Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту
Л.В. Занков мектеп оқушыларын қарқынды дамыту міндетін қоя отырып, оның көзқарасы бойынша, оқу материалының заңсыз жеңілдетілуінің, оның қисынсыз баяу оқытылуы және бірсарынды қайталануын сын көзбен бағалайды [72]. Және де сол уақытта оқу материалының өзін де Л.В. Занков «теоретикалық білімнің тапшылығымен, дағдыларды меңгеруге бағытталған сипаттының үстірттігімен» сипаттайды. Л.В. Занков бойынша, дамыта оқыту ең алдымен, осы оқытудағы жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған. Л.В. Занковтың зерттеген дамыта оқытудың эксперименталдық жүйесінде келесі принциптер орын алады:
қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту. Оны жүзеге асыру қиындық өлшемін сақтау, тосқауылдарды жою, оқылатын құбылыстардың өзара байланысы мен жүйелігін түсінуді ұйғарады (бұл принциптің мазмұны оқытудағы проблемалықпен байланыса алады);
теоретикалық білімдердің жетекші рөлі принципі, оған сәйкес ұғымдар, қарым-қатынастар, оқу пәнінің ішіндегі байланыс пен пәндер арасындағы байланыс дағдылар қалыптастыру маңыздылығынан кем емес (бұл принциптің мазмұны әрекеттің жалпы принциптерін түсіну маңыздылығымен байланыса алады);
мектеп оқушыларының өзінің оқуын өзіндік сана сезімімен ұғынуы. Ол рефлексия, өзін оқу субъекті ретінде ұғынуы (бұл принциптің мазмұны тұлғалық рефлексияны дамыту, өзін-өзі реттеумен байланыса алады);
барлық оқушылардың дамуы бойынша жұмыс принципі. Оған сәйкес, жеке ерекшіліктер ескерілуі тиіс, бірақ оқыту барлығын дамытуы тиіс, себебі «дамыту оқытудың нәтижесі» (бұл принциптің мазмұны білім беру процесін адамгершіліктендірумен байланысады).
Л.В. Занков жүйесінің негізгі ерекшеліктері болып: мектеп оқушыларының жоғары жалпы дамуына бағытталуы (бұл жүйенің басты сипаттамасы); оқытудың жүргізілуінің жоғары деңгейдегі қиындылығы; оқу материалын өтудің тез жылдамдылығы, теоретикалық білімдердің үлес салмағының күрт көтерілуі. Оқытуды берілген жүйесі ойлауды, оқушының эмоциялық саласын дамытады, оқығанының негізгі мазмұны мен жалпы мағынасын анықтауға және түсінуге үйретеді.
И.И. Аргинская, Н.Я. Дмитриева, З.И. Романовскаяның және т.б. «Л.В. Занковтың жүйесі бойынша оқытамыз» деген еңбектерінде (1991) Л.В. Занковтың әзірлеген принциптеріне негізделген оқытудың біртұтас жүйесі келтіріледі. Онда оқытудың басында, мысалы, бастауыш сыныптарда оқып үйретуде, «біртұтас эмоционалдық-эстетикалық күйзеліс» болуы тиіс. Сомдалатын образдың тұтастығы, оны қабылдаудың тұтастығы, мәтінді түсіну тұтастығы меңгеру пәндерін ары қарай тереңдету және саралаудың негізі және бастапқы нүктесі.
Достарыңызбен бөлісу: |