Тұлғалық-іс -әрекеттік келістің тұлғалық компоненті Тұлғалық-іс-әрекеттік келісті қалыптастыру үшін тұлғалық компоненттің өзінің жан-жақты алғышарттары бар: педагогикалық тұрғыдан – мұғалім мен оқушының (А. Дистервег) субъект-субъекттік қатынасы және оқушының белсенділігі туралы ереже (И. Песталоцци, А. Дистервег, Л.Н. Толстой, П.Ф. Каптерев және т.б.); жалпы психологиялық тұрғыдан А.Н. Леонтьевтің әрекеттік теориясы, тұлғалық-іс-әрекеттік жанамалығы теориясы (С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, А.В. Петровский) оқу іс-әрекеті теориясы (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова, И.И. Ильясов).
Тұлғалық-іс-әрекеттік келістегі әрекеттік компоненттің негізі ретіндегі «іс-әрекет» категориясының өзін толығырақ қарастырайық.