И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Жоғары сынып оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде



бет103/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   257
Жоғары сынып оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде
Жоғарғы сынып оқушысы (ерте жастық шақ кезеңі 14-15-тен 17 жасқа дейін) орта буыннан жоғарғы сыныпқа немесе жаңа оқу орындарына – гимназияларға, колледждерге, училищелерге өткен кезде бірден дамудың жаңа әлеуметтік ситуациясына атайды. Бұл ситуацияны тек жаңа ұжымдар ғана емес, сондай-ақ ең бастысы, болашаққа бағыттылық сипаттайды: өмір сүру қалыбын, мамандықты, референтті адамдар тобын таңдауға бағыттылық. Таңдау жасауға өмірлік ситуация мәжбүр етеді, ата-аналар тарапына ынталандырады және оқу орны бағыттайды. Осы кезеңде құндылық-бағдар белсенділігі негізгі мәнге ие болады. Бұл автономияға, өз өзі болуға ұмтылумен байланыстырылады. И.С. Кон атап көрсеткендей, «қазіргі күнгі психология нақты, мінез-құлықтық автономияны (жас өспірімнің тек өзіне ғана қатысты мәселелерді өз бетінше шешу қажеттілігі мен құқығы), эмоционалдық автономияны (ата-аналарынан тәуелсіз таңдалған үйірлігі болу қажеттілігі мен құқығы), мораль және құндылықтық автономияны (іс жүзінде өз көзқарастарының болуы қажеттілігі мен құқығы,) ажырата отырып, ер жеткен балаларды автономиялау мәселесін қояды» [43, 154 б.]. Осы жаста достық, сенімді қатынастар өте маңызды. Көбінесе махаббаттың бүкіл сан алуандығымен толықтырыла, кейде алмаса отырып, достық бозбалалар мен бойжеткендер үшін қатынастардың маңызды формаларының бірі болып келеді. «Жоғары сынып оқушыларының формалды емес өзара қатынастары біртіндеп құндылыққа ие болады», – дейді М.Ю. Кондратьев, олар «қандай да бір зерттеу «полигонының» рөлін атқарады, онда бозбалалар мен бойжеткендер болашақ «үлкендер» өмірінің стратегиялары мен тактикаларына жаттықтырылып, сынақтан өткізіліп, сенімділікке тексереді [93, 52 б.].

Осы кезеңде жоғары сынып оқушылары өмірлік жоспарлар құрып, мамандық таңдау жайлы саналы түрде ойлана бастайды. Бұл таңдау тек, адам өзін дәрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар үшін максималды пайдалы сезінетін іс-әрекет саласына бейімділікке, өмірлік талаптарға бағадарланудан ғана емес, сондай-ақ берілген мамандықтың елдің қоғамдық дамуының нақты ситуациясындағы конъюнктурасынан, пайдасынан, практикалық құндылығынан туындайды. Тек ғана мақсатқа ұмтылған және шынымен де әуестенген 15-17 жасар адамдар ғана ары қарайғы кәсіби қалыптасуы, тұлғалық өзін-өзі анықтауы жолында табиғи бейімділікке адалдығын сақтап қалады [54, 55] .

Жеткіншектік және жас өспірімдік жас шебінде пайда болатын өзін-өзі анықтау қажеттілігі (Л.И. Божович) жоғарғы сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің сипатына ғана әсер етіп қоймай, кейде оны анықтайды. Бұл ең алдымен оқу орнын, тереңдете дайындау сыныптарын таңдауға, қандай да бір айналымдағы пәндерді елемеуге қатысты: гуманитарлық немесе жаратылыс-ғылыми. «Маған математика қызықсыз, мен ешқашан математикамен, физикамен айналыспаймын, мен тарихты ұнатамын, және де оқуды жалғастыруда маған тарих ғана қажет болады», – деп, көбінесе жоғары сынып оқушылары тұжырымдайды. Бір жағынан, бұл тұлға бағыттылығының көрінісі, өз кескінін болашаққа көшіру, кәсіби бағдар болса, екінші жағынан – бұл оқу орнындағы білім беру бағдарламасының жалпы талаптарын орындамау, мұғалімдер, ата-аналар тарапынан наразылық пен айып тағуға негіз, қақтығысқа түрткі. «Жалпы мұндай ұстаным неғұрлым «ересектік», бірақ бұл жерде кейде қарапайым практицизм мен техницизм байқалады, соның ішінде гуманитарлық пәндерді дұрыс бағаламау, себебі олар «кейін қажет болмайды» [92, 84 б.].

Мамандық таңдаудың анықтығын және оның тұрақтылығын М.Р. Гинзбург «болашақтың анықтылығының» екі параметрі ретінде қарастырады, олар өз кезегінде, жоғары сынып оқушысының мәндік болашағын сипаттаушы маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Екінші көрсеткіш – «валенттілік» – эмоционалдық тартылымдықтың құндылықты қаныққандығы мен мәндік болашақтың белсенділігін біріктіреді [54, 55].

Жоғарғы сынып оқушысы оқу іс-әрекеті субъекті ретінде өзі орналасқан дамудың әлеуметтік ситуациясының ерекшелігіне сай, осы іс-әрекеттің сапалық жаңа мазмұнымен сипатталады. Біріншіден, тұлғалық мәнді құндылықтары бар оқу пәндеріндегі білімдерді игеруге деген ішкі танымдық мотивтермен қатар кең әлеуметтік және сырттық жеке тұлғалық мотивтер де көрінеді, олардың ішінде жетістікке жету мотиві бірінші орын алады. Оқу мотивациясы құрылымы бойынша сапалы өзгереді, өйткені жоғары сынып оқушысы үшін оқу іс-әрекетінің өзі – болашақтағы өмірлік жоспарларды жүзеге асыру құралы. Оқу, білімдерді игеруге бағытталған іс-әрекет ретінде көп нәрселерді сипаттамайды, көптеген үйренушілер үшін негізгі ішкі мотив ретінде нәтижеге бағдарлану болып табылады.

Жоғары сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің негізгі пәні, яғни ол бағытталған нәрсе даралық тәжірибені, оны кеңейту, толықтыру, жаңа ақпаратты енгізу есебінен, құрылымдық ұйымдастыру, комлекстеу, жүйелеу болып табылады. Өз бетіншеліктің, шешімдерге деген шығармашылық келістердің дамуы, осындай шешімдерді қабылдай алу іскерлігі, бар нәрселерді талдау жасау және оларды сындарлы конструктивті ұғыну сондай-ақ жоғары сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің мазмұнынын құрайды.

Жоғары сынып оқушысында оқу іс-әрекетінің ерекше формасы қалыптасады. Ол, саналы түсінілген немесе әлі де түсініліп жатқандар контексінде зерттеулер, талдау элементтерін кәсіби бағыттылыққа, тұлғалық өзін-өзі анықтауға қажетті ретінде жүргізуді қамтиды. Берілген жас кезеңінің аса маңызды психологиялық жаңа құрылымы – оқушының өмірлік жоспарлар құру, оларды жүзеге асыру құралдарын іздеу, оның оқу іс-әрекетінің мазмұнының өзгешелігін анықтайды (Д.И. Фельдштейн). Оқу іс-әрекетінің мазмұнының өзі біртіндеп жетекші іс-әрекет жағдайынан «кетіп», осы жоспарларды жүзеге асыру тәсіліне айналады. Маңыздысы, егер жеткіншек үшін мұғалімдер мен ата-ана беделі қатарластарының беделі толықтырыла отырып теңестірілгендей болса, ал жоғары сынып оқушысы үшін жеке пәнгер-мұғалім беделі мектеп беделінен жеке ынғайланады. Жоғары сынып оқушысының тұлғалық өзін-өзі анықтауына қатысатын ата-ана беделі өседі.

Шәкірттің кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтауға деген дайындығы құндылық бағдарлар жүйесін, айқын көрінетін кәсіби бағдарларды және кәсіби қызығушылықтарды, шығармашылық ойлаудың дамыған формаларын, ғылыми таным әдістерін игеруді, өзін-өзі тәрбиелеу іскерлігін қамтиды. Бұл тұлға қалыптасуы мен пісіп жетілуінің соңғы кезеңі, осы кезде оқушының құндылықты-бағдарлық іс-әрекеті неғұрлым толық байқалады. Осы жаста оқушының автономияға ұмтылуының негізінде оның бойында өзіндік сана сезімнің толықтай құралымы қалыптасады, тұлғалық рефлексия дамиды, өмірлік жоспарлар, перспективалар саналы түсініледі, талап қою деңгейі қалыптасады. В.С. Собкинның әлеуметтік зерттеулерінің мәліметтері көрсеткендей, жоғары сынып оқушылары (ХХ ғ. соңындағы мәскеуліктер) елдің қоғамдық өміріне араласқан, олар «саяси пікірталастардың түбегейлі мәселелерінің барлық кеңістіктерін және шын мәнінде көрсетілген позициялардың бүкіл кеңістіктерін модельдейді» [204, 252 б.]. Сонымен бірге автор жоғары сынып оқушыларының саяси және құндылық бағдарларының олардың қоғамдағы, әлеуметтік-мәрелік жағдайымен, олардың отбасының экономикалық және білімдік мәртебесімен шартталған.

Жоғарғы сынып оқушысы жетекші іс-әрекеттің жаңа түріне енеді – оқу-кәсіптік, оның дұрыс ұйымдастырылуы көп жағынан оқушының келесі еңбек іс-әрекетінде субъект ретіндегі қалыптасуын, оның еңбекке деген қатынасын анықтайды. Бұл одан да жоғары дәрежеде оқу іс-әрекетін неғұрлым маңызды мақсатқа бағындыратындай – болашақ кәсіби немесе кәсіби бағдарланған іс-әрекетке. Оқу іс-әрекетінің өзіндік құндылығы кәсіби өзін-өзі анықтаудың неғұрлым алыс мақсаттарына бағынады. Адам тек білімнің өзі үшін ғана оқымайды, ал ол үшін болашақты неғұрлым мәнді нәрсе үшін, бұл студенттік жаста неғұрлым көп дәрежеде көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет