§ 2. Педагогикалық өзара әрекеттесуде
болатын қиындықтардың негізгі салалары
Қиындықтар саласының негізгі сипаттамасы
Қазіргі кезде қарым-қатынас қиындықтары, немесе «кедергілері» оларды талдау мен келістер негізіне байланысты түрлі позициялардан қарастырылады. Мысалы, жалпы психологиялық түсініктеме беру шегінде олар мағыналық, эмоционалдық, когнититвтік, тактикалық ретінде бөлінеді. Іс-әрекеттік келісте мотивациялық және операционалдық қиындықтар бөлінеді, олар қарым-қатынастың коммуникативтік және интерактивтік екі негізгі жақтарымен ара-қатынаста болады. Олар, өз кезегінде, когнитивтік, аффективтік және мінез-құлықтық аялардан көрінеді (Л.А. Поварницына).
Сонымен бірге, адамның қарым-қатынастағы қиындықтары тек қана іс-әрекет сипатымен емес немесе эмоционалдық, когнитивтік (мысалы, когнитивті стиль) және тағы басқа тұлға аяларымен теңестірілмейді, сондай-ақ ол неғұрлым терең және кең ықпалдар салдарынан болуы мүмкін. Адамның қарым-қатынастағы қиындықтарының келесі негізгі салаларын бөлуге болады: этно-мәдени, мәртебелік-позициялық-рөлдік, жас ерекшелік, жеке даралық-психологиялық, іс-әрекеттік, тұлға аралық қатынастар саласы. Олар, әрине, «адам» деген ортақ тұтас жүйеде бір-бірін жауып, өзара әрекеттеседі, бірақ теоретикалық тұрғыдан талдау мақсатында әрқайсысының әрекеті жеке қарастырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |