайы және өзектілігі. Қазақстан табиғи
малазықтық жерлер көлемі бойынша əлемде алтыншы орынды алады. Қазіргі
кезде жайылым көлемі 189,0 млн. га жер, ал оның 26,5 млн.га тапталған жəне
құлдырауға ұшыраған жерлер. Ол жерлердің көп бөлігі ауыл маңында
орналасқан.
Яғни
бұл
мəселе
жайылымдық
жерлердің
өнімділігінің
төмендегенін жəне малдардың жайылу өрісінің азайғанын байқатады [1].
Солтүстік Қазақстанның далалы аймағында малазықтық жерлер 53 млн. га
алып жатыр, оның ішінде Ақмола облысында табиғи малазықтық жерлердің
көлемі 7112,6 мың.га, оның ішінде жайылымдар 6843,8 мың.га.
Соңғы 20 жылда малдарды жүйесіз бағу нəтижесінде дала шөпотының
түрлік құрамының өзгеруіне жəне өнімділігінің төмендеуіне əкеліп соқты [2].
Жайылым – бұл мал бағуға жəне ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер
ғана емес, осы саланың дамуы мен мал шаруашылығын өркендету, халықтың
əл-ауқатын жақсартуға əсерін тигізеді. Біз келешекте жасыл экономикаға бет
бұрған ел ретінде айқын, сауатты бағыт-бағдар құра білуіміз керек. Бұл ретте
жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, көпжылдық шөптер себу, тозған
жерлерді қалпына келтіру маңызды шара болып табылады.
Бұған қатысты ауқымды қаржы бөлу мəселесі; сауатты мамандар
дайындау; ғылыми-тəжірибелік жұмыстарды електен өткізу турасында қазір
айтылып жатыр. Келешекте біз жеріміздің құнарлылығын арттырып, өндірістік,
өнімділік қабілетін көтереміз десек, жаңашылдыққа бет бұрып, бұрын астық
себілген, қазір бос жатқан жерлерге көпжылдық шөпсебу мəселесін қолға
алуымыз керек. Сонымен қатар, республикамызда қазіргі пайдаланып жүрген
шабындықтардың көп бөлігі XX ғасырдың 70-жылдардан бері себілген шөптер.
Уақыт өткен сайын ол шөптердің тозығы жетіп, өнімділігі азая түсетіні белгілі.
Сондықтан ендігі кезекте көпжылдық шөп себу жайын ауқымды түрде қолға
алу маңызды.
Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық
жобалардың капитал ауқымын жəне өтеу мерзімін қысқарту мақсатында
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жайылымдардың инфрақұрылымын
дамытуға бағытталған инвестициялық салымдар кезіндегі шығындарды ішінара
өтеуді көздейтін мемлекеттік қолдау түрін енгізуді ұсынды [3]. Ендігі кезекте
осы бағдарламадағы мəселені тиімді шешу жолдарын қарастыру мақсатында
зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Айта кететін болсақ қолға алынып
отырған зерттеу жұмыстары жайылымдарды жақсартуда сонымен қатар мал
шаруашылығы өнімділігін арттыру маңызды екенін көрсетеді. Сол себепті де
осы зерттеу жұмыстарын нақты да тиянақты жүргізу еліміздің келешек
экономикасының қарқынды дамуына өз үлесін қоспақ.
Көптеген дамыған елдерде мал шаруашылығында жайылымдар мен
шабындықтардың үлесі өте жоғары. АҚШ-та барлық мал түріне берілген мал
азығы құрылымында жайылымдық мал азықтар 36,9%, ал етті мал
шаруашылығында - 53% құрайды; аналық жəне жас малдың үлесінде 70%, ал
8
бордақы малдың үлесі тек 5-6% ғана. Бұл елдің мал шаруашылығы, əсіресе етті
бағытында малды қоректендіру концентраттардың мөлшерін арттырумен қатар
жайылымдық мал азығының көлемін арттыру арқылы жетілдірілген [4].
Еуропа елдерінің тəжірибесіне көз жүгіртсек шабындық-жайылымдық
жерлердің,
оның
ішінде
көпжылдықтар
мен
себілген
дақылдардың
ауылшаруашылық
жерлер
құрылымындағы
үлесі
Францияда
49%,
Ұлыбританияда - 73, Нидерландыда - 59, Бельгияда - 49, Германияда - 40,
Данияда - 21% құрайды [5].
Ресей басқа да кейбір елдер секілді табиғи жайылымдар мен
шабындықтарға бай жəне олардың жер көлемі 80 млн га дейін. Оның ішінде
76% - жайылымдар, 24% - шабындықтар [6]. Қазіргі уақытта Қазақстанда
жайылымдардың ауданы 189 млн. га, оның ішінде суландырылған жайылымдар
59,5 млн.га құрайды. Жайылымдардың пайдаланудан шыққан жерлерінің үлесі:
тау беткейінде - 3,8 млн. га, шөл аймағында - 13,2 млн. га, орманды дала жəне
дала аймақтарында – 5,6 млн. га құрайды[7, 8].
Жайылымдардың орналасуы мен əртүрлі климаттық белдеулеріне
орналасуына байланысты өнімділіктеріндегі айырмашылықтарына қарамастан,
жайылымдардың барлығына ортақ қасиет олардың бəрінің жазғы кезеңдегі
арзан
жəне
биологиялық
кемелденген
мал
азығының
көзі
болып
табылатындығында. Айта кететін жайт, пішеннен алынатын қуат бірлігінің
құны дəннен алынатын қуат бірлігінің 1/3 бөлігін немесе шөп сүрлемінен
алынатын қуат бірлігінің 1/2 бөлігін құрайды [9].
Соңғы уақытта жайылымдардың өнімділігі төмендеп кетті. Көптеген
жайылымдарда шөп жамылғысы бұзылған, тапталған. Осыған байланысты өзін-
өзі жаңартуды жəне өзін-өзі реттеуді қамтамасыз ететін жайылым – тепе-теңдігі
бұзылады. Шөп жамылғысында шөптердің өнімді түрлері жойылған.
Сəйкесінше, экологиялық таза мал азығын алу мақсатында жайылымдар
құрылымында өсімдіктердің құнды түрлерін сақтап қалу, жойылған табиғи
өсімдіктерді қалпына келтіру жəне жайылымды дəнді-бұршақ өсімдіктерімен
байыту қажеттілігі туындайды [10].
Жайылымның ескіріп, тозуына тосқауыл жасау, оны қалпына келтіру мен
жақсарту – бүгінгі таңның кезек күттірмейтін мəселесі. Мемлекет басшысының
Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мал шаруашылығы саласын
дамыту тиімділігін арттыру мен ет өнімін сыртқа шығару жөніндегі
тапсырысына байланысты жем-шөп қорын дайындау үшін жағдай жасау
қажеттілігі туындап отырғаны анық.
Осыған байланысты аймақтың топырақ жəне экологиялық-экономикалық
жағдайларын ескере отырып, табиғи малазықтық жерлерді тиімді пайдалану
(жайылымдар мен шабындықтар) жəне аймақтық жақсарту жүйесін жасау
аграрлы зерттеулердің заманауи жəне келешекті бағыты болып табылады жəне
мал шаруашылық кəсіпорындардың қажеттіліктерін көрсетеді.
Зерттеу мақсаты: Ақмола облысы далалы аймағында жайылымдарды
жақсарту əдістерінің тиімділігін анықтау.
9
Зерттеу міндеттері:
– табиғи жайылымдардағы өсімдіктер ботаникалық құрамын жəне
өнімділігін анықтау;
– жайылымдарды жақсартудың агрофитоценоз құрамының қалыптасуына
əсерін анықтау;
–
шөп
қоспаларын
тікелей
себудің
агрофитоценоз
құрамының
қалыптасуына əсерін анықтау;
– шөп қоспаларын себудің агрофитоценоз құрамының қалыптасуына
əсерін анықтау;
– əртүрлі жақсарту барысында көпжылдық шөптердің ФП жəне ФТӨ
анықтау;
– жайылымдарды жақсартудың экономикалық тиімділігін анықтау;
Жаңалығы. Ақмола облысы далалы аймақ жағдайында өнімділігі
төмендеген жəне құлдыраған жайылымдарды жақсартудың агрофитоценоз
қалыптасуына жəне өнімділігіне əсері зерттеледі.
Тәжірибелік және теориялық маңызы. Фитоценоздарды қалыптастыруға
бағытталған жайылымдарды үстіртін жақсарту əдістерін зерттеу антропогендік
факторлардың əсерінен табиғи жайылымдар фитоценозының қалыптасу
кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеліп отырған жайылымдарды үстіртін жақсартуда қор-үнемдегіш-
технология дала аймағындағы жайылымдардың өнімділігін арттырады, бұл өз
кезегінде алынатын мал шаруашылығы өнімін арттырады.
Жұмыстың қорғауға шығарылған негізгі ғылыми қағидалары:
– өнімділігі төмен табиғи жайылымдардағы өсімдіктердің ботаникалық
құрамын жəне өнімділігі анықталды;
– жайылымдарды жақсартудың агрофитоценоз құрамының қалыптасуы;
– құлдырауға ұшыраған жайылымдарға шөп қоспаларын тікелей себу
барысында агрофитоценоз құрамының қалыптасуы;
– жайылымдарда шөп қоспаларын себудің агрофитоценоз құрамының
Достарыңызбен бөлісу: |