И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген


Мотивациялық саладағы оқуға деген қатынас



бет99/189
Дата31.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46481
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   189
Мотивациялық саладағы оқуға деген қатынас

Мектеп оқушыларының оқу мотивациялық аясын талдау үшін олардың оған деген қатынасының сипаты маңызды. Мысалы, А.К. Маркова қатынастардың үш түрін анықтай отырып – теріс, бейтарап және жағымды қатынастар, оқушының оқу үрдісіне араласуы негізінде соңғы қатынастың нақты саралап жіктелінуін келтіреді. Бұл мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетін басқару үшін өте маңызды. Автор оқуға деген жағымды қатынасты төмендегідей бөледі: а) жағымды, айқын емес, белсенді, мектеп оқушысынң оқуға кірісуге дайындығын білдіретін; б) жағымды, белсенді, танымдық, в) оқушының қарым-қатынас субъекті ретінде, тұлға және қоғам мүшесі ретінде араласуын білдіретін жағымды, белсенді, тұлғалық-әуестік; басқаша айтқанда, оқу іс-әрекеті субъектінің мотивациялық саласы немесе оның түрткілері тек қана көп компонентті емес, сондай-ақ әртекті және әр деңгейлі, мұның өзі тағы да оның қалыптасуы мен есепке алынуына ғана емес, барабар талдауының өте қиын екеніне көз жеткізеді.




Ақыл-ой дамуы мен түрткінің байланысы

Оқу мотивациясы проблемасын зерттеуде оқушылардың ақыл-ойы дамуының деңгейі мен олардың мотивациялық саласының мотивацияларының қалыптасуы, дамуы арасындағы байланыс атап өтіледі. Мысалы, кіші мектеп жасындағы оқушыларды зерттеу материалдары негізінде М.В. Матюхина олардың психикалық дамуы үрдісінде мотивация дамитынын атап көрсетеді. Бұл «ақыл-ой дамуының жоғарғы бастапқы деңгейі, бір жағынан, бала мотивациясының бастапқы деңгейінің жүзеге асуының аса маңызды шарты болса, келесі жағынан – оқу іс-әрекеті процесінде жағымды мотивацияның қалыптасуының шарты болып табылады» деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Бұл жерде ақыл-ой дамуының жоғарғы деңгейі мен қалыптасып келе жатқан жағымды мотивациялық беталыстыр арасында тікелей байланыс орнатылады, және керісінше. Сонымен бірге, оқу іс-әрекетінің алғышарты болып табылатын мотивация мен жоғары және орташа мотивациялы балаларды оқытудың табыстылығы арасында тәуелдік айқындалды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет