Хv-хvіі ғ қазақ әдеби тіл үлгілері. Бұқар Жыраудың жаңашылдығы жырау тілінің тазалығы. ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тілдің грамматикалық сипаты


Бұқар Жыраудың жаңашылдығы, жырау тілінің тазалығы



бет3/6
Дата26.12.2023
өлшемі118,61 Kb.
#143592
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ әдеби тілінің тарихы Бөж

2.Бұқар Жыраудың жаңашылдығы, жырау тілінің тазалығы.
Қазақ поэзиясында қоғамдық ой, жалпы халықтық мүдде Бұхар жырау поэзиясында көрінді. Бұған негізгі себеп қалмақ шапқыншылығы болды. Сыртқы жаудың шапқыншылығы күн тәртібіне қазақ халқының кайта бірігу мәселесін қойды. Дәлірек айтқанда, «Бұхар қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын аңсайды. Сондықтан Абылайды осы арманды жүзеге асырушы деп есептеп, оны ісімен де, жырымен де қолдайды, хандықтың нығаюы, хан үкіметінің берік болуы жолында күреседі»Осы тұрғыдан келгенде XVIII ғасырда Бұхар қазақ поэзиясында бұған дейін жоқ жаңа тақырыпты – халықты бірлікке шақыру, осы бірліктің ұйытқысы хандық мекемені нығайтуды уағыздау сияқты қоғамдық дәуірлік тақырыпты көтерді. Ал мұның өзі, екінші кезекте, сол дәуірдегі қоғамдық ойдың көтерілген биігі де болды. Бұхар поэзиясында қазақ халқы тұтастай жырланады. Оның поэзиясында бай-кедей жоқ, тұтас халық бар. Оның «жақсы», «жаман» деп атайтын адамдары тап мүшелері емес, олар өзі тұтас алып отырған қоғамның адамдары. Мақталып жатқан бай да, кемсітіліп жатқан кедей де жоқ.[XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. Өмірәлиев. Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1976. 270 бет ]
Бұхардың ізгі тілегі қоғамның түгел мүшесіне ортақ тілек, тыныштықты, берекені, бірлікті, отбасы амандығын, адамдарды алаламай, жұрттың бәріне бірдей тілейді. Бұхарда бар осы ерекше сипат XIX ғасырдың 60-жылдарындағы ағартушыларға тән сипатқа көп жақын. Бұхарға дейінгі халық поэзиясы тарихында біз «Шалкиіз өлеңдері», «Асан қайғы өлеңдері», «Җиембет өлеңдері» деген атаудан, танымнан жоғары тұратын мұраны білмейміз. Асан қайғыны қоспағанда, Бұхарға дейінгі аты әйгілі жырау-ақындардың бәрі де құрғақ дидактикалық мазмұнды өлеңнен, жеке субъективтік мүдде тұрғысынан келетін ерлік-батырлық, ішінара арнау өлеңдерден ары барған жоқ. Ал Бұхар жалпы халықтық тақырыпты сөз етіп, олардан бір саты жоғары көтерілді. Оның өлеңдеріндегі ой жекенің ойы емес, көптің, өз дәуірінің ойы болды, ол ой қоғамдық сипат алды, ал мұндай ой-пікірге не өлеңдер «өлең» деген атау беретін мағына аясынан шығып, «поэзия» деген атау беретін мағына аясында түсіну дәрежесіне көтерілді. Бұхар поэзиясы деген поэзия жасалды. Мәселеге осы тұрғыдан келіп қарағанда марқұм академик Қ. Жұмалиевтің Бұхар жөніндегі пікірінде жанамалап келетін даусыз шындық бар. Әрине, ол «Қазақстанның қай облысында, қай өлкесінде болсын шығармалары өз атымен аталып, өзінің авторлығын толық сақтаған, сол кезде өмір сүрген бірінші ақын, тарихи адам - Бұхар жырау. Сондықтан ол әдебиет тарихының басы болып саналады» - деген тұжырыммен келетін пікірі емес, қазак әдебиетінің арғы дәуіріне арналған кейінгі кездегі зерттеулер аты мен шығармасы бірдей сақталған өзге де тарихи адамдарды анықтап отыр. Мәселеге жалаң тарихи болған автор және шығарма тұрғысынан қарау бір жақтылық, академик Қ. Жұмалиевтің жоғарыдағы пікірі өзге зерттеуші ғалымдар тарапынан қарсылық тауып жүрсе, онда шындық бар. Ал мәселеге тақырып, ой, пікір, оның сипаты жағынан келгенде, Бұхарға басқа емес, дәл осы жағынан келгенде Қ. Жұмалиев даусыз пікірдің иесі. Казақ әдебиеті тарихында түгеннің поэзиясы дейтін поэзия ең бірінші рет Бұхар атына ғана байланысты көрінді. Бірақ бұған Бұхар алдында поэзия болмады деген пікір әсте тумайды, тұтас алғанда халық поэзиясы болды, яғни дидактикалық, ерлік-азаматтық жыр үлгісіндегі поэзия болды. Ол поэзияның өкілдері болды, ал жеке алғанда жырау-ақындар болды, олардың дидактикалық ерлік-азаматтық сарында, үлгіде туған өлеңдері болды.2[Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1967, 16-бет ]
Бұқар жыраудың жаңашылдығы оның Асан қайғы, Жиембет, Доспамбет, Шалкиіз сияқты жыраулардан басталған азаматтық поэзияны тақырып әрі түр жағынан жетілдіріп, кемелденген поэзия үлгісін жасады. Және өзге жыраулардан ерекшелігі Бұқар жырау өлең толғауларына көбіне – көп ислами мұсылмандық сөздерді жалғап жырларын құлпыртып жаңа дем қосты. Яғни, жырау өзінің идеологиясында ислам дініне иек артады. Оған мына өлең жолдары дәлел:
“Тәңірім сөзі Бұрқанды айт,
Кәлим Алла Құранды айт”
[Ж.О.Артықбаев “Бұқар жырау мұрасындағы көне ұғымдар” 10б]
Мұсылманша сауатты болған Бұхардың тілінде өзге жырауларына қарағанда, араб-парсы сөздері көбірек ұшырасады. Мәселен: енжіл, кәләм, хақ, меһман, баһар, иман, лауқы, дәуіт, қалам, нәубат, арсы, күрсі сияқты сөздер кездеседі. Және бұндай арнадағы сөздерді өзге жыраулардан көп кездестірмейміз. Бұдан бөлек Бұқар жыраудың мұрасындағы көне ұғымдардың мағынасына тоқталсақ:Лауқы мен кәләм сөзі қазаққа ислами мәдениеттен келген күрделі ұғымдар. Кәләм сөзі түсінікті – қазақтағы қалам, яғни жазу құралы. “Лауқы” сөзін Бұқар жырау қысқартып, жыр жолына қолайлы етіп ықшамдаған. Бұл сөз ислами әдебиетте “Ләуһу Махфуз” аталады. Мағынасы бүкіл әлемде болған, болатын оқиғалар жазылған тағдыр тақтасы, кітап деген мағынаны білдіреді.Арсы мен күрсі сөзі Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқан мадақ сөздерінің бірі. Сол ұғымдардың бірі “арсы” сөзі жеті қат көк, жеті қат жер деген мағына береді. Яғни жеті қат көктің ең жоғарғы қабаты Арсы. Бұқар Абылайға айтқан сөзің, жарлығың жеті қат көктің ең жоғарғы қабаттарына да жетеді деп мақтауын осындай сөзбен жеткізеді. Ал “күрсі” сөзінің мағынасына келер болсақ, ол көк пен жердің бәрін қамтитын үлкен кемелденген білімді айтамыз. 4[Ж.О.Артықбаев “Бұқар жырау мұрасындағы көне ұғымдар” 7 бет]
Махи сөзі.“Қалмақтан алсаң махи бір зайып, сүйегіңді жоғалтпас”. Бұқар бұл шумақта қалмақтан текті бір қызды алсаң, сүйегің далада қалмас деп тұр. Яғни тіліміздегі мағынасы - текті.
“Еңсесі биік кең сарай,
Мортық болар бүлген соң”!
“Мортық” сөзі көне заманнан, соның ішінде үндіеуропалық тілдердің сөздік қорынан сақталған атау. Бұл сөз еуропада “mortyk” өлімді, кесірді білдіретін ұғым болып табылады.5[Ж.О.Артықбаев “Бұқар жырау мұрасындағы көне ұғымдар” 8 бет]
“Өзіңнен туған жас бала
Саудагердей сарт болар”
Сарт деген бұл жерде жырау саудагер халықты айтып отыр. Ерте уақытта Сыр бойындағы қалалық өңірді мекендеген, негізгі кәсібі Ұлы жібек жолы бойындағы сауданы жүргізу болған қауымдарды сарт деп атаған. 6[Ж.О.Артықбаев “Бұқар жырау мұрасындағы көне ұғымдар”]
Келесі бір өлең жолдарында :
“Өзіңмен бірге туысқан
Алаштан бетер жат болар”
Бұқар жырау “Алаштан бетер жат болар” деп Алаш одағының құрамына әртүрлі елдердің енетінін де меңзейді. Қазақтан бұрын болған “ Алашсың ба, ағайынсың ба” деген сөздер де осының дәлелі, яғни қазақсың ба, әлде Алаш құрамындағы елдердің біріненсің бе деген сөз меңзеп тұр.7[Ж.О.Артықбаев “Бұқар жырау мұрасындағы көне ұғымдар” 11 бет]
Бұқар жырау Абылай ханға:
“Басына мұнша көтерген
Жұртыңа жауық сағынба” деп ақыл айтады. Мұндағы “сағыну” сөзі- біреуді көруді аңсау мағынасындағы сағыну сөзімен бір емес. Бұл жерде сағыну сөзінің түбірі – “сақ”. Көне түркі тілдерінде сақ етістігі “ойлау, толғану, түю” дегенді білдіреді, ал осы түбірден жасалған сақын – етістігінің бір мағынасы “ойлау, есептеу” болған. Бұл тұлғаның “ойлау, ойлану, ниеттену” мағынасы ертеректегі қазақ тілінде де жұмсалғанын жоғарыдағы Бұқар толғауы танытады. Ал енді осы сөзден туатын сақын етістігінің мағынасы –сақтану. Көне орта ғасырлардағы түркі тілдерінде сақтану қорғану мағынасында қолданылған сақын ертеректе қазақ тілінде де орын алған. Оған Шалкиізде кездесетін :
Алп, алп, ал сақын,
Аңдып жүрген дұшпаннан мың сақын.
Күле кіріп, күңіреніп,
Шыққан достан мың сақын деген жолдар мысал бола алады. 8[Cыздықова Р. “Сөздер сөйлейді ” 65 бет]
Сонымен қатар,жыраудың өлеңдерінде сөздердің бұрынғы дәстүрлі варианттарының яғни синонимдерінің қатар қолданылуы біртіндеп азайып, орындарын өзге сөздер ала бастаған. Мысалы, “армия” мағынасындағы қол, шерік сөздерімен қатар “әскер” сөзі айтыла бастағанын көреміз. Сондай –ақ “ару” сөзінің орнына сұлу сөзі, “байтақ” сөзінің орнына ел, жүз, “абаданның” орнына алғыр сөздері кездеседі.
Алапа. Бұқар жыраудың Шоқан Уәлиханов жазып алған бір толғауында:
Қырық сан қалмақты,
Жарлығына қаратқан.
Алафасын арттырып,
Арпалап атты қуантқан деген жолдар бар. Мұндағы “алафа” сөзі бұл күнде бейтаныстау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі алапа сөзінің көне екенін көрсетеді. Бір мағынасы, “олжа, пайда табыс” болып келсе, екіншісі – “пара, алым, ауызбастырық”, үшіншіден, бұл сөз –“ кәделі сыйлықтың, жөн жоралғының” атауы болып келеді. [Сыздықова Р. “Сөздер сөйлейді” 32 бет]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет