Хv-хvіі ғ қазақ әдеби тіл үлгілері. Бұқар Жыраудың жаңашылдығы жырау тілінің тазалығы. ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тілдің грамматикалық сипаты



бет1/6
Дата26.12.2023
өлшемі118,61 Kb.
#143592
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ әдеби тілінің тарихы Бөж


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология Факультеті
Қазақ филология кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы:ХV-ХVІІ ғ қазақ әдеби тіл үлгілері.Бұқар Жыраудың жаңашылдығы жырау тілінің тазалығы.ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тілдің грамматикалық сипаты.


Қабылдаған:Мағжан Сәуле
Орындаған:РахматуллаЖ,
Тұрғанбай М,
Омар Г,
Савденбекова Н,
Серікбаева Д
Тобы:ФҚӘ-111


Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. ХV-ХVІІ ғ қазақ әдеби тіл үлгілері.

  2. Бұқар Жыраудың жаңашылдығы жырау тілінің тазалығы.

  3. ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тілдің грамматикалық сипаты.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе
XV-XVII ғасырлардағы қазақ халқының мәдени-рухани өмірінде жаңа құрала бастаған халықтың сөйлеу тілі мен қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әріден келе жатқан поэзиясы тілінің негізінде ауызша дамыған әдеби тіл қызмет етті. Ол, негізінен, поэзия түріндегі көркем әдебиет пен ауызша жүргізілетін дау-билік саласында (шешендік сөздерде) көрінді. Сонымен қатар хан жарлықтары, өзге елдермен арадағы қарым-қатынас қағаздары, тарихи шежірелер сияқты жазба дүниелердің қажетін ортаазиялық түркі әдеби дәстүріне негізделген қазақтың ескі жазба тілі өтеп отырды. Қазақ хан дарының канцеляриясы ресми хат-хабарларын, іс-қағаздарын, үкім-жарлықтарын осы тілде жүргізді. Қазақ елінде орта ғасырлар шамасынан бергі жерде шежірелер жазылып, ол шежірелер көбінесе би, сұлтан, ру басы үйлерінде сақталған. Бұл жазба дәстүр біртебірте қазақтың өз жазба тіл машығына айналды.[Р.Сыздықова.Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 2014]
Тілдің тууы, дамуы, соның ішінде əдеби тіл де, сол тілде сөйлейтін жəне соның иесі болып табылатын халықпен, оның тарихымен тығыз байланысты екенін ұмытпау керек. Олай болса қазақ халқы əлі тарих сахнасына келе қоймаған кезде, əлі халық болып қалыптаспаған кезде оның əдеби тілі туралы пікір айту, əдеби тілі болды деу шындыққа ешбір жанаспас еді.[Исаев С.Қазақ тіл білімінің мəселелері.14 бет]
Сонымен қатар сол замандарда Бұқар жырау өзіне дейінгі қазақ поэзиясы тілін түгелімен пайдаланып, оны әрі қарай жалғастырушы болса, екіншіден, ол XVIII ғасырға дейінгі екі-үш жүзжылдықтар бойы жасап келген әдеби тілдік дәстүрді түйіндеуші, сондай-ақ жырау тілін бізден бұрынғы зерттеушілер өте дұрыс танығандай,Бұқар - халықтың өнеге-оқуы - дидактикалык поэзия мен азаматтық позициянын жыршысы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет