іс-әрекеті ретінде анықтау Өзіндік жұмыстың оқу іс-әрекеті ретіндегі психологиялық сипаттамасын назарға ала отырып, іс-әрекет субъекті тұрғысынан осы құбылыстың неғұрлым толық суреттемесін беруге болады. Осы көзқарас бойынша өз бетінше жұмыс субъект тарапынан орындалған әрекеттер жиынтығында мақсатталған, іштей мотивтендірілген, құрылымданған және іс-әрекет процесі мен нәтижесі бойынша түзетілетін жұмыс ретінде анықталуы мүмкін. Оны орындау өзіндік сана сезімнің, рефлексиялықтың, өзіндік тәртіптіліктің, тұлғалық жауапкершіліктің жеткілікті жоғарғы деңгейін талап етеді, оқушыға өзін - өзі жетілдіру және өзін-өзі тану процесі сияқты қанағаттануды береді.