И. А. Зимняя педагогикалық психология


Жоғары сынып оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде



Pdf көрінісі
бет93/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   210
Жоғары сынып оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде 
 
Жоғарғы сынып оқушысы (ерте жастық шақ кезеңі 14-15-тен 17 
жасқа дейін) орта буыннан жоғарғы сыныпқа немесе жаңа оқу 
орындарына – гимназияларға, колледждерге, училищелерге ӛткен кезде 
бірден дамудың жаңа әлеуметтік ситуациясына атайды. Бҧл ситуацияны 
тек жаңа ҧжымдар ғана емес, сондай-ақ ең бастысы, болашаққа 
бағыттылық сипаттайды: ӛмір сҥру қалыбын, мамандықты, референтті 
адамдар тобын таңдауға бағыттылық. Таңдау жасауға ӛмірлік ситуация 
мәжбҥр етеді, ата-аналар тарапына ынталандырады және оқу орны 
бағыттайды. Осы кезеңде қҧндылық-бағдар белсенділігі негізгі мәнге ие 
болады. Бҧл автономияға, ӛз ӛзі болуға ҧмтылумен байланыстырылады. 
И.С. Кон атап кӛрсеткендей, «қазіргі күнгі психология нақты, мінез-
құлықтық автономияны (жас ӛспірімнің тек ӛзіне ғана қатысты
мәселелерді ӛз бетінше шешу қажеттілігі мен құқығы), эмоционалдық 
автономияны (ата-аналарынан тәуелсіз таңдалған үйірлігі болу 
қажеттілігі мен құқығы), мораль және құндылықтық автономияны 
(іс жүзінде ӛз кӛзқарастарының болуы қажеттілігі мен құқығы,) 
ажырата отырып, ер жеткен балаларды автономиялау мәселесін 
қояды» [43, 154 б.]. Осы жаста достық, сенімді қатынастар ӛте маңызды. 


171 
Кӛбінесе махаббаттың бҥкіл сан алуандығымен толықтырыла, кейде 
алмаса отырып, достық бозбалалар мен бойжеткендер ҥшін 
қатынастардың маңызды формаларының бірі болып келеді. «Жоғары 
сынып оқушыларының формалды емес ӛзара қатынастары біртіндеп 
қҧндылыққа ие болады», – дейді М.Ю. Кондратьев, олар «қандай да бір 
зерттеу «полигонының» рӛлін атқарады, онда бозбалалар мен 
бойжеткендер болашақ «ҥлкендер» ӛмірінің стратегиялары мен 
тактикаларына жаттықтырылып, сынақтан ӛткізіліп, сенімділікке 
тексереді [93, 52 б.].
Осы кезеңде жоғары сынып оқушылары ӛмірлік жоспарлар қҧрып, 
мамандық таңдау жайлы саналы тҥрде ойлана бастайды. Бҧл таңдау тек, 
адам ӛзін дәрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар ҥшін максималды 
пайдалы сезінетін іс-әрекет саласына бейімділікке, ӛмірлік талаптарға 
бағадарланудан ғана емес, сондай-ақ берілген мамандықтың елдің 
қоғамдық дамуының нақты ситуациясындағы конъюнктурасынан, 
пайдасынан, практикалық қҧндылығынан туындайды. Тек ғана мақсатқа 
ҧмтылған және шынымен де әуестенген 15-17 жасар адамдар ғана ары 
қарайғы кәсіби қалыптасуы, тҧлғалық ӛзін-ӛзі анықтауы жолында 
табиғи бейімділікке адалдығын сақтап қалады [54, 55] . 
Жеткіншектік және жас ӛспірімдік жас шебінде пайда болатын 
ӛзін-ӛзі анықтау қажеттілігі (Л.И. Божович) жоғарғы сынып 
оқушысының оқу іс-әрекетінің сипатына ғана әсер етіп қоймай, кейде 
оны анықтайды. Бҧл ең алдымен оқу орнын, тереңдете дайындау 
сыныптарын таңдауға, қандай да бір айналымдағы пәндерді елемеуге 
қатысты: гуманитарлық немесе жаратылыс-ғылыми. «Маған математика 
қызықсыз, мен ешқашан математикамен, физикамен айналыспаймын, 
мен тарихты ҧнатамын, және де оқуды жалғастыруда маған тарих ғана 
қажет болады», – деп, кӛбінесе жоғары сынып оқушылары 
тҧжырымдайды. Бір жағынан, бҧл тҧлға бағыттылығының кӛрінісі, ӛз 
кескінін болашаққа кӛшіру, кәсіби бағдар болса, екінші жағынан – бҧл 
оқу орнындағы білім беру бағдарламасының жалпы талаптарын 
орындамау, мҧғалімдер, ата-аналар тарапынан наразылық пен айып 
тағуға негіз, қақтығысқа тҥрткі. «Жалпы мұндай ұстаным неғұрлым 
«ересектік», бірақ бұл жерде кейде қарапайым практицизм мен 
техницизм байқалады, соның ішінде гуманитарлық пәндерді дұрыс 
бағаламау, себебі олар «кейін қажет болмайды» [92, 84 б.]. 
Мамандық таңдаудың анықтығын және оның тҧрақтылығын М.Р. 
Гинзбург «болашақтың анықтылығының» екі параметрі ретінде 
қарастырады, олар ӛз кезегінде, жоғары сынып оқушысының мәндік 
болашағын сипаттаушы маңызды кӛрсеткіштердің бірі болып табылады. 


172 
Екінші кӛрсеткіш – «валенттілік» – эмоционалдық тартылымдықтың
қҧндылықты қаныққандығы мен мәндік болашақтың белсенділігін 
біріктіреді [54, 55].
Жоғарғы сынып оқушысы оқу іс-әрекеті субъекті ретінде ӛзі 
орналасқан дамудың әлеуметтік ситуациясының ерекшелігіне сай, осы 
іс-әрекеттің сапалық жаңа мазмҧнымен сипатталады. Біріншіден,
тҧлғалық мәнді қҧндылықтары бар оқу пәндеріндегі білімдерді игеруге 
деген ішкі танымдық мотивтермен қатар кең әлеуметтік және сырттық 
жеке тҧлғалық мотивтер де кӛрінеді, олардың ішінде жетістікке жету 
мотиві бірінші орын алады. Оқу мотивациясы қҧрылымы бойынша 
сапалы ӛзгереді, ӛйткені жоғары сынып оқушысы ҥшін оқу іс-әрекетінің 
ӛзі – болашақтағы ӛмірлік жоспарларды жҥзеге асыру қҧралы. Оқу, 
білімдерді игеруге бағытталған іс-әрекет ретінде кӛп нәрселерді 
сипаттамайды, кӛптеген ҥйренушілер ҥшін негізгі ішкі мотив ретінде 
нәтижеге бағдарлану болып табылады.
Жоғары сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің негізгі пәні, яғни ол 
бағытталған нәрсе даралық тәжірибені, оны кеңейту, толықтыру, жаңа 
ақпаратты енгізу есебінен, қҧрылымдық ҧйымдастыру, комлекстеу, 
жҥйелеу болып табылады. Ӛз бетіншеліктің, шешімдерге деген 
шығармашылық келістердің дамуы, осындай шешімдерді қабылдай алу 
іскерлігі, бар нәрселерді талдау жасау және оларды сындарлы 
конструктивті
ҧғыну сондай-ақ жоғары сынып оқушысының оқу іс-
әрекетінің мазмҧнынын қҧрайды.
Жоғары сынып оқушысында оқу іс-әрекетінің ерекше формасы 
қалыптасады. Ол, саналы тҥсінілген немесе әлі де тҥсініліп жатқандар 
контексінде зерттеулер, талдау элементтерін кәсіби бағыттылыққа, 
тҧлғалық ӛзін-ӛзі анықтауға қажетті ретінде жҥргізуді қамтиды. 
Берілген жас кезеңінің аса маңызды психологиялық жаңа қҧрылымы – 
оқушының ӛмірлік жоспарлар қҧру, оларды жҥзеге асыру қҧралдарын 
іздеу, оның оқу іс-әрекетінің мазмҧнының ӛзгешелігін анықтайды (Д.И. 
Фельдштейн). Оқу іс-әрекетінің мазмҧнының ӛзі біртіндеп жетекші іс-
әрекет жағдайынан «кетіп», осы жоспарларды жҥзеге асыру тәсіліне 
айналады. Маңыздысы, егер жеткіншек ҥшін мҧғалімдер мен ата-ана 
беделі қатарластарының беделі толықтырыла отырып теңестірілгендей 
болса, ал жоғары сынып оқушысы ҥшін жеке пәнгер-мҧғалім беделі 
мектеп беделінен жеке ынғайланады. Жоғары сынып оқушысының 
тҧлғалық ӛзін-ӛзі анықтауына қатысатын ата-ана беделі ӛседі.
Шәкірттің кәсіби және тҧлғалық ӛзін-ӛзі анықтауға деген 
дайындығы қҧндылық бағдарлар жҥйесін, айқын кӛрінетін кәсіби 
бағдарларды және кәсіби қызығушылықтарды, шығармашылық 


173 
ойлаудың дамыған формаларын, ғылыми таным әдістерін игеруді, ӛзін-
ӛзі тәрбиелеу іскерлігін қамтиды. Бҧл тҧлға қалыптасуы мен пісіп 
жетілуінің соңғы кезеңі, осы кезде оқушының қҧндылықты-бағдарлық 
іс-әрекеті неғҧрлым толық байқалады. Осы жаста оқушының 
автономияға ҧмтылуының негізінде оның бойында ӛзіндік сана сезімнің 
толықтай қҧралымы қалыптасады, тҧлғалық рефлексия дамиды, ӛмірлік 
жоспарлар, перспективалар саналы тҥсініледі, талап қою деңгейі 
қалыптасады. В.С. Собкинның әлеуметтік зерттеулерінің мәліметтері 
кӛрсеткендей, жоғары сынып оқушылары (ХХ ғ. соңындағы 
мәскеуліктер) елдің қоғамдық ӛміріне араласқан, олар «саяси 
пікірталастардың тҥбегейлі мәселелерінің барлық кеңістіктерін және 
шын мәнінде кӛрсетілген позициялардың бҥкіл кеңістіктерін 
модельдейді» [204, 252 б.]. Сонымен бірге автор жоғары сынып 
оқушыларының саяси және қҧндылық бағдарларының олардың 
қоғамдағы, әлеуметтік-мәрелік жағдайымен, олардың отбасының 
экономикалық және білімдік мәртебесімен шартталған.
Жоғарғы сынып оқушысы жетекші іс-әрекеттің жаңа тҥріне енеді 
– оқу-кәсіптік, оның дҧрыс ҧйымдастырылуы кӛп жағынан оқушының 
келесі еңбек іс-әрекетінде субъект ретіндегі қалыптасуын, оның еңбекке 
деген қатынасын анықтайды. Бҧл одан да жоғары дәрежеде оқу іс-
әрекетін неғҧрлым маңызды мақсатқа бағындыратындай – болашақ 
кәсіби немесе кәсіби бағдарланған іс-әрекетке. Оқу іс-әрекетінің ӛзіндік 
қҧндылығы кәсіби ӛзін-ӛзі анықтаудың неғҧрлым алыс мақсаттарына
бағынады. Адам тек білімнің ӛзі ҥшін ғана оқымайды, ал ол ҥшін 
болашақты неғҧрлым мәнді нәрсе ҥшін, бҧл студенттік жаста неғҧрлым 
кӛп дәрежеде кӛрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет