И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет150/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   210
Демократиялық стиль. Оқушы қарым-қатынастағы тең серіктес, 
бірігіп білім іздеудегі әріптес ретінде қарастырылады. Мҧғалім 
оқушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке 
алады, ой-пікір білдіруін бағалайды, оқушылардың тек оқу ҥлгерімін 
ғана емес, сондай-ақ олардың тҧлғалық сапаларын да есепке алады. 
Әсер ету әдістеріне әрекетке тҥрткі болу, кеңес, ӛтініш жатады.
Басқарудың демократиялық стилін ҧстанған мҧғалімдердің оқушылары 
байыпты қанағаттану, ӛзін-ӛзі жоғары бағалау кҥйін сезінеді. Осы 
стильдегі мҧғалімдер ӛзінің психологиялық іскеріктеріне кӛбірек назар 
аударады. Мҧндай мҧғалімдер ҥшін ҥлкен кәсіби орнықтылық, ӛз 
мамандығына қанағаттану тән.
Либералдық стиль. Мҧғалім шешім қабылдаудан қашып, 
бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардың іс-әрекетін 
ҧйымдастыру мен қадағалауды жҥйесіз орындайды, жалтақтаушылық-


267 
ты, толқуды кӛрсетеді. Сыныпта ауытқымалы микроклимат, жасырын 
қақтығыстар байқалады» [129, 30-34 б.].
Осы стильдердің әрқайсысы, ӛзара әрекеттесу серігіне деген 
қатынасты айқындай отырып, оның сипатын анықтайды: бағынудан – 
серіктестікке және бағытталған әсер етудің болмауына. Осы 
стильдердің әрқайсысының қарым-қатынастың не монологтық, не 
диалогтық формаларын ҧйғаратыны маңызды. Педагог іс-әрекетінің 
қарым-қатынасында стильдердің сараланып жіктелінуінің енгізілу
сипатын В.А. Кан-Калик ҧсынған [82, 97-100 б.]: 
- педагогтың оқушылармен бірлесіп шығармашылық әрекетпен 
елігушілік стилі, бҧл мҧғалімнің ӛз ісіне, ӛз мамандығына деген 
қатысының әлпеті болып табылады; 
- достық ықылас стилі, ол мҧғалімнің сыныппен ӛзара әрекеттесу 
табыстылығының жалпы фоны және алғышарты болып табылады. В.А. 
Кан–Калик достық ықыластың тҧрпайылыққа, ағайынгершілікке айналу 
қауіпіне, оның жалпы педагогикалық іс-әрекетке зиянды болуы мҥмкін 
екеніне назар аудартады. «Достық
педагогикалық тұрғыдан мақсатқа 
сәйкес болып, бірақ педагогтың балалармен ӛзара әрекеттесуінің 
жалпы жүйесіне қарама-қайшы келмеуі керек» [82, 98 б.]; 
- ӛктемшілдік стильдің кӛрінісі болып табылатын қарым-
қатынас стилінің тҥрі - дистанция, ол оқушылардың тәртіптілігі мен
ҧйымшылдығының сыртқы кӛрсеткіштеріне қолайлы әсер ете отырып, 
тҧлғалық ӛзгерістерге – конформизмге,
фрустрацияға, ӛзін-ӛзі сәйкес 
бағалай алмауына, талаптану деңгейінің тӛмендеуіне және т.б. әкелуі 
мҥмкін;  
- қорқыту мен жарамсақтану қарым-қатынас стилі – оның ӛзі 
педагогтың кәсіби кемеліне жетпегендігін кӛрсетеді. 
Мҧғалімнің 
мінез–қҧлығындағы 
келтірілген 
стильдердің
әрқайсысының басымдылық тарту жағдайын талдау негізінде В.А. Кан-
Калик сегіз модельді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет